Студенттерге арналған халықаралық ИНТЕРНЕТ желісінде ақпараттық-электрондық кітапханалардың мекен-жайының тізімі

Жалпы мәліметтер.

1.1 ЖОО аты: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық

Медицина университеті

1.2 Кафедра: Урология кафедрасы мен нефрология курсы

1.3 Пән: Ішкі аурулар (DB-4304) Блок Нефрология

1.4 Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

1.5 Оқу сағаттарының көлемі: 16 сағат

1.6 Оқу курс және семестрлері: 4 курс, 7, 8 семестрлер

1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:

1. Қанатбаева Әсия Бақышқызы, дәрежесі – медицина ғылымдарының докторы, қызметі – профессор. Ғылыми бағыты: нефрология, балалар нефрологиясы. Қазақстан нефрологтары Ассоциациясының төрайымы, нефрологтардың Халықаралық ассоциацияларының мүшесі (Еуропа, Ресей).

2. Қабылбаев Қайрат Абдоллаұлы, дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты, қызметі – ассистент. Ғылыми бағыты: нефрология, ішкі аурулар, трансплантология. Қазақстан нефрологтары Ассоциациясының хатшысы, нефрологтардың Халықаралық ассоциацияларының мүшесі (АҚШ, Еуропа, Ресей).

3. Чингаева Гульнар Нуртасовна - медицина ғылымдарының докторы, қызметі – доцент. Ғылыми бағыты: нефрология, гемодиализ, балалар аурулары. Қазақстан нефрологтары Ассоциациясының, балалар нефрологтарының Халықаралық ассоциацияларының мүшесі (АҚШ, Еуропа, Ресей).

4. Наушабаева Әсия Еркінқызы, дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты, қызметі – ассистент. Ғылыми бағыты: нефрология, нефроморфология, балалар аурулары. Қазақстан нефрологтары Ассоциациясының, балалар нефрологтарының Халықаралық ассоциацияларының мүшесі (АҚШ, Еуропа, Ресей).

5. Кәрібаев Еркебұлан Әбілбайұлы, ассистент. Ғылыми бағыты: нефрология, диализ, терапия, реанимация және қарқынды терапия, балалар аурулары. Қазақстан нефрологтары Ассоциациясының, Ресей диализ қоғамының, ERA-EDTA ассоциациясының мүшесі.

1.8Байланыс мағлұматтары:

Мекен-жайы: «Ақсай» РБКА, нефрология бөлімшесі, т. 297-09-34, экстракорпоралді детоксикация бөлімшесі, т. 297-09-37.

E-mail: [email protected]

1.9 Пән саясаты

Студенттерге қойылатын жалпы талаптар:

  1. Тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысу
  2. Сабақта 7:55-те болу (5 минут киімін ауыстыруға)
  3. Сабақ басталғанда студенттердің өздерінде болуы тиіс: санитарлық кітапша, медициналық халат, қалпақ, өзінің жеке маскасы, ауыстыратын аяқ-киімі.
  4. Студент сабаққа кешікпеуі тиіс.
  5. Студент оқу және клиникалық үрдістерге белсене қатысуы тиіс; теоретикалық материалдарды білуі, ситуациялық есептерді, тесттік тапсырмаларды шешуі тиіс, науқасты объективті зерттеу әдістерін қолдана алуы және игеруі тиіс: бүйрек пальпациясын, артериалдық қысымды өлшеу, ісіктерді анықтау.
  6. 1 тақырып бойынша міндетті түрде СӨЖ орындау.
  7. СӨЖ материалдарын тапсыру мерзімі (ситуациялық есептер, диагностика алгоритмдері, презентациялар, рефераттар) және СӨЖ тақырыбын қорғау тақырыптық жоспарға сәйкес белгіленген уақытта жүзеге асады.
  8. Клиникалық базада қызметкерлер мен пациенттерге резиденттердің әдепті қатынасы.
  9. Топтағы конфликті жағдайларды кафедра меңгерушісі немесе оқу бөлім мегерушісімен ашық талқылау.
  10. Сабақ уақытында ұялы телефонды өшіріп қою.
  11. Себепсіз бір сабақты жіберсе студентке «0» балл қойылады, анықтамасымен дәлелді себебі бар болғанда реферат түрінде сабағын өтейді

