ПиелонефриттердіҢ жӘне зӘртас ауруыныҢ емі

Режим және емдік тамақтану

Созылмалы пиелонефрит кезіндегі режим қатаңдықты қажет етпейді, бірақ суықтанудан, салқындаудан сақтану қажет. Жоғары дәрежедегі белсенділіктегі өршу кезінде және қызба кезінде науқастарға қатаң төсектік режим тағайындалады.

Артериальды гипертензиясы және бүйрек жеткіліксіздігі жоқ созылмалы пиелонефритпен ауыратын науқастардың диетасы кәдімгі тағамдық рационнан ерекшілігі аз, диета калориялы, витаминденген болуы тиіс. Барлық жемістер мен овощтарды қолдануға болады. Ащы тағамдар, приправалар, специялар, алкогольды ішімдіктер, кофе шектеледі. Зәрдің концентрациясын дұрыстау үшін және зәр жолдарынан инфекцияны айдау үшін тәулігіне – 1,5-2,0 л сұйықтық ішу ұсынылады. Әсіресе, клюквалық морс пайдалы, оның құрамында көп мөлшерде натрий бензой қышқылы бар, ол гиппурин қышқылына айналып бактериостатикалық әсер көрсетеді.

Созылмалы пиелонефриттің емі комплексті болуы тиіс, келесі негізгі шаралар қарастырылады:

1. Бүйрек қанайналысының және пассажының бұзылуын шақырған себепті жою (артериальды немесе венозды)

2. Антибиотикограмм мәліметтерін есепке алып антибактериальды заттарды немесе химиопрепараттарды тағайындау

3. Ағзаның иммундық реактивтілігін жоғарлату

4. Рецидивтердің және өршудің алдын-алу

Зәрдің ағысын қалыптастыру хирургиялық жолмен іске асады.

Зәр пассажын толық қалыптастырмай антибиотиктерді қолданғаннан тұрақты эффект ала алмаймыз.

Созылмалы пиелонефриттің (СП) медикаментозды емі включает екі этаптан тұрады – өршудің терапиясы және рецидивке қарсы ем. Өршудің маңызды емі – этиотропты антибактериальды терапия, ол антибиотиктерді қолданудан тұрады, сульфаниламид препараттарын, нитрофуран қосылыстарын, оксихинолин және налидиксин қышқыл туындыларын қолданады.

Антибактериальды терапия ұстанымдары:

- Антибиотикті таңдаған кезде қоздырғыштың түріне және оның әртүрлі антибактериальды препараттарына сезімталдығына сүйенеді

- Алдыңғы емнің мәліметтеріне

- Бүйрек функциясының жағдайына байланысты антибактериальды заттардың мөлшерін тағайындайды (дозалайды)

- Ағзадан дәрілік заттардың негізгі элиминациялық жолы

- Дәрілік препараттарының белсенділігіне зәр реакциясының әсері

СП негізінен актибактериальды терапиясы этиотропты, ол бөлінген қоздырғыш және оның сезімталдығы есепке алып тағайындалады.

Антибиотикограмм мәліметтерін алғанға дейін кең спектрлі антибактериальды препараттар тағайындалады.

Созылмалы пиелонефрит емінің ұстанымдары:

Антибактериальды емді бастамай тұрып, зәрді бактериологиялық зерттеу және бөлінген микрофлораның антибиотикке сезімталдығын анықтауды жүргізу керек.

СП ауыр ағымы емінің негізгі мақсаты – уросептиктердің жоғары концетрациясын бүйрек тініне және зәр шығару жолдарына жіберу арқылы қабыну үрдісін максималды басу.

СП ауыр ағымының өршуі кезінде ішек таяқшаларына (өйткені, көп жағдайда олар СП өршуін шақырады) жоғары белсенділікті әсер ететін эмпирикалық антибактериальды терапияны көктамырға енгізуден бастау керек. Таңдалған препараттарға цефалоспориндердің 11, 111 және 1У ұрпақтары, аминогликозидтер, фторхинолондар, аминопенициллиндер b-лактамаз ингибиторымен, карбапенемдер.

Терапия ұзақтығы 2 аптадан кем болмауы тиіс, ал аурудың симптомдары сақталғанда ем 4-6 аптаға дейін созылады.

СП орташа ауырлықтағы түрін емдеу үшін жартылайсинтетикалық пенициллиндер (жиі аминопенициллиндер, оның ішінде b-лактамаз ингибиторымен), цефалоспориндер 1 және 11 ұрпақтары, аминогликозидтер, сирек карбапенемдер. Биосинтетикалық пенициллиндер және фениколдар іс жүзінде қолданылмайды.

СП орташа ауырлықтағы түрінде антибиотиктерді пероральды қабылдау немесе бұлшықеттерге енгізумен шектеледі.

Пиелонефрит емінде қолданылатын антибиотиктер және олардың мөлшері төменде көрсетілген.

Жартылай синтетикалық пенициллиндер:

- аминопенициллиндер:

ампициллин – б/е немесе к/т 1,5-2 г/тәу. 4-6 инъекциядан, ішке 2 г/тәу. 2 рет қабылдағанға

амоксициллин – ішке 1,5-3 г/тәу. 3 рет қабылдағанға

- карбоксипенициллиндер:

карбенициллин – б/е 4-8 г/тәу. 4 инъекцияға

тикарциллин – к/т 12-18 г 4-6 инъекцияға

- уреидопенициллиндер:

азлоциллин – к/т 8-12 г/тәу. 3-4 инъекцияға

пиперациллин – б/е немесе к/т 4-6 г/тәу. 2-3 инъекцияға

Жартылай синтетикалық пенициллиндер b-лактамаз ингибиторлармен қосарласқан:

- аугментин (амоксициллин + клавулин қыш.) – ішке 1,125-1,875 г/тәу. 3 рет немесе к/т 3,6 г/тәу. 3 инъекцияға

- уназин (ампициллин + сульбактам) – ішке 0,375-0,75 г/тәу. 2 рет

- тиментин (тикарциллин + клавулин қыш.) – к/т 12,4-18,6 г/тәу. 4-6 инъекцияға

- тазоцин (пиперациллин + тазобактам) – к/т 13,5 г/тәу. 3 инъекцияға.

Цефалоспориндер:

- 1-ші ұрпақ:

цефазолин (кефзол) – б/е немесе к/т 2 г/тәу 2 инъекцияға

цефалексин – 0,5-1,0 г/тәу. 2 рет

- 11-ші ұрпақ:

цефуроксим (кетоцеф) –0,25-0,5 г/тәу. 2 рет

цефаклор (цеклор) – ішке -0,75 г/тәу. 3 рет

-111-ші ұрпақ:

цефотаксим (клафоран) к/т 2-4 г/тәу. 2 инъекцияға

цефтазидим (фортум) –б/е немесе к/т 1-2 г/тәу. 2 инъекцияға

цефтриаксон (лонгацеф) –б/е немесе к/т 1-2 г/тәу. бір рет

Аминогликозидтер:

1-ші ұрпақ: гентамицин – б/е 3-4 мг/кг 3 инъекция тәулігіне

2-ші ұрпақ: амикацин – б/е немесе к/т – 10 мг/кг 2-3 инъекция тәулігіне

3- ші ұрпақ: нетромицин – б/е- 4-6 мг/кг 2-3 инъекция тәулігіне

Карбапенемдер:

- меронем (меропенем) – к/т 1,5 г/тәу. 3 инъекцияға

- тиенам (имипенем + циласстатин натрия) б/е 1,5 г/тәу. 3 инъекцияға

Монобактамдар:

- Азтреонам (азактам) – к/т, б/е 1-2 г әр 6-8 с немесе 0.5-1 г әр 8-12 с сайын

Линкозамидтер

- Линкомицин (линкоцин) – ішке, б/е, к/т; ішке 0.5 г тәулігіне 4 рет; парентеральді 0.6 г 2 рет күніне

- Клиндамицин (далацин) – ішке 0.15-0.45 г әр 6 с; к/т, б/е 0.6 г әр 6-8 с

сағат сайын

- Фосфомицин (фосфоцин) – ішке 0.5 г әр 6 с; к/т , 2-4г әр 6-8 с

сайын тамшылатып

Пиелонефрит емінде антибиотиктерді тағайындаған кезде зәр реакциясына көңіл аудару керек.

Зәрдің қышқыл реациясы кезінде келесі антибиотиктер әсері күшейеді:

- Пенициллиндер және олардың жартылай синтетикалық препараттары;

- Тетрациклинның;

- Новобиоцинның;

- Нитрофуранның.

Зәрдің сілтілі реациясы кезінде келесі антибиотиктер әсері күшейеді:

- Эритромицинның;

- Олеандомицинның;

- Линкомицинның, далацинның;

- Аминогликозидтердің.

Зәр реакциясына тәуелді емес әсер ететін препараттар:

- Ристомицин;

- Ванкомицин;

- Цефалоспориндер.

Антибиотиктердің нефротоксикалығы

Жиі Сирек

Неомицин Пенициллиндер

Паромомицин Цефалоспориндер

Канамицин Амфотирицин В

Полимиксин В Нистатин

Колистин Тетрациклиндер

Бацитрацин Виомицин (флоримицин)

Ванкомицин Налидиксин қыш.

Гентамицин

Сульфаниламидтер

Пиеллонефриттің жеңіл ағымының емінде препаратты ішке қабылдауымен шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда пероральды цефалоспориндердің 11-ші ұрпағы, сонымен қатар хинолондар немесе септрин (ко-тримоксазол) болып табылады.

Фторхинолондар:

Монофторлы:

Пефлоксацин (абактал) – ішке 0,8-1,2 г/тәу. 2 рет

Офлоксацин (таривид) – ішке 0,4 г/тәу. 2 рет

Ципрофлоксацин (ципробай) – ішке 0,25-1 г/тәу.

Дифторлы:

Нормофлоксацин (нолицин) – ішке 0,4 г/тәу. 2 рет

Ломефлоксацин (максаквин) – ішке 0,4 г/тәу. 1 рет

Трифторлы:

Флероксацин (хинодис) – ішке 0,2-0,4 г/тәу. 1 рет

Фторлы емес хинолондар:

Нитроксалин (5-НОК) – ішке 0,4 г/тәу. 3-4 рет

Оксолин қыш. (грамурин) – ішке 1,5 г/тәу. 3 рет

Циноксазин (цинобак) – ішке 1 г/тәу. 2 рет.

Нафтиридин туындылары:

Налидиксин қыш. (неграм) – ішке 2-4 г/тәу. 4 рет;

Пипемидин қыш. (палин) – ішке 0,8 г/тәу. 2 рет;

Пиелонефрит емдеу үшін сонымен қатар нитрофуран туындылары қолданылады – 0,2-0,4 г/тәу. 4 рет;

Триметоприм – ішке 0,04-0,06 г/тәу. 1 рет;

Септрин (ко-тримоксазол, бисептол) – ішке 0,96 г/тәу. 2 рет.

СИМПТОМАТИКАЛЫҚ ЕМ

СП мен ауырытын науқастарды базистік терапия аурудың негізгі көріністерін ұзақ уақытқа дейін баса алмайды, сондықтан симптоматикалық емді қолдануға тура келеді. Гипотензивті терапия АҚ тұрақты жоғарлауы және криздік жағдайларлда қолданылады, таңдалған препараттарға АПФ ингибиторы және кальций антагонистері жатады.

Зәр шығару жолдарының дискенизиясы нәтижесінде пайда болатын ауру синдромы ұзаққа созылғанда антиспастикалық заттар тағайындайды.

Анемия дамығанда – құрамында темірі бар препараттар, рекомбинантты эритропоэтин, айқын интоксикация кезінде– дезинтоксикациялық терапия тағайындалады.

СП терапиясында физиотерапевтикалық ем маңызды роль атқарады. Қабынуға қарсы және ыдырататын (рассасывающие) әсері бар физиоем жергілікті иммунитет жағдайына, сонымен қатар бүйректің қанмен қамтамасыз етілуіне оң әсер көрсетеді, бүйректік плазма ағысын жоғарлатады, бүйректің түбікше және зәрағардың бірыңғай салалы бұлшықеттерінің спазмын басады, зәр кристаллдарының, шырыштардың шығуын қамтамасыз етеді. СП мен ауыратын науқастардың комплексті емінде толық емес ремиссия фазасында физио процедулалар үлкен маңызға ие (парафин және озокерит аппликациясы, балшықты ем, фонофорез, диатермия, бүйрек аймағына никотин қышқылымен, кальций хлоридымен, фурадонинмен электрофорез).

РЕЦИДИВКЕ ҚАРСЫ ЕМ

Рецидивке қарсы ем мақсаты – рецидивтің, СП өршуінің алдын алу. СП рецидивке қарсы емінің арнайы жүйесі жоқ.

Рецидивке қарсы емді әркім әртүрлі жолмен жүргізеді. Жақында ғана "роторлы" схеманы (И.А.Борисов бойынша) қолданған, ол әртүрлі антибиотиктерді кейіннен апта бойынша 6-8 ай бойы химикалық және өсімдіктік диуретиктерді сәйкес қолдану бойынша жүргізеді. Жеңілдетілген схемада ем 1-1,5 айдан аспайды.

Жақында жүргізілген зерттеуде СП-мен ауыратын науқастарда СБЖ үдеуі рецидивке қарсы терапия ұзақтығына байланыссыз дамитынын дәлелдеді. Әрине СП-мен ауыратын науқастарда СБЖ үдеуін баяулату тек ұзақ уақыт уросептиктерді тағайындауға ғана емес, сонымен қатар инфекцияны ұстап тұратын себепті жоюға, АГ және гиперлипидемия бақылауға негізделеді.

Ремиссия фазасында 2 жол бар :

1. Көп айлық тұрақты үзіліссіз ем, бір жылға дейін немесе оданда ұзағырақ, барлық препараттар минималды дозада, дәрілер әрқашан өзгертіліп отырады.

2. Үзілмелі ем: көктемде және күзде + өршу кезенінде

Ремиссия кезеңіндегі Рябов схемасы:

1 аптада: бисептолдың 1-2 таблеткасы түнге.

2 аптада: өсімдіктік уросептиктер: березовые почки, брусничный лист, ромашка.

3 аптада: 5-НОК 2 таб. түнге.

4 аптада: левомицетин 1 таб. түнге.

Аяқталғаннан кейін осы ретпен, бірақ препараттарда осы топтың аналогтарына ауыстыру керек.

Рецидивке қарсы емнің басқа варианты бар:

1-аптада – клюквалық морс, шиповник қайнатпасы, поливитаминдер

2 және 3-аптада – дәрілік жинақтар (фитотерапия)

4-аптада – антибактериальды препараттар, әр ай сайын ауыстырып тұру керек

Курс ұзақтығы – 2-3 ай.

СП кезінде дәрілік шөптерді төмендегідей қосарлап тағайындайды: 1 зәр айдағыш және 2 бактерицидті 10 күн бойы (мысалы, цветки василька - листья брусничника - листья толокнянки), сосын 2 зәр айдағыш және 1 бактерицидті (мысалы, цветки василька - листья березы - листья толокнянки). Барлық күз айында қарбызды жеген дұрыс, өйткені ол айқын зәр айдағыштық әсер көрсетеді.

Наши рекомендации