Жүре пайда болған жүрек ақаулары
Жүрек қақпақшалары
Жүре пайда болған жүрек ақаулары
Жүре пайда болған жүрек ақаулары – бұл аурудың негізінде жедел және созылмалы аурулардың және жарақаттардың әсерінен қақпақтық аппараттың (қақпақ жармалары, фиброздық сақинаның, хорданың, папилярлық бұлшық еттердің) морфологиялық және /немесе қызметтік бұзылысы жатыр, нәтижесінде жүрек ішілік гемодинамика бұзылады.
Митралды қақпақтың шамасыздығы
Митралды қақпақтың шамасыздығы- жүре пайда болған жүрек ақауы, митралды қақпақтың зақымдануы нәтижесінде систола кезінде жармалар толық жабылмайды, осының салдарынан сол қарыншадан сол жүрекшеге қанның белгілі көлемі кері оралады.
Себептері
l ревматизм 75%,
l атеросклероз,
l инфекциялық эндокардит,
l жүйелік аурулар,
l жарақат.
Гемодинамика бұзылыстары
Митралды қақпақтың шамасыздығының нәтижесінде СҚ систоласы кезінде қанның бір көлемі СЖ оралады, СЖ қан көлемі көбейеді, диастолада кезінде көп мөлшерде қан СҚ түседі. Бұл екі бөлімнің гипертрофиясына әкеледі, СЖ гидростатикалық қысымның жоғарылауынан, Китаев рефлексі іске қосылып, КҚШ артерияларының тарылуынан КҚШ гипертензия дамиды. ОҚ күш түседі, кейін гипертрофиясы дамиды. Осы ақаулардың салдарынан алдымен СҚ кейін ОҚ шамасыздығы дамиды.
Митралды қақпақтың шамасыздығы кезіндегі патологиялық өзгерістер.
Қақпақтар жармаларының бүрісуі және деформациясы нәтижесінде қақпақтардың шеттері толық жабылмайды. Жармаларды бекітіп тұратын сіңірлік жіпшелердің қалыңдауы және қысқаруы нәтижесінде қақпақтар жабылмайды. Митралды сақинаның қабынулық және тыртықтық өзгерістері бұлшық еттің жиырылуы кедергі жасайды.
Симптомдары
l Жүрек ұшында және Боткин нүктесінде бірінші тон әлісейді немесе болмайды
l Өкпе артериясында екінші тон күшейеді
l Сол қарыншаның гипертрофиясы нәтижесінде үшінші тон болуы мүмкін.
l Жүрек ұшында систолиялық шу естіледі
l Қосымша симптомдары
l Жүрек бүкірі болуы мүмкін
l Жүрек ұшы соққысы күшті және жайылмалы
l Эпигастралды пульсация болуы мүмкін
l Жүректің шала тұйық шекаралары солға және жоғары жылжиды
l Акроцианоз
Диагностикасы:
l Рентгенография – СҚ және СЖ гипертрофиясы анықталады, мықыны тегістеледі. Декомпенсация кезеңінде ОҚ гипертрофиясы анықталады. Өкпе гипертензиясының белгілері анықталады (өкпе түбірінің кеңеюі, контурларының айқын болмауы).
l ЭКГ– СЖ және СҚ гипертрофия белгілері анықталады.
l Фонокардиограмма – бірінші тон амплитудасы төмендейді, оның систолиялық шумен бірігуі байқалады. Екішні және үшінші тон арасындағы интервал 0,12 с.
l Эхокардиограмма – митральды қақпақтар жармаларының систолиялық сепарациясы және сол жақ қарыншаның және сол жүрекшенің гипертрофиясы көрінеді.
Митралды қақпақтың стенозы
Митралды қақпақтың стенозы-жүре пайда болған жүрек ақауы, митралды қақпақтың зақымдануы нәтижесінде сал жақ атриовентрикулярлық саңлау толық ашылмайды, осының салдарынан сол жүрекшеден сол қарыншаға қан толық түспейді.
Себептері
Митралды қақпақ стенозының себептері:
l ревматизм,
l атеросклероз,
l инфекциялық эндокардит,
l сол жақ жүрекшенің миксомасы.
Митралды қақпақтың стенозы кезіндегі патологиялық өзгерістер.
Қақпақтар жармаларының бір-бірімен жабысуы нәтижесінде және хорда аппаратындағы өзгерістер (қысқаруынан), қақпақ саңлауы тарылады.
Гемодинамикалық өзгерістер.
