Тапсырма. Сөз тіркестерімен танысыңыз. Дауыстап оқыңыз, орыс тіліне аударып, мазмұнын баяндаңыз.
Мамандығы: Жалпы медицина, 4 курс
Азақ тілі кафедрасы
Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша
Практикалық сабақтарға арналған
Дістемелік нұсқаулар
Сөйлеу интенциясының тақырыбы: Тұқым қуалайтын аурулар
Курс: 4
Пәні: Кәсіби қазақ тілі
Алматы 2016
I.Тақырыбы: Тұқым қуалайтын аурулар
· II. Мақсаты:тіл үйренуші ғылыми-өндірістік, медицина саласындағы жағдаяттарға қатысты лексикалық, грамматикалық тілдік бірліктерді сақтай отырып,сауатты пайдалану.
· Тіл байлығын арттыру.
· III. Міндеті:
· Практикалық маңызы:
· -студент сұхбаттасушымен тілдік қарым-қатынасқа түседі;
· -ақпарат алмасу, коммуникацияға түсу барысында сөйлеу әдебі формаларын кез-келген жағдаятқа сәйкес қолданады;
· -пікірін, эмоциясын білдіруге және осы мақсатта қолданылатын сөздердің лингво-мәдени мазмұнын түсіну дағдыларын меңгереді;
·
· IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
· 1. Мамандық бойынша семинар өткізу
· 2. Сұхбат, кәсіби сала бойынша диалог құру
· 3. Сөйлеу интенциясының тақырыбына сәйкес глоссарий
·
· V. Оқыту әдістері және тәсілдері:
· Кешенді: проблемалық, топтық жұмыс, миға шабуыл; коммуникативтік-бағдарлы оқыту; оқылым және жазылым арқылы сыни ойлау қабілетін дамыту; даралап-саралап оқыту, техникалық құралдарды пайдалану.
·
·
· VI. Тақырып бойынша тапсырмалар.
тапсырма. Сөз тіркестерімен танысыңыз. Дауыстап оқыңыз, орыс тіліне аударып, мазмұнын баяндаңыз.
Тұқым қуалаушылық, ген, дәрі-дәрмектер, нәруыз, аурудың салдары, тұқым қуалайтын аурулар, сезімталдық.
2 тапсырма.Мәтінмен танысыңыз. Мәтінді шағын абзацтарға бөліп, оған сұрақ қойыңыз.
Тірі ағзалардың барлық жасушаларындағы тұқым қуалау материалын тасымалдаушы нуклеин қышқылдары (НҚ) болып табылады. Бұлар молекулалық массасы өте үлкен күрделі биополимерлер. НҚ монөмерлері нуклеотидтер болып табылатындықтан да НҚ полинуклеотидтік тізбек түзеді. Әрбір нуклеотидтің құрамына: бес көміртекті моносахарид (пентоза), фосфор қышқылының қалдығы және азотты негіздер аденин (А), тимин (Т), гуанин (Г), цитозин (Ц), урацил (У) кіреді. Екі азоттық негіздер пуриндер (А және Г), ал үшеуі (Т,У, және Ц) пиримидиндер класына жатады.
Фосфор қышқылының қалдығы пентозаның 3′-көміртегімен, ал азоттық негіздер көміртегінің 1′ атомымен байланысады. Нуклеотидтер бір-бірімен тізбектеліп бір нуклеотидтің фосфорлық тобы екінші бір нуклеотидтің дезоксирибозасымен ковалентті байланысады. Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі жағынан ажыратылатын екі түрі бар: ДНҚ және РНҚ.
Молекулалық-биологиялық көзқарас бойынша, ген реттеуші және кодтаушы бөлімдерден тұратын ақуыз өнімі - полипептид синтезін бақылайтын құрылысы күрделі ДНК бөлігі болып табылады. Геннің бойында бір полипептидтік тізбектің синтезін бақылайтын және көптеген мутация және рекомбинация (мутон және рекон) сайттарынан тұратын бірнеше функционалдық бірлік – цистрон болады.
Геннің кодталатын бөлігінің функционалдық белсенділігіне әсер ететін реттеуші гендер қатары, эукариоттарда кодталмайтын (интрондар) және мағыналы қатарлар (экзондар) болады.
Гендер құрылымдық және реттеуші деп ажыратады. Құрылымдық гендер құрылымдық ақуыздар мен ферменттердің синтезін бақылайды. Реттеуші гендер құрылымдық гендердің белсенділігіне әсер ететін ақуыздардың синтезін бақылайды.
Тұқым қуалаушылық -жан-жануарлар мен организм жасушалары өздерінің белгілерін, қасиеттерін (анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін) ұрпақтарына беруі. Ол биологиялық түрдің салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Табиғи және жасанды іріктелу, сарапталу эволюциялық барысында дамуын өзгерістік (өзгерушілік) жағдайын қамтамасыз етеді. Өзгерістік (өзгеріске ұшырау) құбылысы– организмнің және оның жасушасының жаңа белгілерінің пайда болу қасиетінің көрінісі. Тұқым қуалаушылықтың материалдық негізін тасымалдаушылар - гендер. Ген – ДНҚ молекуласының учаскесі.
Генетика– тұқым қуалаушылық пен өзгерістік құбылыс туралы ғылым. Адамдардағы тұқым қуалаушылық пен өзгерушіліктерді патологиялық тұрғыдан зерттеумен айналысатын генетиканың саласын медициналық генетика деп атайды.
Медициналық генетиканың негізгі міндеттері мына төмендегідей.
Ø Патологиялардың тұқым қуалаушылық түрлерін зерттеу олардың этиологиясын, патогенезін, диагностикасын жетілдіру және профилактикасы мен емдеу тәсілдерін өңдеу болып табылады. Тектік аурулардың себебі мен даму механизмдері нақты анықталмайынша олардың ешқандай шараға көнбейтін сипаты сақталады. Көптеген тектік аурулардың даму заңдылықтарын анықтау оларды емдеу ғана емес, ауыр ағымда өтетін тұқым қуалаушы патологиялық түрлерін белгілі дәрежеде алдын алуға мүмкіндік береді.
Ø Әртүрлі ауруларға тұқым қуалаушылыққа байланысты бейімділік пен төзімділіктің себептері мен механизмдерін зерттеу ( соның ішінде, табиғаты жұқпалы ауруларды да ).
Ø Адаптациялық, компенсациялық және компенсациялық құбылыстар реакциясының дамуында тектік (гендік) аппараттың ролі мен маңызын зерттеу.
Ø Мутагенез бен антимутагенездің аурулардың дамуындағы ролін жанжақты, егжей – текжей зерттеу.
Ø Биологиялық бірқатар мәселелерді (проблемаларды) зерттеу: канцерогенездің молекулярлық-генетикалық механизмдерін, тіндік үйлесімсіздік құбылысын, организмнің аутоиммундық реакцияларындағы тектік аппараттың ролі және т.б.