ІЖ –ды қабылдаушылық және олармен зақымдалу қаупі жоғары қауіп-қатер контингенттері.
АІЖ-ның ерекшелігі оның науқастардың тек кейбір контингенттерін ғана зақымдайтыныда жатыр. Емдеу алдын-алу мекемесі жағдайында пациенттерде АІЖ-ның жұқпалы ауруының дамуының мүмкіншілігі көптеген факторларға тәуелді: қоздырғыш қасиеттері («госпитальды штамм»), зақымдайтын дозаның мөлшері, жалпы және жергілікті иммунитеттің жағдайы. Хирургиялық бөлімшелерде қауіп-қатер топтарына ерте жастағы балаларды және қарт адамдарды, терапиялық стационарларда қант диабеті бар науқастарды, антибиотиктерді ұзақ уақыт қабылдаған пациенттерді, босану мекемелерінде мезгілінен бұрын туған нәрестелерді, туғанда салмақ жеткіліксіздігі болған нәрестелерді жатқызады.
АІЖ-мен ауыру қаупі жоғары қауіп-қатер контингентіне медициналық персоналды да жатқызады.
Науқастардың қанымен қарым-қатынаста болатын медициналық қызметкерлердің кәсіби ауруларының қатарына В, С, D вирустық гепатиттер, АИВ жұқпасы жатады. Парентеральды гепатиттерді жұқтыруда аса жоғары қаупіне гемодиализ бөлімшелерінің медициналық персоналы, клиникалық зертхана қызметкерлері, хирургтер, стоматологтар, реаниматологтар ұшырайды.
Эпидемиялық процестің көріністері. АІЖ-дың эпидемиялық процесі спорадикалық және эпидемиялық сырқаттанушылықпен көрінеді.
АІЖ-мен сырқаттанушылық көрсеткіштері әртүрлі бағыттағы стационарларда әртүрлі. АІЖ-мен сырқаттанушылықтың ең жоғары деңгейі реанимация мен қарқынды терапия бөлімшелеріне тән, бұл көрсеткіш балалар хирургиялық стационарларында да, ересектер хирургиялық бөлімшелерде де жоғары. АІЖ- дың тіркелуі бойынша бірінші орындарға босану мекемелері ие болып отыр.
Әртүрлі стационарларда эпидемиялық процестің көріністері басты этиологиялық агенттерге, стационардың бағытына, емдеу-диагностикалық процедуралардың көлеміне тәуелді. АІЖ-дың эпидемиялық процесінің ерекшелігі оның тұрақты аурухана ішілік бұрқ етулерді түзумен жүретін автономды түрде дамуы болып табылады.
АІЖ кезіндегі алдын-алу және індетке қарсы шаралар. Емдеу-алдын-алу мекемелерінде алдын-алу және індетке қарсы шараларды қабылдау бөлімшесінен бастап, барлық құрылым бөліктерінде жүргізеді. Қабылдау бөлімінің персоналының міндеті емдеу алдын-алу мекемесінде жұқпалы аурудың әкелінуін, таралуын болдырмау мақсатында жұқпа қоздырғышынығ көзін анықтау болып табылады. Ол үшін қабылдау бөлімінде бір мезгілді бір ғана науқасты қабылдайды, пациентті қарап шығады, эпидемиологиялық анамнезді жинап, санитарлық өңдеуді өткізеді. Науқастарды қабалдағандағы медициналық сұрыптау мен пациенттердің ағындарын жекелеу маңызды шара болып табылады.
Келіп түскен әрбір науқастан соң кушеткадағы клеенканы дезинфекциялық ерітіндімен сүрту керек, қолды сабынмен мұқият жуып, жұқпалы науқасты қараған кезде 2 минут бойы тері антисептигін қолданып жуу қажет. Қабылдау бөлімі дезинфекция, дезинсекция заттарымен, сабынмен, жеке пайдаланатын жуғыш жөкелер, оны сақтайтын ыдыстармен, клизмалар үшін ұштармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Стационарлардың емдеу бөлімшелерінде жұқпалы науқастарды белсенді түрде анықтап, оларды оңашалайды, ағымдағы және қорытынды дезинфекцияны жүргізеді. Жұқпалы науқасты жеке палатаға ауыстырады, кейін жұқпалы ауруханаға жібереді, іріңді-септикалық жұқпалары бар науқастар іріңді хирургияның арнайы бөлімшесіне ауыстырылуы керек.
