E) синоаурикулярлы блокадаға
192. Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасының ЭКГ- белгілері:
A) Жүректің электрлік осінің оңға ығысуы
B) rSRVl-V2
C) QRS= 0.12 сек
D) VI- V2 әкетулерінде оң дельта-толқыны
Е) I,AVL,V5-6 әкетулерінде кеңейген және тісшеленген R, П,Ш, AVF,V1-V2 әкетулерде терең S тісшесі1930+
193. Жүрекшеішілік блокадаға тән ЭКГ- белгілерді көрсетіңіз:
A) Р тісшесінің біртіндеп екіленуі
B) Жүрекшелік диссоциация
C) Р тісшесі > 0, 1 сек +
D) Р тісшесінің екінші теріс фазасының жоқ болуы
E) I, II, aVL, V4-V6 әкетулерінде Р тісшесі
194. ЭКГ – да жүректің электрлік өсі айқын оңға ығысқан (α бұрышы = 130 0), I, AVL әкетулерінде терең S тісшесі және биік R тісшесі, III, AVF, әкетулерде кеңейген QRS комплексі 0.08-0.11 сек. Сіздің қорытындыңыз?
А) Гис шоғыры сол аяқшасының блокадасы
В) Гис шоғыры оң аяқшасының блокадасы
С) Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасы
D) Гис шоғыры сол аяқшасының артқы тармағының блокадасы +
Е) II дәрежелі синоатриальді блокадасы
195. ЭКГ – да QRS комплексінің ені > 0.12 сек., V5–V6 әкетулерінде қиғаш төмен ығысқан ST сегменті және теріс Т тісшелерімен кеш R тісшесі, V1-V2 әкетулерінде терең S тісшесі. Осы өзгеріске сәйкес анықтаманы табыңыз.
А) жүрекшеішілік блокада
В) Гис шоғыры оң аяқшасының блокадасы
С) Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасы
D) Гис шоғыры сол аяқшасының блокадасы +
Е) Гис шоғыры сол аяқшасының артқы тармағының блокадасы
196. Жүректің электрлік өсінің айқын солға ығысуы тән болады:
А) Гис шоғыры сол аяқшасының толық емес блокадасына
В) Гис шоғыры оң аяқшасының блокадасына
С) Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасына +
D) Гис шоғыры сол аяқшасының артқы тармағының блокадасына
Е) Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасына
197. Жүректің электрлік өсінің айқын оңға тән болады:
А) Гис шоғыры оң аяқшасының толық емес блокадасына
В) Гис шоғыры оң аяқшасының толық блокадасына
С) Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасына
D) Гис шоғыры сол аяқшасының артқы тармағының блокадасына +
Е) Гис шоғыры сол аяқшасының блокадасына
198. Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасына тән:
A) QRS комплексі I, AVL әкетулерінде rS пішінде, ал III, AVF әкетулерде - qR
B) QRS комплексі I, AVL әкетулерінде qR пішінде, ал III, II, AVF әкетулерде rS түрінде +
C) QRS комплексінің ені > 0,12 сек.
D) жүректің электрлік өсі солға ығысқан
E) жүректің электрлік өсі айқын оңға ығысқан
199. Гис шоғыры оң аяқшасының және сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасына тән:
А) I, AVL, V5 – V6 әкетулерінде биік және кеңейген R тісшесі
В) QRS комплексі V1 – V2 әкетулерде rSR немесе rSr түрінде +
С) QRS комплексінің ені 0,08 сек.
D жүректің электрлік өсі солға ығысқан
Е) жүректің электрлік өсі айқын оңға ығысқан
200. Науқас ер кісі, 43 жаста, өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен науқастанады, ЭКГ-да Гис шоғыры оң аяқшасының толық блокадасы. Осы патологияда ЭКГ-да қандай өзгерістер болуы мүмкін?
A) V5-V6 әкетулерінде теріс Т тісшесі
B) V1-V2 әкетулерде rSR +
C) QRS ені < 0,1 сек
D) V1-V2 әкетуде терең S
E) I, AVL,V5-V6 әкетулерде R тісшесі кеңейген, тісшеленген
201. Жүрекшеден шығатын экстрасистолияға тән:
А) PQ интервалының қысқаруы
В) компенсаторлы пауза 2 RR кіші +
С) компенсаторлы пауза 2 RR тең
D) Р тісшесінің болмауы, толық компенсаторлы пауза
Е) Р тісшесі екіфазалы, QRS комплексі артында
202. Қарыншалардың ерте қозуымен жүретін экстрасистолия кезінде ЭКГдегі Р тісшесі:
А) болмайды
В) екіфазалы
С) Р «Pulmonale» типте
D) теріс, QRS комплексі артында +
Е) оң, QRS комплексі артында
203. Жүрекшелердің төменгі бөлігінен шығатын жүрекшелік экстрасистолаға тән:
А) Р тісшесі екіөркешті
В) Р тісшесі оң, деформацияланған, QRS комплексі алдында
С) Р тісшесі теріс, QRS комплексі артында
D) Р тісшесі теріс, QRS комплексі алдында +
Е) Р тісшесі болмайды
204. Атривентрикулярлық түйіннен шығатын, жүрекшелер мен қарыншалардың бірдей қозуымен жүретін экстрасистолаға тән:
А) Р тісшесі QRS комплексімен бірігеді +
В) Р тісшесі оң, деформацияланған, QRS комплексі алдында
С) Р тісшесі теріс, QRS комплексі артында
Д) Р тісшесі теріс, QRS комплексі алдында
Е) Р «Mitrale»
205. Парасистолияға тән тіркесті көрсетіңіз:
А) QRS комплексі кеңейген, деформацияланған, уақытынан ерте пайда болады, тұрақты тіркесу интервалы жоқ +
В) QRS комплексі өзгермеген, PQ сегменті қысқарған
С) кезеңді түрде Р тісшесі және QRS комплексі түсіп отырады
D) Р тісшесі жоқ, QRS комплексі өзгермеген, тіркесу интервалы тұрақты
Е) РQ сегменті қысқарған
206. Қарыншалық экстрасистолаға тән белгіні көрсетіңіз:
А) Р тісшесі болмауы, QRS комплексі өзгермеген, толық емес компенсаторлық пауза
В) Р тісшесі теріс, кеңейген, деформацияланған QRS комплексі алдында
С) Р тісшесі кеңейген, деформацияланған QRS комплексі артында
D) Р тісшесі жоқ, QRS комплексі кеңейген, деформацияланған, толық емес компенсаторлық пауза
Е) Р тісшесі жоқ, QRS комплексі кеңейген, деформацияланған, толық компенсаторлық пауза +
207. Суправентрикулярлық экстрасистолияға тән тіркесті таңдаңыз:
А) Р тісшесі оң, PQ сегменті қысқарған, компенсаторлық пауза 1,5 RR аз
В) Р тісшесі+/-, PQ сегменті қысқарған, компенсаторлық пауза 1,5 RR жоғары және 2 RR төмен +
С) Р тісшесі оң, PQ сегменті өзгермеген, компенсаторлық пауза 1,5 RR тең
D) Р тісшесі теріс, PQ сегменті өзгермеген, компенсаторлық пауза 2 RR тең
Е) Р тісшесі теріс, PQ сегменті қысқарған, компенсаторлық пауза 2 RR тең
208. Пароксизмальды жүрекшелік тахикардия үшін тән болатын белгіні таңдаңыз?
