Лиофилизирленген тірі құрғақ оба ванцинасының енгізу дозалары

Жасы Вакцина дозасы (тірі микробтар саны)
Тері ішіне Тері астына Тері үстіне
14-60 жас* 0,1 мл - 1 доза (300 млн.) 0,5 мл - 1 доза (300 млн.) 1 доза – 3 тамшы 0,15 мл (3 млрд.)
>60 жас 0,1 мл 1/3 доза (100 млн.) Егу жүргізілмейді 1 доза – 3 тамшы 0,15 мл (3 млрд.)
10-13 жас 0,1 мл 1/2 доза (150 млн.) Егу жүргізілмейді 1 доза – 3 тамшы 0,15 мл (3 млрд.)
7-9 жас 0,1 мл 1/3 доза (100 млн.) Егу жүргізілмейді 2/3 доза – 2 тамшы 0,1 мл (2 млрд.)
2-6 жас 0,1 мл 1/3 доза (100 млн.) Егу жүргізілмейді 1/3 доза – 1 тамшы 0,1 мл (1 млрд.)

*Бала емізетін әйелдерді тек тері үстіне ғана егеді.

Қолдану тәсілі және дозалау

Ауыз арқылы вакцинаны 14 жастан егеді: 1 таблетканы белсенді түрде 5-7 мин. бойы сору немесе мұқият шайнау қажет, содан кейін 30 мин. су ішуге, тамақ жеуге, темекі шегуге болмайды. Таблетканы бүтіндей жұтуға ТИЫМ САЛЫНАДЫ.

Тірі құрғақвакцинаны 3 тәсілмен енгізеді – 3.7. кестені қараңыз, 4-ші тәсіл топтық ингаляцияны арнайы бөлмеде жүргізіледі. Ересектерге оба вакцинасымен бірге тері үстіне туляремияға қарсы вакцинаны иықтың жоғарғы үштен бір бөлігінің әртүрлі бөліктеріне бірге егуге рұқсат етіледі.

Екі вакцина да 1 жылға дейін иммунитет туғызады, қайта вакцинациялауды 1 жылдан кейін, қолайсыз эпиджағдайда – 6 айдан кейін сол дозада жүргізеді.

Енгізуге реакция

Ауыз арқылы пайдаланылатын вакцинаға жергілікті реакция: шектелген, миндалина аймағындағы ауыз қуысының әлсіз білінген қанталауы және 1-3 тәуліктегі жұтынған кездегі аздаған ауру сезімі 2-3 күнге созылады. Жалпы реакциялар: 1-2 күні дене қызуының көтерілуі, дімкәстік, бас ауыруы, әлсіздік, бұлшық еттердегі ауру сезімі. Вакцина сериясын жаппай пайдаланғанда негізгі егілетін контингенттің жасы мен денсаулық жағдайы бірдей 50-100 адамнан тұратын топта сынақтан өткізеді. Вакцинаны жергілікті реакциялар жиілігі 45 пайыздан аспаған кезде, жалпы әлсіз (Т°37,1-37,5) 3 пайызға дейін, орташа (Т°37,6-38,5) 2 пайыздан артық болмауы керек, күшті (Т°38,5-тен жоғары) 1 % ғана жүргізеді.

Тірі құрғақ вакцинадан болатын егу реакциялары вакцина нұсқаулығында жазылған. Егу жүргізген күні термометрия жүргізу міндетті, 37° және одан жоғары болғанда жасалмайды.

Қарсы көрсетулер

Ауыз арқылы пайдаланылатын вакцинаға, жалпыдан басқаға (жүктілікті қоса алғанда) жатады:

· Дәнекер тіннің жүйелі аурулары;

· Терінің жайылған қайта қайталанатын аурулары;

· Эндокрин жүйесінің аурулары;

Тірі құрғақ вакцина үшін жоғарыда аталғандарға қосылады:

v Аллергиялық аурулар

v Тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары (ингаляциялық әдіс кезінде).

