Рсақ қуысының жоғарғы қабатындағы ішастар жолының топографиясы және ішастардың ағзаларға қатынасы.
Ішастар,peritoneum, іш қуысындағы мүшелерді тұйық жауып орналасқан сірлі қабық. Тек қана әйел адамдарда бұл сірлі қуыс, жатыр түтігінің тесігі арқылы сыртқы ортамен байланысқан.Іш қуысы ішастарының туындыларына жекелеп талдау жасап, олардың топографиялық орналасу орнына және практикалық мәніне тоқталу үшін іш қуысын 3 қабатқа:
1) жоғарғы қабат- көкеттен тоқ ішектің көлденең жиек ішегіне дейін;
2) ортаңғы қабат – тоқ ішектің көлденең жиек шетінен кіші жамбас қуысына дейін.
3) кіші жамбас қуысына бөледі.
Ішастардың жоғарғы қабатының туындыларына қатпар, жалғама, шарбы жатады.
Олар топографиялық орналасуына қарай өзара бір-бірінен шектеліп орналасқан: бауыр, шарбы қабы және асқазаналды қабына бөлінеді.
1) Бауыр қабы,bursa hepatica,жоғарғы қабырғасы – көкетпен; медиалды жағы - ішастардың орақтәрізді байламымен, артқы қабырғасы – тәждік байламмен шектелген. Құрамына бауырдың оң үлесі кіреді.
2) Асқазаналды қабы, bursa pregastrica, ол бауырдың орақтәрізді байламының сол жағында орналасқан. Құрамында: бауырдың сол үлесі, асқазан, көкбауыр және ұйқыбез кіреді.
3) Шарбы қабы, bursa omentales, ол жалпы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Алдыңғы қабырғасы: кіші шарбымен асқазанның артқы беті; жоғарғы қабырғасы: бауырдың құйрықты үлесі; төменгі қабырғасы-үлкен шарбының артқы беті мен тоқ ішектің көлденең жиек ішектің шажырқайы, артқы қабырғасы: ішқуысының артқы қабырғасын , сол жақ бүйрекүсті безін, ұйқыбезді жауып орналасқан париеталды ішастар табағы құрайды. Шарбы қабының өзі фронталды жазықтық бойында орналасқан. Шарбы қабының кіреберіс бөлігінің және жоғарғы, төменгі тесіктері ажыратылады. Бұл қаптың кіреберіс бөлігі іштің ішастарлық қуысымен шарбылық тесік(Винслоев тесігі) арқылы байланысқан. Құрамында: бауырдың екі қабатты ішастарынан құралған оң үшбұрышты байламы мен орақтәрізді байламы, тәждік байлам орналасқан.
Бауыр қабы,bursa hepatica,жоғарғы қабырғасы – көкетпен; медиалды жағы - ішастардың орақтәрізді байламымен, артқы қабырғасы – тәждік байламмен шектелген. Құрамына бауырдың оң үлесі кіреді.
Асқазаналды қабы, bursa pregastrica, ол бауырдың орақтәрізді байламының сол жағында орналасқан. Құрамында: бауырдың сол үлесі, асқазан, көкбауыр және ұйқыбез кіреді.
51.Ішастардың іш қуысының ортаңғы қабатындағы туындылары:
1) қатпар
2) қойнаулар
3) өзектер
4) шажырқайлар жатады.
Ішастарлық 12 елі – аш ішек қатпарының маңында жағарғы және төменгі он екі елі ішек қалталары, recessus duodenojejunalis superior et inferior,орналасқан.Шажырқайдың түбірі арқылы іш қуысының ортаңғы қабаты: оң және сол қойнауға бөлінеді.
-Оң шажырқайлық қойнау sinus mesentericus dexter, үшбұрыш тәрізденіп, ұшы жоғары қарап, табаны төмен қарап, аш ішекпен мықын ішек шажырқайының оң жақ қапталында орналасқан. Қабырғалары: оң қабырғасы – тоқ ішектің жоғарылаған жиек ішегімен; жоғарғы қабырғасы тоқ ішектің көлденең жиек ішегінің шажырқайымен; медиалді жағы-аш және мықын ішек шажырқайының түбірімен шектелген. Бұл қойнаудың төменгі бөлігінде мықын ішектің дисталды бөлігі орналасқан.
Сол жақ қойнау-жіңішке ішек шажырқайының сол жағында үшбұрыш тәрізденіп орналасқан. Шекарасы: сол қабырғасы – тоқ ішектің төмендеген бөлігімен сигматәрізді ішекпен; оң қабырғасы жіңішке ішектің шажырқайының түбірімен шектелген. Төменгі қабырғасы жоқ, жамбас қуысына қарай бағыт алып, құрсақ қуысының төменгі қабатына жалғасады.
52) Ішқуысының төменгі қабаты(кіші жамбас), ішастар жамбас қуысына қарай өтіп, жамбас қуысының қабырғаларын және сол жерде орналасқан мүшелерді, әсіресе несеп жыныс мүшелердің түр ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда жауып орналасқан. Ер адамдарда ішастар тік ішектен несепқуықтың артқы бетіне қарай өтіп, тік ішек-қуық ұңғылын құрады. Несепқуық несеппен толса байқалмай, толмаған жағдайда байқалатын көлденең бағытта тік ішекпен несепқуық аралығында көлденең қатпар орналасқан. Әйел адамдарда ішастар тікішектің алдыңғы бетіне қарай өтіп, қынаптың жоғарғы бөлігінің артқы бетін экстропариетонеалды жағдайда жауып, одан әрі жоғары көтеріліп, жатырды мезопариетальды, жатыр түтігін интрапариетальды, аралығында тікішек-жатыр ұңғылын құрап, несепқуыққа қарай бағыт алады. Несепқуық ішастармен мезопариеталды жабылған, жатыр-қуық ұңғылын құрап, ішқуысының алдыңғы қабырғасының ішастарына жалғасады.