Жөтел (tussis-кашель) .

Жөтел жұтқыншақта, кеңірдек пен бронхыларда кілегей зат жиналғанда немесе бөгде заттар пайда болғанда дамитын қорғаныстық мәні бар, күрделі рефлекторлық құбылыс. Қақырық немесе рефлексогендік аймақтарды тітіркендіретін бөгде заттар жөтелген кезде сыртқа шығарылады. Жөтел рефлексінің рецепторлары плеврада, кеңірдекпен ірі бронхыларда, жұтқыншақта, көмейде, құлақтың сыртқы тесігінде орналасады. Жөтел орталығы сопақша мида орналасқан.Жөтел химиялық, механикалық, термиялық тітіркенгіштер әсерінен және қабыну салдарынан пайда болады. Егер жөтелдің себебі орталықта орналасса жөтел истериялық болып табылады. Тыныс ағзалары ауруларының әрқайсысында пайда болатын жөтелдің ерекшеліктері болады. Сондықтан науқастың шағымын талдағанда жөтелдің пайда болатын мезгілін, күші мен сипатын анықтап алу керек. Жөтелдің құрғақ немесе түрлі көлемді қақырық бөлінетін ылғалды түрі болады. Құрғақ жөтел өткір ларингитте, бронхитте, трахеитте, пневмонияда, құрғақ плевритте, бифуркация лимфа түйіндеріндегі ісік кеңірдекті қысқанда байқалады. Жөтелгенде қақырық бөлінсе, науқаспен сұқбаттасқанда оның тәуліктік көлемін, түрін, иісін, науқастың төсектегі қалпы қандай болғанда бөлінетінін анықтап алу керек. Жөтелмен бірге қақырықтың бөлінуі бронх демікпесінде, бронхитте, пневмонияда, бронхоэктаздар мен өкпе абсцесінде байқалады.

Қақырықтың түсі мен иісіне қарай қақырық сипаты төмендегідей болуы мүмкін; Шырышты қақырық - бұл ақ түсті, иіссіз. шырышты- ірінді қақырық - бұл сары түсті, иіссіз, Іріңді қақырық - бұл сары түсті, тәттілеу иісті, Шірікті қақырық - бұл жасыл түсті сасық иісті болады.

Күні бойы бөлінген қақырықтың мөлшері 50 мл-ден көп болса -бұл бронх пен өкпе ұлпасы қабынуының белгісі.

Егер патологиялық процесс орта калибрлі бронхта орналасса қақырық шырышты -іріңді болады, ұсақ бронхыларда орналасса қақырық өте қиын әрі аз бөлінеді, науқастың белгілі бір төсек жағдайында жатып, таңертеңгісін аузын толтырып, көп мөлшерде нашар иісті, ірінді қақырық бөлуі өкпенің іріңді ауруы бронхоэктазия мен өкпе абсцесінде кездеседі. Өкпе ұлпасы ыдырағанда шірік иісті қақырық, ал қан аралас қақырықтың бөлінуі өкпе туберкулезінде, өкпе инфарктында, кіші шеңберде қан іркілгенде, бронхтың қатерлі ісігінде байқалады. Жөтелдің тәулік ішінде белгілі бір уақытга пайда болуының диагностикалық маңызы бар. Кешкі жөтел созылмалы бронхитпен бронх демікпесінде, түнгі жөтел қатерлі ісікпенен, туберкулезбен, лимфогранулематозбен ауырған науқастарда байқалады. Өйткені ұлғайған лимфа түйіндері түнде, вагус нервінің әсері күшейген жағдайда, рефлексогендік аймақтарды, ерекше тітіркендіріп жөтелтеді. Таңертеңгі жөтел созылмалы бронхит, бронхоэктаз, өкпе абсцесі, каверналы туберкулез ауруына тән. Осындай патологиямен науқас адам төсектегі қалпын өзгерткен кезде түні бойы жиналған қақырық бронхылардың рефлексогендік аймақтарын тітіркендіріп жөтелтеді, сөйтіп таңертеңгі жөтелмен қақырықтың тәуліктік көлемінің 2/3-і бөлінуі мүмкін. Аурудың түріне қарай қақырықтың тәуліктік көлемі 10-15 мл-ден 2 литрге дейін жетеді. Қақырықтың бөлінуіне науқастың төсектегі қалпы да әсер етеді. Мысалы; бронхоэктаз сол өкпеде болса науқас оң жақ қырына, ал оң жақта болса, сол жақ қырына жатып, қақырық бөлінуін жеңілдете алады.

Уақыттық сипатына қарай жөтелдің екі түрі болады; тұрақты және оқтын-оқтын. Тұрақты жөтел тыныс жолдарының созылмалы ауруларында (созылмалы бронхит, ларингит, трахеит, өкпе туберкулезінде, бронхоэктазиялық ауруда) кездеседі. Оқтын -оқтын жөтел грипп, тыныс жолдары қабынғанда, созылмалы ағымды бронхит асқынғанда байқалады. Оқтын - оқтын қайталанып, ұзаққа созылатын қатты жөтелден кеуде қуысының қысымы күрт көтеріліп, мойынның көк тамырлары білеуленіп, науқастың беті көгереді, ісінеді. Күші мен тембріне қарай жөтелдің қатты (күшті) әрі ұзақ, ақырын әрі қысқа түрлері болады

Қан қақыру. (haemaptoe - кровохаркаиье)

Жөтелгенде тыныс жолдарынан қан немесе қанды қақырық түсу.

Науқаспен сұқбаттасқанда қан қақырудың себептерін, оның көлемі мен түсін анықтау керек. Қан қақыру көбінесе өкпе туберкулезі, қатерлі ісік, абсцесс, гангрена, бронхоэктазия ауруларында, вирусты ларингитте, трахеитте, кіші қан айналым шеңберінде (өкпеде) қан іркілгенде немесе өкпеде инфаркт қалыптасқанда, (м: митральді қақпақша ақауы мен миокард инфаркты салдарынан) қан аралас ашық қызыл түсті, көпіршікті қақырық жөтелгенде бөлінеді, реакциясы сілтілі. Өкпе сусінділенуінің II сатысында эритроциттер ыдырап, гемосидерин түзілгендіктен қақырық тот тәрізді қоңыр түсті болады. Дене қызуының жоғарылауы.

Крупозды пневмонияда дене қызуы кенеттен 39-40 гр дейін жоғарылайтын болса, плеврит пен бронхопневмонияда дене қызуы біртіндеп жоғарылайды.

Өкпеде іріңді процесстер дамығанда босаңсысатын қызба, ал өкпе туберкулезінде субфебрильді, патологиялық процесс өршігенде 38 гр. дейін, кейде одан да жоғары болады, туберкулездің ауыр формаларында қалжырататьш қызба байқалады.

Тыныс ағзалары ауруларының даму тарихыи жинау –

Ауруанамнезі.

Науқас ауруының қашан, қалай және қандай жағдайда басталғанын анықтау керек. Тыныс ағзаларының біразы жедел түрде кенеттен басталады
мысалы; науқас жедел пневмонияның әсіресе крупозды

пневмонияның басталған күнін ғана емес, сағатына дейін айтып береді. Плевритте патологиялық процесс біртіндеп өрбиді. Грипп, туберкулез сияқты ауруларды анықтау үшін олар басталған кездегі эпидемиологиялық жағдайды, ауа райын білудің маңызы үлкен. Бұл бөлімге патологиялық процесстің даму ерекшелігі, дене қызуы мен зертханалық зерттеу мәліметтері енгізіледі.

Наши рекомендации