Бағдарлама

Кіріспе

Нефрология физиология, молекулярлық биология, морфология, генетика және тағы басқа ғылымдардың жетістіктерінің арқасында қарқынды түрде дамып келе жатқан медицинаның арнайы саласы болып табылады. Соңғы жылдары «Нефрология» мамандығы балалар мен ересектердегі бүйрек ауруларының ерте кезеңдерінен бастап созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің (СБЖ) терминалды сатысына дейін диагностикалап, емдейтін, сонымен қатар бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастарды жүргізумен айналысатын біртұтас ғылым ретінде қалыптасты. Балалардағы бүйрек патологиясы іштен біткен және тұқым қуалайтын аурулардың және көптеген тамырлық аурулардың астарында (гипертония, васкулиттер) бүйректің екіншілік зақымдануына байланысты артып отыр. Сондықтан балалар нефрологиясын медицина дамуының қазіргі этапында терең және арнайы оқытудың өзектілігі ешқандай күмән тудырмайды.

«Нефрология» бойынша оқуды аяқтаған дәрігердің кәсіби аймағына денсаулық сақтау жүйесінің емдеу-алдын алу мекемелері, яғни нефрология, гемодиализ бөлімдері және амабулаторлық-емханалық қызмет мекемелері жатады.

2.2Пән мақсаты: бүйрек зақымдалуының негізгі түрлері жайында білімді қалыптастыру.

Оқыту міндеттері

1. Зәр шығару жолдарының инфекциясын диагностиакалудың клиникалық-зертханалық және аспаптық критерийлерімен таныстыру.

2. Гломерулонефриттер туралы қазіргі заманғы түсінік беру, гломерулонефриттердің қазіргі кездегі диагностикасы мен емінің тактикасымен таныстыру.

3. Нефрологияда кездесетін негізгі клиникалық синдромдармен таныстыру.

4. «Бүйректің созылмалы ауруы» (БСА) ұғымымен, БСА жіктелуімен, БСА бар науқастарды диагностикалау және жүргізу ағидаларымен таныстыру.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі тиіс:

· ЗШЖИ дамуының қауіп-қатер, этиологиялық және қоздырғыш факторларын

· Қазіргі заманға тән ЗШЖИ микробтық сипатын

· Нефриттік синдром патогенезін

· Нефротикалық синдром патогенезін

· Гломепрулонефриттердің синдромалды және нозологиялық диагностикалаудың заманауи тәсілдерін. Емдеу қағидаларын.

· Гломерулонефриттердің морфологиялық саналуындығы мен жіктемесін.

· БСА туралы түсінікті қазіргі медицинаның глобалды мәселесі ретінде қарастыру

· БСА жіктелуін және диагнозын растау критерийлерін

· Ішкі аурулар клиникасында БСА орнын

· БСА бар науқастарды емдеу қағидаларын

Студент жасай білуі тиіс:

· Жоғарғы және төменгі зәр шығару жолдарының инфенкциясын ажырата білуге

· ЗШЖИ диагностикалау критерийлерін анықтап, нақты диагноз қоюға

· Сәйкес ем тағайындап, нәтижелігін бақылай алуға

· Гломерулонефриттер кезінде басты клиникалық синдромды ажыратып, бастапқы емін тағайындай алуға.

· Гломерулонефритке күдікті науқасқа диагностикалық жоспар алгоритмін құарстыруға

· ШФЖ бойынша бүйректердің функционалды жағдайын бағалауға

· Ішкі аурулар клиникасында БСА диагностикалауға

Студент игеруі тиіс машықтар:

· Бүйрек ауруларында негізгі клиникалық синдромдарды интерпретациялау

· УДЗ, несеп талдауларының мәліметтерін нтерпретациялау

· Бүйрек ауруы бар науқасты клиникалық тексеруден өткізіп, ауру симптомдарын анықтау

· Бактериологиялық зерттеу үшін зәрді жинау

· Басты клиникалық синдромға байланысты зерттеу алгоритмін құрастыру.

· ШФЖ формуламен есептеу

· Ішкі аурулар клиникасында БСА ерте анықтау скринингін өткізу

2.5Пререквизиттер: ішкі аурулар пропедевтикасы, микробиология, патологиялық физиология, патологиялық анатомия, фармакология

Постреквизиттер: жалпы дәрігерлік тәжірибе, ішкі аурулар, жедел медициналық көмек, хирургия.

2.6.Пәннің қысқаша мазмұны.

