Рахит және рахит тәрізді аурулар
$$$037
4айлық бала . Шағымдары: мазасыздық, ұйықтағанда шошу, шүйде шаштардың түсуі. Объективті: тері бозарған, таза, шүйде шаштарының түсуі, еңбек қырлары жұмсақ, босаған. Бұлшықет тонусы төмен, буындары ойнамалы. Іш "бақаныкіндей" , бауыр +2 см қабырға доғасынан асып тұр. Зәрі қышқыл иіспен.
Төмендегі келтірілген болжама диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?
A) Хондродистрофия
B) Фосфат-диабет
C) Бүйректік тубулярлы ацидоз
D) де Тони-Дебре-Фанкони ауруы
E) Рахит
{ Дұрыс жауап }=Е
{ Күрделілігі }=2
{ Оқулық }=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2008)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{ Тест тапсырушының болжамды білімі } = FM
$$$038
4 айлық ер балада жылаған кезде бетінен басталып, ары қарай кеуде мен аяқ-қолда тырысулы тартылулар пайда болды. Объективті: маңдайлық және төбелік төмпешіктер, қабырғада тасбиктер. Үлкен еңбек 1,5 см, шеттері тығыз. Кеуде қуысы төменгі бөлікте бұрылған. Биохимиялық қан анализінде: кальций 1,2 ммоль/л, фосфор 0,9 ммоль/л.
Төмендегі болжама диагноздардың қайсысы тән?
А) Спазмофилия
B) Гипервитаминоз Д
C) Рахит
D) Эпилепсия
E) Фосфат-диабет
{ Дұрыс жауап }=А
{ Күрделілігі }=2
{ Оқулық }=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2008ж)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{ Тест тапсырушының болжамды білімі } = FM
$$$039
3 айлық ер бала. Уақытында туылған, салмағы 3600 грамм, бойы 52 см. Емшек сүтімен қоректенеді. 1,5 айлығында қорқақшыл, ұйыктап жатып шошу, қолға алған кезде жылау пайда болған. Объективті: терісінде бөрітулер, ұзақ қызыл дермографизм .Үлкен еңбек 3х3 см,қырлары бостау Биохимиялық қан анализінде: Са++ - 2,28 ммоль/л
Берілетін Витамин Д дозасы қандай?
A) 500 МЕ
B) 1000 МЕ
C) 1500 МЕ
D) 2000 МЕ
E) 2500 МЕ
{ Дұрыс жауап }= D
{ Күрделілігі }=2
{ Оқулық }=(Детские болезни, Шабалов Н.П., 2008ж)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{ Тест тапсырушының болжамды білімі } = FM
Ішкі аурулар
Жөтел кезіндегі рационалды диагностикалау алгоритмі
$$$001
Обструктивті бронхитте қандай механизм басты болып табылады?
A) Ісік
B) Дискинезия
C) Дискриния
D) Бронхоспазм
E) Гиперплазия
{Дұрыс жауап}=D
{Күрделілігі}=1
{Оқулық}=(Внутренние болезни, Мартынов А.И., 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі} = ZO
$$$002
16 жасар ұл, студент. Іріңді қақырықпен қалжырататын жөтелге, кеуде қуысындағы күйдіру сезіміне, бұлшық еттегі ауруға, суықта аяқ-қол саусақтары ұшындағы қатты ауруға шағымданады. Тобында бірнеше адам ауырған. Қарағанда: температурасы 38,40С. Оң өкпенің төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталуы, қатаң тыныс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан талдауында: эритроциттер-3,9х1012/л, Hb-138 г/л, лейкоциттер 12,5х109/л, ЭТЖ-35 мм/сағ. Рентгенограммада:оң жақ төменгі бөлікте гомогенді қараңғылану анықталады.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал қоздырғыш қайсысы?