В. Басқа да инфекциялар (жұқпалар)

3.15 Пневмакокті инфекция (жұқпа)

Адамдардың бактериальдық жұпалармен ауруына пневмакоктар өте жиі әсер етеді, олардың әсерінен жылына 1, 2 млн-дай адам өледі, өлім-жітімнің 40%-дан астамын 0-5 жас аралығында балалар құрайды. Ресейде жылына 1,5 млн. ауруханадан тыс пневмония тіркелсе, пневмакокк әсерінен ауырған ересектер 76%-ды, 0-5 жас аралығындағы балалар, оның ішінде асқынған плеврит пен деструкциямен ауырған балалар 90%-ды құрайды.

0-5 жас аралығында балалардың 1000 балаға шаққанда 10-12 ауыратыны, олардың 85%-ының қоздырғыштарының құрамында S.pneumonia бар екені байқалады және пневмакоктық инфекция бойынша статистикалық есеп жүргізілмесе де, біз 100 000 балаға шаққанда 1100 баладан келетінін, яғни 0-5 жас аралығында балалардың жылына 100 мыңы пневмакоктық пневмониямен ауыратынын байқаймыз. Пневмакоктық бактерияның кездесу жиілігі (пневмония санының 10%-ы) жылына – 100 000-ға 100-ден, яғни жылына 10 000 жағдайға сәйкес келеді. Бұл көрсеткіштер Еуропа мен АҚШ сияқты елдерге тән. Балаларда 2 жасқа дейін полисахаридтік антигендерге қарсы антидене нашар қалыптасатындықтан, олар осы жастағыларда жиі кездесетін пневмакоктық инфекцияның инвазивті формасының алдында қауқарсыз болады.

А.Е.Платоновтың мәліметі бойынша 0-5 жас аралығындағы балалардың 100 000-на шаққанда 8-іне сәйкес келетін, пневмакоктық менингит өте ауыр өтетіндігімен ерекшеленеді.

Балалардың барлығы дерлік ауыратын жедел және орта отиттердің 30-40%-ы пневмакокк әсерінен болады. Олар ауыр өтетіндігімен, дабыл жарғағының қалпының бұзылуына және басүйекішілік отит текті асқынудың дамуымен ерекшеленеді; олар көбінесе тимпаностомия жасауды қажет етеді және отиттің қайта өршуіне әкеп соғады.

Өмірінің алғашқы жылдарында балалар негізгі пневмакоктық инфекция тасымалдаушылар болып табылады және маңайындағы ересектерге оны жұқтырады. Инфекция тасымалдаушылардың қалыпты ортасында бұл ауру ересектер арасында 5-7%-ды құраса, балалармен бірге өмір сүретіндер арасында ол 30%-ға жетуі мүмкін. Пневмакок тасымалдаушылар жиілігі ересектер ұжымы арасында да тез артады, мысалы, әскерге жаңадан шақырылғандар арасында ол 45%-ға дейін жетуі мүмкін. Пневмакоктық құлықтардың көп ағуы бала өскен сайын азаяды, бұл оларда табиғи иммунитет қалыптасқанын көрсетеді және жастары өскен сайын балаларда пневмакоктық инфекция, әсіресе олардың инвазивті түрі азая түседі.

Пневмакоктық инфекцияға қарсы иммундық алдын алу шараларын кеңейту қажеттілігінің артуының бір себебі – кездесу жиілігі кейбір елдерде 20-40%-ды құрайтын пневмакоктық инфекцияның антибиотиктерге төзімділігінің арта түсуі болып отыр. Салыстырмалы түрде Ресейде жағдай тұрақты болғанымен, жекеленген аймақтарда пневмакоктардың пенициллинге қарсы тұра алушылығы 9-10%-ға, макролидтерге – 9-10%-ға дейін жетеді, ал тетрациклиндер мен котримоксазондарға қарсы тұра алуы 50%-дан асады.

Иммундық алдын алудың стратегиясы

Қазіргі кезде пневмакоктық инфекциямен ауруға қарсы күрестің жалғыз тәсілі – оған қарсы екпе жасау болып табылады. Ресейдің әртүрлі аймақтары үшін екі вакцина: конъюктіленген ағуызды-полисахаридті (КАП) және полисахаридтті (ППВ) вакцина қолданылуы мүмкін.

