Санмен белгіленген әр жағдайға әріппен белгіленген тиісті дұрыс

жауапты теріңіз:

Санмен белгіленген әр жағдайға әріппен белгіленген тиісті дұрыс - student2.ru РМҚМ «СММА» САПА ҮЛГІСІ
Студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
G-041.07.01.13-2007 Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 беттен
       

... кезіндегі жағдайда сүйек тінінде өзгерістер болады:

3. С дәрумені жетіспеуі а) остеокластар қызметі артады

4. А гипервитаминозы б) сүйектің жұмсаруына әкеп соғатын,

кальцификация төмендейді

5. Д дәрумені жетіспегенде в) коллогенді талшықтардың түзілуі төмендейді

6. паратириннің артуы г) сүйектің резорбциясы мен фиброзды тіннің

дамуы байқалады

7. тирокальтинониннің артуы д) кальцификация өседі

Сүйектің қосылуы ... көмегімен орындалады:

8. синдесмоздар а) шеміршек

9. синхондроздар б) тығыз талшықты дәнекер тіндер

10. синостоздар в) шеміршекпен жабылған, үстіңгі жақ буындасу

11. буындар г) дәнекер тінсіз тығыз қосылуы

Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:

1. Шеміршектің қоректену қалай жүреді?

2. Шеміршек регенерациясының стимуляциясын жүргізетін іс-шараларды атаңыз.

3. Сүйек тінінің эктопиялық даму себептерін атаңыз.

4. Сүйектің репаративтік регенерациясы стадияларын атаңыз.

5. Сүйектің қартаюына қандай гормондар әсер етеді.

6. Сүйектің қосылуының барлық түрлеріне мысал келтіріңіз.

Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау тапсырмалар:

1. Егер зақымданудың нәтижесінде шеміршек қабығы сақталған және жойылған жағдайларда сүйек тінінің физиологиялық және постравмалық регенерациясы қалай орындалады?

2. Қартайғанда шеміршек тінінде протеогликан азаяды. Бұл кезде тіннің гидрофильдігі қалай өзгереді?

3. Ортан жілік сынғаннан кейін, қалпына келу нәтижесінде орнында сүйек сүйелі түзілді. Сүйек тінінің қандай жасушалары есебінен сүйек сүйелі түзіледі? Олардың орналасу орнын көрсетіңіз.

4. Науқастың қолы сынғаннан кейін, оның нәтижесінде екі сүйектік сынық түзілген. Сынық тез бітісу үшін қандай дәруменді берген дұрыс? Неге екенін түсіндіріңіз.

Санмен белгіленген әр жағдайға әріппен белгіленген тиісті дұрыс - student2.ru РМҚМ «СММА» САПА ҮЛГІСІ
Студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
G-041.07.01.13-2007 Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 беттен
       

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Пән:Гистология – 1

Кафедра/курс: Гистология

Курс:2

Тақырып № 8. Бұлшық ет тіндері. Қаңқа бұлшық ет тінінің регенерациясы. Бұлшық еттің жасқа және салауатты өміріне байланысты өзгеруі. Жүрек бұлшық ет тінінің регенерациясы мүмкіндігі. Шығу тегі нейралды және эпидермалды бұлшық еттер тіні.

ҚҰРАСТЫРҒАН:

БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ

АССИСТЕНТ________________ МҰСАЙНОВА Ә.К.

СЕМЕЙ – 2008ж.

Санмен белгіленген әр жағдайға әріппен белгіленген тиісті дұрыс - student2.ru РМҚМ «СММА» САПА ҮЛГІСІ
Студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
G-041.07.01.13-2007 Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 беттен
       

Тақырыбы Бұлшық ет тіндері. Қаңқа бұлшық ет тінінің регенерациясы. Бұлшық еттің жасқа және салауатты өміріне байланысты өзгеруі. Жүрек бұлшық етінің регенерациясы мүмкіндігі. Шығу тегі нейралды және эпидермалды бұлшық еттер тіні.