Балалар нефрологиясындағы негізгі клиникалық белгілерге физикалық дамудың артта қалуы, сүйектік деформациялар, қаназдық, мешел (полиурия), электролиттік бұзылыстар, сонымен қатар, ісінулер, артериалды гипертензия және зәр синдромы жатады. Бұлардың барлығы нефритикалық, нефротикалық жекеленген зәр және тубуло-интерстициалді синдромдарға біріктірілген. Сабақтарда әртүрлі синдромдары бар науқастар көрсетіледі. Пікір-талас түрінде гломерулонефриттер кезіндегі әртүрлі синдромдар дамуының механизміндегі айырмашылықтар, сонымен қатар, басқа аурулар мен жағдайлар кезіндегі ұқсас клиникалық синдромдардың патогенезі талқыланады.

2.7 Тақырыптық жоспар

Тәжірибелік сабақтар

Тақырыптары Өткізу түрі және ұзақтығы, сағ
Дәріс Тәжірибелік сабақ
Зәр шығару жолдарының инфекциялары. Жедел пиелонефрит. Цистит. Клиникалық-зертханалық диагностикалау әдістері. Аспаптық зерттеулер өткізу көрсеткіштері. Емдеу қағидалары.
Гломерулонефриттер. Нефриттік, нефротикалық синдромдар, жекелеген зәр синдромы, тез үдемелі нефрит. Патогенезі. Жіктеу, диагностикалау және емдеу қағидалары. Жедел постинфекциялық ГН, болжамы.
БСА. Анықтамасы, этиологиялық факторлары, жіктелуі, диагностикилық критерийлері және ішкі аурулар клиникасында БСА ерте анықтау. БСА сатысына байланысты науқастарды емдеу тактикасы. БСА үдеуінің механизмдері. -
  Барлығы

2.8 Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

СӨЖ тақырыптары Түрі Ұзақт., сағ
1) Асимптоматикалық бактериурия 2) Қант диабеті бар науқастарда ЗШЖИ 3)ЗШЖИ антибактериялық емінің қағидалары Презентация Презентация Реферат
4) Нефротикалық және нефриттік синдромдар кезінде ісіну патогенезі. 5) Шумақтық базалды мембрананың қалыпты және патологиялық ультрақұрылымы және генетикасы. Схема, сүрет Схема, сүрет Схема, сүрет
6) ШФЖ бағалау әдістері: артықшылықтары мен кемшіліктері. БСА үдеуінде гиперфильтрация маңызы. 7) ААФ тежегіштерінің әсер ету механизмі және аймақтары Схема, презентация Презентация Схема, сүрет
  Барлығы:  

2.9 Ұсынылатын әдебиет

Негізгі :

1. Папаян А.В., Савенкова Н.Д. Руководство по нефрологии детского возраста. С-Петербург, 2008.- С. 18-61.

2. Қанатбаева Ә.Б. және соавт. Нефрологияда клиникалық симптомдар және синдромдар. Оқу құралы. Алматы, 2010.

3. Лекции. 1-й Международный нефрологический семинар «Актуальные вопросы нефрологии», 24-26 апреля 2006, Алматы

4. Игнашин Н.С. Ультрасонография в диагностике и лечении урологических заболеваний. М., 1997.

5. Қанатбаева Ә.Б. және соавт. Бүйрек ауруларында зерттеу әдістері. Оқу құралы. Алматы, 2010.

6. Қанатбаева Ә.Б., Нурбекова А.А., Наушабаева Ә.Е., Қабылбаев Қ.А. Бүйректердің клиникалық морфологиясы және физиологиясы. Оқу құралы. Алматы, 2010.

7. Хабижанов Б.Х. – Педиатрия, Алматы: Казыгурт, 2005

8. Шилов Е.М. Нефрология. Учебное пособие. Москва, 2007.

9. Клинические проявления. В книге: Руководство по нефрологии. Под ред. Дж. А. Витворт, Дж.Р. Лоренса. Перевод с англ., Москва, 2000. С.104-113

10. Протеинурия и нефротический синдром. В книге: Нефрология. Под ред. И.Е. Тареевой. Москва, 2000. С.145-187

11. Nelson Pediatrics textbook 17 Intern.d.2005

12. Нұрмұхамбетов Ә.Н. Патофизиология. Алматы, 2007, 680б

13. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах. Алматы, 2009, 232с

Қосымша:

1. Клинические синдромы. В книге: Храйчик Д.Е. и др. «Секреты нефрологии», 2001, С. 50-92

2. Гистология. Под ред. Ю. Афанасьева, 2002, 203с

3. Физиология человека. Под ред. В.Н. Покровского, 2003, 297

4. Қанатбаева Ә.Б. және соавт. Нефрологияда клиникалық симптомдар және синдромдар. Оқу құралы. Алматы, 2009.