А) изосызық бар, Р тісшесі деформацияланған, қосөркешті, теріс +
В) QRS комплексі кеңейген, деформацияланған
С) жүрек қағу ұстамасының біртіндеп пайда болуы, ырғақ жиілігі 100-120 рет минутына
D) Р тісшесі деформацияланған, қосөркешті, теріс, изосызық болмайды
Е) изосызық және Р тісшесінің болмауы
209. Атрио-вентрикулярлық қосылыстан туындаған пароксизмальды тахикардия кезінде болады:
А) кеңейген QRS комплексінен кейін теріс Р тісшесі
В) кеңейген QRS комплексінен кейін оң Р тісшесі
С) теріс Р тісшесі кеңейген QRS комплексі алдында +
Д) кеңеймеген QRS комплексінен кейін теріс Р тісшесі
Е) кеңеймеген QRS комплексінен кейін оң Р тісшесі
210. Пароксизмальды қарыншалық тахикардияға тән
А) QRS комплексінің кеңеюі және деформациясы, жиырылу ырғағы 140-220 рет минутына +
В) QRS комплексі кеңеймеген, жиырылу ырғағы 140-220 рет минутына
С) изосызық болады
D) жиырылу ырғағы 100-120 рет минутына
Е) жиырылу ырғағы дұрыс емес
211. Пароксизмальды қарыншалық тахикардия кезінде
А) біріккен жиырылулар пайда болады, қарыншалар қосылады +
В) QRS комплексі кеңеймеген, жиырылуы 140-220 рет минутына
С) изосызық болады
D) жиырылу ырғағы дұрыс 100-120 рет минутына
Е) жиырылу ырғағы дұрыс емес
212. Пароксизмальды қарыншалық тахикардия үшін тән
А) жүрекшелер мен қарыншалар жұмысының диссоциациясы +
В) QRS комплексі кеңеймеген, жиырылуы 140-220 рет минутына
С) изосызық болады
D) жиырылу ырғағы дұрыс 100-120 рет минутына
Е) жиырылу ырғағы дұрыс емес 140-240 рет минутына
213. Пароксизмальды қарыншалық тахикардия ерекше белгісі, бұл:
А) жиырылу саны 280-320 рет минутына
В) Р тісшесі QRS комплексімен тіркескен
С) пароксизм тәулікке немесе одан да ұзаққа созылуы мүмкін
D) изосызық болмайды +
Е) қарыншалар ырғағы дұрыс емес
214. Жыбыр аритмиясында қарыншалар жиырылу жиілігін азайту үшін қолданатын ең тиімді препаратты таңдаңыз
А) изокет
В) фозиноприл
С) дигоксин+
D) нормодипин
Е) капотен
215. Жүрекшелер тыпыры пароксизмін жою үшін қолдануға болады:
А) амиодарон+
В) изокет
С) нифедипин
D) престарум
Е) гепарин
216. Жүрекшелер тыпыры үшін тән:
А) толық емес компенсаторлы пауза
В) функциональды жекелеген атриовентрикулярлы блокада туындауы +
С) қозу жүрекшелерге қарағанада қарыншаларға ерте жетеді
D) тіркеу интервалы әркелкі
Е) эктопиялық ошақ қарыншалардың біреуінде орналасады
217. Қалыпты жағдайда QT интервалының ұзақтығы:
А) 0,11-0,22 с.
В) 0,23-0,34 с.
С) 0,35-0,44 с.+
D) 0,45-0,55 с.
Е) 0,56-0,66 с.
218. WPW синдромы үшін дұрыс болып табылады:
A) Р тісшесінің орнында дұрыс формалы, бірінен біріне өтетін толқындар болуы
B) Р тісшесі амплитудасының жоғарылауы
C) дельта-толқын болуы+
D) қарыншалық комплекс өзгермеген
E) PQ интервалы ұзаруы
219. Қарыншалардың ерте реполяризациясы синдромы үшін тән:
А) әр QRS комплексі алдында айқын анықталған жүрекшелер толқыны болады
В) доғасы төмен қараған ST сегментінің жоғарлауы, биік, оң Т тісшесіне өтеді +
С) доғасы жоғары қараған ST сегментінің жоғарлауы, теріс Т тісшесіне өтеді
D) әрбір 2 қарыншалар жиырылуының түсіп қалуы
Е) импульстердің атриовентрикулярлық қосылыс арқылы жүрекшелерден қарыншаларға толық өтпеуі
220. Жүрекшелер тыпыры кезінде құбылмалы атриовентрикулярлық өткізгіштік салдарынан туындайды:
А) аллоритмия
В) қарыншалар жиырылуы аритмиясы +
С) QRS комплексінің кеңеюі
D) толық атриовентрикулярлық блокада
Е) пароксизмальды жүрекшелік тахикардия
221.I, aVL, V5-V6 тіркемелеріндегі ST сегментінің депрессиясы мен теріс Т тісшесі неге тән:
A) артқы трансмуральды инфарктқа
B) алдыңғы-бүйірлік локализациядағы Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне +
C) артқы - бүйірлік локализациядағы Q-инфарктқа
D) бүйірлік локализациядағы Q-инфарктқа
E) интрамуральды артқы - бүйірлік инфарктқа
222. III, aVF тіркемелеріндегі ST сегментінің депрессиясы мен теріс Т тісшесі неге тән:
A) артқы –төменгі Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне +
B) алдыңғы- бүйірлік локализациядағы Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне
C) артқы - бүйірлік локализациядағы инфарктқа Q-инфарктқа
D) бүйірлік локализациядағы Q- инфарктқа
E) интрамуральды артқы - бүйірлік инфарктқа
223. III, aVF, V5-V6 тіркемелеріндегі ST сегментінің депрессиясы мен теріс Т тісшесі қандай патологияға тән:
А) артқы - төменгі локализациядағы Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне
В) алдыңғы- бүйірлік локализациядағы Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне
С) артқы - бүйірлік локализациядағы Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне +
D) бүйірлік локализациядағы Q- инфарктқа
Е) интрамуральды артқы - бүйірлік инфарктқа
224. V1-V6 тіркемелеріндегі терең теріс Т тісшесі неге тән:
А) артқы - бүйірлік локализациядағы Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне
В) алдыңғы- бүйірлік локализациядағы Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне
С) артқы - бүйірлік локализациядағы Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне
D) бүйірлік локализациядағы Q- инфарктқа
Е) интрамуральды инфарктқа +
225. V1-V2 тіркемелеріндегі ST сегментінің депрессиясы мен теріс Т тісшесі неге тән:
A) алдыңғы-қалқалық локализациядағы Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне +
B) алдыңғы- бүйірлік локализациядағы Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне
C) артқы - бүйірлік локализациядағы Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне
D) бүйірлік локализациядағы Q- инфарктқа
E) интрамуральды артқы - бүйірлік инфарктқа
226. V1-V6 тіркемелеріндегі ST сегментінің депрессиясы мен теріс Т тісшесі неге тән:
A) алдыңғы-қалқалық локализациядағы Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне
B) алдыңғы локализациядағы Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне
C) алды мен ұшының Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне
D) алдыңғы –жайылған Q-тісшесі жоқ миокард инфарктіне+
E) интрамуральды артқы - бүйірлік инфарктқа
227. Физикалық күштемемен жасалынатын тестте ST сегментінің депрессиясы қандай кезде ишемияның негізгі белгісі болып табылады:
A) 0,2 мм
B) 0,4 мм
C) 1 мм+
D) 0,5 мм
E) 0,7 мм
228. Трансмуральді миокард инфарктының некроз сатысында ЭКГ-да көрінеді:
А)ST сегментінің корытотәрізді депрессиясы
В) ST сегментінің қиғаш өрлейтін депрессиясы
С) T тісшесі теріс және терең
D) Патологиялық QS тісшесі +
Е) биік үшкірленген Т тісшесі
229. ST сегментінің жоғары қарап тұрған доғасы бар элевация қандай патологияға тән:
А) электрод астындағы субэндокардиалды зақымдануға
В) электрод астындағы субэндокардиальды ишемияға
С) электрод астындағы субэпикардиалды зақымдануға +
D) электрод астындағы субэпикардиалды ишемияға
Е) миокардтың тыртықты өзгерістеріне
230. Қандай жағдайда сол қарыншаның жоғары шеткі бөліктерінің миокард инфарктіне күдік пайда бола алады:
A) миокард инфарктының белгілері тек қана AVF-те ғана тіркелсе
B) миокард инфарктының белгілері тек қана I тіркемеде байқалса
C) миокард инфарктының белгілері V7-V9 –де болса
D) ЭКГ түсіргенде миокард инфарктының белгілері V4-V6-да қалыптыдан 1-2 қабырға аралыққа жоғары анықталады+
E) миокард инфарктының белгілері ІІ тіркемеде ғана байқалады
231. Электрод астындағы субэндокардиалды зақымдануға тән:
А) терең үшкірленген симметриялы Т тісшесі
В) биік үшкірленген симметриялы Т тісшесі
С) Патологиялық Q тісшесі
D) ST сегментінің жоғары қарап тұрған доғасы бар элевация
Е) ST сегментінің төмен қарап тұрған доғасы бар депрессиясы +
232. Сол қарыншаның алдыңғы және шеткі қабырғаларының миокард инфарктының белгілері қай тіркемелерде байқалады:
А) I, II, AVL, V5-V6+
В) III, AVF
С) III, AVF, V5-V6
D) I, II V1-V2
Е) III, AVF, V1-V2
233. Сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының жедел миокард инфарктының белгілері қай тіркемелерде байқалады?
A) ST сегментінің көтерілуі, II, III, aVF-тегі патологиялық Q тісшесі, депрессия ST в I, II, aVL тіркемелеріндегі ST сегментінің депрессиясы
B) I, II, aVL тіркемелеріндегі ST сегментінің көтерілуі, III, aVF, V5, V6 тіркемелеріндегі T тісшесі теріс
C) ST сегментінің көтерілуі, I, aVL V1- V3 тіркемелерде патологиялық Q тісшесі, , II, III, aVF тіркемелерінде ST-нің депрессиясы. +
D) I, aVL V5- V6 тіркемелеріндегі ST сегментінің көтерілуі, II, III, aVF-тегі ST сегментінің депрессиясы.
E) aVL тіркемесіндегі ST сегментінің көтерілуі, II, III, aVF тіркемелеріндегі ST сегментінің депрессиясы
234. Сол қарыншаның артқы қабырғасының ірі ошақты жеделдеу миокард инфарктының белгілері қай тіркемелерде байқалуы мүмкін?
A) II, III, aVF-тегі патологиялық Q тісшесі, ST сегменті изолинияда, T тісшесі теріс +
B) II, III, aVF тіркемелеріндегі ST депрессиясы, I, II, aVL тіркемелерде T тісшесі теріс
C) II, III, aVF тіркемелеріндегі ST депрессиясы, I, II, aVL тіркемелеріндегі ST сегментінің көтерілуі
D) I, II, aVL,V5- V6 тіркемелеріндегі ST сегментінің көтерілуі, II, III, aVF тіркемелеріндегі ST депрессиясы.
E) I, aVL V1- V3 тіркемелеріндегі ST сегментінің көтерілуі, II, III, aVF тіркемелеріндегі ST депрессиясы
235. Трансмуральді миокард инфарктының тыртықты кезеңіне не тән:
А) монофаза күйіндегі ST сегментінің изолиниядан жоғары көтерілуі
В) Патологиялық QS тісшесі, ST сегментінің изолинияда, T тісшесі оң.+
С) симметриялы теріс Т тісшесі
D) миокард инфарктының қабырғасына қарама-қарсы тіркемелеріндегі реципрокты өзгерістер
Е) ST сегментінің төмен қарап тұрған доғасы бар депрессиясы
236. Алдыңғы-шеткі қабырғасының трансмуральді инфаркты бар 52 жастағы Д. науқастың 7 –күні жыпылықтаушы аритмияның пароксизмі пайда болды. Объективті: Жағдайы ауыр. ТЖ минутына 22. Жүрек тондары бәсең, ырғағы бұзылған, төстің сол жағында прекардиалды пульсация, эпицентрі 4-қабырға аралықта, жүрек ұшында систолалық шуыл, пульсация аймағында «шиқылдың шуылы». Осы мезетте ЭКГ –да қандай өзгерістер бола алады?
А) ST сегментінің изолинияға жақындауы, коронарлы теріс Т тісшесі
В) ST сегментінің изолинияда, коронарлы теріс Т тісшесі
С) ST сегментінің изолиниядан жоғары көтерілуі, T тісшесі оң +
D) ST сегментінің изолинияда, оң коронарлы T тісшесі
Е) ST сегментінің изолинияға жақындауы, T тісшесі екі фазалы
237. Егер қайталанбалы инфаркт бұрынғы тыртық орнына қарама қарсы қабырғада пайда болып және көлемі бойынша бұрынғы тыртықтан көп болса, ЭКГде болады:
А) Т тісшесі өзгермейді, патологиялық Q тісшесі пайда болады
В) Т тісшесі екіфазалы, патологиялық Q тісшесі пайда болады
С) ST сегменті көтеріледі, патологиялық Q тісшесі, кейін теріс Т тісшесі пайда болады +
D) ST сегменті көтеріледі, патологиялық Q тісшесі, кейін оң Т тісшесі пайда болады
Е) ST сегменті төмендейді, патологиялық Q тісшесі, кейін оң Т тісшесі пайда болады
238. Алдыңғы қалқалы миокард инфаркті және Гисс шоғыры оң аяқшасының блокадасы кезінде ЭКГде пайда болады:
A) V1- V2 тіркемелерінде rSR
B) V5- V6 тіркемелерінде Q тісшесі
C) V4 тіркемесінде ST сегменті көтеріледі, кейін теріс Т тісшесі пайда болады, QRS комплексі кеңейген
D) V1- V2 тіркемесінде ST сегменті көтеріледі, кейін теріс Т тісшесі пайда болады, QRS комплексі кеңейген+
E) V1- V6 тіркемесінде ST сегменті көтеріледі, кейін теріс Т тісшесі пайда болады, QRS комплексі кеңейген
239. Сол қарынша бүйір қабырғасының миокард инфаркті және Гисс шоғыры оң аяқшасының блокадасы кезінде ЭКГде пайда болады:
А) кең және терең Q тісшесі, V1- V2 тіркемелерінде кең S тісшесі
В) кең және терең Q тісшесі, V5-V6 тіркемелерінде кең S тісшесі +
С) кең және терең Q тісшесі, V4 тіркемелерінде кең S тісшесі
D) AVF тіркемесінде ST сегментінің көтерілуі
Е) V1-V2 тіркемесінде ST сегментінің көтерілуі
240. Сол қарынша артқы қабырғасының миокард инфаркті және Гисс шоғыры оң аяқшасының блокадасы кезінде ЭКГде пайда болады:
А) патологиялық Q тісшесі және V1-V2 тіркемелеріндегі кеңейген R тісшесі
В) патологиялық Q тісшесі және II, III, AVF тіркемелеріндегі кеңейген R тісшесі +
С) патологиялық Q тісшесі және V4 тіркемесіндегі кеңейген R тісшесі
D) II, III, AVF тіркемелеріндегі патологиялық Q тісшесі
Е) V5-V6 тіркемелеріндегі патологиялық Q тісшесі
241. Сол қарынша алдыңғы қабырғасының миокард инфаркті және Гисс шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы кезінде ЭКГде пайда болады:
А) V5-V6, I, AVL тіркемелеріндегі q тісшесі+
В) I, AVL тіркемелеріндегі q тісшесі
С) I, AVF тіркемелеріндегі q тісшесі
D) II, AVL тіркемелеріндегі q тісшесі
Е) V1-V2 тіркемелеріндегі q тісшесі
242. Сол қарынша алдыңғы-бүйір қабырғасының миокард инфаркті және Гисс шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы кезінде ЭКГде пайда болады:
А) ST сегменті көтерілуі, V4-V6, I, AVL тіркемелерінде оң Т тісшесі +
В) ST сегменті төмендеуі, V5-V6, I, AVL тіркемелерінде теріс Т тісшесі
С) III, AVF тіркемелерінде ST сегменті көтерілуі
D) I, AVL тіркемелерінде биік Р тісшесі
Е) V4-V6 тіркемелерінде биік R тісшесі
243. Науқас ер кісі, 43 жаста, емханаға келгендегі шағымдары: бірінші қабатқа көтерілгенде төс артының күйдіріп ауыруы, физикалық жүктемені доғарғанда ауыру сезімі басылады. Об-ті: абдоминальді түрде семіздік. Жүрек тондары бәсеңдеген, қолқада қатайған. ЖСЖ- минутына 82 рет. АҚ 170/100 мм.сн.бғ. Бауыры пальпацияланбайды. Аяқтарында ісінулер жоқ. ЭКГ: сиусты ырғақ. ЖЭӨ ығысқан. Сол қарынша гипертрофиясының белгілері. Төмендегі ЭКГ мәліметтердің қайсы осы науқасқа сәйкес келеді?
A) ЖЭӨ оңға ығысқан, өтпелі аймақ солға ығысқан, R тісшесі V1,3 + SV5,6 = 18 мм.
B) ЖЭӨ солға ығысқан, өтпелі аймақ оңға ығысқан, R тісшесі V5,6 + SV1,2 > 45 мм.+
C) ЖЭӨ қалыпты бағытта, өтпелі аймақ V3 әкетуінде, R тісшесі V5,6 + SV1,2 = 10 мм.
D) ЖЭӨ солға ығысқан, өтпелі аймақ оңға ығысқан, R тісшесі V5,6 + SV1,2 = 19 мм.
E) ЖЭӨ оңға ығысқан, өтпелі аймақ солға ығысқан, R тісшесі V1,3 + SV5,6 = 7 мм.
244. Науқас ер кісі, 50 жаста, емханаға күштеме кезінде кенет пайда болатын ентігу ұстамаларына шағымданып келді, ВЭМ-сынағы өткізілді: 50 ватт күштеменің 2-ші минутында ЭКГ-да политопты топтасқан қарыншалық экстрасистолалар пайда болды, соған байланысты сынақ тоқтатылды. Уақытынан ерте пайда болатын қарыншалық комплекстердің белгілерін көрсетіңіз.
A) Р тісшесі жоқ, QRS кеңейген, деформацияланған, толық емес компенсаторлық үзіліс
B) Р тісшесі жоқ, QRS кеңейген, деформацияланған, толық компенсаторлық үзіліс +
C) Р тісшесі жоқ, QRS өзгермеген, толық емес компенсаторлық үзіліс
D) Р тісшесі кеңейген, деформацияланған QRS комплексінің алдында теріс
E) Р тісшесі кеңейген, деформацияланған QRS комплексінің артында
245. Науқас әйел, 55 жаста, 20 жылдан бері АГ ауырады, 3 жыл бұрын миокард инфаркті болған. ЭКГ-да: Р тісшесі биіктігі 2,5 см, әрбір QRS комплексі алдында тіркеледі, доғал, ұзақтығы 0,07 сек, ЖСЖ -72 рет 1 мин. RI>RII>RIII, AVF тіркемесінде тісше S>R, РQ интервалы – 0,18 сек., QТ-0,44 сек., V1 ден V6 дейін R тісшесінің өсуі жоқ, осы тіркемелерде QRS комплексі QS түрінде, ST сегменті изосызықта, Т тісшесі оң. Дұрыс ЭКГ қорытындысын көрсетіңіз:
A) Синусты ырғақ минутына 72 рет, ЖЭӨ қалыпты бағытта, төменгі локализациялы тыртық өзгерістері
B) Синусты ырғақ минутына 72 рет, ЖЭӨ вертикальді бағытта, алдыңғы-қарынша аралық аймақтың тыртық өзгерістері
C) Синусты ырғақ минутына 72 рет, ЖЭӨ горизонтальді бағытта, төменгі локализациялы тыртық өзгерістері
D) Синусты ырғақ минутына 72 рет, ЖЭӨ солға ығысқан, алдыңғы қабырғаға таралған тыртық өзгерістері +
E) Синусты ырғақ минутына 72 рет, ЖЭӨ солға ығысқан, бүйір қабырғаларының тыртық өзгерістері
246. 53 жасар ер адам, дачасында жұмыс жасаған кезінде жүрек тұсында қысып ауыру сезімі пайда болатынына және ол жүктемені тоқтатқанда азайатындығына шағымданады. Осындай жағдай былтырдан бері мазалап жүр. Анамнезінде 10 жыл бұрын ауыр пневмонияны өткерген. ЭКГ-да: Р тісшесі биіктігі 2,5 см, әрбір QRS комплексі алдында тіркеледі, доғал, ұзақтығы 0, 08 сек, ЖЖЖ минутына 70 рет, RIII > RII >RI, РQ интервалы – 0,19 сек., QТ-0,42 сек. Қарыншалық комплекс V1 және V2 шықпаларда М тәрізді ұзақтығы 0,14 сек. Дұрыс қорытындыны таңдаңыз:
A) Синусты ырғақ минутына 70 рет, ЖЭӨ қалыпты бағытта, Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы
B) Синусты ырғақ минутына 70 рет, ЖЭӨ солға ығысуы, Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы
C) Синусты ырғақ минутына 70 рет, ЖЭӨ горизонтальді бағытта, Гис шоғыры сол аяқшасының толық блокадасы
D) Синусты ырғақ минутына 70 рет, ЖЭӨ вертикальді бағытта, Гис шоғыры оң аяқшасының толық блокадасы
E) Синусты ырғақ минутына 70 рет, ЖЭӨ оңға ығысуы, Гис шоғыры оң аяқшасының толық блокадасы +
247. Науқаста жүректің туа пайда болған ақауы диагнозына күмәнденып фонокардиографиялық зерттеу жүргізілді: жүрек ұшында максимальді анықталатын бәсеңдейтін пішіндегі систолалық шу, I тон амплитудасының төмендеуі анықталды, III тон тіркелді. ЭКГ: синусты ырғақ минутына 78 рет, жүректің электрлік өсі солға ығысқан, I, AVL, V1 әкетулерінде Р тісшесінің ұзақтығы 0.12 сек, екі өркешті, оның екінші өркеші бірінші өркешінен биік, кеуделік әкетулерде RV6>RV5, RV6+SV1> 38 см. Осы аускультациялық және ЭКГ мәліметтер қандай ауруға тән болуы мүмкін?
A) Митральді стенозға
B) Трикуспидальді стеноз
C) Трикуспидальді жетіспеушілікке
D) Митральді жетіспеушілікке +
E) Өкпе артериясы қақпақшаларының жетіспеушілігіне
248. Науқас Н. ер кісі, 60 жаста, жүрек тұсының қысып ауыруына, жүрек ырғағы бұзылысының сезіміне, преиодты түрде есінен тануларға шағымданады. Объективті: жүрек шекаралары солға үлкейген, жүрек ұшында систолалық шу, қолқада II тон қатайған; АҚ – 160/100 мм сн.бғ. ЭКГ: жүректің электрлік өсі солға ығысқан. Өз алдына жеке екі ырғақ: жүрекшелер ырғағы (80 рет мин) және қарыншалар (40 рет мин). Р тісшесі ЭКГ-ның кез келген жерінде пайда болады; QRS комплексі Р тісшесіне байланыссыз пайда болады, деформацияланған
Осы ЭКГ мәліметтерін қалай бағалайсыз?
A) III дәрежелі АВ блокада +
B) II дәрежелі АВ блокада
C) I дәрежелі АВ блокада
D) I дәрежелі синоаурикулярлы блокада
E) II дәрежелі синоаурикулярлы блокада
249. Ер кісі 65 жаста, физикалық жүктеме (2-ші этажға көтерілгенде, жылдам жүргенде) кезінде пайда болып және тыныштық күйде жойылатын сол қолға, йыққа және мойынға иррадацияланатын кеудесінің сол жақ бөлігіндегі қысып ауыруына шағымданады. Мұндай ауыру сезімдері бірнеше жылдан бері мазалайды. ЭКГ – жүректің электрлік өсі айқын оңға ығысқан (α = +130 0), I, AVL әкетулерде QRS комплексі rS түрде, III, AVF әкетулерде – qR түрінде; QRS комплексінің ені 0.10 сек. Осы ЭКГ мәліметтерін қалай бағалайсыз?
A) Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасы
B) Гис шоғыры сол аяқшасының артқы тармағының блокадасы+
C) Гис шоғыры сол аяқшасының блокадасы
D) Гис шоғыры оң аяқшасының блокадасы
E) Жүрекшеішілік блокада
250. Науқас әйел 30 жаста, жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен науқастанады, жүрек қағуы, ентігу, жүрек тұсында тұйық ауру сезімдері пайда болды. ЭКГ – жүректің электрлік өсі айқын солға ығысқан (α = -60 0), I, AVL әкетулерде QRS комплексі qR түрінде, ал III, II, AVF әкетулерде rS түрінде. QRS комплексінің ұзақтығы - 0.11 сек. Дұрыс ЭКГ қорытындысын көрсетіңіз:
A) Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасы+
B) Гис шоғыры сол аяқшасының артқы тармағының блокадасы
C) Гис шоғыры сол аяқшасының блокадасы
D) Гис шоғыры оң аяқшасының блокадасы
E) Жүрекшеішілік блокада
251. Бронх демікпесі және артериальді гипертензиямен науқас әйел капотен қабылдайды және ұстамаларын тоқтату үшін тайлед, беротек күніне 1-2 реттен қабылдайды, жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралғанда тұрақты түрдегі құрғақ жөтелге шағымданады. ЭКГ: жүректің электрлік өсі айқын солға ығысқан (α = - 45 градусов), V1–V2 әкетулерде rsR’ комплекстері ұзақтығы 0.12 сек., V5-V6 әкетулерде кеңейген және тісшеленген S тісшесі. Осы ЭКГ белгіге дұрыс қорытындыны көрсетіңіз:
A) Гис шоғырының сол аяқшасының толық блокадасы
B) Гис шоғыры сол аяқшасының артқы тармағының блокадасы
C) Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасы
D) Гис шоғырының оң аяқшасының толық блокадасы +
E) Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес блокадасы
252. Стационарға 52 жастағы әйел адам жүрек қағу, жүректің тоқтап қалу сезімі, төс артындағы сыздап шаншып ауыру, оның сол иыққа таралуы, тез жүрген кездегі ентігу, бас ауру, тершеңдік, тасу шағмдарымен келіп түсті. ЭКГ – синусты ырғақ, жиі уақытынан ерте Р және QRS комплекстерімен үзіледі. Осы комплекстердегі Р тісшесі екіфазалы, PQ сегмент 0,04 сек, QRS 0,1 сек., уақытынан бұрын пайда болған комплекстің алдындағы интервал және уақытынан бұрын пайда болған комплекстен кейінгі интервалдың қосындысы 2 R-R аралығынан аз. Уақытынан пайда болған комплекстердің ЭКГ тұжырымын көрсетіңіз:
A) жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде жиырылуымен түйінді экстрасистолия
B) қарыншалардың уақытынан бұрын жиырылуымен түйінді экстрасистолия
C) қарыншалық экстрасистолия
D) жүрекшенің ортаңғы бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия +
E) жүрекшенің төменгі бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия
253. 67 жастағы ер адам, аздаған физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, төс артындағы қысып ауыру, оның сол қолға, сол иыққа таралуына, жүрек қағу сезімдеріне шағымданады. Жүрек тондары тұнықталған, ырғақсыз, жүрек соғу жиілігі мен пульс 64 рет минутына, АҚҚ – 130/85 мм.сын.бағ. ЭКГ – ырғақ синусты, жиі уақытынан ерте QRS комплекстерімен үзіледі. Осы комплекстер алдында Р тісшесі жоқ, QRS ені 0,14 сек. дискордантты QRST, уақытынан бұрын пайда болған комплекстің алдындағы интервал және уақытынан бұрын пайда болған комплекстен кейінгі интервалдың қосындысы 2 R-R аралығына тең. Уақытынан пайда болған комплекстердің ЭКГ тұжырымын көрсетіңіз:
A) жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде жиырылуымен түйінді экстрасистолия
B) қарыншалардың уақытынан бұрын жиырылуымен түйінді экстрасистолия
C) қарыншалық экстрасистолия +
D) жүрекшенің ортаңғы бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия
E) жүрекшенің төменгі бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия
254. Науқас әйел кісі 50 жаса, шағымдары: жүрегінің тоқтап қалу сезімі, жалпы әлсіздік. ЭКГ – синусты ырғақ, жиі уақытанан бұрын пайда болған Р және QRS комплекстерімен үзіледі. Бұл комплекстердің Р тісшесі теріс, PQ сегменті 0,04 сек, QRS 0,1 сек., уақытынан бұрын пайда болған комплекстің алдындағы интервал және уақытынан бұрын пайда болған комплекстен кейінгі интервалдың қосындысы 2 R-R аралығынан аз. Уақытынан пайда болған комплекстердің ЭКГ тұжырымын көрсетіңіз:
A) жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде жиырылуымен түйінді экстрасистолия
B) қарыншалардың уақытынан бұрын жиырылуымен түйінді экстрасистолия
C) қарыншалық экстрасистолия
D) жүрекшенің ортаңғы бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия
E) жүрекшенің төменгі бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия +
255. Стационарға 44 жастағы ер кісі жеткізілді, шағымдары: жүрегінің қысып ауыруы, ұзақтығы 20 мин. дейін. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс емес. ЖЖЖ минутына 92 рет. АҚ – 110/75 мм сн.бғ. ЭКГ – синусты ырғақ, жиі уақытанан бұрын пайда болған QRS және Р комплекстерімен үзіледі. Бұл комплекстердің Р тісшесі теріс QRS комплексінен кейін, QRS 0,1 сек., уақытынан бұрын пайда болған комплекстің алдындағы интервал және уақытынан бұрын пайда болған комплекстен кейінгі интервалдың қосындысы 2 R-R аралығынан аз.
Уақытынан пайда болған комплекстердің ЭКГ тұжырымын көрсетіңіз:
A) жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде жиырылуымен түйінді экстрасистолия
B) қарыншалардың уақытынан бұрын жиырылуымен түйінді экстрасистолия+
C) қарыншалық экстрасистолия
D) жүрекшенің ортаңғы бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия
E) жүрекшенің төменгі бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия
256. Науқас 57 жастағы ер адам аздаған физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, төс артындағы қысып ауырсыну, оның сол қолға, сол иыққа таралуы, бас ауыруы, жүрек қағу ұстамаларына шағымданып келді. ЭКГ – ырғақ жиілігі минутына 160 рет, ырғағы фиксирленген, QRS комплекстерінің алдында Р тісшесі жоқ. Қарыншалық комплекстердің ені 0,06 сек., пішіні өзгермеген. Осы ЭКГ мәліметіне сәйкес патологияны таңдаңыз:
A) жүрекшенің төменгі бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия
B) жүрекшенің ортаңғы бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия
C) қарыншалардың ерте қозуымен пароксизмальді түйінді тахикардия
D) жүрекшелер мен қарыншаларға бір мезгілде өткізілуімен пароксизмальді түйінді тахикардия +
E) қарыншалық пароксизмальді тахикардия
257. 70 жастағы әйел адам, кенет пайда болатын жүрек қағу, ауа жетпеу сезімі, төс артындағы қысып, басып ауырсыну сезімі, оның сол қолға таралуы, аяқтардағы ісіну, әлсіздікке шағымданады. ЭКГ – ырғақ жиілігі 200 рет минутына, ырғақ фиксирленген, II, III және aVF тіркемелерінде теріс Р тісшесі бар, aVR тіркемесінде оң Р тісшесі, Р тісшелері арасында изосызық бар. Қарыншалық комплекстер 0,06 сек. Осы ЭКГ мәліметіне сәйкес патологияны таңдаңыз:
A) жүрекшенің төменгі бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия +
B) жүрекшенің ортаңғы бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия
C) қарыншалардың ерте қозуымен пароксизмальді түйінді тахикардия
D) жүрекшелер мен қарыншаларға бір мезгілде өткізілуімен пароксизмальді түйінді тахикардия
E) қарыншалық пароксизмальді тахикардия
258. Стационарға 37 жасар ер адам кенет әлсіздік, ауа жетпеу сезімі, бас айналу, жүрек айну шағымдарымен әкелінді. Қараған кезде: терісі боз, ылғалды, ерін цианозы, жүрек шекарасы екі жаққа дейін кеңейген, тахикардия, соғу жиілігі мен пульсті есептеу мүмкін емес, жүрек тондары тұнық, АҚҚ – 85/65 мм.сын.бағ. ЭКГ – ырғақ жиілігі 170 рет минутына, ырғақ фиксирленген, қарыншалық комплекстер 0,18 сек., деформацияланған, ST сегменті және Т тісшесі QRS комплексіне байланысты дискордантты орналасқан, Р тісшесі анықталмайды.
Осы ЭКГ мәліметіне сәйкес патологияны таңдаңыз:
A) жүрекшенің төменгі бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия
B) жүрекшенің ортаңғы бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия
C) қарыншалардың ерте қозуымен пароксизмальді түйінді тахикардия
D) жүрекшелер мен қарыншаларға бір мезгілде өткізілуімен пароксизмальді түйінді тахикардия
E) қарыншалық пароксизмальді тахикардия +
259. Клиникаға 69 жастағы ер адам үнемі жүрек қағу, аздаған физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, төс артындағы қысып ауырсыну, оның сол қолға таралуы, изокет спреймен қысқа уақытқа басылуы, бас айналу, әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. ЭКГде: ырғақ дұрыс емес, жиілігі шамамен 138 рет минутына, Р тісшесі жоқ, V1 тіркемесінде ұсақ амплитудалы толқындар анықталады, электрлік ось солға ығысқан, алдыңғы-септальді және жүрек ұшында трансмуральды инфарктен кейінгі тыртықты өзгерістер бар. Бұл қандай ырғақ бұзылыс болуы мүмкін?
