Гипертониялық іш қату 1 страница
Ішкі аурулар
! Обструктивті бронхитте қандай механизм басты болып табылады?
* Ісік
* Дискинезия
* Дискриния
* Бронхоспазм
* Гиперплазия
! 16 жасар ұл, студент. Іріңді қақырықпен қалжырататын жөтелге, кеуде қуысындағы күйдіру сезіміне, бұлшық еттегі ауруға, суықта аяқ-қол саусақтары ұшындағы қатты ауруға шағымданады. Тобында бірнеше адам ауырған. Қарағанда: температурасы 38,40С. Оң өкпенің төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталуы, қатаң тыныс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан талдауында: эритроциттер-3,9х1012/л, Hb-138 г/л, лейкоциттер 12,5х109/л, ЭТЖ-35 мм/сағ. Рентгенограммада:оң жақ төменгі бөлікте гомогенді қараңғылану анықталады.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал қоздырғыш қайсысы?
* Staphylococcus aureus
* Steptococcus pneumoniae
* Klebsiella pneumoniae
*+ Micoplasma pneumoniae
* Haemophilus influenzae
! 38 жасар әйел, аз қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт. Оң балтырында диаметрі 2х2 см анық емес тығыз түзіліс бар. Тынысы жиілігі минутына 32 рет. Өкпесінде перкуторлы екі жақта да VI қабырғааралықтан төмен дыбыстың тұйықталуы, тынысы әлсіреген, құрғақ сырылдар. Бауыры 12-9-8 см, көкбауыр 9-6 см. Рентгенограммада: екі жақтың жоғарғы бөлімдерінде өкпе паренхимасының диффузды зақымдануы анықталады. Бронхөкпелік лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
* Өкпе ісігі
* Фиброзидаушы альвеолит
* Өкпе туберкулезі
* Актиномикоз
*+ Өкпе саркоидозы
! 56 жасар ер адам, іріңді қақырықпен жөтелге, температураның жоғарылауына, ентігуге шағымданады. Қарағанда: терісі көгерген, мұрын қанттарының кернелуі бар. Дене температурсы 39,80С. Тыныс жиілігі минутына 32 рет. Оң және сол жауырын бұрышынан төмен өкпеде перкуторлы дыбыс қысқарған, қатаң тыныс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан талдауы: эритроциттер-4,2х1012/л,гемоглобин-145г/л,лейкоциттер-14,2х109/л,таяқша ядролылар 10 %, сегментядролылар 62%, лимфоциттер-23%, моноциттер-5%, ЭТЖ 38 мм/сағ
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал қоздырғыш қайсысы?
* Микоплазма
* Саңырауқұлақтар
* Пневмококк
*+ Стафилококк
* Вирустар
! 59 жасар ер адам, ентігуге, қарақат желесі тәрізді қақырықпен жөтелге, кеудесінің оң жағындағы ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 39,60С. Тыныс жиілігі минутына 34 рет. Өкпенің оң жақ жоғарғы бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. Жүректің соғу жиілігі минутына 116 соққы. Қан талдауында: лейкоциттер-18х109/л, ЭТЖ-38 мм/сағ. Рентгенограммада: оң өкпе жоғарғы бөлігінде инфильтрация анықталады.
Көрсетілгендер ішінде қайсы ем ЕҢ тиімді болып табылады?
* Ровамицин 500 мг х тәулігіне 2 рет бұлшық етке
* Ципрофлоксацин 500 мг х тәулігіне 2 рет бұлшық етке
* Линкомицин 30% 2 мл тәулігіне 2 рет бұлшық етке
*+ Амоксациллин/сульбактам 1500 мг х тәулігіне 2 рет көк тамырға
* Цефтриаксон 500 мг х тәулігіне 2 рет көк тамырға
! 30 жаста ер адам, іріңді қақырықпен жөтелге, қалтырауға, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 38,40С. Оң өкпенің төменгі бөлімінде перкуторлы өкпе дыбысының тұйықталуы, аускультативті әлсіреген тыныс фонында майда көпіршікті сырылдар. Қан талдауында: эритроциттер - 4,2х1012/л, гемоглобин – 132 г/л, лейкоциттер 11,6х109/л, таяқша ядролылар – 9 %, сегментті ядролылар – 66%, лимфоциттер – 21%, моноциттер – 4%, ЭТЖ – 28 мм/сағ. Рентгенограммада: оң жақ төменгі бөлімінде гомогенді күңгірттену.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ тиімді антибиотик қайсысы?
