Тапсырма Ситуациялық есептерді шешу

№ 1 есеп. 42 жасар науқасқа ауруханада «декомпенсация сатысындағы миокардиодистрофия» аңғарымы қойылды. Науқастың дене бітімі қалыпты, теріасты шел қабаты нашар дамыған. Бойы-165 см., дене салмағы 81 кг. Қарап тексергенде: амалсыз отырған қалыпта, ентігу, акроцианоз, аяқтарының айқын бозаруы, өкпесінде іркілісті сырылдар естіледі. Құрсақ қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры ұлғайғаны анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген, Ht 38%. Диурез төмендеген. Қанда ренин мен натрий деңгейі жоғарылаған

Сұрақтар:

1. Су алмасуы бұзылыстарының белгілері бар ма?

2. Науқаста дисгидрияның қай түрі анықталады?

3. Теріасты шел май қабатында, құрсақ қуысында, өкпедегі сұйықтық жиналуының этиологиясы бір-бірімен байланысты ма?

4. Науқаста анықталған биохимиялық өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз?

5. Науқастағы ісінулердің даму тетіктері қандай?

6. Науқас организміне ісінудің әсерін бағалаңыз.

7. Науқаста ісіну дамуын қалай алдын-алуға болады?

№ 2 есеп. 22 жасар науқас ауыр түрде жәншау жұқпасымен ауырып, 2 апта өткен соң бас ауыруына, бел аймағындағы ауыру сезіміне, ентігу мен жүрек қағуына шағымданды. Соңғы аптада дене салмағына 11,5 кг қосқан. Қарап тексергенде : беті боз, қабақтары ісінген, көз саңылаулары тарылған. Балтыры мен табаны ісінген. Жүрек шекаралары кеңейген, АҚҚ 180/100 мм с.б.б. Диурез күрт төмендеген, зәрде – эритроциттер және нәруыз анықталды. Қанда антистрептококктық АД титрі жоғарылаған.

Сұрақтар:

1. Науқаста бүйрек зақымданғаны туралы ойлауға негіз бар ма? Егер бар болса, бұл патологияның даму механизмі қандай болады?

2. Дамыған гипергидратацияның негізі: бүйректің шығару қызметінің төмендеуі немесе организмде судың ұсталып қалу тетіктерінің күшеюі ме?

3. Берілген ісіну түрінің даму тетігі қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 166 - 198.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 99-146.

3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 42-52.

4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 296-311.

5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 238-248.

6. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 188 – 205

Қосымша

7. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 315-334.

8. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 340-380.

9. Б.Дж. Ролс, Э.Т.Ролс «Жажда». – М.: Медицина, 1984 г.

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

1. Гемодинамикалық фактор, ісінудің патогенезінде маңызы жоғары (2)

A) іркілулік

B) қабынулық

C) аллергиялық

D) нефроздық

E) уыттанулық

2. Онкотикалық жайт, ісінудің патогенезінде маңызы жоғары (3)

A) бауырлық

B) кахексиялық

C) аллергиялық

D) уыттанулық

E) бүйректік

3. Қан тамырлары қабырғасы өткізгіштігінің жоғарылауы, ісіну патогенезінің негізгі факторы болып табылады (3)

A) жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі

B) Квинке

C) бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі

D) ара, сона шаққан кездегі

E) уыттанулық

4. Интерстициалдық сұйықтың онкотикалық және осмостық қысымының жоғарылауы байланысты болуы мүмкін (4)

A) жасушааралық кеңістікке қан плазмасы нәруыздарының артық тасымалдануына

B) бүлінген жасушалардан осмосбелсенді заттардың шығуына

C) тұздар және органикалық қосындылар ажырауының жоғарылауына

D) тіндерден, микроциркуляция бұзылуынан, осмосбелсенді заттардың (иондар, органикалық қосындылардың) ағып кетуінің азаюына

E) қан ағымының жылдамдауына

5. Лимфа ағып кетуінің қиындауы байқалады (4)

A) лимфалық тамырлардың туа біткен гипоплазиясы кезінде

B) филяриялармен лимфалық тамырлардың бітелуінде

C) орталық көктамырлық қысым жоғарылағанда

D) орталық көктамырлық қысым төмендегенде

E) лимфалық түйіндердің өспесі кезінде

6. Ренин-ангиотензин әлдостерон жүйесі белсенділенуінің дұрыс бірізділігін көрсетіңіз

A) әлдостерон сөлденісінің жоғарылауы

B) бүйректік қан ағымының азаюы

C) ренин сөлденісінің жоғарылауы

D) ангиотензиногеннің ангиотензин -I ге ауысуы

E) ангиотензина - I дің ангиотензин – II ге ауысуы

7. Жүйке-эндокриндік фактор ісінудің патогенезінде маңызды (3)

