Көкет жарақатының тігілуі,коагуляциясы және спленэктомия

Көкет жараларының тігілуі. 3-0 синтетикалық сорғыш тігіс жібімен жараланған жерден 1см аралықта гемостатикалық губкамен тігеді. Көкбауырдың терең жарақаты кезінде ажыратып қантамырларын байлайды. Кейде көкбауыр резекциясын бүйректің резекциясына ұқсас жузеге асырады.

А. Жарақаттанған жерді үлкен шажырқаймен жауып 8 матрацты тігіс салып ,май тіндерінің бөлігіне жалғайды.

Б. көкбауыр жарақатында синтетикалық сетка қояды шеттері тігіледі. осылайша көкбауырды шапка түрінде немесе бүкіл дененің зақымдалған полюсті орап тастайды.

Асқазан жарасының тігілуі

Асқазан жарасының ашық және жабық түрі болады. Олар басқа органдарға жарақаттармен оқшауланған немесе аралас болуы мүмкін. Асқазан жарасы денесі мен түбінде жиі кездеседі. Оқшауланған жаралар сирек кездеседі, сондықтан операция уақытында құрсақ қуысындағы басқа ағзаларды да міндетті түрде тексеріп шығу керек.

Байламдар жалғасқан аймақтағы жараны анықтау қиынға түседі. Мұндай жаралардың субсерозды гематомаға айналып кетуі сирек емес. Оларды табу үшін серозды мембрананы кесіп гематоманы алып тастау керек және қантамырлады байлау қажет. Егер жара кардиальды бөлігіне локализация берсе ,онда бауыр- асқазан байламының қантамыр жоқ жерін кесіп, асқазанды төмен қарай тарту керек. Осы жерде біз жараны анықтап көре аламыз.Ал жара асқазан түбіне локализация берсе, онда асқазан -көкбауыр байламын кесеміз. Асқазанның перфорациясына күдік туғанда асқазан-ішек байламын қантамыры жоқ жерден кесіп асөазанның артқы қабырғасын тексереміз.

Жараның көлемі аз болса,кисет тігісімен тігеміз,яғни серозды-бұлшықетке бірнеше тігіс салу арқылы жүргізіледі.

Асқазан жарасы шырышты қабықтың түсуімен жалғасады. Мұндай жағдайларда жара аймағын бұзайды және түскен шырышты қабатын алып тастап, шырышасты аймақтағы қантамырларды байлайды, жараны тартылған күйде 2-3 қатар айнала тігіс жүргізеді.

Бауырдың зақымдалуы кезіндегі лапароскопиялық операциялар. Көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер, техникалық көрсеткіштер

Лапароскопия бұл бауырдың қатерлі және қатерсіз ісіктерін, бауырдағы эхинокок кистасын зерттеудің ең ақпаратты қауіпсіз әдісі болып табылады. Лапароскопиялық сараптама жүргізу үшін негізгі көрсеткіш болып табылады:

• диагноз растау үшін биопсиясы қажеттілігі;

ас қорыту жүйесінің ісіктері;

түсініксіз асцит

Бауырға лапороскопия жасаған уақытта ең алдыменен жалпы наркоз беріп анестезия жүргіземіз. Содан кейін кішкентай резерв арқылы құрсақ қуысын кеңейту үшін көміртегі диоксидін енгіземіз. Осыдан кейін ғана эндоскопты ішкі ағзадағы қатерлі іскпен басқада ауытқуларды анықтау үшін енгіземіз. Лапороскоппен ісік бөлігіне биопсия жасап, зертханада зерттеуге мүмкіндік туады. Бауыр аумағын цитологиялық, бактериологиялық зерттеуге, венография жүргізуге мүмкіндік туады.

Лапороскопиялық операция кезінде 2-3 см резервті , теріге енгіземіз. Әдетте бұл операция құрсақ қуысындағы кисталарды жою үшін, бауырдағы абсесті ашып , дренаждау мақсатында қолданылады.

