Клиникалық диагностикасы. Ларинготрахеит симптомдары жиі түңгі уақытта кенеттен басталады: ісіну формасында ЖРВИ 1-3 тәулігінде дене температурасы

Ларинготрахеит симптомдары жиі түңгі уақытта кенеттен басталады: ісіну формасында ЖРВИ 1-3 тәулігінде дене температурасы жоғарылағанда және катаральді белгілер фонында; обтурациялық формасында бактериялық флорамен шақырылған ЖРВИ 3-5 күнінде дамиды. Баланың ауырлық жағдайы байламастылық кеңістік стенозының дәрежесіне мен тыныс жетіспеушілігіне тәуелді. Стеноздың төрт ауырлық жағдайын бөліп қарастырады.
1 дәреже (компенсациялық стеноз). Жағдайы орта ауырлықта. Есі анық. Бала мазасыз, төсекте ыңғайлы қалыпты таба алмайды. Мазасызданудың әсерінен инспираторлы ентігу мен үрме жөтел байқалады. Тыныштық қалпында - тынысы бір қалыпты, кеуденің шамадан тыс тыныс алуға қатысуы байқалдмайды. Дауысы қарлыққан. Тері жамылғылары қалыпты түстес. ЖСЖ қалыптыдан 5-10% жоғарылайды.
2 дәреже (субкомпенсациялық стеноз). Жалпы жағдайы ауыр. Бала қозған, мазасыз, ұйқысы бұзылған. Ысқырықты шулы тынысты терең үрме жөтел ұстамасы бөледі. Инспираторлы ентігу күшейіп кеуде клеткасы ішке қарай еніп, мойындырық тесігі, мұрын қанаттары үрленеді. Дауысы қарлыққан немесе жарықшақтанған. Терісі бозарған, мұрын үшбұрышының цианозы байқалады. ЖСС қалыптыдан 10-15% жоғарылаған.
3 дәреже (декомпенсациялық стеноз). Баланың жағдайы өте ауыр. Бала қозған немесе тежелген, естің жабығуы болуы мүмкін. Дем алуы кенеттен қиындап, қосымша бұлшықеттер тыныс алуға қатысады, ал дем шығару қысқарған. Тері мен шырышты қабаттар бозғылт, кейде жер түстес, акроцианоз, салқын тер. Айқын жүрек жетіспеушілігі симптомдары: терінің мәрмәр түстес болуы, тахикардия - ЖСС қалыптыдан 15% жоғарылаған, жүрек тондары анық емес, жиі әлсіз аритмиялық пульс, бауырдың ұлғаюы байқалады.
4 дәреже (асфиксия). Жағдайы өте ауыр. Есі анықталмайды, көз қарашықтары кеңейген, құрысулар болуы мүмкін. Тыныс алуы беткей, шусыз. Тері қабаттары цианозды. Жүрек тондары тұйық, брадикардия - жүректің тоқтауына алып келетіндей сезім, пульс жіп тәріздес немесе толық анықталмайды. Сонымен тыныс алу мен жүрек соғысы тоқтайды.
Стенозды ларинготрахеитті дифтериялық этиологиялы нағыз круппен, көмейдің аллергиялық ісінуімен, жұтқыншақартылық абцесспен, эпиглотпен, көмейдің бөгде денесімен, обструктивті бронхит пен спазмофилия кезіндегі ларингоспазммен дифференциалды диагностика жасайды себебі бұның нақты терапия таңдауда қағидалық маңызы бар.
Шынайы дифтериялық крупқа тән: стеноздың бірте-бірте басталуы, афониялық дауыс, дененің субфебрильлді температурасы, катаральді белгілер болмайды, бадамша бездер кір-сұр түстес жабындымен жабылған, ауызынан шіріген иіс, жақасты лимфатүйіндерінің ұлғаюы, мойын шел май қабатының ісіну, ларингоскопия кезінде - дыбыс байламдарында тығыз фиброзды жиналулар.
Жұтқыншақартылық абцесске жедел субфебрильлді температурамен айқын интоксикация симптомдарымен, өрістеуші тұншығуға алып келетін инспираторлық ентігу, қорылды тыныс, баланынң мәжбүрлі қалпы – бастың артқа және ауырсынған жағына қарай шалқаюы, фарингоскопия кезінде – жұтқыншақтың артқы қабырғасының шығып тұруы мен флюктуация симптомы тән.
Эпиглотит тез дамитын стеноз симптомдарымен, жедел фебрильді температураның жоғарылауымен, айқын дисфагияммен баланың мәжбүр қалпы – отырған қалпында, аңқасын қарағанда – тіл түбінің қою-шиелі инфилтрат байқалып, тікелей ларингоскопия кезінде – көмекей және көмекей кеңістігінің ісінуі тән.
Бөгде дене, обструктивті бронхит, көмейдің аллергиялық ісінуін, спазмофилия кезіндегі ларингоспазммен дифференциалды диагностикасы сәйкес бөлімдерде қарастырылған.

