Дәрігер-интерндерге арналған қазақша тест. 3 страница

5.I белсенділік дәрежесі, беткей тісжегі.

100.Төменде аталған бастапқы тісжегінің қандай симптомы кіреуке гипоплазиясымен салыстырмалы нақтама жүргізгенде шешуші болып табылады?

1. Дақ түсі;

2.Үрдістің орналасуы;

3. Зақымдану жүйелілігі;

4. Зақымдану симметриялылығы;

5.Үрдістің күшеюі.

101. Төменде аталған бастапқы тісжегінің қандай симптомы флюорозбен салыстырмалы нақтама жүргізгенде шешуші болып табылады?

1. Дақ түсі;

2. Үрдістің орналасуы;

3. Зақымдану жүйелілігі;

4. Үрдістің күшеюі.

5. Зақымдану симметриялылығы;

102. Бала 4 жаста. Дәрігер-стоматолог 6.4 тістегі терең тісжегі деген нақтама қойды. Осы жағдайда төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Бір қабылдауда пломбылау;

2. Уақытша тістерде нақтыланбайды;

3. Жалпы қабылданған әдіспен пломбылау, ремтерапия;

4. Жалпы қабылданған әдіспен пломбылау, диспансерлік бақылау;

5. Емдік төсем төсеу арқылы екінші қабылдауда пломбылау.

103. 13 жасар баладан тісжегінің компенсирленген түрі, 4.6 тістің бастапқы тісжегісі анықталды. Осы жағдайда қандай тактика оптимальды болып табылады?

1. Егек пломбылау;

2. Емдік төсем, тұрақты пломба;

3. Аралық төсем, тұрақты пломба;

4. Кальций глюконаты мен гатрий фторидін аппликациялау;

5. Дәрілік өңдеу, фторлакпен қаптау.

104. Төменде аталған кіреукенің қандай қасиеті реминералдаушы емнің негізіне жатады?

1. Электрлік кедергі;

2. Құрылыс ерекшелігі;

3. Кіреуке өткізгіштігі;

4. Кіреуке ерігіштігі;

5. Электрөткізгіштік.

105. 8 жастағы бала ауыз қуысының жоспарлы санациясына келді. Қарап тексергенде үлкен азу тістердің шайнау беттерінде бор тәрізді пигменттелген дақтар анықталды. Шұқып тексергенде тіс сайлары бұдырлы.

Осы жағдайда тісжегіні қосымша зерттеу әдстерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ информативті?

1. Трансиллюминациялық әдіс;

2. Витальды бояу әдісі (метод прижизненной окраски);

3. Жанаспалы рентгенография;

4. Электроодонтометрия;

5. Ортопантомограмма.

106. 6 жасар 200 баланы қарап тексерген кезде стоматолог тісжегіге шалдыққан 450 тістерді анықтады. Төменде аталған қандай көрсеткіш осы мәліметтерді сипаттайды?

1. Аурудың таралуы;

2. Тісжегі қарқындылығы;

3. Үрдістің белсенділігі;

4. Ағым сипаты;

5. Аурудың өсуін.

107. Бірінші сынып оқушыларын 1 жылдан кейін қайта тексергенде, дәрігер-стоматолог 10 баладан тісжегіге қайта шалдыққан тістерді анықтады. Төменде аталған негізгі көрсеткіштердің қайсысы осы өзгерісті сипаттайды?

1. Аурудың таралуы;

2. Қарқындылығының өсуі;

3. Тісжегі қарқындылығы;

4. Үрдіс белсенділігі;

5. Ағым сипаты.

108. 7 жасар баласынан анасы тұрақты орталық күрек тістерінен ақ түсті дақтарды анықтады. Қарап тексергенде: дақтардың шекаралары анық, беті тегіс.

Төменде аталған нақтамалау әдістерінің қайсысын қолданған неғұрлым дұрыс?

1. Рентгенологиялық зертттеу;

2. Витальды бояу;

3. Электроодонтометрия;

4. Визиография

5. ТЭР-тест

109. Терең тісжегі кезінде емдік төсем ретінде қолданылатын пломбылық материалдың қандай қасиеті НЕҒҰРЛЫМ маңызды болып табылады?

1. Жақсы пластикалығы, тез қатаюы;

2. Механикалық беріктігі, жоғарғы адгезия;

3. Қабынуға қарсы және одонтотропты;

4. Тіс түсіне сәйкес болуы;

5. Кеуектілігінің болмауы.

110. 11 жастағы бала тамақ жегенде төменгі оң жақ тісіндегі ыңғайсыздық сезімдерге шағымданады. КПУ+кп= 4. Қарап тексергенде: 4.6 тістің шайнау бетінде жұмсарған ентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Түбін шұқып тексергенде ауырады, суыққа қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі.

Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Орта тісжегі;

2. Терең тісжегі;

3. Ұлпаның созылмалы қабынуы;

4. Периодонттың созылмалы қабынуы;

5. Тісжегімен асқынған гипоплазия.

111. 10 жастағы бала стоматологқа профилактикалық қаралу мақсатымен келді. Қарап тексергенде тұрақты күрек және бірінші үлкен азу тістердің кіреберіс бетінде ақ дақтар анықталды. Дақтар шекаралары анық, шұқып тексергенде бұдырлы. Дақтар метилен көгімен боялады.

Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Бастапқы тісжегі;

2. Жергілікті гипоплазия;

3. Жүйелі гипоплазия;

4. Флюороз, дақты форма;

5. Жетілмеген амелогенез.

112. 8 жастағы баласымен анасы стоматологқа жоғарғы тісінің тамақтанғанда ауыратынына шағымданып келді. Қарап тексергенде 2.6 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентині бар терең тісжегі қуысы анықталды, шұқыцп тексергенде түбі ауырады.

Осы абалаға одонтометрия жүргізгенде төменде аталған тістің қандай ерекшеліктерін ескеру қажет:

1. Түбір қалыптасуының дәрежесін;

2. Тістің топқа жатуын;

3. Периодонт саңылауының енін;

4. Тісжегі қуысының тереңдігін;

5. Кіреукенің жетілу дәрежесін.

113. Балалардағы тісжегі үрдісінің белсенділік дәрежесін анықтауға төменде аталған қандай критерийді қолданған дұрыс?

1. КПУ, кп, КПУ+кп индекстері;

2. Гигиеналық индекс;

3. Лактобациллин тест

4. РМА индекс

5. ТЭР - тест

114. Кіреуке деңгейінде тістің қатты тіндерінің патологиялық зақымдануы тісжегінің қандай түріне тән?

1. Орта;

2. Терең;

3. Циркулярлы;

4. Беткей;

5. Көптеп.

115. 13 жастағы бала тістің косметикалық ақауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 2.1 тістің кіреберіс бетінде ақ түсті дақ, шұқып тексерсергенде бұдырлы. Төменде аталған аурулардың қайсысымен салыстырмалы нақтама жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Беткей тісжегі;

2. Жүйелі гипоплазия;

3. Жергілікті гипоплазия;

4. Кіреуке эрозиясы;

5. Кіреуке некроз.

116. Анасы 8 жасар баласымен стоматологқа қаралды. Төменгі тісінің температуралық тітіркендіргіштерден туындайтын ауыру сезімне шағымданады. Қарап тексергенде: 4.6 тістің шайнау бетінде жұмсарған пигменттелген дентині бар кінкентай көлемді тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде кіреуке-дентин байланысында ауыру сезімі бар. КПУ+кп индексі -6.

Төменде аталған аурулардың қайсысымен салыстырмалы нақтама жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Терең тісжегі;

2. Беткей тісжегі;

3. Ұлпаның созылмалы қабынуы;

4. Периодонттың созылмалы қабынуы;

5. Гипоплазия, бөшке тәрізді түрі.

117. 9 жасар бала тамақтанғанда төменгі тісінің ауыруына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 4.6 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентині бар терең тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде табанында ауырады , қағып тексергенде ауырмайды. КПУ+кп- 6.

Төменде аталған материалдардың ішінде қайсысын емдік төсем ретінде қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс:

1. Йодоформ қойыртпағын;

2. Дентин – қойыртпағын;

3. Фосфат-цемент

4. Кальцимол

5. Эндофил

118. 9 жастағы бала профилактикалық тексерілуге келді. Объективті: 2.6 тістің шайнау бетінде кіреуке пигменттелген, шұқып тексергенде терең емес тісжегі қуысы анықталды, табаны тығыз, ауырмайды. КПУ+кп-2.

Төмендже аталған болжам нақтаманың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Беткей тісжегі;

2. Бастапқы тісжегі;

3. Терең тісжегі;

4. Орта тісжегі;

5. Гипоплазия.

119. 12 жасар баланың ауыз қуысын санациялағанда 1.6 тістегі тісжегі қуысы егеп-тазаланды, медикаментозды өңделді, аралық төсем, тұрақты пломба қойылды. Төменде аталған аурулардың қайсысында осы емдеу әдісін қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Орта тісжегіде;

2. Терең тісжегіде;

3. Бастапқы тісжегіде;

4. Жергілікті гипоплазии;

5. Беткей тісжегіде.

