Ықтық компетенция бойынша
! «Науқас» сөзіне анықтама беріңіз:
*Емдеу профилактикалық мекемеде ем қабылдап жатқан тұлға
*+Медициналық жәрдемді қажет ететін немесе қабылдап жатқан тұлға
* Емдеу мекемесіне келген тұлға
* Медициналық қызметкерге көмек көрсетуіне келген тұлға
* Медициналық ұйымға тексерілуге келген тұлға
! Науқас 56 ж, «қант диабеті, декомпенсация» диагнозымен эндокринология бөлімшесінде жатыр. Қабылдау бөлімшесіне түскенде кетоацидоздың дамуына байланысты жағдайы ауыр деп бағаланды. Госпитализацияның Госпитализацияның 3 күні пациент бөлімше меңгерушіге барып, емдеп жатқан дәрігерін ауыстыруына сұрайды, бұрын басқа дәрігерде емделіп жүргенін айтып, осы госпитализацияда сол дәрігердің емдеуін сұрайды. Осы жағдайда бөлімше меңгеруші не істеуі керек?
*+Науқастың көңіліне қарап, науқас сурап отырған дәрігерге курацияны беруі керек, өйткені бұл науқастың құқығы.
* Бұл науқасқа бөлімше меңгерушісі өзі курация жүргізу керек.
* Дәрігер – кураторды ауыстырмай, науқасқа барлық дәрігерлер емдеу терапиясын бірдей жүргізетінін, ешқандай айырмашылық болмайтынын түсіндіруі керек.
* Дәрігер – кураторды ауыстырмай, науқасқа өзі сұраған дәрігер бос емес екенін, бұл науқасқа курация жасай алмайтынын түсіндіруі керек
* Дәрігер – кураторды ауыстырмай, науқасқа дәрігер таңдауына құқығы жоқ екенін, бөлім меңгерушінің жұмысына араласпауын сұрайды.
! Науқас пен емдеуші дәрігердің арасында жеке сипаттағы конфликт пайда болды. Осы жағдайда бөлімше меңгеруші не істеуі керек?
*+Емдеуші дәрігерді ауыстыру қажет
* Науқасқа бөлімше меңгерушісі өзі курация жүргізу керек
* Дәрігер – кураторды ауыстырмай, науқасқа барлық дәрігерлер емдеу терапиясын бірдей жүргізетінін, ешқандай айырмашылық болмайтынын түсіндіруі керек
* Дәрігер– кураторды ауыстырмай, жеке сипаттағы болған конфликт емдеудің нәтижесіне әсер етпейтінін түсіндіру
* Дәрігер – кураторды ауыстырмай, науқасқа дәрігер таңдауына құқығы жоқ екенін түсіндіру
! Науқас 44 ж, терапия бөлімшесінде емделіп жатыр. Бөлімшеде жалғыз әйелдер дәретханасы істемей тұр. Науқастар бөлімшедегі жалғыз ортақ дәретханаға баруы тиіс. Науқас бөлім меңгерушісіне және емдеу дәрігеріне барып қызметкерлер дәретханасына барып отыруын сұрап талап қояды. Бөлім меңгерушісі бұл жағдайда не істеуі керек? * Науқастың көңіліне қарап, қызметкерлер дәретханасына барып отыруына бөлім меңгерушісі рұқсат беруі керек *+Дұрыс санитарлық гигиеналық жағдайларды талап етуі бұл науқастың құқығы, сол үшін бөлім меңгерушісі аурухана әкімшілігінен және шаруашылық бөлімше қызметкерлерінен науқастарға санитарлық гигиеналық жағдайды қамтамасыз етуін талап қоюуы тиіс
* Науқасқа барлығы осындай жағдайда екенін түсіндіруі қажет
* Науқасқа қызметкерлердің дәретханасына барып отыруына құқығы жоқ екенін түсіндіруі қажет
* Науқасқа бұл жағдайлар уақытша екенін түсіндіріп, әйелдер дәретханасын жақын арада жөндейтінін түсіндіріп айтуы қажет
! Терапия бөлімшесінің науқасы, өзінің дәрігері қойған диагнозына күмәнданып, профессордың кеңесін талап етеді.. Емдеуші дәрігер өзінің қойған диагнозына сенімді, дәл қазір профессордың кеңесін ұсынбайды. Осы жағдайда емдеуші дәрігер не істеуі керек.