2. Мақсаты:қаңқа бұлшық еттерінің регенерациясы ерекшеліктері, бұлшық еттің жасқа және салауатты өміріне байланысты құрылысының өзгеруін оқып үйрену бойынша білімді алу және бекіту;

Жүрек бұлшық етінің регенерациясы мүмкіндігін оқып үйрену бойынша білімді алу және бекіту;

шығу тегі нейралды және эпидермалды бұлшық еттер тінінің құрылыс ерекшеліктерін оқып үйрену бойынша білім алу және бекіту.

3. Тапсырма:8.1. «Қаңқа бұлшық ет тіндерінің регенерациясы. Бұлшық еттің жасқа және салауатты өмірге байланысты өзгеруі. Жүрек бұлшық ет тінінің регенерациясы мүмкіндігі» атты тақырыпқа эссе жазу.

Мазмұнды бөлімі:

- тапсырма мәтіні;

- тапсырмаға сұрақтар;

- тапсырманың орындалу алгоритмі:

Эссе – бұл тақырып бойынша еркін ойын жеткізу. Эссе көлемі 5 беттен артпауы керек. Эссе құрылымы: кіріспе, негізі және қорытынды бөлімдер.

Кіріспеде тақырыптың айқындалуы, тақырыптың өзектілігі, тақырып құрылымы, негізгі талдауға ауысуы келтіріледі.

Тапсырма 8.1. жеке орындалады.

Тапсырма 8.2. Шығу тегі нейралды және эктодермалды тегіс салалы бұлшық ет тінінің сипаттамасын көрсететін кесте құру.

Тақырыпша 8.2. Кесте «Шығу тегі нейралды және эктодермалды тегіс салалы

бұлшық ет тінінің сипаттамасы».

Белгісі Шығу тегі нейралды бұлшық ет тіні Шығу тегі эктодермалды бұлшық ет тіні
Даму көзі    
Тіннің орналасуы    
Тіннің құрылымдық өлшем бірлігі    
Жиырылғыш аппарат    
Регенерацияға қабілеттілігі    

4. Орындалу үлгісі:

тақырыпша 8.1. эссе дайындау;

тақырыпша 8.2. кесте құру.

5. Орындау белгісі(тапсырманың орындалуына оқытушының талабы): кесте көрсетілген және басқа әдебиет көздеріне негізделіп А4 форматының қағазында орындалады, шрифт Times New Roman; кегль 14, біржарымдық интервал. Сол жақтан – 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғары, төмен – 20 мм. Пәннің аталуын, студенттің аты – жөнін, мамандығын, топты, әдебиетті (негізгі, қосымша) көрсету қажет.

6. Өткізу мерзімі:№2 аралық бақылаудан 1 жұма бұрын.

7. Бағалау белгісі:

Бағалау баллына әсер ететін шарттар:

- тапсырманы өткізу мерзімі;

Санмен белгіленген әр жағдайға әріппен белгіленген тиісті дұрыс - student2.ru РМҚМ «СММА» САПА ҮЛГІСІ
Студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
G-041.07.01.13-2007 Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 беттен
       

- сараптаманы өткізу тыңғылықтылығы;

- өзінің ойларының нақты айқындығы және анық жеткізілуі;

- қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелденуі;

- тапсырылған көлемнен бет сандарының артуы.

Максималдық 4 балл алу үшін тапсырма толығымен орындалып, бағалау белгісіне сәйкес болуы және уақытында өткізілуі қажет. Егер,

1) СӨЖ белгіленген уақыттан кеш өткізілсе, онда баға 1 баллға кемиді;

2) СӨЖ орындалу талабын есепке алмай жасалса, онда баға 1 баллға кемиді;

3) ресімделу талабы сақталмаса, онда баға 0,5 баллға кемиді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі

Қазақ тілінде:

1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О.Аяпова. Алматы: «Кітап» баспасы. – 2005. - 285 б.

2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. – Алматы: «Эффект» баспасы, 2006. – 411 б.

3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. - Астана, 2005. – 400 б.

Қосымша әдебиет:

1. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К – ХХI, 2004.

2. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К. / ҚР БМ Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. – Алматы: Ғылым, 1996. – 224 б.

3. Цитология. Нұрышева А., Нұрышев М. Алматы, Карасай, 2006.

4. Гистология және эмбриология негіздері (оқулық). Нұрышев М. – Алматы:Санат, 1998. – 160б.

