Төмендегі сұрақтар бойынша құқықтық компетенцияны қалыптасыру

Тақырып №17: Тістердің аса қажалуымен асқынған тіс қатарының ақауларын ортопедиялық емдеу ерекшеліктері

Курс - 5

Цикл -37 сабақ

1.

2.

3.

4.

5.

Алматы, 2016

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау ортопедиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланды

«19» 05 2016 жыл №19 Хаттама

Ортопедиялық стоматология кафедрасының

меңгерушусуі, м.ғ.д., профессор К.Д.Алтынбеков

Тақырыбы №17: Тістердің аса қажалуымен асқынған тіс қатарының ақауларын ортопедиялық емдеу ерекшеліктері

2. Мақсаты:

1) Білімді төмендегі сұрақтар бойынша қалыптастыру:

- тістің аса жоғары қажалуының (ТАЖҚ) жіктемесі мен нозологиялық түрі;

- ортопедиялық емнің рөлі;

- ортопедиялық емді жүргізу туралы түсінік;

- ТАЖҚ - мен ауыратын науқастарды тексерудің ерекшеліктері;

- медициналық документтерді толтыру ережелер.

2) Операционалды дағдыларды қалыптастыру:

- науқас адамның шағымын анықтау, анамнез жинау;

- науқасты тексеру, алынған мәліметтерді талқылау;

- тексерудің негізгі және қосымша мәліметтерін талдау.

3) Коммуникативті дағдыларды дамыту:терминдер мен түсініктерді енгізу арқылы «шағымдарды нақтылау», «тіс- жақ сүйек жүйесі», «аурудың нозологиясы мен морфологисы», «алынған мәліметтерді талдау» терминдерін түсіну.

Төмендегі сұрақтар бойынша құқықтық компетенцияны қалыптасыру

- тісі аса жоғары қажалған науқастарды тексерудің хаттамасы;

- науқастың медициналық картасын толтыру.

5) Студенттердің тақырыпты меңгеру уәждемесін (мотивациясын) дамыту:

Пародонт ауруры кезінде тіс қатарының ақауларын ортопедиялық емдеу ерекшеліктері

3. Оқыту міндеттері: тістердіңаса қажалуын ортопедиялық емдеу жүргізуді қалыптастыру

4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

1.Тістердің аса жоғары қажалуының салыстырмалы диагностикасы.

2.Тіс қатары кетігінің классификациясы.

3. Тіс қатары кетігі болғандағы тістердің аса қажалуымен жүретін беттің төменгі бөлігінің томендемеген кездегі клиникалық көрінісінің ерекшеліктері.

4.Тіс қатары кетігі болғандағы тістердің аса қажалуымен жүретін беттің төменгі бөлігінің томендеген кездегі клиникалық көрінісінің ерекшеліктері.

5. Тіс қатары кетігі болғандағы тістердің аса қажалуымен жүретін беттің төменгі бөлігінің томендемеген кездегі орпедиялық емдеу ерекшеліктері.

6. 5. Тіс қатары кетігі болғандағы тістердің аса қажалуымен жүретін беттің төменгі бөлігінің томендеген кездегі орпедиялық емдеу ерекшеліктері.

7. Тіс қатары кетігі болғандағы тістердің аса қажалуы кезінде ортопедиялық емнің құрылымдық ерекшеліктері.

5. Оқыту және үйретудің әдістері: ауызша сұрау, оқытушының жұмысын бақылау, демонст-рация, клиникалық жағдайларды талдау, ситуациялық есептерді шешу, кіші топта жұмыс жасау.

Сабақтың хронометражы (академиялық 6,5 сағат есебінде)

Сабақ сатылары Сабақ сатыларының құрамы Оқыту әдістері Бақылау әдістері (оқытушының таңдауы бойынша) Сабақ сатысына берілген уақыт
Кіріспе сатысы Танысу, белгілеу тақырыппен, мотивациялық мінездемесімен, мақсаттары және міндеттерімен таныстыру. - - 5минут
Дайындық бақылауының деңгейі Білім деңгейін анықтау - 1.Ауызша сұрау 2Жазбаша сұрау 3. Қалыңдаған сұрау 4.Блиц-сұрау 5.Тестілеу минут
Негізгі саты 1. Дәрігер стоматолог ортопедтің жұмыс орнын дайындауын көрсетеді 2. Ортопедиялық стоматологиялық науқасты тексеруді көрсетеді. 3. Студенттер кіші топта (2-3 адам) науқасқа клиникалық тексеру жүргізеді (волонтерда). Түсіндіру, демонстрация, талдау, оқытушының жұмысын бақылау Кіші топта жұмыс жасау 1.Коммуникативті дағдыларды тіке бақылау минут
Үзіліс       30 минут
Негізгі саты - жалғасы 1. Дәрігер стоматолог ортопедтің жұмыс орнын дайындауын көрсетеді 2. Ортопедиялық стоматологиялық науқасты тексеруді көрсетеді. 3. Студенттер кіші топта (2-3 адам) науқасқа клиникалық тексеру жүргізеді (волонтерда). Түсіндіру, демонстрация, талдау, оқытушының жұмысын бақылау Кіші топта жұмыс жасау 1.Коммуникативті дағдыларды тіке бақылау минут
Сапаны бағалау сатысы 1.Білімді қорытынды бақылау   1.Жазбаша сұрау 2.Қалыңдаған сұрау 3.Блиц-сұрақ 4.Тестілеу 10 минут
2.Кері байланыс құру     10 минут
3.Бағалаушы рубрикаларды, чек-парақтарды толтырып, балды есептеу     5минут
4. Бағалармен таныстырып, журналды толтыру.     5 минут
5. Келесі тақырып бойынша түсінік беру     5 минут
  Барлығы       335 минут
             

6. Әдебиеттер:

Негізгі

1. Бушан М.Г. "Патологическая стираемость зубов".

2. Копейкин В.Н. "Ортопедическая стоматология" М.Мед. 1998 г.

3. Гаврилов Е.Н. "Деформация зубных рядов" М. 1984 г.

4. Щербаков.А.С.Гаврилов.Е.Н.Трезубов.В.Н.Жулев.Е.Н. Ортопедическая стоматология. М.Мед. 1998. 595 с..

5. Руководство по ортопедической стоматологии В.Н.Копейкина.М.1998.

6. Пономарев В.А. Механизм развития и способы устранения зубочелюстных деформаций. М.Мед.1994.

қосымша:

1. Кульманбетов И.А. Влияние света гелий-неонового лазера на течение пародонтита и сахарного диабета в эксперименте. Диссертация канд.мед.наук. Алматы 1983.

2. Рузуддинов С.Р., Телебаева Г.Т., Петрова Л.А. "Логика-дидактические структуры в изучении пропедевтики орт.стоматологии".

Бақылау

1.Науқас С., 60 жас, тістерінің болмауына, сезімталдығына, эстетикалық ақауға, шайнау қызметінің бұзылуына шағымданып келді. Бұрын ортопедиялық ем қабылдамаған.

0 0 0 0 0 0 0

-------------------------------------

8 7 6 5 4 3 2 1 ! 1 2 3 4 5 6 7 8

-------------------------------------

0 0 0 0 0 0 0

Объективті: қалған тістердің сауыты 1/3 биіктігіне қысқарған. Перкуссия ауырмайды. Тістің төмпешіктерінің кесу қырлары қажалған, дентин көрінеді. Рентген суретте альвеола сүйегінде өзгерістер байқалмайды.

Сұрақтар: 1. Диагноз.

2. Емдеу жоспары.

Наши рекомендации