Тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу. „

№ 1.Екі егеуқұйрыққа келесі тәжірибе жасалды: № 1 егеуқұйрық су температурасы 10 °С аквариумға салынды. 5 минуттан соң егеуқұйрықты шығарып бақылау жануарымен (№ 2 егеуқұйрық) және 10 минут бұрын 2,5 мг/кг психостимулятор фенамин салынған егеуқұйрықпен (№ 3 егеуқұйрық) бірге барокамераға отырғызылды. Сосын барокамерадағы ауа 180 мм с.б. дейін сорылды. Өмір ұзақтығы (барометрлік қысымның деңгейі 180 мм с.б. болғаннан тыныстың тоқтағанына дейінгі кезең) № 1 егеуқұйрықта 15 минут, № 2 егеуқұйрықта – 7 минут, № 3 егеуқұйрықта – 4 минут болды.

1. Гипотермия мен психостимулятор фенамин гипоксияға төзіділікке әсер етеді ме?

2. Гипотермия мен фенамин жануарлардың гипоксияға төзімділігіне қалай әсер етеді?

3. Организмнің гипобариялық гипоксияға төзімділігін арттыратын және төмендететін басқа жайттардан мысал келтіріңіз.

№ 2.Н атты әйел баласында орақ-тәрізді анемия даму қауіптігі туралы мазасызданып гендік кеңеске келді. Ол ағасының орақ тәрізді жасушалы анемияның ауыр түрімен ауыратындығын хабалады. өзі және оның жолдасы ауырмайды. Нв-ді зерттегенде әйелдің эритроциттерінде 65% HbА және 35% HbS бар, ал жолдасының эритроциттерінде 98% HbА және HbS жоқ..

1. Орақ тәрізді жасушалы анемияның тұқым қуалау түрі қандай?

2. Әйелдің балаларының орақ тәрізді жасушалы анемиямен ауру болып туатындығының мүмкіндігі қандай? Фенотиптік сау, ал геномында HbS аллелі бар бала туу мүмкіндігі қандай?

3. Аталған дертте қандай нәруыз ақаулы генмен көшіріліп отыр?

4. Әйелдің болашақ балаларында аурудың пайда болуы жынысына байланысты ма?

5. Қандай жағдайда бұл аурудың ағымының ауырлығы өмірге қауіпті болмақ?

№3 Әкесі гемофилиямен науқастанатын, шешесі сау, Н атты сау әйел тектік кеңеске гемофилия А ауруының немерелерінде дамуы қауіптігі туралы сұрақпен келді. Жұбайы Н және үш балалары – ұлы және екі қыздары сау.

1. Гемофилия А мұра қалдырудың қай түрімен тасмалданады және оның даму жолы?

2. Баласы мен немересінде осы аурудың даму қауіптілігі қандай?

№4 есеп С атты жүкті әйел тектік кеңсеге келіп, аналары бір (әкелері басқа) әпкесі фенилкетонуриямен ауыратыны тұралы айтты. Жұбайы С жағынан жақын туыстары арасында неке киюлар болыпты, бірақ ешкім фенилкетонуриямен ауырмаған. Әйелді және жұбайын зерттегенде денсаулықтарында ақаулық табылмады.

1. С-ның ер балаларында фенилкетонурия ауруының даму қауіптілігі қандай?

2. Фенилкетонурия дамуының негізгі тетігін айқындаңыз.

3. Бұл аурудың көріністерінің патогенезі қандай? Жаңа туылған нәрестелерде аурудың алғашқы белгілерін анықтау жолдары?

4. Балалардағы фенилпирожүзімдік ессіздіктің алдын алу жолдары бар ма?

№ 5. Балалар бөлімшесіне 3 жастағы ер бала келіп түсті. Қарап тексергенде: бала қатарластарымен салыстырғанда бойы кіші, беті жалпақ, ауызы жартылай ашық, төменгі ерінінен сілекей ағып тұр, көз ойығы тар, бет сүйегі шығыңқы, алақанының ортасында терісі қыржымдалған. Кариотип: 46,XY, t(14, 21).

1. Бала қандай аурумен ауырады?

2. Кариотип формуласын шешіп, сипаттаңыз. Оның қалыптыдан айырмашылығы неде?

3. Бұл аурудың мүмкіндік себептері қандай? Аталған ауруға тағы қандай белгілер тән?

№ 6. Тұрғындарды жаппай тексеру кезінде жыныстық хромосомаларында өзгерістері бар адамдар анықталды. Геномындағы ауытқуларына байланысты келесі топтар бөлінді: 1‑топ — XXY; 2‑топ — XXXY; 3‑топ — 0X; 4‑топ — XXX; 5‑топ — XXXX.

1. Тексерілген адамдардың геномындағы өзгерістер қандай синдромдардың дамығандығын көрсетеді?

2. Әрбір топ науқастарының жыныстық хроматинінде қанша денешіктер бар?

3. Жыныстық хроматин нені көрсетеді, ол организмнің қай қасиетін анықтайды?

4. Геномдағы бұндай өзгерістердің мүмкіндік себептері мен даму тетіктері қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 80-115.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 8-27.

3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 23-33.

4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 81-90.

5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 73-89.

6. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 57-63

Қосымша

7. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 41-44.

8. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.133-149

9. Назаренко Н.М. Патофизиология раннего онтогенеза., Алматы, 1998.– 175с.