Орыс тілінде:

Негізгі

1. Гистология, оқулық Афанасьев Ю.И., Кузнецов С.Л., Юрина Н.А. М.: Медицина,-2004.–764 б

2. Атлас по гистологии и эмбриологии. Учебное пособие для студентов мед вузов. /С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкамбаров, В.Л. Горячкина.–М.: 2005.-400 б.

3. Лабороторные занятия по курсу гистологии, цитологии и эмбриологии, Ю.И. Афанасьев. -М.: «Высшая лига», 2004.–328 б.

4. Гистология, оқулық. Улумбекова Э.Г., Челышев Ю.А. ГЭОТАР-М.: Мед, 2001.

5.Атлас по гистологии и эмбриологии. Алмазов В.Л., Сутулов Л.С.-550б.

6. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. / П. Қазымбет, М. Рысұлы, Ж.Б. Ахметов. – Астана, 2005. – 400б.

9. Бақылау:

Сұрақтар: 1. Қаңқа бұлшық ет тінінің регенерациясы.

2. Бұлшық ет тінінің жасқа және салауатты өміріне байланысты өзгеруі.

3. Жүрек бұлшық ет тінінің регенерациялық мүмкіндігі.

4. Шығу тегі нейралды және эктодермалды бұлшық ет тіндері.

Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:

1. Қаңқа бұлшық ет тінінің физиологиялық және репаративтік регенерациясының даму көзін атаңыз.

Санмен белгіленген әр жағдайға әріппен белгіленген тиісті дұрыс - student2.ru РМҚМ «СММА» САПА ҮЛГІСІ
Студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
G-041.07.01.13-2007 Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 беттен
       

2. Қаңқа бұлшық ет тіні қарт адамдарда қалай өзгереді?

3. Қандай жағдайларда бұлшық ет тіні гипертрофиясы мен атрофиясы байқалады?

4. Қаңқа бұлшық ет тінінің туа біткен атрофиясы неге байланысты?

5. Жүрек бұлшық ет тінінің регенерациясы қалай жүреді?

6. Шығу тегі нейралды және эктодермалды тегіс салалы бұлшық ет тінінің құрылысын сипаттап жазыңыз.

Бастапқы білім деңгейін бағалауға арналған тесттер:

1. Постэмбрионалдық кезеңде қаңқа бұлшық етіне камбиалды қор болады:

1) көлденең жолақты миоциттер

2) тегіс салалы

3) етті талшықтар

4) миосаттеллиоциттер

5) миофибробластар

2. қаңқа бұлшық ет тінінің миосателлиоциттері орналасады:

1) сарколемма астында

2) етті талшықтың базальді мембранасы мен плазмолемма арасында

3) базальді мембрана мен эндомизий арасында

4) перимизиде

5) эпимизиде

3. Бұлшық ет тінінің жасқа байланысты өзгеруіне тән емес белгі:

1) бұлшық етті талшықтың жартылай дегенерациясы

2) бұлшық етті талшықтардың атрофиясы

3) дәнекер тінінің бітісіп өсуі

4) миофибриллалардың диаметрі мен санының өсуі

5) саркоплазмалық тордың көлемінің азаюы

4. Қаңқа бұлшық ет негізіндежатыр:

1) бұлшық етті талшықтың жартылай дегенерациясы

2) бұлшық етті талшықтардың атрофиясы

3) дистрофин белоктарының синтезінің генетикалық дефектісі

4) миофибриллалардың диаметрі мен санының өсуі

5) саркоплазмалық тордың көлемінің азаюы

4. Қаңқа бұлшық ет негізіндежатыр:

1) бұлшық етті талшықтың жартылай дегенерациясы

2) етті талшықтардың атрофиясы

3) дистрофин белоктарының синтезінің генетикалық дефектісі

4) миобибриллдердің диаметрі мен санының өсуі

5) саркоплазмалық тордың көлемінің азаюы

5. Қаңқа бұлшық етінің туғандағы атрофиясының негізіне жатады::

1) бұлшық етті талшықтың жартылай дегенерациясы

2) бұлшық етті талшықтардың атрофиясы

3) дистрофин белоктарының синтезінің генетикалық дефектісі

4) миофибриллалардың диаметрі мен санының өсуі

5) саркоплазмалық тордың көлемінің азаюы

6. Миоэпителиалды тіннің регенерациясы қандай элементтер есебнде жүреді?