*+ Азитромицин 500 мг күніне 1 рет ішке
* Ципрофлоксацин 500 мг күніне 2 рет ішке
* Цефазолин 1 грамм 2 рет бұлшық етке
* Линкомицин 30% 2 мл күніне 2 рет бұлшық етке
* Гентамицин 4% 2 мл күніне 2 рет бұлшық етке
* 35 жастағы әйел адам. Шағымдары: ентігу, аздаған қақырықпен жөтел, әлсіздік, көзінің қызаруы және ауыру сезімі. Қарап тексергенде: тыныс алуы 28 рет минутына, денесінде таңбалы дақты бөртпелер, өкпесінде әлсіз везикулярлы дыбыс. Рентгнограммада: өкпе түбірінде лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Қан анализінде лейкоциттер – 3,7:10/л, ЭТЖ – 15 мм/сағ. Қан сары суында кальций 2,9 ммоль/л.
Болжама диагнозыңыз қандай?
* Фиброздаушы альвеолит
* Өкпе туберкулезі
* Өкпе рагы
* Пневмония
*+ Саркоидоз
! 34 жастағы әйел, ұзақ уақыт жөтелге шағымданады, екі жақты пневмониямен ауырған, 625 мг амоксиклавты тәулігіне 3 рет қабылдады, 14 күн өткен соң дәрігерге қызуының жоғарылауына, ентігуге, әлсіздікке шағымданып келді. Қарап тексергенде: тері жабындысы сарғайған, тынысы везикулярлы, ТЖ 36 рет минутына. Көк бауыры пальпацияланады, бауыры 11-9-8 см. Қан анализінде: эритроциттер 2,1х1012/л, гемоглобин 75г/л, ТК 1,07; ретикулоциттер 30%, лейкоциттер 15х109/л, тромбоциттер 180х109 /л, «монетты бағана», ЭТЖ 25 мм/сағ.
Қандай препарат тағайындау ЕҢ тиімді?
*+ Преднизолон
* Циклоспорин А
* Пиридоксин
* Железо (II)
* Десфериоксиамин
! Өкпе туберкулезімен ауырған науқастарға ошақты пневмониямен салыстырғанда қандай жөтел тән:
* құрғақ, беткей, қиын жөтел
*+ аздаған қақырықпен аздап жөтел
* шірік иісті көп қақырықпен жөтел
* тұтқыр қақырықпен ұстама түрінде жөтел
* іріңді қақырықпен ұстама түрінде жөтел
! 8 жастағы қыз баланың шағымдары: аздаған қақырықпен жөтел, түнгі уақытта ентігу. ЖРВИ-дан кейін 6 ай бойы ауырады. Қарап тексергенде: дене температурасы 36,8 С, тынысы 30 рет минутына, ысқырықты дыбыс, құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған. Рентгенограммада: екі жағында өкпе суреті күшейген.
Аталған дәрілердің қайсысын тағайындаған ЕҢ тиімді?
* натрий кромогликаты
* Серетид
* эуфиллин
* лазолван
*+ флутиказон дипропионаты
! «Қарақат желесі» тәрізді қақырықпен жөтелге жедел жәрдем шақырылды. Қандай қоздырғышпен шақырылған?
* Staphylococcus aureus
* Steptococcus pneumoniae
*+ Klebsiella pneumoniae
* Micoplasma pneumoniae
* Haemophilus influenza
! Пневмококты пневмонияға ЕҢ сәйкес келетін патоморфологиялық көрініс қандай?
* Өкпелер деструкциясы
*+ Фиброзды қабыну
* Көптеген некроз ошақтары
* Инфаркт тәрізді өкпе некрозы
* Интерстициальді зақымдану
13. Ер адам 48 жаста, ентігуге, қақырықпен жөтелге, кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 39,80С, тыныс алу жиілігі минутына 34 рет. Өкпесінде оң жақ IV қабырғааралықтан төмен дыбыстың тұйықталуы, аускультатияда ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммда: оң жақ S6, S9 сегменттерінде домалақ формалы, диаметрі 3 см сұйықтық деңгейімен екі қуыс анықталды. Жалпы қан талдауы: лейкоциттер 18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.
