Білімді төмендегі сұрақтар бойынша қалыптастыру

Тақырып №2: Клиникалық материалтану

Курс - 5

Цикл -37 сабақ

1.

2.

3.

4.

5.

Алматы, 2016

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау ортопедиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланды

«19» 05 2016 жыл №19 Хаттама

Ортопедиялық стоматология кафедрасының

меңгерушусуі, м.ғ.д., профессор К.Д.Алтынбеков

Тақырып №2: Клиникалық материалтану

2. Мақсаты:

Білімді төмендегі сұрақтар бойынша қалыптастыру

- заманауи стоматологиялық материалдардың негізгі түрлері бойынша;

- жетілдірілген стоматологиялық материалдардың қолданыстары;

- негізгі конструкциялық материалдар бойынша жасанды тіс протездеріне арналған металдар және олардың қоспалары, керамика;

- көмекші материалдар туралы – қалыпты-өлшем, мүсіндер үшін арналған материалдар, қалыптық материалдар;

- клиникалық материалдар бойынша- протездерді бекітуге арналған цементтер, пластмассалар, адгезивтер.

2) Операциональды дағдыларды қалыптастыру:

- протездің конструкциясына байланысты керекті материалдарды таңдау мен оны негіздеуді дағдылау;

- ортопедтік стоматология клиникасында стоматологиялық материалдарды қолдануға дағдылау;

- стоматологиялық материалдарға қойылатын талаптар мен оларды қолдану көрсеткіштерін білу;

- стоматологиялық материалдардың қасиеттерін, кұрылымдары білу және оларды өңдеу әдістерін меңгеру;

- толық диагнозды қою (негізгі, қосалқы);

- ауыз қуысын протездеуге дайындау іс-шараларын анықтау;

- толық алмалы-салмалы протез дайындаудың клинико-лабораториялық кезеңдері:

- тіссіз жаққа жеке дара қасықты орнату;

- жеке дара қасықты шақтап көру кезінде Гербст сынамасын жүргізу;

- толық алмалы-салмалы протездің фиксациясының әдістері;

- толық алмалы-салмалы протездің фиксациясының неғұрлым рациональды әдісін таңдау.

3) Коммуникативті дағдыларды дамыту:

- науқасты тексеру барысында вербалды және вербалды емес комуникативті дағдыларды дамыту;

- науқастың шағымдарын тыңдай білу мен оны түсінісу;

- науқастың таңдап алынған тіс протезінің құрылымын түсіндіру;

- науқастың таңдап алынған стоматологиялық материалды түсіндіру

4) Төмендегі сұрақтар бойынша құқықтық компетенцияны қалыптасыру:

- науқастың тексеру хаттаманы оқу;

- есеп-тіркеу құжаттарын жүргізу ережелерімен танысып, оны жүргізу

5) Студенттердің тақырыпты меңгеру уәждемесін (мотивациясын) дамыту:

клиникалық материал тану

5. Оқыту міндеттері: ауызша сұрау, оқытушының жұмысын бақылау, демонстация, клиникалық жағдайларды талдау, ситуациялық есептерді шешу, кіші топта жұмыс жасау.

4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

1. Стоматологиялық жадиғаттардың жіктелуі.

2. Негізгі конструкциялық жадиғаттар. Стоматологияда қолданылатын металлдар мен қорытпалардың жалпы сипаттамасы. Металды керамикалы және металды пластмассалы протездеуде қолданылатын стоматологиялық қорытпалар.

3. Пластмассалар. Жіктелуі. Негіздік пластмассалар. Өздігінен қатаятын пластмассалы пломбалайтын жадиғаттар.

4. Фарфорлы массалар.жіктелуі. металды керамикалы фарфорлы массалар.

5. Көмекші жадиғаттар. Қалыптық массалар, мүсіндеуіш массалар және басқалары.

6. Клиникалық жадиғаттар. Стоматологиялық жадиғаттарға қойылатын талаптар.

7. Қалыптық массалар. Жіктелуі. Қалыптық жадиғаттарға қойылатын талаптар. Протездің конструкциясына байланысты қалыптық жадиғаттарды таңдау.

8. Алынбайтын протездерді бекітуге арналған стоматологиялық цементтер, пластмасслар, адгезивтер. Жіктелуі, сипаттамасы, қасиеттері.