*Науқасты диагноздың дұрыс екеніне сендіруі керек
* Бөлім меңгерушісімен бірлесіп, науқасты диагнозының дұрыс екеніне сендіруі керек
*+Емдеуші дәрігер профессормен кеңесіп, бөлім меңгерушісіне науқастың талабын жеткізуі керек, өйткені бұл науқастың құқығы, ал емдеуші дәрігер үшін тәжірибелі маманның кеңісін алу мүмкіндігі бар
* Науқасқа талабының дұрыс емес екендігін түсіндіріп, емедеуші дәрәгер тәжірибелі маманның кеңесі қажет немесе қажет емес екендігін өзі шешеді
* Профессор кеңестерді тек анық емес жағдайда ғана жүргізеді, ал бұл жағдайда науқастың жағдайы кеңесті қажет етпейтінін түсіндіру қажет
! Науқастың диагнозы ісіктің 4 сатысы, өзінің диагнозын біліп, дәрігерге бұл жайлы туысқандарына хабарламауын сұрады. Бірақ дәрігер науқастың жағдайын адекватты емес деп қабылдап диагнозды және оның болжамын науқастың баласына хабарлауды шешті. Дәрігер дұрыс шешім қабылдады ма?
* Дәрігер науқастың жағдайын адекватты емес деп бағаласа, онда ол дұрыс шешім қабылдады, бірақ науқастың баласына емес, әйеліне хабарлауы тиіс
* Дәрігер науқастың ойын білмегендіктен, науқастың барлық туысқандарымен сөйлесуі қажет еді
* Дәрігер аурудың болжамы жайлы туысқандарына тікелей емес, астарлап айтуы керек еді
*+Дәрігер науқастың құқын бұзды, науқас өз денсаулығы жайлы ақпаратты кімге айту керектігін өзі шешу қажет.
* Дәрігер науқастың жағдайына қарап дұрыс шешім қабылдады.
! 79 ж науқас жансақтау бөлімшесінде жатыр. Жақын арада өзін өмірден өтетінін шешіп, емдеуші дәрігеріне молда шақыруын өтінді. Дәрігер не істеуі қажет?
* Дәрігер науқасқа дәл қазір молданың қажет емес екенін түсіндіруі қажет
* Науқасқа жансақтау бөліміне бөгде адамның кіруіне болмайтынын түсіндіру
* Молданың келуі ауруханаішілік тәртіпке сәйкес келмейтіндігін түсіндіру қажет
* Науқасты палатаға ауыстырған кезде молда оған келе алатынын түсіндіру қажет
*+Науқастың талабын орындап, молданы шақыру керек.
! Дәрігер пациенттің өзіндік құқықтарымен таныстыру қажет пе?
*+Ия міндетті, пациент егерде өз құқықтарын білсе, дәрігердің жұмысы жеңілденеді.
* Жоқ, себебі дәрігер жұмысын қиындатуы мүмкін.
* Жоқ, пациенттерді өз құқықтарымен таныстыру тек заңгерлердің жұмысы.
* Жоқ, пациенттерді өз құқықтарымен таныстыру, көлемді ақпараттық жұмыстардың бірі болып табылады.
* Жоқ, науқастарды олардың құқықтарымен таныстыру Денсаулықсақтау Министрлігінің жұмысы
! Науқас туберкулездің ашық формасымен ауырады, бірақ тубдиспансерде ем қабылдаудан бас тартады. Дәрігер бұл жағдайда не істеуі қажет?
* Науқас басқа науқастарға қауіп төндіретіндіктен, емдік –алдын алу мекемелерде ем қабылдауына қарсы болатындығын түсіндіріп, тубдиспансерге жатуын талап етеді.
* Науқас тубдиспансерде жатып емделмесе, онда оны өзінің қалауынсыз емдейді.