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. секреторлық жасушалар

Б. аз түрленген миоэпителиоциттер

В. түрленген миоэпителиоциттер

Г. көп қабатты эпителидің камбиалдығы

Санмен белгіленген әр жағдайға әріппен белгіленген тиісті дұрыс - student2.ru РМҚМ «СММА» САПА ҮЛГІСІ
Студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
G-041.07.01.13-2007 Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 беттен
       

7. Шығу тегі мезенхимді тегіс салалы бұлшық ет тінінің регенерациясы қандай элементтер есебінде жүреді?

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. аз түрленген тегіс салалы миоциттер

Б түрленген тегіс салалы миоциттер

В. миофибробластар

Г. тегіс салалы миоциттердің қартаюшы пішіні

8. Бұлшық етті жүктеменің ұзақ өсуі кезінде байқалады:

1) бұлшық ет атрофиясы

2) бұлшық еттің қалпына келуі төмендеуі

3) бұлшық еттің серпімділігінің төмендеуі

4) талшықты бұлшық етті май тінімен ауыстыру

5) бұлшық ет гипертрофиясы

9. Гиподинамия, денервация кеінде байқалады:

1) бұлшық ет атрофиясы

2) бұлшық еттің серпінділігінің төмендеуі

3) бұлшық еттің серпімділігінің төмендеуі

4) бұлшық еттің миофибриллярлы аппаратының дамуы

5) бұлшық ет гипертрофиясы

10. Жүрек бұлшық етінің репаративтік регенерациясының стимуляциясы мақсатында қажет:

Код бойынша дұрыс жауапты таңдаңыз: 1-АБВ, 2 – АВ, 3 – БГ, 4 – Г, 5 – АБВГ

А. кардиомиоциттердің апоптозын болдырмау

Б. анаболикалық препараттарды тағайындау

В. емдік дене шынықтыру мен дозаланған физикалық жүктемені тағайындау

Г. миосателлиоциттер трансплантациясын қолдану

Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтары:

1. А.Н.Студитский ұсынған бұлшық ет тіні регенерациясы тәсілдері не үшін қажет?

2. Бұлшық ет тінінің репаративтік регенерациясы қандай жағдайларда орындалады?

3. Бұлшық ет тінінің атрофиясы мен гипертрофиясы кезінде қандай өзгерістер байқалады?

4. Жүрек бұлшық етінің репаративтік регенерациясының стимуляциясы үшін қандай жағдайлар қажет?

5. Шығу тегі нейралды және эпидермалды бұлшық етінің құрылымдық өлшем бірлігін атаңыз. Бұл тіндер қайда орналасады?

Қорытынды білім деңгейін бағалауға арналған бақылау тапсырмалар:

1. Бұлшық еттің регенерациясын көрсететін 2 препарат берілді. Оның бірінде түтік тәрізді ірі құрылымдар жақсы көрінген, олардың ортасында тізбектеліп орналасқан бірнеше ядролар орналасқан, ал екіншісінде фибробласқа ұқсайтын ұзыншақ жасушалар жиналған. Бұл препараттың қайсысы көлденең жолақты бұлшық етті көрсетеді?

2. Бұлшық етті талшықтың перифериялық бөлігі көрсетілген микрофотография берілген. Бұл суретте плазмолемма мен базалды мембрана арасында орналасқан үлкен емес жасушалар көрінген. Бұл жасуша қалай аталады және қызметі қандай?

3. Қаңқа бұлшық ет тінінің миобластарында белокты – синтездеуші жүйенің жұмысы блокадаланған. Қандай құрылымның синтезі бұзылады?

4. Тәжірибеде ұрықтың ерте даму сатысында миотом бұзылған. Қандай тіннің дамуы мүмкін болмайды?

Санмен белгіленген әр жағдайға әріппен белгіленген тиісті дұрыс - student2.ru РМҚМ «СММА» САПА ҮЛГІСІ
Студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
G-041.07.01.13-2007 Рев.02 Ревизияға кіріскен күн 01.08.2007орнына: Рев. 01. 01.06.2005 беттен
       

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

Наши рекомендации