Бап. Вахталық әдiспен жұмыс кезiндегi жұмыс уақытының есебi
Жұмыстың вахталық әдiсi кезiнде ай, тоқсан немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезең iшiндегi жұмыс уақытының жиынтық есебi белгiленедi.
Есептiк кезең бүкiл жұмыс уақытын, ұйымның орналасқан жерiнен немесе жиналатын жерден жұмыс iстейтiн жерге дейiнгi жолдағы және керi қайту жолындағы уақытты, сондай-ақ белгiлi бiр күнтiзбелiк уақыт бөлiгiне тиесiлi демалыс уақытын қамтиды. Бұл орайда есептiк кезеңi iшiндегi жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы осы Заңда белгiленген нормадан аспауға тиiс.
44-бап. Қызметкерлердiң өзге де санаттары
Қызметкерлердiң өзге санаттарының еңбек қатынастарын реттеу осы Заңға және қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын айқындайтын өзге де заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. ( P940577 қараңыз)
5-тарау. Жұмыс уақыты
45-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы
1. Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек мiндеттерiн орындауға мiндеттi уақыт жұмыс уақыты болып есептеледi.
2. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиiс.
3. Жеке еңбек шарттарында тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуi мүмкiн.
46-бап. Қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
1. Қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:
1) он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн - аптасына 24 сағаттан; он алтыдан он сегiз жасқа дейiн - аптасына 36 сағаттан аспайтын;
2) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды (өтe зиянды) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн - аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгiленедi.
2. Жұмыс iстеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен қызметтердiң тiзiмiн , сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және (немесе) ауыр (өте ауыр), қауiптi (өте қауiптi) жұмыстардың тiзбесiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
47-бап. Бес күндiк немесе алты күндiк жұмыс аптасы
және күнделiктi жұмыстың ұзақтығы
Қызметкерлер үшiн екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасы белгiленедi. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыс берушiнiң актiсiмен немесе қызметкерлердiң өкiлдерiмен келiсе отырып, және жұмыс аптасының белгiленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс берушi бекiтетiн ауысым кестесiмен белгiленедi.
Өндiрiсiнiң сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндiк жұмыс аптасын енгiзу орынсыз ұйымдарда бiр күндiк демалысы бар алты күндiк жұмыс аптасы белгiленедi. Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда - 4 сағаттан аспауға тиiс.
Бес күндiк немесе алты күндiк жұмыс аптасын еңбек немесе ұжымдық шарттардың талаптарымен жұмыс берушi белгiлейдi.
Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
48-бап. Түнгi уақыттағы жұмыс
1. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейiнгi уақыт түнгi уақыт болып есептеледi.
2. Жүктi әйелдердi және бiр жасқа дейiнгi баланы емiзетiн аналарды түнгi уақытта жұмыс iстеуге тартуға олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
3. Түнгi уақытта жұмыс iстеуге он сегiз жасқа толмаған адамдар мен түнгi уақытта жұмыс iстеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жiберiлмейдi. P020041 V970558 V001211
Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 , 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
49-бап. Мерзiмнен тыс жұмыстарды шектеу
1. Осы Заңның 45-бабында белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс жұмыстар мерзiмнен тыс жұмыстар деп есептеледi.
2. Мерзiмнен тыс жұмыстарға тартуға, осы Заңның 51-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердiң келiсiмiмен ғана жол берiледi.
3. Мерзiмнен тыс жұмыстарға он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер мен жүктi әйелдер жiберiлмейдi. Мүгедектер, жетi жасқа толмаған баласы (он алты жасқа толмаған мүгедек баласы) бар әйелдер мерзiмнен тыс жұмыстарға олардың жазбаша келiсiмiмен тартылады.
Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.