*+Науқас ауруханада емделуден бас тартуға құқы бар, бірақ оның инфекциялардың жұғуын алдын-алу шараларын сақтау қажеттілігін айту керек.
* Егер ауруханаға жатып емделуден бас тартса, оны амбулаторлық ем жүргізбейтінін түсіндіру қажет.
* Егер ауруханаға жатып емделуден бас тартса, туберкулезге қарсы препараттарды өзінің қаражатына сатып алатынын түсіндіру қажет.
! Созылмалы бронхиттің асқыну сатысымен ауруханада жатқан науқасқа темекі тартуға қатал тиым салынды, бірақ науқас тиым салуға қарамай палатада және аурухананың ішінде темекі тартады. Дәрігер бұл жағдайда не істеуі керек?
*+Аурухананың і шкі тәртібінің қатал бұзғаны үшін және басқа пациенттерге зиян тигізіп отырғаны үшін ауруханадан шығарылады.
* Науқасты оқшаулау керек.
* Дәрігер науқасты ауруханадан шығара алмайды, тек қана тәрбиелік жұмыс өткізе алады.
* Науқастың темекісін алып алу.
* Науқас аурухананың ішкі тәртібін сақтау туралы міндеттерін білу керек, бірақ бұл міндеттерді орындауға науқасты дәрігер мәжбүрлей алмайды. Сол үшін дәрігер ешнәрсе істей алмайды.
! 12 жастағы бала қалалық ауруханаға қан кетумен түсті. Шұғыл жағдайда қан құйылуға талап етілді, бірақ баланың ата-анасы діни көзқарасқа байланысты қан құюға рұқсат берген жоқ. Ата-анасы рұқсат бермегеннен кейін дәрігерлер қан тоқтатудың медикаментозды емін жүргізіп, қанды тоқтата алмағандықтан бала өлді. Бала өліміне медперсоналдар жауапты болды ма?
* Ия, бала өмірін сақтау үшін аурухана әкімшілігі ата-анасын қан құюдың қажет екендігіне көндіру керек еді.
* Ия, дәрігерлер баланың жағдайын қорғау мақсатында сотқа жүгіну керек еді
* Жоқ, баланың ата-анасы медициналық көмек көрсетуден бас тартуға құқығы болған, бұл жағдайда дәрігерлер ешқандай көмек көрсетпеуге міндетті болды
*+Ия, баланың жағдайына байланысты, шұғыл жағдай болғандықтан қан құю шешімін коллегиальді қабылдау керек еді.
* Жоқ, баланың өліміне тек қана ата-анасы кінәлі.
! 16 жасар жүкті қыздың ата-анасы тәжірибелі акушер маманына сый ақы береміз деген өтінішпен қызға құпия түрде аборт жасауды өтінеді. Жүктілігі 14 апта, акушер маман өзінің үйінде, стерильді жағдайда, перзентханадан алынған құрал-жабдықтарымен жүктілікті үзу операциясын өткізді. Бұл жағдайда заң бұзушылық бар ма?
*+Заң бұзушылық болды, өйткені аборт ауруханалық мекемеден тыс жасалды.
* Заң бұзушылық болған жоқ, өйткені қыздың ата-анасы өзінің келісімін берді.
* Ия, жоғары медициналық білімі жоқ маманмен аборт жасалынды.
* Жоқ, кәмелетке толмаған баланың ата-анасы өздері шешім қабылдай алады.
* Жоқ, акушер маманы науқастың құпиясын сақтауы тиіс еді
! Маниякалды-депрессивті психозбен ауыратын науқас, агрессиялық және адекватты емес мінез-құлығын көрсете бастады. Осындай жағдай жиі қайталана беретіндіктен науқастың көршілері жедел-жәрдем шақырып, ауруханаға жатқызуын өтінді. Науқастың өзі және оның туысқандары ауруханаға жатуға қарсылық білдірді. Бірақ оған қарамастан психиатриялық мекемеге жатқызылды, ҚР заңы бойынша 16.04.1997ж № 96-I « Психиатриялық жәрдем туралы және азаматтардың құқығына кепілдік беру туралы» жедел-жәрдем фельдшері қандай әрекет жасауы керек?