А) Staphylococcus aureus
В) Steptococcus pneumoniae
С) Klebsiella pneumoniae
D) Micoplasma pneumoniae
Е) Haemophilus influenzae
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=(Внутренние болезни, Мартынов А.И. 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM
$$$003
38 жасар әйел, аз қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт. Оң балтырында диаметрі 2х2 см анық емес тығыз түзіліс бар. Тынысы жиілігі минутына 32 рет. Өкпесінде перкуторлы екі жақта да VI қабырғааралықтан төмен дыбыстың тұйықталуы, тынысы әлсіреген, құрғақ сырылдар. Бауыры 12-9-8 см, көкбауыр 9-6 см. Рентгенограммада: екі жақтың жоғарғы бөлімдерінде өкпе паренхимасының диффузды зақымдануы анықталады. Бронхөкпелік лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
А) Өкпе ісігі
В) Фиброзидаушы альвеолит
С) Өкпе туберкулезі
D) Актиномикоз
E) Өкпе саркоидозы
{Дұрыс жауап}=Е
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=(Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM
$$$004
56 жасар ер адам, іріңді қақырықпен жөтелге, температураның жоғарылауына, ентігуге шағымданады. Қарағанда: терісі көгерген, мұрын қанттарының кернелуі бар. Дене температурсы 39,80С. Тыныс жиілігі минутына 32 рет. Оң және сол жауырын бұрышынан төмен өкпеде перкуторлы дыбыс қысқарған, қатаң тыныс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан талдауы: эритроциттер-4,2х1012/л,гемоглобин-145г/л,лейкоциттер-14,2х109/л,таяқша ядролылар 10 %, сегментядролылар 62%, лимфоциттер-23%, моноциттер-5%, ЭТЖ 38 мм/сағ
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал қоздырғыш қайсысы?
А) Микоплазма
B) Саңырауқұлақтар
C) Пневмококк
D) Стафилококк
E) Вирустар
{Дұрыс жауап}=D
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=(Внутренние болезни, Мартынов А.И., 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM
$$$005
59 жасар ер адам, ентігуге, қарақат желесі тәрізді қақырықпен жөтелге, кеудесінің оң жағындағы ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 39,60С. Тыныс жиілігі минутына 34 рет. Өкпенің оң жақ жоғарғы бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. Жүректің соғу жиілігі минутына 116 соққы. Қан талдауында: лейкоциттер-18х109/л, ЭТЖ-38 мм/сағ. Рентгенограммада: оң өкпе жоғарғы бөлігінде инфильтрация анықталады.
Көрсетілгендер ішінде қайсы ем ЕҢ тиімді болып табылады?
А) Ровамицин 500 мг х тәулігіне 2 рет бұлшық етке
В) Ципрофлоксацин 500 мг х тәулігіне 2 рет бұлшық етке
С) Линкомицин 30% 2 мл тәулігіне 2 рет бұлшық етке
D) Амоксациллин/сульбактам 1500 мг х тәулігіне 2 рет көк тамырға
E) Цефтриаксон 500 мг х тәулігіне 2 рет көк тамырға
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}= (Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=РА
$$$006
30 жаста ер адам, іріңді қақырықпен жөтелге, қалтырауға, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 38,40С. Оң өкпенің төменгі бөлімінде перкуторлы өкпе дыбысының тұйықталуы, аускультативті әлсіреген тыныс фонында майда көпіршікті сырылдар. Қан талдауында: эритроциттер - 4,2х1012/л, гемоглобин – 132 г/л, лейкоциттер 11,6х109/л, таяқша ядролылар – 9 %, сегментті ядролылар – 66%, лимфоциттер – 21%, моноциттер – 4%, ЭТЖ – 28 мм/сағ. Рентгенограммада: оң жақ төменгі бөлімінде гомогенді күңгірттену.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ тиімді антибиотик қайсысы?
A) Азитромицин 500 мг күніне 1 рет ішке
B) Ципрофлоксацин 500 мг күніне 2 рет ішке
C) Цефазолин 1 грамм 2 рет бұлшық етке
D) Линкомицин 30% 2 мл күніне 2 рет бұлшық етке
E) Гентамицин 4% 2 мл күніне 2 рет бұлшық етке
{Дұрыс жауап}= A
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}= (Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И. 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}= РА
Өкпедегі ошақты түзілістер кезіндегі рационалды диагностикалау алгоритмі
$$$007
Пневмококты пневмонияға ЕҢ сәйкес келетін патоморфологиялық көрініс қандай?
А) Өкпелер деструкциясы
В) Фиброзды қабыну
С) Көптеген некроз ошақтары
D) Инфаркт тәрізді өкпе некрозы
E) Интерстициальді зақымдану
{Дұрыс жауап}=В
{Күрделілігі}=1
{Оқулық}= (Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И. 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=ZO
$$$008
Ер адам 48 жаста, ентігуге, қақырықпен жөтелге, кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 39,80С, тыныс алу жиілігі минутына 34 рет. Өкпесінде оң жақ IV қабырғааралықтан төмен дыбыстың тұйықталуы, аускультатияда ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммда: оң жақ S6, S9 сегменттерінде домалақ формалы, диаметрі 3 см сұйықтық деңгейімен екі қуыс анықталды. Жалпы қан талдауы: лейкоциттер 18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.