9. Өздігінен қатаятын пломбалайтын жадиғаттар. Композициялық жадиғаттар. Сипаттамасы. Қолдануға арналған көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер.

5. Оқытудың және үйретудің әдістері:тақырып бойынша ситуациялық есептер шығару, студент мұғаліммен бірге протез сапасын бағалайды, протезді тапсырып науқасқа ақыл кеңес береді.

Сабақтың хронометражы (академиялық 6,5 сағат есебінде)

Сабақ сатылары Сабақ сатыларының құрамы Оқыту әдістері Бақылау әдістері (оқытушының таңдауы бойынша) Сабақ сатысына берілген уақыт
Кіріспе сатысы Танысу, белгілеу тақырыппен, мотивациялық мінездемесімен, мақсаттары және міндеттерімен таныстыру. - - 5минут
Дайындық бақылауының деңгейі Білім деңгейін анықтау - 1.Ауызша сұрау 2Жазбаша сұрау 3. Қалыңдаған сұрау 4.Блиц-сұрау 5.Тестілеу минут
Негізгі саты 1. Дәрігер стоматолог ортопедтің жұмыс орнын дайындауын көрсетеді 2. ортопедиялық стоматоло-гиялық науқасты тексеруді көрсетеді. 3. Студенттер кіші топта (2-3 адам) науқасқа клиникалық тексеру жүргізеді (волонтерда). Түсіндіру, демонстрация талдау, оқытушының жұмысын бақылау Кіші топта жұмыс жасау 1.Коммуникативті дағдыларды тіке бақылау 100 минут
  Үзіліс       30 минут
  Негізгі саты - жалғасы 1. Дәрігер стоматолог ортопедтің жұмыс орнын дайындауын көрсетеді 2. ортопедиялық стоматоло-гиялық науқасты тексеруді көрсетеді. 3. Студенттер кіші топта (2-3 адам) науқасқа клиникалық тексеру жүргізеді (волонтерда). Түсіндіру, демонстрация талдау, оқытушының жұмысын бақылау Кіші топта жұмыс жасау 1.Коммуникативті дағдыларды тіке бақылау 120 минут
Сапаны бағалау сатысы 1.Білімді қорытынды бақылау   1.Жазбаша сұрау 2.Қалыңдаған сұрау 3.Блиц-сұрақ 4.Тестілеу 10 минут
2.Кері байланыс құру     10 минут
3.Бағалаушы рубрикаларды, чек-парақтарды толтырып, балды есептеу     5минут
4. Бағалармен таныстырып, журналды толтыру.     5 минут
5. Келесі тақырып бойынша түсінік беру     5 минут
  Барлығы       335 минут

6. Әдебиеттер:

  1. Дойников Л. И. Зуботехническое материаловедение. - М.: Медицина, 1981.
  2. Жулев Е.Н. Материаловедение в ортопедической стоматологии. - Ниж.Новгород: НГМА, 1997.
  3. Копейкин В.Н., Кнубовец Я.С, Курляндский В.Ю. Зубопротезная техника. - М.: Медицина, 1978.
  4. Рузуддинов С.Р., Исендосова Г.Ш., Жаубасова А.Ж. Материаловедение в ортопедической стоматологии. - Алматы, 2000. - 192 б.
  5. Рыбаков А.И. Материаловедение в стоматологии. - М.: Медицина, 1984.

6. Абакаров С.И. Получение оттиска для изготовления металлокерамического мостовидного протеза. // Стоматология. - 1990. - № 6.

7. Гернер М.М., Батовский М.Н., Шарчилев В.М. Основы материаловедения по стоматологии. - М.: Медицина, 1969.

8. Завадка А.Е. Особенности получения слепка при изготовлении бюгельного протеза при подвижности зубов. // Стоматология. - 1989. - № 2.

7. Бақылау:

Науқас., 37 жас, ортопедиялық стоматология клиникасына эстетикалық ақау барына шағымданып келген.

Анамнез: Жоғарғы орталық күрек тісі кариестен бірнеше рет емделген, бірақ пломбасы бекітілмей, жиі түсіп қала берген.

Объективті: Орталық күрек тістің кесу-дистальді бетіндегі пломба сынығы бар.

Сұрақтар:

Диагноз қою;

Жасалатын протездің құрылымын таңдау

Таңдап алынған протез құрылымына қандай қалыптық жадиғаттар қолданылады және неге?

Наши рекомендации