120. 13 жастағы бала температуралық тітіркендіргіштерден туындайтын төменгі тісіндегі ауыру сезіміне шағымданады. КПУ = 1. 4.6 тістің шайнау бетінде тығыз пигменттелген дентині бар кішкентай көлемді тісжегі қуысы бар, суыққа қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі пайда болады. Шұқып тексергенде кіреуке-дентин байланысында ауырады. Шұқып тексергенде ауырмайды. Шырышты қабат бозғылт алқызыл түсті.

Төменде аталған болжас нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Кіреуке эрозиясы;

2. Орта тісжегі;

3. Терең тісжегі;

4. Ұлпаның жедел жартылай абынуы;

5. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы.

121. 9 жасар бала профилактикалық мақсатта қаралды. Объективті: 2.6 тістің шайнау бетінде кіреуке пигменттелген, шұқып тексергенде терең емес тісжегі қуысы анықталады, табаны тығыз, ауырмайды. КПУ+кп-7.

Төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Гигиенаға үйрету, диспансерлік бақылау;

2. Тегістеу, фторлак жағу;

3. Гигиенаға үйрету, ремтерапия;

4. Ремтерапия, тегістеу;

5. Ремтерапия, пломбылау.

122. 13 жастағы бала температуралық тітіркендіргіштерден туындайтын ауыру сезіміне шағымданады. КПУ = 1. 4.6 тістің шайнау бетінде тығыз пигменттелген дентині бар кішкентай көлемді тісжегі қуысы бар, суыққа қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі пайда болады. Шұқып тексергенде ауырмайды. Шырышты қабат бозғылт алқызыл түсті.

Осы жағдайда төменде аталған аралық төсемдердің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Силикатты цемент;

2. Цинк-фосфатты цемент;

3. Шыныиономерлік цемент;

4. Поликарбоксилатты цемент;

5. Цинкоксиэвгенолды материал.

123. 9 жастағы бала суықтан және механикалық тітіркендіргіштерден туындайтын ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: 2.6 тісте ақшыл жұмсарған дентині бар үлкен емес терең тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде табанында ауыру сезімі бар. Температуралық тітіркендіргіштерге қысқа уақытқа созылатын ауыру сезімі. Перкуссияда ауырады. Шырышты қабат бозғылт алқызыл түсті.

Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы;

2. Периодонттың созылмалы қабынуы;

3. Сына тәрізді ақау;

4. Терең тісжегі;

5. Орта тісжегі.

124. 4 жасар баланы қарап тексергенде 7.5 тістің шайнау бетінен, оңай алынатын, ақшыл ылғалды терең тісжегі қуысы анықталды. Шұқып тексергенде кіреуке-дентин байланысында ауыру сезімі бар, индекс кп – 6.

Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Орта тісжегі;

2. Терең тісжегі;

3. Периодонттың созылмалы қабынуы;

4. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы;

5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы.

125. 7 жасар баланы қарап тексергенде анықталды: кп-7, шайнау тістерінің ұлпалары алынған, 6.4 тісте пломба түсіп қалған, 8.5 тісте екіншілік тісжегі дамыған.

Төменде аталған көріністер тісжегі үрдісінің қандай белсенділік дәрежесіне НЕҒҰРЛЫМ тән?

1. Баяу дамитын түрі;

2. Субкомпенсирленген түрі;

3.Декомпенсирленген түрі;

4. Компенсирленген түрі;

5. Созылмалы түрі.

126. 11 жастағы балада 4.6 тістің шайнау бетінде тісжегі тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде аздап ауырады. Сайлары пигменттелген.

Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Беткей тісжегі;

2. Жергілікті гипоплазия;

3. Орта тісжегі;

4. Кіреуке эрозиясы;

5. Флюороз.

127. Төменде аталған көрсеткіштердің қайсысы балалардың тісжегіге шалдығуын сипаттайды?

1. Ағым сипаты;

2. Ауыру сезімі;

3. Үрдіс қарқындылығы;

4. Анамнез мәліметтері;

5. Ауырудың ұзақтығы.

128. Бала 11 жаста. Температуралық тітіркендіргіштерден туындайтын ауыру сезіміне шағымданады. Бала жиі суықтап ауырады. КПУ+кп=8. 4.6 тістің иедиальды-шайнау бетінде – қабатпен алынатын, ылғалды жұмсарған дентині бар тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде табанында ауырады.

Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. I дәрежелі тісжегі белсенділігі, 3.6 тістегі орта тісжегі;

2. II дәрежелі тісжегі белсенділігі, 3.6 тістегі орта тісжегі;

3. I дәрежелі тісжегі белсенділігі, 3.6 тістегі терең тісжегі;

4. II дәрежелі тісжегі белсенділігі, 3.6 тістегі терең тісжегі;

5. III дәрежелі тісжегі белсенділігі, 3.6 тістегі терең тісжегі.

129. Бала 6 жаста. Санация мақсатында қаралды. Қарап тексергенде: 5.4, 6.4, 7.4 тістерінде бұрын ұлпалары алынған, 7.5, 8.5 тістері пломбыланған. 5.5, 6.5 тістерінен орта тісжегіні анықтады.

Төменде аталған емдеу тактикаларының қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Егеу, химиялық композициялық материалмен пломбылау;

2.ІІ қабылдауда емдік төсем төсеу арқылы пломбылау;

3. Егеу, стеклоиномерлік цементпен пломбылау;

4. Емдік төсем, тұрақты пломба силидонт;

5. Кейінге қалдырып емдеу.

130. Тісжегінің декомпенсирленген түрінің орта тісжегісін төменде аталған белгілерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ жақсы сипаттайды?

1. Жұмсарған пигменттелген дентині бар тісжегі қуысы, шұқып тексергенде бір нүктеде ауырады;

2.Жиектері тегіс емес, жұмсарған ақшыл дентині бар тісжегі қуысы;

3. Дентині тығыз тісжегі қуысы, бүкіл табанында ауырады;

4. Дентині тығыз, жиектері тегіс тісжегі қуысы;

5. Тіс қуысымен байланыстаын тісжегі қуысы.

131. 5 жастағы бала жоғарғы сол жақта тісіндегі ыңғайсыз сезімдеріне шағымданады. Қарап тексергенде: 6.4 тісте қоңыр-сұр түстес массаға толған терең тіс жегі қуысы, жағымсыз иіс шығып тұр, шұқып тексергенде түбір өзектерінің сағалары ауырады.

Төмендегі аталған емдеу әдістерінің қайсысын қолданғанНЕҒҰРЛЫМдұрыс?

1. Консервативті емдеу

2. Витальды пульпотомия

3.Витальды пульпэктомия

4. Девитальды пульпотомия

5. Девитальды пульпэктоми

132. 5 жастағы бала жоғарғы сол жақта тісіндегі ыңғайсыз сезімдеріне шағымданады. Қарап тексергенде: 6.4 тісте қоңыр-сұр түстес массаға толған терең тіс жегі қуысы, жағымсыз иіс шығып тұр, шұқып тексергенде түбір өзектерінің сағалары ауырады.

Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?

1. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

2. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы

3. Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

4.Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

5. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы

133. 12 жасар жасөспірім бала түнде күшейетін ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 2 күн болған. Қарап тексергенде: 4.6 тісінде орташа тереңдіктегі тісжегі қуысы анықталды, пигменттелген дентин оңай алынады, шұқып тексергенде ұлпа мүйізшесінің тұсында күрт ауырады. КПУ индексі – 3.

Төмендегі тексеру әдістерінің ЕҢ қолайлысы қайсысы?

1. Электроодонтометрия

2. Флюоресцентті

3. Рентгенография

4. Визиография

5. Реография

134. 12 жасар жасөспірім бала түнде күшейетін ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 2 күн болған. Қарап тексергенде: 4.6 тісінде орташа тереңдіктегі тісжегі қуысы анықталды, пигменттелген дентин оңай алынады, шұқып тексергенде ұлпа мүйізшесінің тұсында күрт ауырады. КПУ индексі – 3.

Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Периодонттың жедел қабынуы

2. Ұлпаның жедел жалпы қабынуы

3. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

4. Ұлпаның жеде жартылай қабынуы

5. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

135. 7 жасар баланың сауыз қуысын санациялау барысында 5.5 тістегі ұлпасы ашық тісжегі қуысы анықталды, шұқып тексергенде ауырады. КПУ+кп индексі -3.Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Терең тісжегі

2. Периодонттың созылмалы қабынуы

3.Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы

4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

5. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы

136. 12 жастағы бала 2-3 күн бойы мазалайтын, төменгі тістегі өздігінен туындайтын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады. Тісі бұрын ауырған, бірақ емделмеген.. Объективті: 4.6 тістің медиальді-шайнау бетіндегі, жұмсарған пигменттелген дентині бар тісжегі қуысы бар, тіс қуысы ашылған, шұқып тексергенде ауырады. Қағып тексергенде ауырмайды.

Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Периодонттың жедел қабынуы

2. Ұлпаның жедел серозды жалпы қабынуы

3. Ұлпаның жедел серозды жартылай қабынуы

4.Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

137. Тамақ жегенде туындайтын, тісіндегі ауыру сезіміне шағымданып, анасы 6 жасар баласын әкелді. Қарап тексергенде: 8.4 тістің дистальді-шайнау бетінде жұмсарған дентині бар тісжегі қуысы бар, тіс қуысы ашылған, шұқып тексергенде ауырады. Рентгенограммада дистальді түбір ұшы аймағында сүйек тінінің ыдырауы байқалады.

Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы

2. Ұлпаның жедел іріңді жалпы қабынуы

3. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

4. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы

5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

138. Анасы 4 жасар баласымен жоғарғы оң жағындағы қатты ауыруына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 5.4 тістің шайнау бетінде тісжегі қуысы, шұқып тексергенде күрт ауырады, тістің түсі өзгермеген, кп индексі -2.

Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Периодонттың жедел қабынуы

2. Ұлпаның жедел серозды қабынуы

3.Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

4. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

5. Периодонтың созылмалы қабынуының өршуі

139. 11 жастағы бала 1.1 тісі сауытының түсі өзгеруіне шағымданып келді. 1 жыл бұрын жарақат алған, стоматологқа қаралмаған. Қарап тексергенде: 1.1 тісі сау, түсі өзгерген, қағып тексергенде ауырмайды, қызылиек шырышты қабаты өзгермеген.

Төменде аталған қосымша тексеру әдістерінің қайсысын жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Витальді бояу

2. Денситометрлік

3.Одонтометрлік

4. Термометрлік

5. Люминесценттік

140. Анасы 5 жасар баласын қаратуға келді. Бала төменгі оң жағындағы тісіндегі ыңғайсыз сезімдерге шағымданып келді. Қарап тексергенде: 8.4 тісінің түсі өзгерген, тісжегі қуысында тағам қалдықтары бар, ашылған тіс қуысын шұқып тексергенде жағымсыз иісті сұр масса анықталды, түбір өзектерінің сағасында ауыру сезімі бар. Рентгенограммада дистальды түбір ұшы аймағында сүйек тінінің деструкция ошағы анықталды.

Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

2. Ұлпаның жедел серозды қабынуы

3. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы

4.Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

5. Ұлпаның созылмалы гипертрофиялық қабынуы

141. Анасы 3 жасар баласын әкелді. Баласының жоғарғы оң жақ тісі қатты ауырады, ыстықтан күшейеді. Анасының айтуынша, тісі алғаш 2 күн бұрын ауырып бастаған. Бала сау, кп-2. 5.4 тістің шайнау бетінде жұмсарған пигменттелген дентинге толған тісжегі қуысы бар, шұқып тексергенде ауырады, қағып тексергенде аздап ауырады, тісті қоршаған шырышты қабат бозғылт алқызыл түсті.

Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

2. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

3. Ұлпаның жедел серозды қабыны

4. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

5. Периодонттың жедел қабынуы

142. Төменде аталған морфологиялық элементтердің қайсысы ұлпада қорғаныс қызметін атқарады?

1. Коллаген талшықтары

2. Эластикалық талшықтар

3. Кезбе жасушалары

4. Фибробласттар

5.Гистиоциттер

143. Анасы 4.5 жастағы баласымен қатты тамақ жегенде және температуралық тітіркендіргіштерден туындайтын ауыру сезіміне шағымданып келді. Объективті: 7.5 тістің медиальды-шайнау бетінде жұмсарған пигменттелген дентині бар тісжегі қуысы бар. Шұқып тексергенде бір нүктеде ауырады, кп индексі- 8.

Төменде аталған болжам нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

2. Ұлпаның жедел серозды қабыны

3. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы

4. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

144. Анасы 3 жасар баласымен стоматологқа қаралды. Баласында 2 күн бұрын дене қызуы 39.8º дейін көтерілді, жоғарғы алдыңғы тісінде ауыру сезімі пайда болды. Объективті: 5.1 тістің медиальды бетінде жұмсарған дентині бар тісжегі қуысы бар, тіс қуысын ашып, шұқып тексергенде күрт ауырады. Қағып тексергенде ауырады, қызылиек шырышты қабаты ісінген, қызарған, кп индексі-2.

Осы жағдайда төменде аталған шұғыл көмектердің қайсысын НЕҒҰРЛЫМ жүргізген дұрыс?

1. Тісті жұлу

2. УЖЖ - ем

3. Жансыздандыру

4. Тіс қуысын ашу

5.Түбір өзегі арқылы шығуын қамтамасыз ету

145. Төменде аталған симптомдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ұлпаның созылмалы жәй қабынуына тән?

1.Тіс қуысы ашылған, шұқып тексергенде ауырады

Наши рекомендации