Аталған микроорганизмдер ішінде көрсетілген аурудың ЕҢ ықтимал қоздырғышы қайсысы?
А) Staphylococcus aureus
В) Steptococcus pneumoniae
С) Klebsiella pneumoniae
D) Micoplasma pneumoniae
Е) Haemophilus influenzae
{Дұрыс жауап}=А
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}= (Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM
$$$009
39 жасар әйел, ентігуге, құрғақ жөтелге, кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Бір жылдан бері ауырады. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, еріндері көгерген. Тыныс алу жиілігі минутына 32 рет. Өкпесінде екі жақ жауырын асты аймақтарында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультацияда: крепитация естіледі. Жалпы қан талдауы: эритроциттер – 8х1012/л, гемоглобин – 150 г/л, лейкоциттер – 16х109/л, ЭТЖ - 28 мм/сағ. Рентгенограммада – өкпе негізінде күңгірт шыны тәрізді ошақты өзгерістер, ұсақ кистозды түзілістер анықталады.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
А) Өкпе ісігі
В) Фиброздаушы альвеолит
С) Туберкулез
D) Актиномикоз
E) Саркоидоз
{Дұрыс жауап}=В
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=(Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM
$$$010
Ер адам 70 жаста, ентігуге, қақырықпен жөтелге, кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 40,10С. Тыныс алу жиілігі минутына 34 рет. Өкпесінің оң жақ жоғарғы бөлімдерінде дыбысы тұйықталған, тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің (S2) сегментінде сұйықтық деңгейімен домалақ формалы қуыс анықталады. Жалпы қан талдауы: лейкоциттер -18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.
Көрсетілгендер ішінде этиологиялық критерилері бойынша ЕҢ ықтимал болжам диагноз қайсысы?
А) Стафилококты пневмония
В) Пневмококты пневмония
С) Фридлендерлік пневмония
D) Микоплазмалық пневмония
Е) Гемофильді пневмония
{Дұрыс жауап}=C
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}= (Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM
$$$011
Ер адам 47 жаста, күшті жөтелге, тәбетінің төмендеуіне, жүдеуге шағымданады. Жарты жылдан бері ауырады. Қарап тексергенде: терісі бозғылт, тырналған іздер бар. Оң жақ бұғана үсті лимфа түйіндерінің өлшемі 1 см, тығыз. Тыныс алу жиілігі минутына 30 рет. Оң жақ өкпеде үшінші қабырғааралықтан төмен өкпе дыбысы тұйықталған, тынысы әлсіреген. Жалпы қан талдауы: эритроциттер–3,2х1012/л, гемоглобин – 90 г/л, лейкоциттер–8,6х109/л, ЭТЖ 34 мм/сағ.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ информативті зерттеу әдісі болып табылатын қайсысы?
А) Ультрадыбысты зерттеу
В) Рентгенографиялық зерттеу
С) Компьютерлік томография
D) Өкпе бронхоскопиясы
E) Радиоизотопты сканирлеу
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=(Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=РА
$$$012
Ер адам 56 жаста, қақырықпен жөтелге, түнгі тершеңдікке шағымданады. 2 апта бұрын құрт инвазиясы анықталған. Қарап тексергенде: терісі бозғылт. Тыныс алу жиілігі минутына 28 рет. Өкпесінде оң жақ IV қабырғаарлықтан төменгі бөлікте дыбысы тұйықталған, тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада оң жақ өкпенің S6 сегментінің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Қан талдауында: лейкоциттер 12х109/л, эозинофильдер 12%, ЭТЖ 28 мм/сағ. Қақырық талдауында эозинофильдер бар.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ тиімді дәрілік препараттар тобы қайсы?
А) Макролидтер
В) Цефалоспориндер
С) Фторхинолондар
D) Аминогликозидтер
E) Жартылай синтетикалық пенициллиндер
{Дұрыс жауап}=А
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=(Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=РА
Тұншығу ұстамасы кезіндегі рационалды диагностикалау алгоритмі
$$$013
Бронх демікпесінің дисгормоналды түрі даму үшін қандай себеб ЕҢ болжамды?