Митралды қақпақтың стенозы нәтижесінде сол қарыншаның диастоласы кезінде сол жүрекшеден сол қарыншаға қан толық түспейді, сол жүрекшеде қан көлемі көбейеді. Бұл сол жүрекшенің гипертрофиясына (кейін дилятациясына) әкеледі, сол жүрекшеде, өкпе веналарында, капиллярларында гидроста-тикалық қысымның жоғарылауынан, Китаев рефлексі іске қосылып, КҚШ артерияларының тарылуынан КҚШ гипертензия дамиды. Оң қарыншаға күш түседі, кейін оң қарыншаның гипертрофиясы дамиды.
Cимптомдары
Шағымдары: ентігу, жүрек тұсында ауырсыну, бас айналу.
Қарағанда: бет ұштарының митралды қызаруы, жүрек бүкірі, эпигастралды пульсация болуы мүмкін.
Кіші қан айналым шеңберінде бұзылысқа байланысты асқынулар:
l жүрек демікпесі, өкпе шемені
l қан қақыру және өкпеден қан кету,
l өкпе артериясының аневризмасы
l инфекциялық асқынулар
Диагностикасы:
l Рентгенография – жүректің митралды конфигурациясы, оң қарыншаның және сол жүрекшенің гипертрофиясы, өкпе түбірі кеңейеді. Өкпе гипертензиясының белгілері анықталады (өкпе түбірінің кеңеюі, контурларының айқын болмауы).
l ЭКГ – сол жүрекшенің және оң қарыншаның гипертрофия белгілері анықталады.
l Фонокардиограмма – бірінші тон амплетудасы күшейеді, митралды қақпақтың қосымша ашылу тоны, одан кейін диастолиялық шу естіледі.
l Эхокардиограмма – митральды қақпақтар жармаларының қалыңдауы, сол жақ жүрекшенің және сол жақ қарыншаның қуыстарының кеңеюі көрінеді.
Қолқа қақпағының шамасыздығы
Қолқа қақпағының шамасыздығы- жүре пайда болған жүрек ақауы, қолқа қақпағының зақымдануы нәтижесінде диастола кезінде жармалар толық жабылмайды, осының салдарынан қолқадан сол қарыншаға қанның белгілі көлемі кері оралады.
Себептері
l ревматизм
l инфекциялық эндокардит
l Мерез
Гемодинамика бұзылыстары
Қолқа қақпағының диастола кезінде толық жабылмауынан регургитация (қанның кері оралуы) механизмі іске қосылады. Сол қарыншаның диастолалық күш түсуіне және шеткі қан айналым аздығына алып келеді. Сондықтан систола кезінде қолқаға көп мөлшерде қан түседі. Систолиялық артериялық қысым жоғарылайды.
Систолалық артериялық қысым жоғарылайды. Диастола кезінде сол қарыншаға қанның бір бөлігі қайта оралады, нәтижесінде диастолалық артериялық қысым төмендейді. Жүректің сол жақ бөлімдерінің гипертрофиясы дамып, митралды қақпақ сақинасының керілуіне әкеледі, оның салдарынан салыстырмалы митралды шамасыздық дамиды. Ақау үдеген сайын алдымен сол қарыншаның, кейін оң қарыншаның шамасыздығы дамиды.
Симптомдары
Шағымдары: жүрек тұсында ауырсыну (стенокардия ұстамасындағыдай), жүрек қағуы, терінің бозғылттығы.
Қарағанда:
l Ұйқы артерияларының пульсациясы
l Көз қарашығының пульсациясы
l Мюссе симптомы
l Аорта доғасының пульсациясы
l Систолалық артериялық қысымның жоғары болуы және диастолиялық артериялық қысымның төмен болуы
l Капиллярлық пульс
l Пульсі биік және жылдам
Диагностикасы:
l Рентгенография – СҚ гипертрофиясы анықталады, мықыны айқын – қолқалық конфигурация. Қолқа пульсациясы амплитудасының артуы.
l Электрокардиограммада – жүректің электрлік өсінің солға ығысуы, СҚ гипертрофиясының белгілері анықталады.
l ФКГ – бәсеңдейтін протодиастолалық шу естіледі, екінші тоннан кейін. Қолқаның бастапқы бөлігі үлкейгенде қақпақ тұсында систолалық шу естіледі. Пресистолалық қысқа Флинт шуы естілуі мүмкін.
l ЭхоКГ – диастола кезінде митральды қақпақтың алдыңғы жармасының дірілі. Қолқа қақпағы деформациясының анықталуы. СҚ дилатациясы. СҚ қабырғасының гиперкинезі.