* Науқасты үйде қалдыру керек, науқас госпитализациядан бас тартуға құқылы.
*+Ауруханаға жатқызылуы тиіс, себебі науқас өзіне және айналадағы адамдарға қауіп төндіруі мүмкін.
* Науқасты үйде қалдыру керек , себебі науқас психиатриялық ауруханалық көмекке мұқтаж емес.
* Науқасты үйде қалдыру керек , себебі науқастың жағдайын көршілері дұрыс бағаламауы мүмкін.
* Туыстарының рұқсатынсыз ауруханаға жатқызуға болмайды.
! 14 жастағы қыз бала қалалық аурухананың акушерлік бөліміне түсті, 2 айлық жүктілігі бар деп анықталынды. Науқас бұл жағдайды біліп, дәрігеріне жасанды түсік жасатып ол туралы ата-анасына айтпауын өтінді. Дәрігер не істеуі қажет?
* Жасанды түсік жасап, ата-анасына хабарламау.
* Бұл мерзімде ата-анасының келісімінсіз жасанды түсік жасатуға болмайды.
*+Қыз кәмелеттік жасқа толмағандықтан, бұл жайды ата-анасы білуге тиіс және жасанды түсік жасау қажет па өздері шешім қабылдайды.
* Дәрігер дәрігерлік құпияны сақтау керек, бірақ жасанды түсікті ата-анасының рұқсатынсыз жасауға болмайды.
* Бұл мерзімде жасанды түсік жасауға мүлдем болмайды.
! Қостанай қаласының тұрғыны К есімді ер адам Қарағанды қаласының №2 қалалық ауруханасына бүйрек тас ауруының ұстамасымен келіп түсті. Кезекші дәрігер науқастың құжаттарын тексеріп (төлқұжат, Қостанай қалалық ауруханасының анықтамасы), науқастың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап, Қарағанды қаласының тұрғынына жатпайтындықтан медициналық көмек көрсетуден бас тартты. Түнде науқастың жағдайы күрт төмендеп, шақырылған жедел жәрдем алғашқы көмек көрсеткеннен кейін науқасты БСМП-1 ге жеткізген, сол жерде операция жасалынған. №2 ауруханадағы дәрігердің іс әрекетін қалай бағалауға болады?
* Дәрігердің кінәсі жоқ, науқастың ауруханаға өзі қаралуға құқы жоқ, бірден жедел жәрдем шақыру керек еді.
*+ Дәрігердің олай етуге құқы жоқ және "Науқасқа көмек көрсетпегендігі үшін" іс әрекеті қылмыс ретінде бағаланады.
* Дәрігердің кінәсі жоқ, науқастың жағдайы қанағаттанарлық болатын
* Дәрігер бұл жағдайда кінәлі емес, себебі науқас басқа қаланың тұрғыны
*Дәрігердің кінәсі тек науқастың жағдайын толық бағаламауында, ал медициналық көмекті тек қана Қарағанды қаласының тұрғындарына көрсете алады.
! Кезекті демалысқа шыққан дәрігер- хирург жеке көлігімен отбасымен бірге демалуға келе жатты. Қаладан шыға берісте жол апаты салдарынан жол жабық болғандықтан тоқтады. Көліктен шығып, жол шетінде жатқан ауыр халдегі қан кетуі бар оң жамбастың ашық сынығы травмасын алған ер кісіні көрді және жол сақшысының жедел жәрдем шақырғанын естіді. Бірақ жол ашылғандықтан көлігіне отырып сапарын жалғастырды. Дәрігердің іс әрекетінде бұзушылық бар ма және қандай?
* Бұзушылық жоқ, науқасқа жедел жәрдем шақырылды
*+ Дәрігер "Науқасқа көмек көрсетпеуі бойынша"қылмыс жасады, өмірлік көрсеткіші бойынша ол алғашқы көмекті жұмыстан тыс кез келген жерде, кез келген уақытта, тіптен кезектен тыс демалыста болса да көрсетуге міндетті.
