Ттегі билирубиннің антибиотиктер енгізгенге дейінгі және кейінгі мөлщерлері
Науқастар | Билирубиннің мөлшері | Әсердің бағыты | |
Енгізгенге дейін | Енгізгеннен кейін | ||
А | + | ||
Б | + | ||
В | + | ||
Г | + | ||
Д | - | ||
Е | |||
Ж | + | ||
З | + | ||
И | - | ||
К | + |
ЕСЕПТІҢ ШЕШУІ
1) Билирубиннің көбеюі 7 науқаста, ал азаюы 2 науқаста байқалды.
2) Жұп бақылаулар саны 10-ға тең болды. Бір жұпта нәтижелер теңдей болды.
3) Бағалау бір бағыттағы нәтижелердің ең аз саны бойынша жүргізіледі. Берілген жағдайда бұл қандағы билирубин мөлшері азайған 2 науқаста болды.
4)Өзара байланысқан екі жиынтықтың арасындағы айырмашылықтың шынайылығы кесте бойынша жүргізіледі. Кестені пайдаланғанда жалпы жұп бақылаулар санынан дейінгі және кейінгі әсерде нәтижелері бірдей болған, яғни өзгерістер болмаған жағдайларды алып тасталынады. Сонымен, біздің мысалда n=9(10-1), Z=2 (бір бағыттағы нәтижелердің аз саны). Кесте бойынша Z05 = 2, Z01 = 1.
Қорытынды: 95% үлкен, бірақ 99% аз ықтималдықпен антибиотиктерді енгізу өттегі билирубиннің мөлшерін көбейтеді деп айтуға болады.
Максимум-критерий
Бұл орын алған өзгерістердің дайын шамасына негізделген қуаттылығы жоғары критерий.
Бұл үшін:
1) таңбаларын ескере отырып бақылау жұптарындағы айырмаларды анықтайды;
2) айырмаларды абсолюттік шамалары бойынша орналастырады;
3) қарама-қарсы бағыттағы өзгерістер шамасына дейінгі таңбалары бірдей алғашқы үлкен айырмалар санын анықтайды.
Бағалау стандарттық мән бойынша жүргізіледі: бірдей таңбалы жұп бақылаулар саны 6-ға тең болса – айырмашылықтың шынайылығы жөнінде 5% қате жіберу мүмкіндігі;
8 жұп бақылаулар - айырмашылықтың шынайылығы жөнінде 1% қате жіберу мүмкіндігі және 11 жұп бақылаулар - 1% -тен қате жіберу мүмкіндігі.
Ттегі билирубиннің антибиотиктер енгізгенге дейінгі және кейінгі мөлшерлері
Науқастар | Билирубиннің мөлшері | Әсердің бағыты | |
Енгізгенге дейін | Енгізгеннен кейін | ||
А | +42 | ||
Б | +18 | ||
В | +50 | ||
Г | +80 | ||
Д | -10 | ||
Е | |||
Ж | +60 | ||
З | +60 | ||
И | -40 | ||
К | +90 |
ЕСЕПТІҢ ШЕШУІ
1. Біздің мысалда абсолюттік шамалары бойынша орналастырылған айырмалар түрі төмендегідей: +90, +80, +60, +60, +50, +42, –40, +18,–10.
2. «+» таңбасымен қатарынан 6 шама «–» таңбасына дейін орналасты.
3. Жоғарыда келтірілген бағалау сипаттамасы бойынша: 95% сенім ықтималдығымен пікір айту үшін бірдей таңбалы 6 шама қажет еді. Біздің мысалда дәл сондай сәйкестікті көріп отырмыз. Демек, антибиотиктер әсерінің тиімділігі жөнінде жасалынған қорытындының дұрыс екендігіне тағы да көз жеткіздік.
Уилкоксон критерийі
Осыған дейін екі байланысқан топтардың арасындағы айырмашылықты бағалаған кезде әсердің бағыты және қандай да бір дәрежеде бақылаулар жұбындағы айырмашылықтар шамасы ғана қарастырылды. Айырмашылықтың шынайылығы жөнінде дәлірек пайымдау үшін осы айырмалардың өлшемі алынады.
Уилкоксон критерийін қолдану:
1.Жұп бақылаулардың айырмалары есептеледі.
2.Айырмалардың абсолюттік шамалары бойынша (таңбалары ескерілмей) варияциялық қатар құрылады және ол ранжирленеді(өзгеріске ұшырамаған айырмалар алынып тасталынады).
3.Бірдей таңбалы мәндердің рангілерінің қосындылары бөлек есептеледі.
4.Қосындылардың аз шамасы бағаланады.
Ттегі билирубиннің антибиотиктер енгізгенге дейінгі және кейінгі мөлшерлері
Науқастар | Билирубиннің мөлшері | Айырма | Рангілер | |
Енгізгенге дейін | Енгізгеннен кейін | |||
А | +42 | |||
Б | +18 | |||
В | +50 | |||
Г | +80 | |||
Д | -10 | |||
Е | ||||
Ж | +60 | 6,5 | ||
З | +60 | 6,5 | ||
И | -40 | |||
К | +90 |
ЕСЕПТІҢ ШЕШУІ:
1) оң таңбалы мәндердің рангілерінің қосындысы 41-ге тең,теріс таңбалы мәндердің рангілерінің қосындысы 4-ке тең.
2) қосындылардың аз шамасы бағаланады: Т=4.
3) арнайы статистикалық бағалау кестесі бойынша: n=9 қатары үшін Т05= 6, Т01=2.
4) Сонымен, 95%-тен үлкен 99%-тен кіші ықтималдықпен, антибиотиктерді енгізу өттегі билирубиннің мөлшерінің көбеюіне шынайы ықпал етеді деп тұжырымдауға болады.
Таралудың түрі жөніндегі жорамалды тексеру:
Егер зерттелетін кездейсоқ шаманың таралу заңы белгісіз, бірақ оның белгілі бір түрі жөнінде ұйғаруға негіз бар болсын делік (мысалы, оның таралу түрі А болсын).
Н0- бас жиынтық А заңы бойынша таралған,
Н1 – негізгі жорамал орындалмайды.
Хі | Х1 | Х2 | ... | Хк |
ni | n1 | n2 | … | nk |
қорытынды: бақылау нәтижесі айтылған ұйғарыммен сәйкес келе ме?
Келісім критерийі деп белгісіз таралудың түрі жөнінде ұйғарылған жорамалды тексеретін статистикалық критерийді айтады.
ü Пирсонның (Хи-квадрат),
ü Колмогоров,
ü Фишер,
ü Смирнов.