A) жүректік

B) бүйректік

C) бауырлық

D) қабынулық

E) аллергиялық

8.Қабынулық ісінудің патогенезіне қатысады (4)

A) жүйкелік-эндокриндің фактор

B) гемодинамикалық фактор

C) қан тамырлық жайт

D) тіндік жайт

E) лимфа ағып кетуінің бұзылуы

9. Бауырлық ісінудің патогенезінде негізгі болып табылады (2)

A) жүйкелік-ішкі сөлденістік жайт

B) онкотикалық жайт

C) қан тамырлық жайт

D) тіндік жайт

E) лимфа ағып кетуінің бұзылуы

10. Жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі ісінудің патогенезінде маңызы бар (5)

A) гемодинамикалық фактор

B) онкотикалық фактор

C) жүйке-эндокриндік фактор

D) тіндік фактор

E) лимфа ағып кетуінің қиындауы

F) көктамырлық қысымның төмендеуі

11. Гипергидратацияның көріністеріне жатады (4)

A) ісінулер, шемендік

B) дене массасының артуы

C) гематокриттің жоғарылауы

D) айналымдағы қан көлемінің ұлғаюы

E) артериялық қысымның жоғарылауы

12. Гипоосмолялдық (гипотониялық) гипергидратация байланысты болуы мүмкін (3)

A) вазопрессин өндірілуінің сәйкессіз жоғарылауына

B) суды тым артық ішуге

C) ренин-ангиотензин әлдостерондық жүйенің белсенділенуіне

D) диурезге қарсы гормонның тапшылығына

E) бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне

13.«Сумен уыттану» патогенезінің көрсетілмеген тізбегі :

Шығарылу жеткіліксіз болғанда судың артық түсуі ® жасуша сыртында судың көбеюі® ?… ® сұйықтың жасуша сыртынан жасуша ішіне түсуі ® жасушаішілік гипергидратация ® организмде судың жалпы көбеюі.

A) жасушаішілік бөліктің гипоосмиясы

B) жасушаішілік бөліктің гиперосмиясы

C) жасушасыртылық бөліктің гиперосмиясы

D) жасушасыртылық бөліктің гипоосмиясы

E) жасушасыртылық бөліктің изоосмиясы

14. Гиперосмолялдық гипогидратация сипатталады (2)

A) организмде судың жалпы мөлшері көбеюімен

B) жасуша сыртындағы сұйыктың осмостық қысымы жоғарылауымен

C) жасушаларда су мөлшері көбеюімен

D) судың жасуша ішінен жасушасыртылық кеңістікке ауысуымен

E) шөлдеу сезімінің жоғалуымен

15.Гипоосмолялдық гипогидратация пайда болады (3)

A) іш өткенде

B) жиі қайталанатын құсу кезінде

C) ішектік жыланкөзде

D) өңеш бітелгенде

E) сумен ашығуда

16. Гипоосмолялдық гипогидратация сипатталады (2)

A) организмде судың жалпы мөлшері көбеюімен

B) жасуша сыртындағы сұйыктың осмостық қысымы төмендеуімен

C) жасушаларда су мөлшері азаюымен

D) судың жасуша сыртылық кеңістіктен жасуша ішіне ауысуымен

E) шөлдеу сезімімен

17. Сусыздану кезінде ОЖЖ қызметі бұзылуының патогенезінде маңызы бар (4)

A) гипоксияның

B) қышқылдық сілтілік үйлесім бұзылуының

C) аутоуыттанудың

D) нейрондар мембраналарының осмостық бүлінуінің

E) қанайналымы орталықтануының

18. Гипернатриемияның көріністері болып табылады (4)

A) жасушалардың гипогидратациясы

B) АҚ жоғарылауы

C) ацидоз

D) организмде судың жиналуы

E) жасушасыртылық сұйықтың осмостық қысымының жоғарылауы

19.Гипокалиемия көрінісі (3)

A) ішектің атониясы

B) қан тамырлары межеқуатының төмендеуі

C) ЭКГ Т өркешінің биіктеуі

D) ЭКГ Т өркешінің кеңеюі және аласаруы

E) АҚ жоғарылауы

20. Гипокалциемия кезінде байқалады (2)

A) полиурия

B) ісінулер

C) жүйкелік-бұлшықеттік қозғыштықтың жоғарылауы және селкілдек +

D) бүйректе тас түзілуі

E) қан ұюының төмендеуі

Наши рекомендации