Дәрігер –интерн гинекологиялық патологиясы бар әйелдердің ауру тарихын толтырады

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА

АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем кафедрасы

«Бекітемін»

Оқу-әдістемелік және

Тәрбие ісі жөніндегі

Проректор М.Ұ. Анартаева

_______________________

Ж.

Жалпы тәжірибелі дәрігер тәжірибесіндегі акушерия және гинекология» пәні бойынша жалпы тәжірибелі дәрігер интерндерге арналған клиникалық емтиханын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау 2014-2015 оқу жылы

Шымкент, 2014 ж.

Әдістемелік нұсқау «Акушерия және гинекология курсымен алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем» кафедрасының мәжілісінде талқыланды және мақұлданды

Хаттама № ____ «____» _______2014 ж.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент _____________ Югай Н.В.

Әдістемелік нұсқау клиникалық пәндердің жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды және мақұлданды

Хаттама № ____ «____» _______2014 ж.

ЖӘК төрайымы м.ғ.к., доцент _______________ Тұртаева А.Е.

Әдістемелік нұсқау факультеттер кеңесінде талқыланды және мақұлданды

Хаттама № ____ «____» _______2014 ж.

Факультеттер кеңесінің төрағасы м.ғ.д., профессор ____________ Қарабеков А.Қ.

Әдістемелік нұсқау ОҚМФА әдістемелік кеңесінде бекітілді

Хаттама № ____ «____» _______2014 ж.

Курс дәрігер –интерндердің клиникалық емиханын жүргізуге арналған дағдылар тізімі

Кезең № Дағдылар тізімі Макс. балл
Гинекологиялық патологиясы бар әйелдердің ауру тарихын толтыру
Жатыр мойынын айналармен қарау
Гинекологиялық ауруларды бимануалды тексеруі
Қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу
Онкоцитологияға жағынды алу
  Барлығы:

Дәрігер –интерн гинекологиялық патологиясы бар әйелдердің ауру тарихын толтырады

Қадамдық әрекеттер өте жак сы жак сы қанағат қанағат-сыз
Ем қабылдаушының паспорттық бөлімін толтырады: аты-жөні, тегі,туылған күні, сым тетігі, мекен жайы, жұмыс орны, мамандығы, қызметі. 2-1,8 1,7-1,5 1,4-1 0,9-
Ем қабылдаушының шағымдарын жазады: - бар шағымдарын жазады; - себептердің пайда болған жағдайын анықтайды; 2-1,8 1,7-1,5 1,4-1 0,9-
Аnamnesis morbi –ді жазады: - симптомдар қай күннен бастап пайда болғанын және қалай олар белгіленеді; - емханаға дейінгі қабылдаған ем тәсілдерін жазады; - бұл ауру немен байланысты екенін жазады; 2-1,8 1,7-1,5 1,4-1 0,9-
Аnamnesis vitae – ні жазады: - балалық шақ кезінен бастап соматикалық және инфекциялық ауруларын; - болған жарақаттары мен оталарды (қашан, себебін); - диспансерлік бақылауда тұратындығын (қандай дәрігерде, қай уақыттан); - мүгедектік тобы бар екендігін; - донорлық қан құйғандығын (қашан, қандай себептерден, асқынулары); - жанұядағы тұқым қуалайтын ауруларды; - аллергиялық реакцияларды; 3-2,7 2,6-2,2 2,1-1,5 1,4-
Осылармен қатар келесі мәліметтерді де жазады: - етеккір қызметін: бірінші етеккірдің келген уақытын, қалыптасқан уақытын, реттілігін, жоғалтатын қанның мөлшерін, ауырсынудың бар/жоқтығын (етеккірге дейін және етеккір кезінде), жыныстық қатынастан кейінгі, босану мен аборттан кейінгі өзгерістер, соңғы етеккірдің бірінші күнін; - жыныстық қызметін: жыныстық қатынастың басталған уақытын (жасын), некеде екендігін; - жүктілік санын: олардың ішінде – босанулар (мерзіміндегі, мерзіміне дейінгі, жасанды және өзіндік аборттар, олардың нәтижелері); - әйелмен қолданылған контрацепция тәсілдерін; - ақкірдің бар /жоқтығын, түсін, иісін, мөлшерін, сыртқы жыныс мүшелерін тітіркенуін; - зәр шығару қызметін, зәр шығару жиілігін, ауырсынудың бар/жоқтығын; - ішек қызметін – іш қатуын, іш өтуін. 3-2,7 2,6-2,2 2,1-1,5 1,4-
Әйелдің объективті тексеруін жазады: - антропометриялық тексеруін нәтижелерін (бойын, салмағын, дене салмағының индексін) - дене бітімінің ерекшеліктерін (астеникалық, нормостеникалық, гиперстеникалық); - сүт бездерінің жағдайын бағалауын (ұштарының жағдайын, симметриялығын, қатаюының болмауын); 3-2,7 2,6-2,2 2,1-1,5 1,4-
Гинекологиялық қараудың нәтижесін жазады: - сыртқы жыныс мүшелерінің жағдайын; - айналарда жатыр мойынының жағдайын (конус пішінді, цилиндр пішінді, деформацияланған), кілегей қабатының түсін, жыртылулардың бар/жоқтығы, эрозияның бар/жоқтығы, қабыну процесстерін, сыртқы ернеудің жағдайын («қарашық» симптомы); - қынаптың кілегей қабатының жағдайын (қатпарлығын, бөлінділерін); - жатырдың пішінін, оның өлшемін, консистенциясын, жылжымалдығын, ауырсынуын; - жатыр қосалқыларының орналасуын, көлемін, консистенциясын,пішінін, жылжымалдығын, ауырсынуын; - қынап күмбездерінің ерекшеліктерін (тегістелуін, тығыздалуы, томпаюын, ауырсынуын, флюктуациясын); - бөлінділерінің сипатын (шырышты, ірің тәрізді, көбікті және т.б.) 3-2,7 2,6-2,2 2,1-1,5 1,4-
Болжам диагнозды жазады. 2-1,8 1,7-1,5 1,4-1 0,9-

Максималды балл – 20

Наши рекомендации