Аталған микроорганизмдер ішінде көрсетілген аурудың ЕҢ ықтимал қоздырғышы қайсысы?
+1. Staphylococcus aureus
2. Steptococcus pneumoniae
3. Klebsiella pneumoniae
4. Micoplasma pneumoniae
5. Haemophilus influenzae
14. 39 жасар әйел, ентігуге, құрғақ жөтелге, кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Бір жылдан бері ауырады. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, еріндері көгерген. Тыныс алу жиілігі минутына 32 рет. Өкпесінде екі жақ жауырын асты аймақтарында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультацияда: крепитация естіледі. Жалпы қан талдауы: эритроциттер – 8х1012/л, гемоглобин – 150 г/л, лейкоциттер – 16х109/л, ЭТЖ - 28 мм/сағ. Рентгенограммада – өкпе негізінде күңгірт шыны тәрізді ошақты өзгерістер, ұсақ кистозды түзілістер анықталады.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Өкпе ісігі
+2. Фиброздаушы альвеолит
3. Туберкулез
4. Актиномикоз
5. Саркоидоз
15. Ер адам 70 жаста, ентігуге, қақырықпен жөтелге, кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 40,10С. Тыныс алу жиілігі минутына 34 рет. Өкпесінің оң жақ жоғарғы бөлімдерінде дыбысы тұйықталған, тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің (S2) сегментінде сұйықтық деңгейімен домалақ формалы қуыс анықталады. Жалпы қан талдауы: лейкоциттер -18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.
Көрсетілгендер ішінде этиологиялық критерилері бойынша ЕҢ ықтимал болжам диагноз қайсысы?
1. Стафилококты пневмония
2. Пневмококты пневмония
+3. Фридлендерлік пневмония
4. Микоплазмалық пневмония
5. Гемофильді пневмония
16. Ер адам 47 жаста, күшті жөтелге, тәбетінің төмендеуіне, жүдеуге шағымданады. Жарты жылдан бері ауырады. Қарап тексергенде: терісі бозғылт, тырналған іздер бар. Оң жақ бұғана үсті лимфа түйіндерінің өлшемі 1 см, тығыз. Тыныс алу жиілігі минутына 30 рет. Оң жақ өкпеде үшінші қабырғааралықтан төмен өкпе дыбысы тұйықталған, тынысы әлсіреген. Жалпы қан талдауы: эритроциттер–3,2х1012/л, гемоглобин – 90 г/л, лейкоциттер–8,6х109/л, ЭТЖ 34 мм/сағ.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ информативті зерттеу әдісі болып табылатын қайсысы?
1. Ультрадыбысты зерттеу
2. Рентгенографиялық зерттеу
3. Компьютерлік томография
+4. Өкпе бронхоскопиясы
5. Радиоизотопты сканирлеу
17. Ер адам 56 жаста, қақырықпен жөтелге, түнгі тершеңдікке шағымданады. 2 апта бұрын құрт инвазиясы анықталған. Қарап тексергенде: терісі бозғылт. Тыныс алу жиілігі минутына 28 рет. Өкпесінде оң жақ IV қабырғаарлықтан төменгі бөлікте дыбысы тұйықталған, тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада оң жақ өкпенің S6 сегментінің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Қан талдауында: лейкоциттер 12х109/л, эозинофильдер 12%, ЭТЖ 28 мм/сағ. Қақырық талдауында эозинофильдер бар.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ тиімді дәрілік препараттар тобы қайсы?
+1. Макролидтер
2. Цефалоспориндер
3. Фторхинолондар
4. Аминогликозидтер
5. Жартылай синтетикалық пенициллиндер
18. Науқас И., 36 жаста, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен ауыратын науқас өкпе туберкулезімен стационарда емделіп жатыр. Бақылау кезінде клиникалық жақсарудан кейін соңғы 3 күн бойы қызуының 38С жоғарылауы, аздаған қақырықпен жөтел мазалады. Науқастың жағдайының нашарлауын дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдістерін тағайындау ЕҢ тиімді?
1. Биопсия жасау
2. Бронхоскопия
3. Туберкулинды сынама
4. Компьютерлік спирография
+5. Қосымша микрофлораға сезімталдығын анықтау үшін қақырықты жағындыға тексеру
19. Өкпе тінінің абсцесін қандай қоздырғыш жиі шақырады?
1. стрептококк
+2. стафилококк
3. пневмококк
4. рикетсиялар
5. вирустар
20. 50 жастағы ер адам, ішімдік ішеді. Есі анық емес. Қарап тексергенде: температура 390 С, тыныс алу жиілігі 30 рет мин, іріңді қақырықпен жөтел, ЖСЖ – 90 рет/мин. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде гомогенді күңгірттену, жоғары қисайған междолевой борздой. Қақырық анализінде лейкоциттер 20-25 к/а., грамнегативті таяқша.
Аталған препараттардың қайсысы ең тиімді?
1. Амоксициллин
+2. Неомицин
3. Рокситромицин
4. Карбенициллин
5. Доксицикллин
21. Аталған көрсеткіштердің қайсысы бронхиалды обструкцияның айқындылығын көрсетеді?
1. Тиффно индексі
2. өкпенің қалдық көлемі
+3. 1 сек форсирленген тыныс шығарудың көлемі
4. өкпенің диффузды қабілеттілігі
5. өкпенің форсирленген тіршілік сыйымдылығы
22. 37 жастағы ер адамның флюорографиясында өкпеде шар тәрізді көлеңке анықталды. Науқас ауруханаға жатқызылып стандартты зерттеу жасалды:
Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы диагноз қоюды дәлелдейді?
1.Бронхоскопия
+2.Торакотомия биопсиямен
3.Компьютерлі томография
4.Трахеобронхоскопия биопсиямен
5. МБТ-ға бірнеше рет зерттеу
23. Лимфогрануломатоз диагнозын нақтылау үшін көрстеілгендер ішінде ЕҢ лайықты зерттеу әдісі қайсысы?
1. Лимфа түйінінің биопсиясы
2. Компьютерлік томография
3. Сүйек кемігінің стернальды пункциясы
4. Лимфа түйіндерін радиоизотопты сканирлеу
+5. Рентгенконтрасты затпен лимфография
24. 26 жасар ер адам, іріңді жағымсыз иіспен қақырықты жөтелге шағымданады. Нашақор. 4 айдан бері субфебрильді температура, іріңді қақырықпен жөтел мазалайды. Қарап тексергенде: беті ісінген, терісі мен шырышты қабаттары көгерген, саусақтары «барабан таяқшалары», тырнақтары - «сағат әйнегі» тәрізді. Тыныс жиілігі минутына 32 рет. Перкуторлы сол өкпенің ортаңғы бөлігінде тұйықталу, амфорикалық тыныс, ылғалды сырылдар. Қан талдауында: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 108 г/л, лейкоциттер 14,5х109/л, ЭТЖ 45 мм/сағ.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Өкпе ргі
2. Кавернозды туберкулез
3. Шіріген киста
4. Плевра эмпиемасы
+5. Өкпе абсцессі
25. 30 жасар ер адам, омыртқасындағы, әсіресе бел аймағындағы қозғалыстың шектелуі мен тұрақты ауру сезіміне шағымданады. Алғаш рет 5 жыл бұрын пайда болған, субфебрильді температурамен бірге жүретін.Жылу процедураларымен емделген. Бір жылдан кейін омыртқаларындағы құрысулар күшейе түскен. Қарап тексергенде: боз, салмағы 62 кг, бойы 172 см. Омыртқасында қозғалыс қатты шектелген, арқа мен сан бұлшықеттерінінің айқын атрофиясы.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Ревматоидты артрит
2. Псориаздық артрит
3. Омыртқа остеохондрозы
+4. Анкилоздаушы спондилоартрит
5. Туберкулезді спондилоартрит
26. 25 жасар қыз, әлсіздікке, дімкәстікке, артралгияларға, жүрек қағысына шағымданады. 6 айдан бері субфибрильді температура бар. Пневмония, миокардиттен емделген. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,8°С. Пульсі минутына 98 рет, оң жақта пульсация анықталмайды. Артериалды қан қысымы сол жақта 190/120 мм с.б.б., оң жақта анықталмайды. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 102 г/л, лейкоциттер 8,5х109/л, ЭТЖ 48 мм/сағ.
Қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?
+1. Ангиография
2. Тамырларды ультрадыбысты зерттеу
3. Компьютерлік томография
4. Рентгенография
5. Магнитті резонансты томография
27. 45 жасар әйел, буындарында ісіну мен ауру сезімі, таңертеңгілік құрысулар, дімкәстікке, 4 айдан бері субфебрильді температураға шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,8°С. Алақан-саусақ, проксиамльды саусақаралық буданда, білезіктерінде, сол жақ тізе буында, тобық-табан және өкше-бақайаралық буындарында ауырсыну, қозғалыстың шектелуі, жұмсақ ісіктер мен жергілікті температура көтерілуі бар. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 98 г/л, лейкоциттер 4,2х109/л, ЭТЖ 45 мм/сағ.
Қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Латекс тест
+2. Валер-Роузе реакциясы
3. Sm-антигеніне антиденелер
4. Антинуклеярлы антиденелер
5. Нативті ДНҚ-ға антиденелер
28. 20 жасар қыз, әлсіздік, артралгияларға шағымданады. 5 ай бойы субфибрильді температура, тез салмақ жоғалту, шаштының түсуі, дімкәстік мазалайды. Қарап тексергенде: температурасы 38°С. Бет доғасы аймағы мен мұрын қанаттарында эритематозды бөртпелер бар. Қол саусақтары ұршық тәрізді деформацияланған, тобық-өкше буындарының ісінуі бар. Пульсі 98 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 102 г/л, лейкоциттер 3,9х109/л, ЭТЖ 48 мм/сағ.
Қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?
+1. LE - жасушалар
2. Ақуыз және оның фракциялары
3. Sm-антигеніне антиденелер
4. Антинуклеярлы антиденелер
5. Нативті ДНҚ-ға антиденелер
29. 40 жастағы ер адам. Бір ай бойы антибиотиктерге тұрақты дене қызуының 38°С дейін жоғарылауына, терлегіштікке шағымданады. Қарап тексергенде: мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады, науқас арықтау, өкпесінде әлсіз везикулярлы тыныс, жүрек үндері кереңдеген, ЖСЖ 88 рет минутына, бауыры 11х9х8хсм, тығыз. Қан анализінде: лейкоциттер 12,0х109/л, ЭТЖ 50 мм/сағ.
Қандадай тексеру ең бірінші орында болып табылады?
+1. Лимфотүйінердің биопсиясы
2. Стерналдық пункция
3. өкпе рентгенографиясы
4. бауырдың ультрадыбыстық зерттелуі
5. қанды бактериологиялық тексеру
30. 35 жастағы әйел адам қызуының 38-39ºС жоғарылауына, 2 жыл бойы буындарындағы ұшпалы ауыру сезіміне, тізе буынының, тобық және қол басы буындарының ісінуі және қозғалысының шектелуіне, айқын әлсіздікке, салмағының азаюына (6 айда 7 кг-ға) шағымданады. Қарап тексергенде: полилимфаденит, гепатоспленомегалия. Буындардың рентгенограммасында: эпифизарлы остеопороз, буын қуысының тарылуы. ЖҚА: Л - 3,6х109/л, с/я - 35%, лимфоциттер 53%, ЭТЖ 44 мм/сағ. СРБ - айқын оң, фибриноген 5,9 г/л. Ревматоидный фактор – оң.
Емдеу үшін аталған препараттардың қайсысы ЕҢ тиімді?
1. Сульфасалазин 3 г/тәул
2. Метипред 20 мг/тәул
+3. Преднизолон 60 мг/тәул
4. Метотрексат 120 мг/тәул
5. Циклофосфан 600 мг/аптасына
31. 37 жастағы ер адам емханаға мынадай шағымдармен келді: қызуының 38°C жоғарылауы, тәбетінің төмендеуі, басының ауыруы, жүрек айнуы, бір рет құсуына, іштегі ауыру сезімі. 7 күннен бері ауырады. Қарап тексергенде көзінің тор қабығының және таңдайының сарғаюы. Тілі сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, пальпацияда бауыры үлкейген, тығыздалған, аздап ауырады. Науқастың айтуы бойынша зәрінің түсі қоңырайған.