* Бұл жағдайда дәрігер кезекті демалыста болғандықтан көмек көрсетуге міндетті емес
* Науқастың жағдайы өмірге қауіпті емес болғандықтан, дәрігер сапарын жалғастыра алды
* Алғашқы көмекті жол сақшысы да көрсете алады, сондықтан дәрігердің араласпауына да болады
! 16 жасар жүкті қыздың ата анасы тәжірибесі бар акушеркаға сыйақысын беріп жасырын жасанды түсік жасауын өтінді. Жүктілік мерзімі 14 апта. Акушерка өз үйінде перзентханадан әкелінген инструменттер арқылы стерильді ортада операция жасап жүктілікті үзді. Бұл жағдайда жасанды жүктілікті профильге сәйкес келмейтін жоғары медициналық білімі жоқ қызметкер жасады. Акушерканы қандай жаза күтіп тұр?
* +Жаза жасанды жүктілікті жасаған қызметкердің біліміне байланысты емес, ол жасанды түсіктен кейінгі науқастың жағдайына байланысты
* Ауруханада жасалу, жасалмауына байланысты жаза қолданылады.
* Арнайы статья болмағандықтан дәрігерлермен тең дәрежедегі жаза күтіп тұр
* Медицинада жұмыс жасау құқығынан және жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айырылады.
* Бұл жағдайда дәрігерлермен салыстырғанда акушеркаға жеңіл жаза қолданылады
!Сатып алушының шағымы бойынша тексеру жүргізіп, мерзімі өтіп кеткен дәрілік препараттарды сатқандығы үшін дәріхананы жабатындығын ескерткен қала денсаулық сақтау департаментіне жеке дәріхананың иесі сотқа шағымданып келді. Дәріхана иесінің пікірінше департамент жеке мекемелерге араласпау керек, олар құқығын бұзды, департаменттің шешіміне келіспейді. Департаменттің іс әрекетінде заңды негіз бар ма?
*+ Иа негіз бар, департамент заңға сүйеніп шешім қабылдады
* Тексеру жоспардан тыс болғандықтан департамент дәріхананы жабуға құқығы жоқ
* Мерзімі өткен дәрілерді сату жеке саудада дәрілік препараттарды сату ережелерінің бұзуына жатпайды
* Дәріхананы жабу туралы шешімді сот қана қабылдайды
* Ондай тексерулерді тек қана фармконтроль ғана жүргізеді
! Емхана дәрігері танысының өтініші бойынша 3 күнге "еңбекке жарамсыздық қағазын" берді, және амбулаторлық картаға "Жедел іріңді оңжақты отит" диагнозымен жалған жазба қалдырды . Өтірік науқас теміржолда жолсерік болып жұмыс атқарады, және ол рейстің орнына ауылына досының тойына аттанып кетті. Сол жерде отырыста компанияға еңбекке жарамсыздық қағазын қалай алғандығын баяндайды. Бұл жағдайға қызығушылық білдірген құқық қорғау органдары дәрігердің сыйақы алғандығына дәлел таба алмады. Дәрігер заңды бұзды ма?
* Жоқ, себебі дәрігер науқастың өтініші бойынша жарамсыздық қағазын беріп отыр
*+ Иа, дәрігер заңды бұзды
* Жоқ, науқас шын мәнінде "Жедел іріңді оңжақтық отит"- пен ауырды
* Жоқ, себебі науқастың маңызды себебі болды
*Жоқ, себебі жалған диагнгоз екеніне дәлел жоқ
! Азамат С. Іш қуысына еніп кеткен іштің тесіп-кесілген жарасымен ауруханада емделді. Ауруханада С. азаматты, емдеуші дәрігер мен хирургиялық бөлімше меңгерушісіне тергеуші келіп, диагнозды «Енбеген жара» деп өзгертіп, ауру тарихына да сәйкес өзгертулер енгізуіне көндірді. Лапоротомиялық операция болған протоколы бар ауру тарихының парағы жалғанға ауыстырылды Бұл денсаулыққа тиген зияны жеңіл деп қарастыруға мүмкіндік берді. Дәрігерлер заңды бұзды ма және осыған жауап беру керек пе?
