ЖМЖ желілі бргада дәрігерінің жауапкершілігі.

Жедел медициналық жәрдем». Қ.М. Тұрланов,С .А. Қалқабев. Алматы- 2010 жыл.

Руководство по амбулаторно- поликлинической-помощие в акушерстве и гинекологии». Медиа- 2007год.

Интернет желісі: www. yandex .ru

Www. google .ru

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ желілі бригада дәрігері құқылы:

- егер науқас медициналық көмектен және ауруханаға жатудан бас тартса және ол әрекетсіз болса, оның заңды өкілі немесе туыстарына жазбаша түрде « шақытту картасына» қол қойғызып ,бекітіп алуға;

- науқастың және жарақаттанушының туыстарына,таныстарына санитарлы автокөлікке мініп ілесуіне рұқсат беруге;

- апат,көлік апаты немесе көпшілік зардаптанған жерлерде медициналық қызметкерлерді жұмысқа жұмылдыруға;

- ЖМЖ бригадаларының жұмысын жетілдіру сұрақтары бойынша ұсыныс еңгізуге;

- ЖМЖ маманы ретінде өзінің біліктілігін 5 жылда 1 рет көтеруге,белгіленген тәртіпте мамандығы бойынша аттестация және қайта аттестациядан өтуге;

- Өндірістік мәжілістерге ,ғылыми-тәжірибелік конференцияларға,симпозиумдарға қатысуға. ЖМЖ бекетінің дәрігері өз жұмысында ҚР Конституциясы «ҚР халқының денсаулығын қорғау туралы заң», денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары немесе жергілікті денсаулық сақтау органдарына сүйенеді.

Жедел жәрдем дәрігерінің моральдік-құқықтық проблемаларын анықтайтын ерекшеліктер.

Жедел медициналық жәрдем көрсету дәрігерінің науқастарға жәрдем беру барысында туындайтын қиындықтары.

- жағдайдың экстремалдығы,жедел жәрдем дәрігерінің,аз уақыт ішінде диагностикасыз жедел жәрдем шараларын жүргізуін талап етеді;

- науқастар жиі шұғыл реанимациялық әрекеті талап ететін, өте ауыр,критикалық жағдайда болады.

- науқас жағдайының ауырлығына ,ауыр сезімінеі тырысулары, вегетативті бұзылыстарына байланысты көп жағдайда дәрігер мен науқас арасында психологялық қатынастың болуы қындық тудырады немесе тіпті болмайды.

- көрсетілетін медциналық шаралар көп жағдайда туыстарының,көрші немесе өтіп бара жатқан адамдардың көзінше жасалады.

- медициналық көмек көрсету жағдайлары әр түрлі жерлерде көрсетілуі мүмкін.

- патологяның сипаты әр түрлі болуы мүмкін: механикалық, химиялық, электрлі жарақаттар, суға бату,ОЖЖ-нің бұзылыстары,тыныс,қан айналым бұзылыстары,сыртқы және іштен қан кетулер,босану,балаларға жедел көмек көрсету және т.б.

Осы ерекшеліктер жедел жәрдем медицинасы қызметінде этикалық және заңдық мәселелер тудырады,оны 2 негізгі топқа бөлуге болады:

1. Жедел көмек көрсету жағдайының ерекшелігіне байланысты жиі науқастың құқығы бұзылады,сонымен қатар медицина қызметкерлерінің осы ерекшеліктерді толыққанды білмеуіне байланысты да болады.

2. Жедел көмек көрсетілгенде жіберілетін қателіктер жиі жағдайдың асығыстығынан болады,бірақ кейде қылмысты байқаусыздықтан болуы мүмкін.

ЖМЖ желілі бргада дәрігерінің жауапкершілігі.

ЖМЖ желілі бригада дәрігері заңмен қарастырылған тәртіп бойынша жауапты:

- ЖМЖ бригадасының жұмысын ЖМЖ дәрігерлері үшін бекітілген салалық өлшемдерге,ережелер мен стандарттарға сәйкес сапалы ұйымдастыруға.

- Науқастың денсаулығына нұқсан келтіретін немесе оның өліміне әкелетін құқыққа қарсы әрекеттер мен әрекетсіздікке.

Әкімшілік жауапкершілік-қылмыстық кодекстегідей емес, бірақ әкімшілік құқықты бұзғаны үшін заңды жауапқа тартылатын заңның түрі.

Тәртіптік жауапкершілік- еңбек құқығын бұзғандарға қолданылатын ескерту,сөгіс,қатаң сөгіс,қызметтен босату сияқты шараларды қолдану формасы.

Азаматтық немесе азаматтық- құқықтық жауапкершілік- заң немесе келісім- шарт бойынша заңды бұзған тұлғаға белгілі бір шараны қолданатын заңдық жауапкершіліктің түрі. Бұл шараларға шығысты қалпына келтіру,өтемақы,пеня моральдын немесе басқа жасаған зияндылықтарын өтеу сияқты шаралар кіреді.Азаматтық жауапкершіліктің айырмашылығы, азаматтық жауапкершілік физикалық тұлғаларға ғана емес заңды тұлғаларға да қатысты.

Қылмыстық жауапкершілік- Қылмыстық кодекспен бақыланатын жауапкершіліктің түрі.ҚК жарты баптары медицина және медицина жұмыскерлерінің профессиональды жауапкершілігіне тікелей немесе жанама қатысты.Әртүрлі асқыну даму қаупі бар ауруларға диагностика және ем жүргізгенде, науқастың немесе оның заңды өкілінің келісімімен құжаттық хаттаманы жасауды талап етеді. Бірақ,шұғыл көмек көрсетудің көп жағдайларында алдымен көмекті көрсету,кейін барып келісімді науқас немесе туысқандарынан алуға мәжбүр етеді.Науқасты ауруханаға тапсырған кезде кезекші дәрігерді науқас не оның туысқандарынан келісім алынбағандығы туралы ескертуді ұмытпаған жөн,себебі жанжал туындаған жағдайда, мұндай хаттама маңызды болуы мүмкін.

ЖОСПАРЫ:

1. Жедел медициналық жәрдем желілі бригада дәрігерінің құқығы.

2. Жедел медицина жәрдем желілі бригада дәрігерінің жауапкершілігі.

3. Жедел жәрдем дәрігерінің моральды-құқықтық мәселелерін анықтайтын ерекшеліктер.

Наши рекомендации