10. Ә. Нұрмұхамбетов. Ұрық даму мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы., Алматы, 2004. – 162б.

11. Н.В. Жуйко. Особенности реактивности детского организма, Алматы, 2006.- 68с.

БАҚЫЛАУ

(сынамалық тапсырмаларды орындау)

1. Реактивтілік – бұл (1)

A) ауру пайда болуының себептік байланыстары туралы ілім

B) біртұтас организмнің қоршаған ортаның әсеріне тіршілігін өзгертуімен

жауап беру қасиеті

C) дерттуындататын тітіркендіргіштің әсеріне организмнің қорғаныстық

әсерленісі

D) ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы

E) организмнің бейнақты төзімділігі

2. Реактивтіліктің түрлері (3)

A) тектік, топтық, даралық

B) белсенді, енжар

C) физиологиялық, дерттік

D) арнайы, бейнақты

E) алғашқы, кейінгі

3. Тектік реактивтілік тәуелді (1)

A) конституцияға

B) тұқым қуалаушылыққа

C) жынысқа

D) жасқа

E) организмнің даралық ерекшеліктеріне

4. Топтық реактивтілікті анықтайды (5)

A) жыныс

B) жас

C) жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметі

D) конституция

E) қан тобы

F) әлеуметтік тиістілігі

5. Әрбір тұлғаның бірегейлігі анықталады (1)

A) тектік реактивтілікпен

B) топтық реактивтілікпен

C) даралық реактивтілікпен

D) жыныспен

E) конституциялық ерекшеліктермен

6. Арнайы реактивтілік деп организмнің жауап қайтару қасиеті (2)

A) антигенге

B) қоршаған ортаның барлық ықпалдарына

C) антиген емес жайттардың әсеріне

D) иммундық жүйенің қатысуымен

E) иммундық жүйенің қатысуынсыз

7. Арнайы физиологиялық реактивтілікке, кезіндегі реактивтілік мысал болады (1)

A) аллергия

B) иммундық тапшылықтық жағдайлар

C) сілейме

D) аутоиммундық үрдістер

E) иммунитет

8.Бақалар, тышқандарға қарағанда, гипоксияға төзімді. Бұл мысал бола алады (2)

A) тектік реактивтілікке

B) топтық реактивтілікке

C) даралық реактивтілікке

D) бейнақты реактивтілікке

E) дерттік реактивтілікке

9. Жаңатуылғандар, ересектерге қарағанда, гипоксияны жеңіл көтереді. Бұл мысал бола алады (2)

А) тектік реактивтілікке

B) топтық реактивтілікке

C) даралық реактивтілікке

D) бейнақты реактивтілікке

E) арнайы реактивтілікке

10. Организмнің төзімділігі– бұл (1)

A) біртұтас организмнің қоршаған ортаның әсеріне тіршілігін өзгертуімен

жауап беру қасиеті

B) тітіркендіргішке организмнің жауабы

C) тітіркендіргішке организмнің әлсіз жауабы

D) ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы

E) организмнің қоршаған ортаның жайттары әсеріне сезімталдығы

11.Сәйкестікті тап:

1)енжар төзімділік (4)

2) белсенді төзімділік (5)

A) уды бейтараптандыру үрдісі 2

B) қабыну кезіндегі лейкоцитоз 2

C) гистогемдік тосқауылдар 1

D) тері және шырышты қабықтар 1

E) антиденелер түзілуі 2

F) «жауаптың жедел кезеңі» 2

G) асқазан сөлінде НCl мөлшері 1

H) фагоцитоз 2

I) құрт-құмырсқалар, тасбақалардың қатты жабындылары 1

12.Сәйкестікті тап:

1)арнайы төзімділік (3)

2) бейнақты төзімділік (5)

A) тектік иммунитет

B) гистогемдік тосқауылдар

C) тері және шырышты қабықтар

D) ауруды бастан өткізгеннен соңғы иммунитет

E) «жауаптың жедел кезеңі»

F) гипоксияға икемделу

G) шартсыз қорғаныстық рефлекстер

H) екпе егу

13. Акулалардың жарақаттары ешқашан іріңдемейді. Бұл мысал (2)

A) тектік реактивтілікке

B) топтық реактивтілікке

C) даралық реактивтілікке

D) туа біткен төзімділікке

Е) жүре пайда болған төзімділікке

14. Сәйкестікті тап:

Конституциялық түрлердің жіктелуі

1- М.В. Черноруцкий бойынша (1)

2- С.Д. Сиго бойынша (2)

3- И.П. Павлов бойынша (1)

A) нормостеник

B) сангвиник

C) атлеттік

D) бұлшықеттік

E) күшті, ұстамды, жігерлі

15. Сәйкестікті тап:

1. Гиперстениктер бейім (5)

2. Астениктер бейім (4)

A) өт-тас ауруына

B) өкпе туберкулезінің ауыр өтуіне

C) қантты диабеттің 2-түріне

D) семіздікке

E) ойық -жаралық колитке 2

F) артериялық гипотензияға

G) ЖИА – ға

H) гипертониялық ауруға

I) асқазанның ойық-жара ауруына

16.Сәйкестікті тап:

1.Балалық шақ дерттерінің ерекшеліктері (5)

2. Қарттық шақ дерттерінің ерекшеліктері (5)

Наши рекомендации