Мейірбике №2 перзентханаға жұмысқа қабылданды.

1) № 766 бұйрық «Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесін бетіту туралы» СанНмЕ; № 709 «Кезеңді және алдын-ала медициналық тексерістен өту» құжаттарын негізге аламыз.

2) Жұмысқа жіберілмейді. Міндетті медициналық тексерулер мыналарды қамтиды: терапевт, дермато-венеролог, гинеколог дәрігерлердің қарауын; туберкулезге( флюорография арқылы көкірек қуысын тексеру). Ішек жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын тасымалдауға бактериологиялық тексеру: гельминттердің болуына, сифилиске, гонореяға тексеру,патогендік стафилококты тасымалдауға таңдай және мұрыннан жағынды алу.Мынадай жай-күйлер анықталған жұмыскерлердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді: -жұқпалы аурулармен ауырып жүрген, -іш сүзегі, қылау, сальмонеллез, дизентерия қоздырғыштары табылса,-гельминттер қабыршақтарын тасымалдауға,- гонорея, сифилис, жұқпалы тері аурулары;- өкпе туберкулезінің жұқпалы нысаны, жыланкөзі,бакриуриясы бар өкпеден тыс туберкулез мысалы, бет пен қолдың туберкулезді қызыл жегісі,---өкпедегі белсенді емес туберкулезді өзгерістер-перзентханаларда, балалар ауруханаларында,мектепке дейінгі ұйымда.—дерматиттер. Осы қарсы көрсеткіштерге байланысты мейірбике жұмысқа қабылданбауы қажет.

3) Әрбір 6 айдан кейін мерзімдік тексерулер, әрбір 12 айдан кейін зертханалық және функциональдық зерттеулер болуын қадағалау. Кезекті медициналық тексеруге рұқсатты-профилактикалық медициналық тексерулер жөніндегі комиссияның төрағасы береді, жұмысқа рұқсатты аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет береді.Жұқпалы және паразиттік ауруларын диогностикаланған, сондай-ақ жұмысты орындаудағы берілетін рұқсатқа қарсы айғақ болып табылатын жұқпалы аурулар қоздырғышының тасымалдаушысы анықталған жағдайда комиссияның төрағасы ол туралы тиісті аумақтағы МСЭҚ органына хабарлауға және науқасты емдеу үшін тұрақты мекен бойынша тиісті емдеу-алдын алу ұйымына жіберуге тиіс.

Цехта сынапты тазалағанда және айырғанда кездейсоқ еденге 25 гр сынап төгілді.

1)Төгілген ауданды өлшейміз. Адамдарды оқшаулау керек. Аймақтық төтенше жағдайлар ұйымына хабарлаймыз. Төгілген сынапты жинап, бөлмені желдету керек. Ластанған жерді 0,025%КМпО4 ерітіндісімен жуамыз, сосын сумен тағы ағынды сумен шаямыз, яғни демеркуризация шараларын жүргіземіз. Арнайы киім қою керек. Сынап төгілген жағдайда тез арада қажетті шаралар жүргізу қажет. Төгілген сынап организм үшін қауіп тудырмайды, ал сынап булары өте қауіпті. Сынап улылығы жоғары протоплазиялық у қатарына жатады, сондықтан сынаптан жедел және созылмалы улану болуы мүмкін. Цехта төгілген сынаптың булануының алдын алу шарасы ретінде демеркуризация қолданылады. Демеркуризация—сынапты және оның қосындыларын физико-химиялық немесе механикалық әдіс арқылы уланудың алдын алу. Ал, демеркуризациялауда қолданылатын демеркуризаторларға мыналар жатады: 0,2%калий перманганаты, 20%хлорлы әк, 4-5%дихлорамин, 20% хлорлы темір ерітіндісі. Демеркуризаторлар—сынаптың булану жылдамдығын бәсеңдетуде қолданылатын химиялық заттарды айтамыз. Төгілген сынапты жинап жабық ыдысқа салады. Химиялық демеркуризация ретінде сынапты FeCl3 ерітіндісімен өңдейді. Химиялық реакция нәтижесінде сынап тамшылары қышқыл мен хлорға айналады. FeCl3 20% ерітіндісін 10л 20-30 кв.м көлемді аумаққа өлшейді.

2)«Сынап және оның қоспаларымен жұмыс жасау кезіндегі және сынап толтырылған приборлармен жұмысқа арналған санитарлық талаптар» № 1.10.083-94 құжаты бойынша регламенттеледі.

3)Санитарлық нормаға сай жұмыс ұйымдастыру керек. Сынап көзін утилизациялауды тексеру керек. Сынаппен жұмыс істеу жабық аппараттарда жүргізу керек. Ашық жағдайда жұмыс жасағанда сору шкафы болуы керек. Сынапты тазалау және айдау бөлмелері басқа өндірістік аумақтардан оқшаулануы керек.Жұмыс жиһаздары, еден, қабырға, сынап сіңірретін материалдардан жасалмау керек. Еденде тесіктер болмау керек. ПДК жұмыс зонасының ауасындағы 0,01 мг\м3 орташа, ауысымдық 0,05 мг\м3.

Наши рекомендации