* Тек емдеуші дәрігер ғана кінәлі
* Хирургиялық бөлім меңгерушісі ғана кінәлі
*+ Ия, себебі дәрігерлердің жалған диагноз қоюға құқығы жоқ
* Дәрігерлер осы әрекетке сыйақы алса ғана жауапкершілікке тартылады
* Жоқ, себебі тергеушінің өтініші бойынша істелінген
!.Облыстық аурухананың терапия бөлімінің меңгерушісі медициналық университетке 0,5 ставкаға жұмысқа орналасты. Меңгеруші жетекшілігімен жүрген интерн дәрігер, сол меңгерушінің қарайтын палатасындағы екі науқасқа препарат мөлшерінен артық ем тағайындады. Нәтижесінде науқастардың жағдайы едәуір нашарлады. Заң алдындағы жауапкершілік кімге жүктеледі?
* Тек интерн дәрігерге
*+Тек бөлім меңгерушісіне
*Интерн және мөлшерінің жоғары екенін байқамаған мейірбикеге
*Интернді оқытқан кафедра мұғалімдеріне
* Интерн дәрігер және бөлім меңгерушісіне
! ОАА-ң босану бөлімінде меңгерушінің қолдауымен медициналық персонал нәрестелердің туылуын алкоголь ішумен тойлады (жуды). Алкогольді акушерлер мен дәрігерлерге босанған әйелдің туыстары сыйлап берген. Бір рет ішіп алған акушер жаңа туылған нәрестені жылытқыштың қасына байқаусызда қалдырды, жаңа туылған нәресте жылу соққысынан қайтыс болды. Кім заңды жауапкершілікке тартылады?
*Тек жауапты акушер
*Тек бөлім меңгерушісі
* Дәрігер неонатолог
* Босану блоктың барлық акушерлері мен дәрігерлері
*+ Акушер және бөлім меңгерушісі
!.Дәрігер-эксперт мәйіт экспертизасын жасауға шеткі ауданға келіп мәйіттің бас миы, кеуде, іш қуысы ағзалары, ішастар ерекшеліктерін сипаттап, қорытынды жасап, мәйіт жерленді. Бірақ, туыстарының прокуратураға шағымдануы бойынша мәйітке эксгумация жасалынды. Эксгумацияланған мәйітті зерттеу барысында оның бас сүйегі және іш қуысы мен ішастарының кейбір мүшелері зерттелмегендігі анықталды. Қайта жасалған экспертиза нәтижесінде оң бүйрек пен бүйрек үсті безінің жыртылуы анықталды. Заң алдындағы жауапкершілік кімге жүктеледі?
*+Тек врач-эксперт аутопсия нәтижесінің фальсификациясы үшін
* Дәрігер, дер кезінде науқасқа көмек көрсетпегені үшін
* Басқарушы, аутопсия жасауға тәжірибесі жоқ дәрігерге рұқсат бергені үшін.
* Эксперт-паталогоанатом, шеткі ауданға аутопсия жасауға баруға бас тартқан
* Заң алдындағы жауапкершілік ешкімге жүктелмейді
! Орталық Аудандық Ауруханаға жол көлік апатынан ауыр жарақаттар алған ес-түссіз жағдайдағы науқас жеткізілді. Ауруханада науқасқа операция жасалып, қан құйылды. 6 айдан соң науқаста вирусты гепатит С анықталды. Науқас оның рұқсатынсыз оған қан құйылғаны үшін компенсация алу мақсатында ОАА-ға сотқа шағым береді. ОАА-ң дәрігерлері тарапынан заң бұзушылық болды ма?
*+ Жоқ, науқас ауыр жағдайда болғандықтан рұқсат бере алмады, дәрігерлер оның өмірін құтқарды
* Дәрігерлер гепатит С жұқтырғаны үшін жауапты, бірақ медициналық көмек көрсеткені үшін жауапты емес
* Дәрігерлердің науқастың рұқсатынсыз қан құюға құқығы болмаған
* Дәрігерлердің науқастың рұқсатынсыз операция жасауға құқығы болмаған
* Егер науқас жағдайы нашар болса өзі рұқсат бере алмаса рұқсатты беретін туыстарын табу керек еді
! Апат жағдайында (медициналық құралдармен тері жабындыларының зақымдануы, биоматериалдың теріге түсуі т.б.) АИВ бар науқастарға біріншілік медициналық көмек көрсеткенде бірінші кезекте не жасау керек?