A) Жүйелі глюкокортикоидтарды ұзақ қабылдау
B) Жүйелі глюкокортикоидтардың үлкен дозалары
C) Бүйрек үсті безінің қыртысты қабат қызметінің жеткіліксіздігі
D) Кортизонға тіндік тұрақтылық
E) Ингаляциялық глюкокортикоидтарды пайдалану
{Дұрыс жауабы}= D
{Күрделілігі}=1
{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=ZO
$$$014
46 жасар ер кісі. Құрғақ ұстама тәрізді жөтелге, ысқырықты тынысқа, ентігуге шағымданады. 2 жыл бұрын бірінші тұншығу ұстамасы пайда болды, содан кейін 3-4 айда 1 рет қайталанып отырды. Үйінде кілемдер, көп кітаптар бар. Объективті: Тыныс жиілігі минутына 32 рет, дем шығаруы ұзартылған ысқырықты тыныс. Кеуде клеткасы кернелген, перкуторлы қораптық реңмен өкпелік дыбыс, екі жақтан құрғақ ысқырықты және майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.
Төменде көрсетілген себебтердің ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?
A) Тағамдық
B) Тұрмыстық
C) Саңырауқұлақтық
D) Шаңдық
E) Эпидермальді
{Дұрыс жауабы}=В
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM
$$$015
38 жастағы әйелге жедел жәрдем дәрігері шақырылды. Еттекір күндерінде тұншығу ұстамасына, бас ауруына, қозғыштыққа, тершеңдікке шағымданады. Анамнезінде: бұл шағымдар жүктілікті үзгеннен 3 айдан кейін пайда болды. Объективті: науқас мазасыз, терісі ылғалды, көгерген, сырылдар арақашықтықта естіледі, қолына сүйеніп отыр. Тыныс жиілігі минутына 24 рет. Аускультацияда өкпесінде көптеген құрғақ сырылдар. Пульс минутына 100 соққы.
Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
A) Истериялық демікпе
B) Дизовариальді бронх демікпесі
C) Жүрек демікпесі
D) Инфекционды-тәуелді бронх демікпесі
E) Бронх демікпесінің атопиялық түрі
{Дұрыс жауабы}= B
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM
$$$016
Дәрігер 40 жастағы әйел бухгалтерге шақырылды. Бұрын тағайындалған флютиказон ингаляцияларына қарамастан арақашықтықта естілетін тұншығу ұстамаларының күшеюіне шағымданады. Объективті: бозғылт, қолына сүйеніп отыр. Өкпені тындағанда қатаң тыныс, өкпенің барлық алаңында құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі минутына 28 рет.
Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
A) Бронх демікпесі
B) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
C) Тыныс жолдарының бөгде денесі
D) Фиброздаушы альвеолит
E) Өкпенің саркоидозы
{Дұрыс жауабы}= A
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}= (Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM
$$$017
Скрипкада ойнайтын 36 жасар ер кісі, 2 ай шамасында ысқышты шайырмен өңдеген кезде ұстама тәрізді жөтелдің пайда болғанына шағымданады. Шылым тартпайды. Объективті: тері жабындылары өзгермеген, мұрынмен дем алу қалыпты, өкпенің аускультациясы кезінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, дауысты, минутына 70 соққыға дейін. АҚ – 125/70 мм сбб.
Диагноз қою үшін қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?
A) Спирометрия
B) Пикфлоуметрия
C) Рентгенография
D) Қақырық анализі
E) Томография
{Дұрыс жауабы}= А
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA
$$$018
40 жастағы ер кісі. Дем шығаруының қиындауымен тұншығу ұстамасына шағымданады. Беклометазон пропионат 250 мкг күніне 2 рет, формотерол 12 мг күніне 2 рет қабылдайды. Бес кү бұрын респмраторлы инфекциямен ауырғаннан кейін, ұстамалар қайталанып, жиіленді. Объективті: аускультацияда құрғақ сырылдар көбейіп, пикфлуометрия көрсеткіштері таңертең 380% 1 минутта керек көрсеткіштен, кешке – 480% керек көрсеткіштен.
Қандай дәрілік затты қосу ЕҢ тиімді болып табылады?
A) Флютикозон дипропионат күніне 800 мкг дейін
B) Амоксациллин/клавунат 625 мг күніне 3 рет
C) Эуфиллин 150 мг күніне 3 рет
D) Лоратидин 10 мг тәулігіне 1 рет
E) Ацикловир 400 мг тәулігіне 3 рет
{Дұрыс жауабы}= A
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}= (Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=PA
Ұзаққа созылған гипертермия кезіндегі диагностикалау алгоритмі
$$$019
Лимфогрануломатоз диагнозын нақтылау үшін көрстеілгендер ішінде ЕҢ лайықты зерттеу әдісі қайсысы?