Емінің тактикасы қандай?
1. төсектік режим, сұйықтықты көп қабылдау, калориялы тамақ, витаминдер
2. Глюкокортикостероидтар, протеаз ингибиторлары, диуретиктер
+3. вирусқа қарсы препараттар
4. ұзақ уақыт антибиотиктер, нистатин
5. Иммуномодуляторлар
32. 3 жастағы бала. Шағымдары: бірнеше күн бойы қызуының 38,2Сº жоғарылауы, аз қақырықпен ылғалды жөтел. Анамнезінде: жиі бронхитпен ауырады. Әкесі поллинозбен ауырады. Қарап тексергенде: тамағы қызарған, аускультативті: өкпесінде қатаң дыбыс, орта және ірі калибрлі ылғалды сырылдар, жөтелгеннен соң сырылдар жоғалады, көптеген құрғақ сырылдар. ТЖ 28 рет/мин, пульсі 100 рет/мин. ЖҚА: гемоглобин-130 г/л, эритроциттер - 4,5х1012/л, лейкоциттер -11х109/л, ЭТЖ - 22мм/сағ.
Болжама диагнозыңыз қандай?
1.Бронхиалды астма
+2. Рецидивтеуші обструктивті бронхит
3. созылмалы обструктивті бронхит
4. жедел обструктивті бронхит
5. ауруханадан тыс пневмония
33. Брадикардия, атриовентрикулярлы бөгет түріндегі жанама әсер қайсы антигипертензивті препаратқа тән?
1. Нифедипин 20 мг
2. Амлодипин 5 мг
3. Периндоприл 4 мг
+4. Бисопролол 5 мг
5. Лозартан 50 мг
34. 18 жасар жігіт, аяқтарындағы жансыздануға шағымданады. Қарап тексергенде: кеуде торшасы жақсы қалыптасқан, тар жамбас, аяқтары жіңішке. яремной ойығында айқын пульсация анықталады. Артериальды қан қысымы оң жақта 180/120 мм.с.б.б., сол жақта 120/80 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінде II тон акценті, негізінде жауырын аралық кеңістікке берілетін систолалық шу естіледі. Рентгенографиясында: жүрек көлеңкесінің жоғарғы контурының 3 саны тәрізді деформациясы, III-VIII қабырға узурациясы.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
+1. Қолқа коарктациясы
2. Гиперальдостеронизм
3. Түйінді периартериит
4. Спецификалық аортоартериит
5. Қолқа доғасының туа пайда болған ирелеңі
35. 32 жасар әйел, бас ауруына, аяқ-қолдарының жансыздануына, шөлдеуге, жиі зәр шығаруға, айқын әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде: аяқ-қолдарының парестезиясы. Тізе рефлекстері жоғарылаған. Артериальды қан қысымы 190/120 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінде II тон акценті. Калий 3,1 ммоль/л, натрий 142 ммоль/л, мочевина 5,6 ммоль/л.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Феохромоцитома
2. Гиперкортицизм
3. Қолқа коарктациясы
+4. Гиперальдостеронизм
5. Бүйрек артерияларының стенозы
36. Ер адам, 49 жаста, бас ауыруына, құлақтарындағы шуылға шағымданады. Анамнезінде: 5 жылдан бері, 600 метр жүргенде, 5 қабатқа көтерілгенде төс артындағы қысып ауыратын ауру сезімі мазалайды, физикалық жүктемені қойғанда ауру сезімі қайтады. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 95 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 180/90 мм.с.б.б.
Аталған препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?
+1. Бета-адреноблокаторлар
2. Ұзақ әсерлі нитраттар
3. Кальций антагонистері
4. Ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторлары
5. Тиазидті диуретиктер
37. 55 жасар әйел, шүйде аймағындағы ауру сезіміне, тез шаршағыштыққа, кешке қарай табанындағы ісінулерге шағымданады. Анамнезінде 4 жылдан бері артериалдық қан қысымы 170/110 мм с.б.б. дейін көтеріледі. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 85 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 160/100 мм.с.б.б. Қандағы ренин деңгейі төмендеген