Операция алдындағы дайындық:

Операция алдында 8 сағатқа дейін су ішіп, тамақтануға болмайды. Лапороскопиялық диагностика жоспарлы түрде жүзеге асырылады, науқас барлық анализден өтуі қажет. Қанның жалпы анализі, УДЗ, КТ, ЭКГ , рентгенография. Дәрігердің рұқсатынсыз ешқандай дәрі – дәрмектерді қабылдауға болмайды.

Лапароскопиялық операцияның ерекшелігі:

Аз ткань зақымдалады, операциядан кейін реаблитация кезең жылдам болады, инфекция түсу аз дәрежеде, операция жасалған аумақта аз шрамның болуы, лапароскопиялық операциядан кйін міндетті түрде диета ұстау қажет.

Операция салдары:

Науқастағы қатерлі және қатерсіз ісіктерді лапароскопиялық тексеруден кейін іштің ауруы, ішітің кебуі, лоқсу , әлсіздік сезімдері байқалады.

ЛО асқынуларға перфорация , қан кету, инфекция тісіп жарақат аумағының іріңдеуі, осы салдардан саң дене температурасының 38 градусқа дейін жоғарлауы.

ЛО операцияға қарсы көрсеткіштер:

құрсақ қабырғасының қабынуы;

семіздік;

өткір перитонит;

ауыр жүрек ауруы

Жіті ішек өтімсіздігі.

Ысылып қалған жарық кезіндегі лапороскопиялық диагностика. Көрсеткіштер. Қысылып қалған жарықтың лапороскопиялық операциялары.

Қысылған жарықтар – кенеттен жарық қабының ішіндегі мүшенің, жарық қақпасындағы қысылып, ишемия мен тіндердің некрозына алып келуін айтамыз.Қысылу асқыну ретінде 8-20 пайыз жарыңы бар науқастарда пайда болады.Қысылуға ең жиі шап жарыңы, сирегірек сан жарығы және кіндік, іштің ақ сызығының жарықтары, операциядан кейінгі, Спигелиев сызығының жарығы бейім.

Эндоскопиялық герниопластика келесі жағдайда қолданылады:

1. Лапароскопты кіндік аймағына, құрсақ қуысына тесу арқылы енгіземіз.

2. Тесу кезінде асқынулар беруі мүмкін.

3. Лапароскоп көмегімен құрсақ қуысындағы жарықтарды бақылап , азайтуға болады

Комбинерленген герниопластика әдісі:

Лапароскоптың көмегіменен сыртқы шапқа тілік жасап , жарықты бөліп алуға және қызылған жарық құрамындағы ішектерді бөліп алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда герниологияның дамуына байланысты шап жарығын хирургиялық емдеуден кейін рецидивтер жиілігі статистик а мәліметтері бойынша әр бір 10 шы операция жасалған науқаста кезедседі. Соның ішінде үлкен шап ұма және рецидивті жарығын емдеуде қиындықтар туғызып отыр , осы топтағы науқастарда жарық қабын өңдеу және жарық қақпасының пластикасын таңдау қиындықтар туғызады, сол мәселелердің шешімін табуға үлкенкөңіл бөлу керек. Рецидивті шап жарықтары бар науқастарды операция барысында қиындық туғызатыны анатомиялық құрылымдардың өзгеруі тіндердегі тыртықтық үрдістерге , жарықтың сырғымалы түрінің пайда болуына және реподуктивті аймақтың зақымдалу қауіптілігіне негізделеген. Осының бәрі оаерация орындаудағы ерекше әдісті іздестіруді қажет етеді. Күрделі шап жарықтарында герниологиялыық науқастардың 4- 8 пайызын құрайды. Жарықтармен ауырған науқастарда 1 реттік рецидивтер 8 7 пайыз . Көп реттік 13 пайыз құрайды. Қауіп тобына аурудың операциядан кейінгі рецидивке 2 жақты шап жарығы жатады

Наши рекомендации