Аяқ веналарының варикозды ауруларының симптомдары
Ауру енді басталған кезде симптоматикасы әлсіз және демалып, ұйықталып алғаннан кейін кетеін болғандықтан науқастарды көп мазаламайды. Оны қысқаша аяқтың ауырлану синдромы деп атауға болады. Ол келесідей көрініс береді:
- Кешкі мезгілде немесе ыстықта пайда болып таңертеңгілікте толық жойылатын табан және тобықтың жұмсақ ісіктері
- Аяқтың шаршауы, кішігірім жүктемеден кейінгі ауырлықтың пайда болуы
- Түнгі уақытта балтыр бұлшықеттерінде құрысулар
- Аяқтардағы қатты қышынулар (әсіресе түнде)
Варикоздың ерте сатысында ісінулер тобық және табанның сыртқы аймақтарында орналасып, ауру үдеген сайын ісіктер жоғары аяқтың сирақ бөлімдеріне қарай көтеріледі.
Зақымдалған жерлердегі терінің түсі өзгереді, көкшілденеді, кейін қоңыр қай түске ауысады. Ең асқынған жағдайларда трофикалық жаралар пайда болады.
Емі
Консервативті ем веналар қатты кеңімеген немесе операцияға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда жүргізіледі. Бұл ем кезінде үнемі арнайы компрессиялық таңғыштар мен эластикалық дәке тағып, препараттар – флеботониктер, диуретиктер және тіндегі микроциркуляциясы қалпына келтіретін дәрілер қолданылады. Соңғы орында диетаның да рөлі бар: веналар жағдайының әрі қарай нашарлауының алдын алу үшін тұз бен сұйықтықты шектеу ұсынылады.
Науқастарға емдік жаттығу курстарында сабақ алу ұсынылады, онда науқастарға тамыр қабырғасын қатайтуға және аяқтағы қан айналымды жақсартуға бағытталған жаттығулар беріледі.
Жеңіл сатысында жүзу және аздаған тұз қосылған аяққа жылы ванна қолдану пайдалы.
Хирургиялық әдістер
Аяқтың варикозын емдеу –аурудың себебі және оның асқынуына байланысты жүретін ұзақ процесс болып табылады. Варикоз хирургиялық ауруға жатады және оны емдеу хирургиялық әдістер көмегімен жүргізіледі Негізгі хирургиялық әдістер:
· Флебоэктомия ең жиі қолданылатын операциялардың бірі. Бұл операцияны сырқаттың асқынуы кезінде, ишемия кезінде, жүктілік кезінде және егде жастағы адамдарға жасауға болмайды.
· Лазерлік коагуляция кезінде госпитализацияны талап етпейді, заманауи әдіс.
· Радиожиелікті коагуляция- тілік жасалмайтын заманауи әдіс болып табылады. Операция УДЗ бақылауымен және жергілікті жансыздандырумен жасалады.
· Склеротерапия.
Сұрақ.
Емхана жағдайында тік ішек ауруларымен ауыратын науқастарды жүргізу тактикасы және диагностикасы, клиникасы: геморрой.
Геморрой тік ішек айналасында түйін түзетін геморроидалды көктамырлардың тромбозы, қабынуы, патологиялық кеңеюі және иректелуімен байланысты ауру.
Геморрой дамуына итермелеуші факторлар:семіздік, тұқымқуалаушы бейімділік, аз қозғалу (гиподинамия), стресс, темекі шегу, тік ішектегі қан ағысы бұзылысы , жиі іш қату, ішектің және бауырдың қабынулық және ісіктік процестері, инфекция.
Клиникалық көрінісі. Біртіндеп дамиды. Бастапқы кезде артқы өтіс аймағында ыңғайсыздық ауырлық және қышу сезімі дамиды, сонымен қатар ауырсыну мен іш қату болады. Бұл сезімдер өткір тағам, алкоголь қабылдағаннан кейін, кейде физикалық жүктемеден кейін күшейеді.
Геморрой ауырсыну синдромымен, қан кетумен, геморроидалды түйіндердің төмен түсуімен көрінеді. Типтік жағдайларда дефекация кезінде немесеодан кейін бірден қан кету болады (ішек зақымдалуы). Қан түсі әдетте алқызыл, бірақ кейде қою ұйындымен қан кетуі де мүмкін. Тұрақты түрде қан кету анемияға әкеледі. Ішкі геморроидалды түйіндердің төмен түсуі біртіндеп пайда болады. Бастапқыда дефекация кезінде, кейін күшену, ауыр зат көтеру, жөтелу, түшкіру кезінде болады. Алғашқы сатыларында түйіндері аздап еніп тұрады, кейін аналды каналдан тыс орналасады. Аурудың кез келген сатысында клиникалық көрінісі ауыр геморроидалды түйін тромбозы мен некрозы болуы мүмкін.
Асқынулары: қан кету, жедел іріңді парапроктит және некроз.
Классификация
Жедел геморрой – немесе аноректальды тромбоз ішкі және сыртқы геморроидалды түйіннің тромбтануы. Процесс өте күшті ауырсынумен жүреді, себебі түйіндер көп мөлшерде рецепторлармен қамтылған.
Созылмалы геморрой – әлсіз ауырсыну және түйін қабынуы. Бұл жағдайға жалған “маңызды емес” сзімін тудырады.
Созылмалы геморрой ағымында 4 саты ажыратады:
1. Науқас айқын емес дискомфорт сезеді, ішкі түйіндердердің қабынуы тексеріс кезінде ғана анықталады.
2. Науқас өзі қалпына келтіре алатын кезеңді түрдегі қабынған түйіндердің төмен түсуі байқалады.
3. Төмен түскен түйінді қалпына келтіру қол көмегін қажет етеді
4. Түйінді қалпына келтіру мүмкін емес
ДиагностикаШағымдар, анамнез, жалпы қарау, лабораториялық әдістер.
Геморрой диагностикасы геморроидалды түйіндерді анықтауға мүмкіндік беретін саусақпен қарау әдісі жүргізіледі. Сонымен қатар науқастарды ректалды УДЗ - ға немесе ректомоноскопияға жолдайды.
Емі
Ауру түріне байланысты бірнеше емдеу тәсілдері бар.
-Патологиялық іш қатумен күрес
-Антигеморроидалды препараттар (жақпа май, гель, балауыз түрінде)
-Склеротерапия, инфрақызыл коагуляция
-Геморроидалды түйіндерді хирургиялық алып тастау – геморроидэктомия ( классикалық Миллиган – Морган немесе Уайдхед операциялары)
-Аз инвазивті операциялар ( ТНД – Трансаналды геморроидалды деартерилизация, Лонго бойыша операция )
-Фитотерапия
-Массаж
Сұрақ.