* Болған оқиғаны жұмыстағы әріптестеріне хабарлау
* Бөлім меңгерушіні хабардар ету
* Болған фактіні апат жағдайларының есеп журналына тіркеу
*+ Апатты ликвидациялау шараларын жүргізу және жұқтыру қаупін азайту
* АИВ бар науқастты изоляциялау
! Бұлшық ет ішілік иньекцияның мүмкін асқынуы?
*+Инфильтрат
* Ауа эмболиясы
+ Тромбофлебит
* Қан кету
*Неврит
! Дәрілік затты енгізудегі науқаста көрінетін аллергиялық реакцияның ауыр түрі?
* Аллергиялық дерматит
* Есекжем
*+ Анафилактикалық шок
* Атопиялық дерматит
* Бронхоспазм
! Егер дәріханада дәрілерді іріктеу, дозалау, пішінін таңдау кезінде қателік жіберсе дәрігер не істеу керек?
* Өзіне жауапкершілікті алып, науқасқа қате жөнінде айту
* Қатені науқас немесе туыстары сұраған кезде ғана айту
* Қателік жөнінде айтпау, бірақ дәріхана қызметкерлеріне қателіктерін көрсету
* Қателікті тек науқасқа қатысты болған кезде ғана айту
*+ Қателіктерді анықтау және оларды жоюға бағытталған шаралар жүргізу
! 12 жастағы оқушы демалыста жазғы лагерьде дәрігерге ішіндегі ауру сезіміне шағымданды. Лагерь дәрігері энтеритке күдіктеніп балаға бисептол беріп мед бөлімде баланы өзінің қарауына қалдырды. Келесі күні баланы ауруханаға жеткізді, онда аппендицит диагнозы қойылды, баладға операция жасауға рұқсатқа қол қою ұсынылды, бірақ ол бас тартты. Дәрігерлер басқа қалада тұратын баланың ата-анасын табуға тырысты бірақ, нәтижесіз. Екінші күні дәрігерлер операцияға рұқсатты лагерь әкімшілігінен сұрады, рұқсат алынды бірақ жайылған перитонит дамып кетті. Дәрігерлер не істеу керек еді?
* Үлкендердің рұқсатынсыз операция жүргізу керек еді
* Бірінші күні кәмелетке толмаған бала үшін ата-анасы жоқ кезде жауапты лагерь әкімшілігінен рұқсат алу керек еді
*+ Өздері операция жасау керек еді, себебі ол науқас үшін қажетті
* Баланың ата-анасын табу керек еді
* Лагерь дәрігерінен рұқсат алу керек еді, себебі ол демалушы балалардың денсаулығына жауапты
! 72 жастағы емдеуге келмейтін тік ішектің рагымен ауыратын науқас бірнеше рет дәрігерден тезірек өмірін қысқартуын сұрады. Туыстары эвтаназия үшін дәрігерге сыйақы беретіндігін айтты. Дәрігер өзі эвтаназия жүргізуден бас тартып, баласына енгізу жолы мен дозасы жайлы консультация берді. Дәрігер жоқ кезде (бірақ дәрігер рұқсатымен) науқасқа инсулиннің өлім дозасы енгізілді. Дәрігер заңды бұзды ма?
*+ Дәрігер алдын-ала келісім бойынша адамдар тобымен жасалынған қасақана өлтірудің қатысушы болды
*Дәрігер заң бұзған жоқ өйткені инсулиннің өлім дозасын өзі енгізген жоқ
* Бұл пассивті эвтаназия болғандықтан заң бұзылған жоқ
* Бұл активті эвтаназия болғандықтан заң бұзылған жоқ
* Дәрігер заң бұзған жоқ, өйткені консультация үшін сыйақы алған жоқ