Пневмакоктарды жұқтыруға бейім 0-5 жас аралығындағы балалар мен 65 жастан асқандарға әмбебап жаппай екпе жасау өзін ақтайды.

Бір жасқа дейінгі балаларға жаппай вакцинация (екпе) жасауға КАП, оның ішінде иммунизация жасаудың Ұлттық бағдарламасына енген, ДДҰ мен ЮНЕСИФ ұсынған, Ресейде тіркелген 7 валентті Преневар ғана жарайды. 65 жастан асқандарға жаппай вакцинация (екпе) жасауға 23 валентті Пневмо23 қолданылады.

Басқа жастағыларға вакцинация (екпе) жасаудың қонымды тәсіліне қауіп топтарындағыларға Пневмо23те (≥2 жас және ересектер), Преневарда (<5 жастағы балалар) қолдану болып табылады. Оларды қалай қолдану керек екендігі төменде көрсетілген.

Вакциналар және олардың қолданылуы

КАП иммуногендер балалар өмірінің алғашқы айларынан бастап, ал ППВ≥2 жастан бастап қолданылады. КАП типоспецификалық Т-жасушалы жауап пен иммунологиялық жадты жоғарылатады, бұдан кейі енгізілген ППВ антидене титрлерінің өсуіне алып келеді. Сондай-ақ вакциналар пневмакокк тасымалдаушылықты азайтады.КАПпен ППВ-ны қолдану реті төменде көрсетілген.

Конъюктіленген ағуызды-полисахаридті вакцина (КАП).

Преневар(Пфайзер АҚШ) балаларға 2 айдан бастап қолданылады. Оған енетін 7 серотип Еуропа мен Ресейдегі науқас балалардағы пневмакокк штамптарының 75-84%-ын қамтиды. Серотиптердің неғұрлым көбірек жиынтығы 13 валенттіПреневар,сондай-ақ 10 валентті Синфлорикс (Глаксо Смит Кляйн) деп тіркелгендерде кездеседі. D протеинімен және капсуласыз H.influnzae-мен конъюктіленген Синфлориксотит және т.б. ЛОР-патологиялар туғызатын қоздырғыштарға қарсы тұра алады (бірақ b – Хиб тектес H.influnzae-ге емес).

Преневар-дың бір дозанде (дозасында, 0,5 мл.) ақуыз-тасымалдаушымен конъюктіленген CRM197 (күлдік антиоксинді) 2 мкг аллюмини фосфатында адсорбцияланған (0,5) 18С полисахарид серотипі, 4 мкг 6B полисахарид серотипі, 2 мкг басқа да серотиптер бар. 2-8 градуста сақтау керек және мұздатуға болмайды. Жарамды мерзімі 3 жыл.

Преневар-дың 3 немесе 4 дозасын енгізген соң, функцинальдық антидене қалыптаса отырып, опсонфагоцитоз деңгейімен өлшенетін, вакцина құрамына енгізілген барлық серотиптерге қарсы анық байқалған иммунитет қалыптасады, олардың персистентілігінің ұзақтығы 5 жылдан кем емес.Преневар-дың бастапқы серияларынан кейін 13 айдан соң полисахаридтермен бустирдеу серотиптердің жеті түріне де қарсы жад түзеді, бұл олардың ағзада қалыптасқанын көрсетеді. 2-5 жас аралығындағы балаларда Преневар-дың бір дозасынан кейін барлық серотиптерге антидене титрі 2 жасқа дейінгі балаларға жасалған бастапқы сериялармен бірдей мөлшерде.

Преневар-13-тің 13 валентті вакцинасы қазіргі кезде АҚШ-тағы балалар аурулары инвазивті формасының 63%-ына, оның ішінде 19А-ға [54], сондай-ақ Еуропада жиі кездесетін инвазивті ауру-сырқаулар туғызатын 1,5-7 серотиптеріне қарсы тұрады.

Преневар-13-тің иммуногендігі Преневар-7-нікімен сәйкес келеді.

Наши рекомендации