Студенттерге арналған халықаралық ИНТЕРНЕТ желісінде ақпараттық-электрондық кітапханалардың мекен-жайының тізімі

1. HealthAtoZ (http://www.HealthAtoZ.com/)

2. MedMark (http://user.iworld.net/medmark/)

3. WebList.ru (http://weblist.ru/)

4. АПОРТ (http://www.aport.ru/)

5. RAMBLER (http://www.rambler.ru/)

6. Yandex (http://www. yandex.ru/)

7. Yahoo (http://www. yahoo.ru/)

8. Cardiosite_ru_ Клиникалық дәрістер_ .files

9. http://www.medscape.com ғаламдық іздестіру медициналық жүйе.

10. Pub Med http://www4.ncbi.nlm.nih.gov/PubMed/ мәліметер базасы.

11. National Library of Medicine http://www.nlm.nih.gov/ АҚШ ұлтық медициналық кітапханасы

12. Hardin MD http://www.lib.uiowa.edu/hardin/md/index.html ғаламдық іздестіру медициналық жүйе.

13. WebDoctor тhttp://fs.dai.net/ac/232481/E01.html?http://www.gretmar.com/webdoctor/
интернетегі медициналық ресурстар. Іздеу рубрикаторы бар.

14. Cliniweb http://www.ohsu.edu/cliniweb/ Интернеттегі медициналық іздестіру

15. Am. Medical Association http://www.ama-assn.org/ Америка Медициналық Ассоциациясы. Медициналық әдебиет.

16. HealthGate http://www.healthgate.com Медициналық мәліметер базасы, әртүрлі тақырып бойынша әдебиетерді іздестіру.

17. Galaxy http://www.galaxy.com/galaxy/Medicine.html медициналық іздестіру жүйесі.

18. Virtual Medical Center http://www-sci.lib.uci.edu/~martindale/Medical.html медицина жайында барлық мәліметер бар.

19. Medexplorer http:// www. medexplorer. com/ медициналық іздестіру жүйесі

20. http://www.consilium-medicum.com/ Журнал «Сonsilium-Medicum»

21. http://www.rmj.ru/ - Орыс медициналық журналы

22. http://www.medlux.msk.su/mpb/ Медико-фармацевтикалық вестник

23. Орыс тілді конференциялардың мекен-жайы http://www.rusmedserv.com

24. Орысша медициналық сервис, мұнда кез-келген медициналық тақырыпқа конференциялар бар http://www.cardioline.ru

25. Сайта клиникалық талдаулар бар http://www.skoraja.narod.ru

2.10 Оқыту әдістері: пікір-талас, презентациялар, клиникалық жағдайларды талдау, ситуациялық тәжірибелік есептер.

· Дәрістер: өзекті дәрістерді өткізу

· Тәжірибелік сабақтар: оқытушымен бірге теориялық материалды талқылау, науқасты клиникалық талдау, тапсырмаларды орындау (сұрақтарға жазбаша жауап, кестелер толтыру және т.б.), тестілеу, ауызша сұрау.

Студенттердің өзіндік жұмысы – әдебиетпен, Интернет-ресурстармен, электронды тасымалдаушылардағы оқу және ғылыми материалдармен жұмыс, презентациялар мен тақырыптық рефераттар дайындау.

2.11 Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелері: тестілеу, ауызша сұрау, ситуациялық есептер.

I = R х 0,6 + E х 0,4, мұнда

I – қорытынды баға

R– рұқсат рейтингтің бағасы

E – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)

Рейтинг құрамы Iбағасынан 60%

Емтихан - 40% құрайды.

Дәстүрлі бағалау Критерийлері Балл
«5» Қатысуы, ауызша сұрақтарға толық жауаптығ болуы, тесттілеу «86-100%», барлық тапсырмаларды орындау 90-100 б
«4» Қатысуы, сұрау кезінде шамалы қателер жіберуі, тесттілеу «75-85%», тапсырмалардың орындалуы нақты емес 75-89 б
«3» Қатысуы, сұрау кезінде біршама қателер жіберуі, тесттілеу «60-74%», тапсырмалардың толық орындалмауы 50-74 б
«2» Қатысуы, материалдарды білмеуі, тестілеу (60%- тан аз), тапсырмаларды орындамау 0-49 б
  Сабақта болмауы 0 б
  Кешігуі Минус 1 б

СӨЖ = 100 балл

1. Тесттерді бағалау критерийлері ( әрбіреуінде 5 жауаптармен 10сұрақтар)