A) Лимфа түйінінің биопсиясы
B) Компьютерлік томография
C) Сүйек кемігінің стернальды пункциясы
D) Лимфа түйіндерін радиоизотопты сканирлеу
E) Рентгенконтрасты затпен лимфография
{Дұрыс жауап}=Е
{Күрделілігі}= 1
{Оқулық}=( Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі} = ZO
$$$020
26 жасар ер адам, іріңді жағымсыз иіспен қақырықты жөтелге шағымданады. Нашақор. 4 айдан бері субфебрильді температура, іріңді қақырықпен жөтел мазалайды. Қарап тексергенде: беті ісінген, терісі мен шырышты қабаттары көгерген, саусақтары «барабан таяқшалары», тырнақтары - «сағат әйнегі» тәрізді. Тыныс жиілігі минутына 32 рет. Перкуторлы сол өкпенің ортаңғы бөлігінде тұйықталу, амфорикалық тыныс, ылғалды сырылдар. Қан талдауында: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 108 г/л, лейкоциттер 14,5х109/л, ЭТЖ 45 мм/сағ.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
А) Өкпе ргі
B) Кавернозды туберкулез
C) Шіріген киста
D) Плевра эмпиемасы
E) Өкпе абсцессі
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=( Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM
$$$021
30 жасар ер адам, омыртқасындағы, әсіресе бел аймағындағы қозғалыстың шектелуі мен тұрақты ауру сезіміне шағымданады. Алғаш рет 5 жыл бұрын пайда болған, субфебрильді температурамен бірге жүретін.Жылу процедураларымен емделген. Бір жылдан кейін омыртқаларындағы құрысулар күшейе түскен. Қарап тексергенде: боз, салмағы 62 кг, бойы 172 см. Омыртқасында қозғалыс қатты шектелген, арқа мен сан бұлшықеттерінінің айқын атрофиясы.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
А) Ревматоидты артрит
B) Псориаздық артрит
C) Омыртқа остеохондрозы
D) Анкилоздаушы спондилоартрит
E) Туберкулезді спондилоартрит
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=( Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM
$$$022
25 жасар қыз, әлсіздікке, дімкәстікке, артралгияларға, жүрек қағысына шағымданады. 6 айдан бері субфибрильді температура бар. Пневмония, миокардиттен емделген. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,8°С. Пульсі минутына 98 рет, оң жақта пульсация анықталмайды. Артериалды қан қысымы сол жақта 190/120 мм с.б.б., оң жақта анықталмайды. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 102 г/л, лейкоциттер 8,5х109/л, ЭТЖ 48 мм/сағ.
Қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?
A) Ангиография
B) Тамырларды ультрадыбысты зерттеу
C) Компьютерлік томография
D) Рентгенография
E) Магнитті резонансты томография
{Дұрыс жауап}= А
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA
$$$023
45 жасар әйел, буындарында ісіну мен ауру сезімі, таңертеңгілік құрысулар, дімкәстікке, 4 айдан бері субфебрильді температураға шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,8°С. Алақан-саусақ, проксиамльды саусақаралық буданда, білезіктерінде, сол жақ тізе буында, тобық-табан және өкше-бақайаралық буындарында ауырсыну, қозғалыстың шектелуі, жұмсақ ісіктер мен жергілікті температура көтерілуі бар. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 98 г/л, лейкоциттер 4,2х109/л, ЭТЖ 45 мм/сағ.
Қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?
A) Латекс тест
B) Валер-Роузе реакциясы
C) Sm-антигеніне антиденелер
D) Антинуклеярлы антиденелер
E) Нативті ДНҚ-ға антиденелер
{Дұрыс жауап}= B
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA
$$$024
20 жасар қыз, әлсіздік, артралгияларға шағымданады. 5 ай бойы субфибрильді температура, тез салмақ жоғалту, шаштының түсуі, дімкәстік мазалайды. Қарап тексергенде: температурасы 38°С. Бет доғасы аймағы мен мұрын қанаттарында эритематозды бөртпелер бар. Қол саусақтары ұршық тәрізді деформацияланған, тобық-өкше буындарының ісінуі бар. Пульсі 98 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 102 г/л, лейкоциттер 3,9х109/л, ЭТЖ 48 мм/сағ.
Қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?
A) LE - жасушалар
B) Ақуыз және оның фракциялары
C) Sm-антигеніне антиденелер
D) Антинуклеярлы антиденелер
E) Нативті ДНҚ-ға антиденелер
{Дұрыс жауап}= А
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA
Артериалды гипертензия синдромы кезіндегі диагностикалау алгоритмі
$$$025
Брадикардия, атриовентрикулярлы бөгет түріндегі жанама әсер қайсы антигипертензивті препаратқа тән?
A) Нифедипин 20 мг
B) Амлодипин 5 мг
C) Периндоприл 4 мг
D) Бисопролол 5 мг
E) Лозартан 50 мг
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}= 1
{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі} = ZO
$$$026
18 жасар жігіт, аяқтарындағы жансыздануға шағымданады. Қарап тексергенде: кеуде торшасы жақсы қалыптасқан, тар жамбас, аяқтары жіңішке. яремной ойығында айқын пульсация анықталады. Артериальды қан қысымы оң жақта 180/120 мм.с.б.б., сол жақта 120/80 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінде II тон акценті, негізінде жауырын аралық кеңістікке берілетін систолалық шу естіледі. Рентгенографиясында: жүрек көлеңкесінің жоғарғы контурының 3 саны тәрізді деформациясы, III-VIII қабырға узурациясы.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
А) Қолқа коарктациясы
B) Гиперальдостеронизм
C) Түйінді периартериит
D) Спецификалық аортоартериит
E) Қолқа доғасының туа пайда болған ирелеңі
{Дұрыс жауап}= А
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM
$$$027
32 жасар әйел, бас ауруына, аяқ-қолдарының жансыздануына, шөлдеуге, жиі зәр шығаруға, айқын әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде: аяқ-қолдарының парестезиясы. Тізе рефлекстері жоғарылаған. Артериальды қан қысымы 190/120 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінде II тон акценті. Калий 3,1 ммоль/л, натрий 142 ммоль/л, мочевина 5,6 ммоль/л.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
А) Феохромоцитома
B) Гиперкортицизм
C) Қолқа коарктациясы
D) Гиперальдостеронизм
E) Бүйрек артерияларының стенозы
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі} = FM
$$$028
Ер адам, 49 жаста, бас ауыруына, құлақтарындағы шуылға шағымданады. Анамнезінде: 5 жылдан бері, 600 метр жүргенде, 5 қабатқа көтерілгенде төс артындағы қысып ауыратын ауру сезімі мазалайды, физикалық жүктемені қойғанда ауру сезімі қайтады. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 95 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 180/90 мм.с.б.б.
Аталған препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?
A) Бета-адреноблокаторлар
B) Ұзақ әсерлі нитраттар
C) Кальций антагонистері
D) Ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторлары
E) Тиазидті диуретиктер
{Дұрыс жауап}= А
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA
$$$029
55 жасар әйел, шүйде аймағындағы ауру сезіміне, тез шаршағыштыққа, кешке қарай табанындағы ісінулерге шағымданады. Анамнезінде 4 жылдан бері артериалдық қан қысымы 170/110 мм с.б.б. дейін көтеріледі. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 85 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 160/100 мм.с.б.б. Қандағы ренин деңгейі төмендеген
Аталған препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?
A) Бисопролол 5 мг
B) Амлодипин 5 мг
C) Периндоприл 4 мг
D) Индапамид 2,5 мг
E) Лозартан 50 мг
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA
$$$030
35 жасар әйел, қатты бас ауруына, шөлдеуге, жүрек қағысына, төс артындағы ауру сезіміне, айқын әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезінде бір жыл бойы гипертензиялық криздер, криз жиі көп мөлшерде зәр шығарумен аяқталады. Қарағанда: қозған, терісі боз, ылғалды. Дене температурасы 37,80С. Пульсі 115 соққы минутына. Артериальдықан қысымы 180/110 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған Қан талдауында: эритроциттер 5,2х1012/л, гемоглабин 145 г/л, лейкоциттер 16,3х109\л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Қандағы қант 6,7 ммоль/л.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал зерттеу әдісі қайсысы?
A) Рентгенография
B) Электрокардиография
C) Ультрадыбысты зерттеу
D) Радиоизотопты сканирлеу
E) Магнитті-резонансты томография
{Дұрыс жауап}= E
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=(Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. Б.И.Шулутко, С.В. Макаренко. 2004)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA