Тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу.
№1. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері – 15к.%, ал веналық қанда – 10 к.%. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы -74%, ал көктамырда – 48 %. Оттегі мөлшері бойынша артериялық- веналық айырмашылық қандай, және бұл гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№ 2. Артериялық кандағы оттегінің мөлшері 18к.%, ал веналық қанда 6к %. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы 98% ал көктамырда 30%. Оттегі мөлшері бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және бұл гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№ 3. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18к.%, ал веналық қанда 16к.%. Артерияларда гемоглобиннің оттегімен қанығуы 98%, көктамырда 80 %. Оттегі мөлшері бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№ 4. Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 10к.%, ал веналық қанда 4к.%. Қанның оттегілік көлемі төмендеген. Оттегі бойынша артериялық-веналық айырмашылық қандай және гипоксияның қандай түріне сәйкес келеді?
№5.39 жастағы науқаста «Митралды қақпақшаның стенозы» диагнозымен алқыну, акроцианоз байқалады, өкпеде — дымқыл сырыл, әсіресе аяқта жайылған ісінулер, жүрек шекараларының үлкейуі, тахикардия, артериялық гипотензия, ұлғайған және қабырғадан 5 см шыққан бауыр, асцит; диурез азайған.
Қышқылдық – сілтілік үйлесімнің көрсеткіштері:
Рн | 7,32 | раО2 | 71 мм с.б. |
раСО2 | 52 мм с.б. | рvО2 | 47 мм с.б. |
SВ | 18,6 ммоль/л | МК | 26 мг% |
ВЕ | –5 ммоль/л |
Na+ концентрациясы қан плазмасында жоғарылаған; гипо‑ және диспротеинемия; эритроцитоз.
1. Осы жағдайда гипоксияның қандай түрлері дамыды? Жауабын түсіндіріңіз.
2. Науқаста гипоксияға бейімделу белгілері бар ма?
3. Науқаста ісінулердің қандай түрлері бар және олардың патогенезі қандай?
№ 6.60 жастағы науқас Ц. 2 апта бұрын жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының тұсында жайылған трансмуралды инфаркт алған және ауруханада жатқан, түнде ауа жетіспеу сезімімен оянды. Шақырған медбике оның керуетке отырып, аяғын түсіруіне көмектесіп, терезені ашты. Науқас аздап жеңілдеді. Бірақ осыдан 10 минөттен соң ол ентігудің күшейгеніне, ауық-ауық жөтелудің (қақырықсыз) қажеттігіне, сонымен бірге тыныс жолдарында құлағына естілетін сырылдардың пайда болғанына шағымданды. Медбике науқасқа оттегілік масканы беріп, дәрігерді шақырды.
1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Берілген жағдайда гипоксия түрлерінің даму бірізділігі қандай?
3. Бұл жағдайда не себепті раО2, рvO2, оттегі бойынша артерио-веноздық айырма, рН өзгереді, қалай?
№ 7.50 жастағы науқасты үйінде өспе дамыған асқазанынан кенеттен қатты қан кету әсерінен дамыған ауыл халдегі жағдайдан шығарғаннан кейін ӨЖВ аспабын қолдану арқылы жасалынған наркозбен гастроэктомия жасалынды. Шокқа қарсы ем қолдану және операция барысында науқасқа әртүрлі плазма ауыстырушылар (1 литр мөлшерінде) және екі күн сақталған 2,5 л донор қаны енгізілді. Операциядан соң 3-ші күні Hb мөлшері қалпына келгеніне қарамастан науқастың жағдайы ауыр халде қала берді: әлсіздік, бас ауыруы, бас айналуы, аяқ пен қолдарының терісі салқын, гипотензия (70/30 мм с.б.), сыртқы тыныс алудың ауыр бұзылыстары, бүйрек жеткіліксіздігі және сарғыштану (тері мен шырышты қабаттардың сарғыштануы). Науқас ӨЖВ аспабына ауыстырылды.
1. Науқаста операциядан кейінгі 3-тәулікте қандай жағдай байқалды? Жауабыңызды мәлімдеңіз.
2. Гипоксия дамуының себептері мен тетіктері қандай: а) операция алдындағы кезеңде, б) операция кезінде, в) операциядан кейінгі 3-тәулікте?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 537-548.
2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 79-99.
3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 84-87
4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 135-147.
5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 278-290.
6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 340-351
7. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 221 – 228
Қосымша
8. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 525-538.
9. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 478-514.
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ
1. Экзогендік нормобариялық гипоксия пайда болады (2)
A) тауға шыққанда
B) барометрлік қысым жоғарылағанда
C) барометрлік қысым төмендегенде
D) атмосфералық қысым қалыпты болғанда атмосфералық ауада рО2 азайғанда
A) жабық, ауасы тазартылмайтын кеңістікте болғанда
2. Экзогендік гипобариялық гипоксияға тән қан өзгерістері (3)
A) гиперкапния
B) гипокапния
C) гипоксемия
D) газдық алкалоз
E) газдық ацидоз
3. Тыныстық гипоксия пайда болады (1)
A) дем алатын ауада рО2 төмендегенде
B) өкпе гиповентиляциясы кезінде
C) тыныстық ферменттердің белсенділігі төмендегенде
D) қанда гемоглобин азайғанда
E) айналымдағы қан көлемі азайғанда
10. Тыныстық гипоксия кезіндегі қан құрамының өзгерістері (3)
A) гипоксемия
B) гипокапния
C) гиперкапния
D) алкалоз
E) ацидоз
5. Тыныстық гипоксия кезіндегі оттегілік тепе-теңдік көрсеткіштерінің өзгерістері
1. Артериялық қандағы оттегінің үлестік қысымы
2. Қанның оттегілік сыйымдылығы
3. Артериялық қандағы гемоглобиннің оттегімен қанығуы
A) төмендеген
B) жоғарылаған
C) қалыпты
6. Сәйкестікті табыңыз:
1. Оксигемоглобин ажырауы сызығының солға жылжуы
2. Оксигемоглобин ажырауы сызығының оңға жылжуы
A) метаболизмдік ацидоз
B) метаболизмдік алкалоз
C) гипокапния
D) дене қызымының төмендеуі
E) дене қызымының жоғарылауы
7. Сәйкестікті табыңыз:
1. Иіс газымен (СО) улану 2. Нитриттермен улану