Айталамалы генитальды ұшықтың диагностикасы
Науқастарда көбіне суық тиюге бейімділік, жалпы әлсіздік, субфибрильді дене қызуы , депрессивті жағдай байқалады.
Генитальді ұшық диагностикасы қиын, себебі ЖҰВ әртүрлі инфекциялармен: стрептококк, стафилококк, саңырауқұлақтық флора, хламидиямен бірге жүруі мүмкін.
Зертханалық диагностикасы
Вирусологиялық зерттеу
Материал: көпіршік сұйықтығы, эрозия түбінен қырынды, уретра қабырға-сынан, қынап қабырғасынан, цервикальды каналдан қырынды, қан, сары су.
Алынған материалды 30-40 минутқа 56% этил спиртімен фиксацияланады және боялады (56% этил спирті – 10 с, дистилляцияланган су – 10 с, гематоксилин – 8 мин, сумен жуу – 10-15 мин, эротрозин 0,1% - 30-60 с, 95% этил спирті – 3 мин, ксилол – 5 мин). Жұғын жарық микроскоппен қаралады. Цитологиялық зерттеуде ядроішілік қосылыстармен көпядролы алып торшалар анықталады.
Экспресс-диагностика
Флюоресцирлеуші антидене әдісінің көмегімен жасалады. Антиденені алдын-ала флюорохроммен қосады. АГ+АД реакциясынан кейін изумрудті жасыл жарықтандырумен люминисценттік микроскопта препаратты қарап вирусті АГ анықтауға болады. Нәтижелерді бағалаған кезде антиген құрылымды торшалардың санын, сипатын, арнайы жарықтандыру орнын және оның қарқындылығына көңіл аударылады. Егер 3-тен кем емес өзгерген морфологиялық эпителидің торшалары болса, жұғын оң болып саналады,
Қазіргі кезде екі әдіс қолданылады:
· Тікелей нұсқа – реакция флюорохроммен байланысқан АГ және АД арасында жүреді.
· Тікелей емес нұсқа – басында реакция АГ ЖҰВ және вирусқа антисарысу арасында жүреді, кейін флюорохром антитүрлік глобулинмен жүреді.
Генитальды ұшықтың емі
Генитальді ұшықтың вакцинациясы тек бірнеше қайталамалы иммуномодульдеуші және иммуностимульдеуші терапияның әсері болмағанда жүргізіледі.
Ұшықтық инфекцияның жергілікті көріністерінде зақымдалу ошағына әртүрлі препараттар қолданылады.
Қазіргі кезде гелий-неондық лазермен емдеу қолданылады. Бұл терапияны аурудың жедел кезеңінде тағайындайды. Генитальді ұшық асқынған және қайталамалы формаларымен зардап шегуші науқастарды негізгі емі – ұшықтық вакцина.
Науқастарды емдеуді арнайы емес иммунотерапиядан бастау керек.
Арнайы емес иммунотерапия аяқталғаннан соң науқастарға ұшықтық вакцина тағайындайды. Содан кейін дибазол және элеутерококкпен 2 курс ұсынылады. Әр 6-8 айдан кейін осы науқастарға ревакцинация жүргізіледі.
Қайталамалы генитальді ұшықпен сырқаттанған науқастарға ревакцинация арасында иммуномодульдеуші терапия тағайындалады (нуклеинат Na, поливитаминдер, продигизан).
Генитальді ұшықты емдеуде және алдын алуда қазіргі кезде вирусқа қарсы препараттар,эндогенді интерферон,иммунды модуляторлар,жергілікті ем қолданылады.
№ 3 таблица
Генитальді ұшықты жалпы және жергілікті емдеу
Препарат аты | Енгізу әдісі мен кезеңділігі | бірлікті доза | Курс | Ескерту | ||||
Иммундық жүйеге әсері | ||||||||
Т – акти- вин | Тері астына аптасына 2 р. | 100 мкг | 10 инъекция | Клеткалық иммунитет көрсеткіштерін бақылаумен | ||||
Тимолин | Б/е күніне 1 р. | 10 мг | 10 инъекция | |||||
Спленин | Б/е күніне 1 р. | 1 мл | 10 инъекция | |||||
Левамизол | Per os күнара тамақтан соң 1 рет н/е 3 күн дік циклмен 4 күндік үзіліс- пен | 0,05-0,1 г | 3-5 апта | Лейкоцит санын 4000 дейін азайту препарат берілмейді | ||||
Нуклеинат Na | Per os тамақтан соң 3 рет/күн | 0,01 г | 10 күн | |||||
Пирогенал | Б/е күніне 1 р. | 500-1000 МПД | 10-30күн | 50 ден 1000 МПД дозаны көтеру | ||||
Проди- гиозан | Б/е күніне 1 р. | 0,5-1 мл 0,005% ерт. | 3-6 күн | Дене температурасын өлшеу | ||||
Полиомие литтік вакцина | Per os тамақтануға 2 сағ айына 1 р. | 0,2 мл | 3 қабылдау | |||||
Элеутеро- кокк | Per os күніне 1-2 рет | 15-25 тамшы | ||||||
Дибазол | Per os күніне 2 рет, 4 күн цикл, 3 күн үзіліс | 0,02 г | 6 аптадан 2 курс, үзіліс 2 апта | Дибазолмен элеутерококкты бір уақытта тағайындамайды. | ||||
Витамин В1 | б/е күніне 1 р. | 6% ерітінді 1 мл | 10-15 инъекция | В1 және В12 алмастыру | ||||
Витамин В12 | б/е күніне 1 р. | 3 мл | 10-17 инъекция | |||||
Қызылшаға қарсы гаммаглобулин | Б/е 3-4 күнде 1 рет | 2 мл | 5-7 инъекция | |||||
Ұшыққа қарсы иммуноглобулин | – | 3 мл | – | В тобы витамин- дерімен бірге тағайындайды | ||||
Қалыпты адам иммуноглобулині | – | 3 мл | – | – | ||||
Вакцинотерапия | ||||||||
Ұшықтық поли- валенттік вакцина | т/і 7-10 күнде 1 рет | 0,2 мл | 5 инъекция | Иықтың тері іші кеңістігіне енгізеді, ревакцинация әр 6-8 айдан соң 3-5 рет | ||||
Вирусқа қарсы терапия | ||||||||
Ацикловир | Ішке 5 рет күніне | 0,2 | 5-7 күн таб | Рецидив кезінде | ||||
Валтрекс | 1-2 рет - күніне | 0,5 | 5-10 күн таб | Рецидив кезінде - | ||||
Теброфен | Жергілікті күніне 3-4 рет күнара | 2-3-5 % | - | Зақымдалу ошақтарына жеңіл жағумен | ||||
Алпиразин | Жергілікті күніне 4 рет күнара | 1-2-3 % | - | |||||
Метосин | Жергілікті күніне 2-3 рет | 3% | 30 күн | Рецидив кезеңінде емес | ||||
Адам интерфероны | - | 2 мл | 5-7 күн | Рецидив кезеңінде интерферон мен ДНК-азаны қолданар алдында дист. Сумен араластырып марлі көмегімен ошаққа жағады | ||||
ДНК-аза | - | - | - | |||||
Сульфат жартылай докцилині | - | - | - | |||||