Дәрігерлік еңбек сараптамасы. Уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі мегалобласты қан түзу белгілерінің толық жойылуы мен қызыл қан
Уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі мегалобласты қан түзу белгілерінің толық жойылуы мен қызыл қан көрсеткіштерінің қалпына келуімен анықталады.
Ауыр емге көнбейтін анемияда МӘСК жолданады.
Диспансеризациягематологпен немесе учаскелік терапевтпен. Терапевт 4-5 рет жылына.Жылына 1рет невропатологтың ,гинекологтың,лор дәрігердің қарауы.
Жалпы қан анализі 4-5 рет жылына , биохимиялық қан анализі және фиброгастроскопия 1рет жылына. Диспансерлік бақылау үнемі..
Болжам. Емделмеген жағдайда қолайсыз.
Алдын алу.В12 витаминінің түсуінің немесе бәсекелі сіңірілуінің бұзылуын біріншілік алдын алу. Атрофиялық гастриті бар науқаста және асқазан резекциясынан кейін В12 препаратарымен профилактикалық емдеу.
Подагралық артрит. Негізгі себептері. Клиникасы.Диагностика және емі. Диспансеризация.Дәрігерлік еңбек сараптамасы.. Болжамы. Алдын алуы.
Анықтамасы
Подагра (грек. podos – аяқ + agra – қақпан, “қақпандағы аяқ”) – пурин алмасуының бұзылуынан туындайтын, қайталамалы жедел артрит және ішкі органдардың зақымдануымен сипатталатын созылмалы ауру.
Негізгі себептері.
Аурудың негізгі себебі гиперурикемия болып табылады. Оның біріншілік және екіншілік түрі бар. Біріншілік гиперурикемия себептері:
Ø эндогендік пуриндер синтезінің күшеюі (гиперурикемияның метаболизмдік немесе өнімдік типі; аурулардың 60%),
Ø бүйректің несеп қышқылын бөлуінің бұзылуы (гиперурикемияның бүйректік немесе ретенциялық типі, аурулардың 10%);
Ø екі себептің қоса кездесуі (гиперурикемияның аралас типі, аурулардың 30%),
Екінші ретті (симптоматикалық) подагра 2-5% жағдайда кездеседі:
Ø клеткалық нуклеотидтердің ауыр катаболизмі мен клеткалық ядролар ыдырауының нәтижесінде
Ø несеп қышқылының өзекшелік секрециясының тежелуі (гипертония ауруы, гипотиреоз, қант диабеті)
Ø несеп қышқылының экскрециясының (бүйрек жетіспеушілігі) салдарынан және медикаменттер әсерінің нәтижесінде пайда болады.
Клиникасы.Аурудың негізгі симптомы жедел подагралық артриттің ұстамасы болып табылады. Ұстаманың түрткі факторлары: салқын тию, күш түсу, жүйке күйзелісі, ашығу.
Ұстама алдында продромальды белгілер болады: көңілдің көтеріңкі күйі немесе депрессия, делсалдық, қызба, диспепсия. Ұстама кенет, көбіне түнде басталады, өте күшті ауырғандық бой көрсетеді. Буын тез ісінеді, буын үсті қызғылт-көкшіл түске боялады, буын қимылы өте азаяды. Артрит ұстамасы көбіне бірінші табан-башпай буынында болады. Қол ұшы буындарының, шынтақ, тізе және иық буындарының зақымдануы мүмкін. Артрит ұстамасына қоса қызба, қалтырап тоңу болады. 5-6 күннен кейін қабыну белгілері біртіндеп азаяды және кейінгі 5-10 күн ішінде науқас адамның көбінде жойылып кетеді. Жедел подагралық артритке тән ерекшелік – ауру адамның толық спонтанды жазылуы – болатыны.
Ұстама аралық подагра аурудың дамуының келесі сатысы және ол подагра белгілерінің болмауымен сипатталады. Мұндай күй созылмалы подагралық артрит бой көрсеткенге дейін созылады. Бұл кезеңде болатын буынның ауыруы әдетте буынның қосымша ауруларымен, оның ішінде көбіне остеоартрозбен байланысты болады.Ұстама аралық кезең біртіндеп қысқара түседі, ұстамалар ауырлай түседі, ақырында процесс созылмалы полиартрит сипатын алады.
Созылмалы тофусты подагра аурудың соңғы сатысы болып табылады, онда полиартрит белгілерінен басқа тофустар пайда болады. Қараған кезде тофустар тығыз, қозғалмалы, сарғылт немесе ақшыл сары түсті түйіндер болып көрінеді.Тофустың орналасатын жерлері: құлақ жарғағы, зақымданған буын үсті, буын беттерінің субхондральды бөліктері, білектің сырт беті, шынтақ аймағы, ахилл және тін асты сіңірлердің үсті.
Подаграның клиникасында басқа органдар мен жүйелердің зақымдану белгілері болады (висцеральды подагра). Висцеральды подаграның ішінде ең жиі кездесетіндері тынжытас ауруы, интерстициальды нефрит, несеп жолының инфекциясы, гломерулосклероз, гипертензиялы нефросклероз, СБЖ түріндегі подагралық нефропатия (подагралық бүйрек).