Жедел жәрдем:
1.Төсекте бас жағын жоғарылатқан қалпында, таза ауамен қамтамасыз ету (мүмкіндігінше ылғалды ауа). Көп мөлшерде жылы сұйықтық қабылдау.
2. Жылытатын іс-шаралар: ыстық аяқ, қол ванналары
3. Стеноздын І дәрежесінде:
- мұрын жолдарына қантамыр тарылтатын тамшыларды (0,05%нафтазин немесе галазолин ерітіндісін) тамызу.
- нафтазин ерітіндісінің 0,025% (1:10) ультродыбыстық ингаляцияны күніне 2-3 рет жасау, ісіну формассында ингаляциямен жолжелкен шырынын (1:10) және/немесе ингаляцияға арналған (1:10) лазолван ерітіндісін алмастырып беру. Обтурациялық формасында – жолжелкен шырыны мен натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісін пайдалану.
4. Стеноз белгілерінің үдей түсуінде (І-ІІ дәреже, ІІ-ІІІ дәреже):
-оксигенотерапия;
-І-ІІ дәрежесінде ультродыбыстық ингаляция – күніне 3 рет, ІІ-ІІІ дәрежесінде – үнемі параоттегтің бөлмеде: ісіну формасында кортикостероидтармен аэрозольмен ингаляция (гидрокортизон 12,5-25 мг ингаляциялық құрамда) жасайды; обструкциялық түрінде – натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен ингаляция, әсері болмаған жағдайда химотрипсинмен бірге;
-преднизолон тәулігіне 2-3 мг/кг дозасында ішке қабылдауға;
-айғын мазасыздану кезінде – 0,5% седуксен ерітіндісі 0,05 мл/кг (0,3мг/кг) б/е;
5. Стеноздың ІІІ-IV дәрежесінде:
-параоттегілік бөлмеде оксигенотерапия;
-преднизолон 5-7 мг/кг дозада б/е немесе к/і;
-тікелей ларингоскопия мен кеңірдек интубациясын жасау үшін реанимациялық бригаданы шақыру;
-жоғарыда аталған іс-шаралардан нәтиже болмаса ӨЖЖ шараларын жүргізу.
Стеноздаушы ларинготрахеитпен балаларды жедел көмек көрсеткеннен кейін госпитализациялау керек: І-ІІ дәрежелі стенозды – инфекциялық бөлімшеге, ІІІ- IV дәрежелі – жансақтау бөліміне жатқызу.

Бронхообструктивті синдром
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Бронхообструктивті синдром жедел тыныс жетіспеушілігінің бір обструкциялық түрі болып табылып, бронхтық ағаштың бронхоспазм және шырышты қабатының ісінуі мен гиперсекреция салдарынан төмен обстукциясы.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Балалардағы бронхообструктивті синдромының негізгі клиникалық формалары:
1. Инфекциялық обструктивті бронхит.
2. Бронхиолит.
3. Бронхта бөгде дене салдарынан бронхообструктивті синдром.
4. Бронхтық астма

Наши рекомендации