Кезең – Стерилизация кезеңі.
Стерилизация үшін 2 әдіс қолданылады:
1. Физикалық әдіс – ыстық құрғақ ауа, жоғары қысымдағы су булары,
инфрақызыл және радиациялық сәулелер.
2. Химиялық әдіс – химиялық ерітінділер, газдар.
Булы әдіспен стеризациялау үшін жоғары қысымдағы су буларын қолданады, автоклавта жасалады. Жоғары қысыммен берілген ыстық бу заттардың ішіне терең еніп өте тиімді әсер етеді.
Булау әдісі аурухана, емхана, микробиологиялық зертхана, фармацевтикалық өндірісте хирургиялық материал, таңу заттарын, резеңкелі түтікше, катетер, биялай, шыны заттарын залалсыздау үшін кеңінен қолданылады. Көлеміне, құрылымына, берілетін қысымына қарай дөңгелек және төртбұрышты; тікелей және көлденең орналасқан автоклавтар қолданылады (суретті қара № 4, 5).
Вертикалды автоклавтарда бұйымдарды алып-салу төбесінен жасалады, көлденең автоклавтар 1 есіктік және 2 есіктік болып шығарылады.
Екі есіктік автоклавты 2 бөлме арасына қойып лас-дайындау және таза-стерильді бөлімдерге бөлуге болады.
Вертикалды автоклавтар 3 бөлімнен құралады:
1. Стеризациялау камерасы.
2. Суды булау камерасы
3. Сыртқы қорғайтын қорап.
Суды булау камерасына электр жылытқыштар қосылады, ыстық будың қысымын және температурасын автоматталған түрде бақылайды. Будың қысымын манометр көрсетеді, қажетті қысымды өзгертуге болады.
Судың температурасын термометр өлшейді, судың көлемін бақылау қажет болса су құятын воронка арқылы дистилденген сумен толтыруға болады. Автоклавтың сыйымдылығы 4, 10, 12, 30, 50, 75, 100, 280, 400, 560, 760 дм3 (3-кесте).
Кесте
Стерилизациялау тәртібі | Қолдануы | ||
Стерилизациялау камерасында бу қысымы (кг/см2) | Стерилизация камерасында жұмыс температурасы Т0С | Стерилизация уақыты, минутта | |
2,2 | Коррозияға төзімді металлдар, шыны, резеңкелі бұйымдар | ||
1,1 | Резеңке, латекс, полимерлі материалдан жасалған бұйымдар |
Алдымен булау камерасына су құйылады, кейін стерилизациялау камерасына бикстерді салып қақпағын бұрап қатты жабады, камерадан буды шығарады. Камерада қысым мен температура қажетті деңгейге жеткен уақыттан бастап залалсыздау уақытын белгілейді. Стерилизациялау біткен соң бетін ашып буды толық шығарады, бикстерді арнайы стөлга қойып, шетіндегі тесіктерді дереу жабу керек. Бикстерді стерильді матамен жауып, толық суынғаннан кейін бөлек есіктен таратады.
Автоматтандырылған булы стерилизатор әлемдік талаптарға сай, қашықтан басқарылады, стерилизация тәртібі бағдарламаға енгізілген.
Медициналық стерилизатор «STERRAD 50» - соңғы технология жетістіктеріне сәйкес жасалған, жоғары температура мен ылғалдылыққа төзімді медициналық аспаптарды тез және қауіпсіз стерилдеуге мүмкіндік береді, коррозия бермейді, аспаптардың өткірлігі сақталады. Стерилизация уақыты қысқартылған – 45 минут.
Сурет. Құрғақ-ыстық шкаф
Дезинфекция камералары
Дезинфекция камералары – бұл булау, ауамен булау, бу - формалинмен өңдеу, ауамен, газдармен залалсыздауға арналған құралдар немесе қондырғылар (сурет №6).
Дезинфекция камераларында киім, төсек заттары, жүн, кілем, кітап және т.б. заттар тиімді және толық залалсызданады. Қайнату да өте тиімді әдіс, бірақ сырт киімдерді, көрпе-төсектерді қайнатуға болмайды, оларды тек арнайы камераларда залалсыздау қажет.
Дезинфекция камераларында физикалық (су булары, ыстық құрғақ ауа), химиялық (формальдегид) тәсілдер немесе екеуі де бірігіп қолданылады.
Дезинфекция камералары емдеу-сауықтыру, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерде, өндірістік мекемелерде орнатылады.
Барлық дезинфекциялық камералардың құрылысы ұқсас:
1. Заттарды салатын жұмыс камерасы.
2. Жылу көздері (булы пеш, от, электр тоғы).
3. Бақылау-өлшеу құралдары (термометр, психрометр, манометр, клапандар).
4. Химиялық заттарды құятын апараттар (сепкіш, шашыратқыш).
5. Желдету құралы мен қондырғылары.
Стерилизациялауәдісіне қарай дезинфекциялау камераларының түрлері:
1. Булы-формалинды камералар – ылғалды ыстық ауа және бу-формальдегид қосындысы қолданылады.
2. Булы камералар – қаныққан су буларымен өңделеді.
3. Ауалы камералар – ыстық құрғақ ауамен өңделеді.
4. Газды камералар – күкірт ангидриді, этилен оксиді, метилбромид, хлорпикринмен өңделеді.
5. Аралас әдісте бірнеше затпен бірге өңделеді.
Құрылысына қарай дезинфекциялық камералар тұрақты, жылжымалы және жиналатын болып бөлінеді.
Тұрақты камералар арнайы бөлмелерде орналастырылады, кедергі қойып 2 бөлімге бөледі, біреуінде лас заттарды қабылдап камераға салады, екіншісінен таза заттарды камерадан шығарып, таратады, онда бақылау құралдары, бұрайтын вентилдер, термометр де болады. Камера бөлмесінде заттарды сорттау үшін сөрелер, бақылайтын сағат, арнайы киімдерді және жеке киімдерді сақтайтын шкафтар, қол жуғыш, сабын, сүлгі болуы керек. Заттарды салу бөлмесінде камераның жұмыс істеу тәртібі, ішкі тәртіп ережелері болуы қажет.
Жылжымалы камераларды көлікке тіркейді, жинамалы камералар толық және жартылай жиналатын болып шығарылады. Жылжымалы және жинамалы камераларға арнайы бөлме қажеті жоқ, бірақ төбесі жабық жерге орнату керек.
Алдымен заттың сапасына қарай, залалсыздау әдісіне қарай сорттап алады, өте сулы заттарды кептіріп алады. Алғашқы партияны салар алдында камераның есіктерін жауып, 10-15 минут қыздырып алады: булы формалин әдісінде температура 50-600 градус, ыстық ауаман залалсыздау әдісінде температура 800 С градусқа дейін.
Дезинфекциялау және дезинсекциялау көлемі, өңдеу температурасы жұқпаның түрінен, қоздырғыштың төзімділігінен және заттың сапасынан байланысты.
Тері және жағалы киімдерді ішін сыртына қаратып, бірі біріне жақындатпай іліп қояды, жүн етіктерді төмен қаратын қояды, бәтеңкелерді сеткаға іліп қояды.
Дез. камераның жұмысын бақылау:
1. Дез. бөлімнің қызметкерлері бақылайды.
2. Арнайы журналда белгіленетін инструкцияға сәйкес режимді сақтау.
3. Температуралық режим туралы мәліметті бақылау-өлшеу приборлары арқылы камераның жұмысын білеміз.
4. Киімдегі температураны білу үшін, киімдерге max. t-ны (15 нүктеге) яғни, әртүрлі деңгейде орналастырыңыз.
5. Мысалы, max. t-ның орнына балқу t-ның, мысалы наориталин (+800С), резорцин (+1100С), күкірт (+1200С). Бұл заттарды шыны трубочкаға салып, киімге саламыз. Егер уақыты біткен соң, олар балқыса t-ра дұрыс деп есептелінеді.
Бірақ max. t-ны; хим.заттар арқылы қанша уақыт өткенін айтуға болмайды. Ең маңызды әдіс – биологиялық.
Сурет. Дез. камера
7-сурет
Залалсызданған заттарды таза бөлмеден алады, жағалы киімді қағады немесе 15 минутқа таза бөлмеге іліп қояды, басқа заттарды шамалы кептіріп шығарады.
Камерада залалсыздау жұмыстарына кеткен уақытты дезинфекциялау циклы деп атайды (7-сурет).
Дезинфекциялау кезеңдері:
1. Сорттау, заттарды камераға салу - 5-10 минут.
2. Камераны қыздырып алу және заттарды кептіру – 10-15 минут.
3. Температураны көтеру (булы камерады қысымды да) –10-15 минут.
4. Камераға формальдегид қосу – 3-10 минут.
5. Залалсыздау - 10 минут – 4 сағат.
6. Қысымды төмендету, қалпына келтіру - 2-10 минут.
7. Формальдегидті нейтрализациялау, камераны заттарымен бірге желдету - 10-40 минут.
8. Заттарды шығару –5-10 минут.
Дезинфекциялық камераларда 2 дезинфектор жұмыс істейді, біреуі лас бөлмеде заттарды сорттап салады, екіншісі бақылап, таза заттарды алып, журналға жазады, таратады. Лас бөлмеден таза бөлмеге өткенде халат, қалпақты шешіп, камераға салады, қолын сабындап жуып таза киім киеді.
Булау пештерінде суды жылытып буға айналдырады, шығатын будың қысымын манометр арқылы өлшеп тұрады.