A) жүрекшелер фибрилляциясы+
B) қарыншалар фибрилляциясы
C) жүрекше тыпырлауы
D) қарыншалар тыпырлауы
E) жиі жүрекшелік экстрасистолия
260. 46 жастағы ер адам жүрек соғуына, жүректің шалыс қағуына, аздаған физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге шағымданады. Жүрек шекарасы көлденеңінен кеңейген, тондары тұнық, ырғағы дұрыс емес, тахикардия, пульс дефициті шамамен 22 рет минутына, АҚҚ 95/60 мм.сын.бағ. ЭКГ – Р тісшесі жоқ, , V1 әкетуінде ұсақ амплитудалы толқындар анықталады, қарыншалар жиырылу саны шамамен 135 рет минутына, қарыншалық комплекстер арасындағы интевал әркелкі. Бұл қандай ырғақ бұзылыс болуы мүмкін?
A) жүрекшелер фибрилляциясы+
B) қарыншалар фибрилляциясы
C) жүрекше тыпырлауы
D) қарыншалар тыпырлауы
E) жиі жүрекшелік экстрасистолия
261. 60 жастағы әйел адам түнде жиі жүрек қағу, жүректің шалыс қағуы, ауа жетпеу сезімі, әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. ЭКГ- қарыншалар жиырылу саны шамамен 175 рет минутына, Р тісшесі анықталмайды, оң жақ кеуде тіркемелерінде әр түрлі пішіндегі толқындар бар, QRS комплексі -0,08 сек., жүрек электр осі солға ығысқан. Сол қарынша гипертрофиясы белгілері бар. Бұл қандай ырғақ бұзылыс болуы мүмкін?
A) қарыншалар фибрилляциясы
B) жүрекшелер фибрилляциясы+
C) жүрекше тыпырлауы
D) қарыншалар тыпырлауы
E) жиі жүрекшелік экстрасистолия
262. Ауруханада 17 жастағы жас адам кенет басталатын және сол сияқты кенет тоқтайтын, ұзақтығы 10-15 минутқа созылатын, жалпы әлсіздікпен, бас айналуына әкелетін жүрек қағу ұстамаларына байланысты тексерілуде. ЭКГ – барлық әкетулерде Р (+), R=R, RII>RI>RIII, PQ-0,07; QRS- 0,15, QТ-0,42 с., ЖЖЖ- минутына 88 рет, I, avL, V4-V6 әкетулерде оң ∆-толқыны. Бұл синдром қалай аталады?
A) Морганьи-Адамс-Стокс синдромы
B) W-P-W синдромы+
C) Фредерик синдромы
D) ерте реполяризация синдромы
E) Клерк-Леви-Критеску синдромы
263. Науқас ер кісі 56 жаста, 200 метрге жетпей жүріп өткенде төс артының қысып ауыруына, сол қолға және сол жауырын аймағына берілетініне шағымданады. ЭКГ – синусты ырғақ, уақытынан бұрын пайда болатын жиі QRS комплекстерімен үзіледі. Бұл комплекстердің алдында Р тісшесі жоқ, QRS ені 0,12 сек., осындай комплекстердің алдындағы интервал мен осындай комлекстерден кейінгі интервал қосындысы 2 R-R аралығынан үлкен, RI>RII>RIII, III-ші стандарттық әкетуде R<S, АVF R<S, QТ-0,62 с., ЖЖЖ минутына 76, PQ-0,12; QRS- 0,1. Бұл қандай ырғақ бұзылысы болуы мүмкін?
A) жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде қозуымен түйінді экстрасистолия
B) қарыншаның уақытынан бұрын қозуымен түйінді экстрасистолия
C) қарыншалық экстрасистолия+
D) жүрекшенің ортаңғы бөлігінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия
E) жүрекшенің төменгі бөлігінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия
264. Жүрекшелердің пароксизмальді тахикардиясымен науқаста кордарон қабылдағаннан кейін екі жаққа бағыталған қарыншалық тахикардия (torsade de pointes) ұстамасы пайда болып нәтижесінде науқас өлді. Қандай өзгерістердің дамуы қарыншалық тахикардияға әкелуі мүмкін?
A) Р тісшесі ұзаруы
B) PQ интервалының ұзаруы
C) ST сегментінің ұзаруы
D) Пролонгирленген QT интервалы +
E) Р тісшесінің қысқаруы
265. 48 жастағы ер адам, шағымдары- 30 мин асатын, төстің тұсында қысып ауыратын, сол иық пен сол жағына тарайтын ауыру сезімімен стационарға түскен. Жағдайы орташа ауырлықта, тахипноэ, тері жабындылары ылғалды, АҚ сын бағ. б. 90/60 мм. Пульсі минутына 65, толуы әлсіз. жүрек тондары бәсең. Өкпесінің төменгі-артқы бөліктерінде ылғалды сырылдар. ЭКГсында: II, III, aVF тіркемелеріндегі ST сегментінің депрессиясы.
Науқастың диагнозы қандай болуы мүмкін?
A) ЖИА, алдыңғы қабырғаның жедел Q-инфаркты
B) ЖИА, төменгі локализациялы Q-инфаркты
C) ЖИА, алдыңғы қабырғаның жедел Q- емес инфаркты
D) ЖИА, төменгі локализациялы Q- емес инфаркты+
E) ЖИА, бүйір қабырғаларының Q-инфаркты
266. 55 жастағы ер адам, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, жүрегінің айнуы, құсу, ішінің желденуімен ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғылары ылғалды, боз. Жүрек тондары бәсең, ритмді. ЖСЖ минутына 60 рет, АҚ сын. бағ. б. 110\70 мм. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімі бар. Тропонин деңгейі Т – 0,3 нг/мл. ЭКГ: артқы –диафрагмальді аймақтың субэндоардиальді миокард инфаркті. Осы патология тән белгілерді көрсетіңіз:
A) II, III, AVF әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі+
B) I, AVL, V1-ден бастап V6-ға дейінгі әкетулеріне дейін ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі
C) I, AVL, V1-ден V4-ке дейінгі әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі
D) I, AVL, V1-ден V4-ке дейінгі әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса элевацияланып оң Т тісшесіне өтуі
E) II, III, AVF әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса элевацияланып оң Т тісшесіне өтуі
267. 54 жастағы ер адам, 6 сағатқа созылған төстің тұсындағы күйіп тұратын, сол қолына таралатын ауыру сезіміне шағымданады. Сонымен қатар ауа жетіспеушілік, тершеңдік, нитроглицериннен басылмайды. Тропонин I – 2,3 нг/мл. ЭКГ – ритмі синусты 80 р минутына, ЖЭО -горизонтальды. V1-V3 тіркемелеріндегі ST сегменті депрессияланып теріс Т тісшесіне өткен. Науқастың диагноы қандай болуы мүмкін?
A) ЖИА, алдыңғы қабырғаның жедел Q-инфаркты
B) ЖИА, төменгі локализациялы жедел Q-инфаркты
C) ЖИА, алдыңғы-қалқалық аймақтың жедел Q- емес инфаркты+
D) ЖИА, төменгі локализациялы жедел Q- емес инфаркты
E) ЖИА, бүйір қабырғаларының жедел Q-инфаркты
268. 75 жастағы ер адам, Шағымдары: 5 сағатқа созылған төстің тұсындағы күйіп тұратын, сол қолына таралатын ауыру сезімі. Сонымен қатар ауа жетіспеушілік, тершеңдік, нитроглицерин қабылдамады. Тропонин I – 2,8 нг/мл. ЭКГ – синусты тахикардия 95 р минутына, ЖЭО -горизонтальды. V1-V6 тіркемелеріндегі ST сегменті депрессияланып теріс Т тісшесіне өткен.
Науқастың диагноы қандай болуы мүмкін?
A) ЖИА, алдыңғы қабырғаның жедел Q-инфаркты
B) ЖИА, төменгі локализациялы жедел Q-инфаркты
C) ЖИА, алдыңғы қабырғаға таралған жедел Q- емес инфаркты+
D) ЖИА, үдемелі стенокардия
E) ЖИА, бүйір қабырғаларының жедел Q-инфаркты
269. 58 жастағы ер адам, шағымдары- теннис ойнаған кезінде ұзаққа созылған жүрек ұстамасы пайда болған. Төстің тұсында қысып ауыратын, сол иық пен сол жағына тарайтын ауыру сезімімен стационарға түскен. Науқастың жағдайы ауыр. Тері жамылғылары ылғалды, тахипноэ, диффузды сұр цианоз. АҚ б. 80/60 мм.сын.бағ. Пульсы минутына 35 рет, толуы әлсіз. Жүрек тондары өте бәсең. Өкпесінің төменгі-артқы бөліктерінде ылғалды сырылдар. ЭКГ-сында: II, III, AVF тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі және ST сегментінің элевациясы, РQ интервалының ұзаруы мен әрбір екінші қарыншалық комплекстерінің түсіп қалуы. ЭКГ өзгерістеріне сәйкес диагнозды таңдаңыз:
A) ЖИА, алдыңғы қабырғаны жедел Q-инфарктымен I дәрежелі AV блокадасы
B) ЖИА, төменгі локализациялы жедел Q-инфарктымен II дәрежелі AV блокадасы+
C) ЖИА, алдыңғы қабырғаның жедел Q-емес инфарктымен I дәрежелі AV блокадасы
D) ЖИА, төменгі локализациялы жедел Q-емес инфарктымен II дәрежелі AV блокадасы
E) ЖИА, бүйір қабырғаларының жедел Q-инфарктымен II дәрежелі AV блокадасы
270. 60 жастағы әйел адам, клиникаға 2 сағатқа созылған ауыру сезімімен «жедел жәрдеммен» әкелінді. Шағымдары: төстің тұсында қатты қырнап қысып ауыру сезімі ұйықтап жатқанда пайда болған. Науқас оянған соң (арасына 3 минут салып 2 таблетка), нитроглицерин қабылдады, ауыру сезімі күшейе берді де, кеудесінің торының сол аумағына, екі қолына, мойны мен астыңғы жағына таралды. ЭКГ: алдыңғы-қалқалық аймақтың, жүрек ұшының трансмуральды миокард инфаркті, жедел кезеңінің белгілері. Осыған сәйкес өзгерістерді таңдаңыз:
A) I, AVL, V1-V4 әкетулерде R тісшесі жоқ, патологиялық QS тісшесі және ST сегментінің 6 мм-ден аса элевацияланып оң Т тісшесімен қосылуы+
B) II, III, AVF әкетулерде R тісшесі жоқ, патологиялық QS тісшесі және ST сегментінің 6 мм-ден аса элевацияланып оң Т тісшесімен қосылуы
C) II, III, AVF әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі
D) I, AVL, V1-ден V6-ға дейінгі әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі
E) I, AVL, V1-ден V4 ке дейінгі әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі
271. 60 жастағы ер адам, бірнеше жыл стенокардиямен ауырады, эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, жүрегінің айнуы, құсу, ішінің желденуі шағымдарымен ауруханаға жатқызылды. ЭКГ: артқы -диафрагмальды аймақтың жедел трансмуральді миокард инфаркті. Осыған сәйкес өзгерістерді таңдаңыз:
A) I, AVL, V1-V4 әкетулерде R тісшесі жоқ, патологиялық QS тісшесі және ST сегментінің 6 мм-ден аса элевацияланып оң Т тісшесімен қосылуы
B) II, III, AVF әкетулерде R тісшесі жоқ, патологиялық QS тісшесі және ST сегментінің 6 мм-ден аса элевацияланып оң Т тісшесімен қосылуы+
C) II, III, AVF әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі
D) I, AVL, V1-ден V6-ға дейінгі әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі
E) I, AVL, V1-ден V4 ке дейінгі әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі
272. 60 жастағы ер адам, ауыр жағдайда өкпе ісінуінің клиникасымен интенсивті терапия блогына жеткізілді. ЭКГ: V1-V3 әкетулерінде QS комплексі, ST сегменті доға тәрізді көтеріліп T тісшесімен қосылып кетеді. Осы ЭКГ өзгерістеріне сәйкес диагнозды таңдаңыз:
A) ЖИА, алдыңғы-қалқалық аймақтың жедел Q-инфаркты +
B) ЖИА, төменгі локализациялы Q-инфаркты
C) ЖИА, алдыңғы қабырғаға таралған жедел Q- емес инфаркты
D) ЖИА, үдемелі стенокардия
E) ЖИА, бүйір қабырғалардың жедел Q-инфаркты
273. 56 жастағы ер адам, жүрек қағуы және төс артының күйдіріп ауыруның фонында есінен танғаннан кейін ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр, боз, денесі суық термен қапталған. АҚ 70/50 мм.сын.бағ. Жүрек тондары бәсең, жиілеген. ЭКГ – қарыншалардың жиырылу жиілігі 180 рет минутына, қарыншалық комплекстері кеңейген, 0,12 сек артық, деформацияланған. Ұстаманы тоқтатқаннан кейінгі ЭКГ: ритмі синусты 80 рет, V2-V4 тіркемелеріндегі патологиялық Q-тісшесі, R тісшесі жоқ, ST сегменті 6 мм жоғарылаған.
Осы клиникамен ЭКГ өзгерістеріне сәйкес диагнозды таңдаңыз:
A) ЖИА, алдыңғы қабырғада орналасқан жедел Q-инфаркты, қарыншалық пароксизмальді тахикардиямен асқынуы. Аритмиялық шок. +
B) ЖИА, төменгі локализациялы жедел Q-инфаркты, қарыншалық пароксизмальді тахикардиямен асқынуы. Аритмиялық шок.
C) ЖИА, алдыңғы өабырғада орналасқан Q-емес инфаркты
D) ЖИА, үдемелі стенокардия
E) ЖИА, бүйір қабырғада орналасқан Q-инфаркты