Алдын-алу дезинфекциясын жүргізуге аса назар аударады, яғни АІЖ-ның қоздырғышының беріліс жолдарын және факторларын жояды, емдеу мекемесінде «госпитальды штаммдардың» циркуляциясын тоқтатады. Бұл мақсатта емдеу бөлімшелерінде дезинфекциялық ерітінділерді қолданып, заттардың және жиһаздың беттерін сүртеді. Төсек жабдықтарын әрбір науқастың шығарылуынан кейін дезинфекциялық камерада өңдейді. Науқастар іш-киімді ауыстырып 7-10 күнде 1 рет гигиеналық ваннаны қабылдайды. Төсек жыбдықтарын және іш-киімдерді ауыстырғанда оны қақпағы бар ыдыстарға немесе мақта-мата қаптарға салады. Сосын еденді және заттарды дезинфекциялық ерітінділермен сүртеді. Барлық жинау заттарын: щеткаларды, сүлгілерді, шелектерді белгілейді. Жинау материалын 3 % хлорамин ерітіндісіне 1 сағатқа салып қою, таза ағынды суда шайып кептіру арқылы зарасыздандырады. Жоспарлы түрде айына 1 рет, сонымен қатар көрсеткіштер бойынша ауаның, сұйық дәрілік қалыптардың, ана сүтінің, науқас ішетін сұйықтықтарды, персонал қолдарынан және күту заттарынан алынған жуындының бактериологиялық зерттеулерін жүргізеді.
Емдеу алдын-алу мекемелерінде үнемі хирургиялық құралдардың, инелердің, шприцтердің, тігу материалының, катетерлердің, жасанды қан айналым аппараттардың эндоскопиялық аппаратураның залалсыздығының бактериологиялық бақылауын жүргізеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес госпитальды эпидемиолог мамандығы, ал ірі ауруханаларда - санитарлық-эпидемиологиялық сұрақтар бойынша бас дәрігердің орынбасары мамандығы енгізілді, ауруханаларда АІЖ-ларды алдын-алу жөнінде комиссиялар құрылды. МСЭҚ орталықтарында АІЖ-ларды бақылау бойынша бөлімшелер қызмет етеді, олардың басты міндеті – АІЖ-ларды алдын-алу бойынша жұмысты әдістемелік басқару, емдеу алдын-алу мекемелерін лицензиялау, эпидемиологиялық жағдайды сараптау, АІЖ-дың бұрқ етулерін зерттеуге қатысу.
Аіж-ларды алдын-алудағы маңызды бағыт ауруханаға дейінгі көмекті көрсету, арнайы орталықтарды диагностикалық зерттеулерді жүргізу, ауруханаға жатқызу масштабтарын қысқарту, стационарда болу уақытын қысқарту болып табылады.
АІЖ-ларды эпидемиологиялық қадағалау – АІЖ-лардың эпидемиялық процесінің динамикасының (сырқаттанушылық, тасымалдаушылық, өлім-жітім деңгейі), олардың таралуына әсер ететін факторларын және жағдайлардың мониторинг жүйесі, АІЖ-лармен күресу мен алдын-алудың ғылыми негізделген жүйесін құру үшін алынған ақпаратты сараптау.
Эпидемиологиялық қадағалаудың мақсаттары емдеу алдын-алу мекемелерінде АІЖ-лар бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы қорытынды жасау және оның негізінде ғылыми негізделген АІЖ-ларды бақылау жөнінде ұсыныстарды анықтау болып табылады. Эпидемиялық процестің тенденциясын анықтау, АІЖ-лардың этиологиясының өзгеруін және қауіп-қатер факторларының әсерін анықтау қалыптасқан күресу және алдын-алу шараларының жүйесіне түзетулер енгізу үшін қажет, бұл алдын-алу және індетке қарсы шаралардың нығаюына ықпал етеді.
Емдеу алдын-алу мекемесінде айына 1 рет АІЖ-лармен сырқаттанушылықтың сараптамасын жасап, алдын-алу және індетке қарсы шаралардың атқарылуы бойынша нақты ұсыныстарды даярлау керек.
АІЖ-лардың әрбір оқиғасының пайда болуы кезінде госпитальды эпидемиолог эпидемиологиялық тексеруді жүргізеді, ал АІЖ-лардың ауыр түрлерінде (мысалы, өліммен аяқталған сепсис, остеомиелит) эпидемиологиялық тексеруге МСЭҚ эпидемиологы, бөлімше меңгерушісі, аурухананың бас дәрігерінің орынбасары қатысады. Әрбір аурухана ішілік ауруға «шұғыл хабарламаны» толырып, МСЭҚ орталығына жібереді.