Сапа критерилері 10 балл 20 балл 30 балл 40 балл 50 балл
1. Сұрақтар саны 1-3 4-6 7-9 10 және одан жоғары
2.Тақырып мазмұнын ашу Болмауы Тақырыпқа қатысы жоқ фактілер көрсетілген Әлсіз Кейбір бөлімінің болмауы Толық

2. Сызбаларды бағалау критерилері

Сапа критерилері 10 балл 20 балл 30 балл 40 балл 50 балл
Құрастырудың дұрыстылығы Болмауы Дұрыс емес құрастырылған Мәліметтер ауқымды қателермен көрсетілген Жеке нақты емес мәліметтер бар Тақырыпты нақты ашу
Құрастыру сапасы Болмауы Өте төмен сапада Орташа дірежедегі сапа Сапасы жақсы Жоғары сапалы

3. Рефераттыбағалау критерилері

Сапа критерилері 5 балл 10 балл 15 балл 20 балл 25 балл
1. Тақырыпты ашудың нақтылығы Болмауы Оны дерекнамадан сөзбе-сөз көшіру, көлемі үлкен (дерекнамада жұмыстың болмауы) Әдебиеттер дерекнамасын конспекті-леу Тақырып толық ашылған, бірақ көлемі үлкен Тақырып толық ашылған, реферат квинтэссенция түрінде
2. Заманауи әдебиетер дерекнамасына сілтеменің болуы Болмауы Ескірген әдебиет Дерекнама-ның кейбірі ғана тақырыпқа адекваты Дерекнама-лар адекватты, бірақ олар 10-нан артық Дерекнамалар адекватты, 10-нан аз
3. Суретерді орынды қолдану (кестелер, графиктер, сызбалар) Болмауы Төмен сападағы көшірме Сурет электронды тақырыпқа адекватты, дерекнамаға сілтеме жоқ Сурет электронды тақырыпқа адекватты, дерекнамаға сілтеме бар Сурет тақырыпқа адекватты салынған, дерекнамаға сілтеме бар
4. Қорытынды болуы Болмауы Бір сөйлем түрінде және тақырып ашылмаған Өте көп, жүйелік жоқ Өте көп, жүйелі Қысқа негізделген қорытынды  

4. Кроссвордты бағалау критерилері

Сапа критерилері 10 балл 20 балл 30 балл 40 балл 50 балл
1. Сұрақтардың тақырыпқа сәйкестлігі Болмауы Сұрақтардың көпшілігі тақырыпқа сәйкес келмейді Сұрақтардың біраз бөлігі тақырыпқа сәйкес келмейді Жекленген сұрақтар тақырыпқа сійкес келмейді Барлық сұрақтар түзетілген
2. Күрделілігі Болмауы Барлық жауаптар анайы(өрескел) Көптеген сұрақтар өрескел Жекеленген сұрақтар өрескелі Барлық сұрақтар күрделі

5. Презентациялардыбағалау критерилері

Сапа критерилері 10 балл 20 балл 30 балл 40 балл 50 балл
1. Тақырыпты ашудың нақтылығы Болмауы Оны дерекнамадан сөзбе-сөз көшіру, көлемі үлкен (источниктен тыс жұмыстың болмауы) Әдебиеттер дерекнамасын конспекті-леу Тақырып толық ашылған, бірақ көлемі үлкен Тақырып толық ашылған, пре-зентация квинт-эссенция түрінде
2.Заманауи әдебиетер дерекнамасына сілтеменің болуы Болмауы Ескірген әдебиет Дерекнама-ның кейбірі ғана тақырыпқа адекваты Дерекнама-лар адекватты, бірақ олар 10-нан артық Дерекнамалар адекватты, 10-нан аз
3. . Суретерді орынды қолдану (кестелер, графиктер, сызбалар Болмауы Төмен сападағы көшірме Сурет электрондық тақырыпқа адекватты, дерекнамаға сілтеме жоқ Сурет электрондық тақырыпқа адекватты Сурет тақырыпқа адекватты салынған, дерекнамаға сілтеме жоқ
4. Қорытындының болуы Болмауы Бір сөйлем түрінде және тақырып ашылмаған Өте көп, жүйелік жоқ Өте көп, жүйелі Қысқа негізделген қорытынды  

6. Ситуациялық есептерді бағалау критерилері

Сапа критерилері 10 балл 20 балл 30 балл 40 балл 50 балл
1. Ауру тарихының барлық бөлімінің болуы Болмауы Бөлімнің кейбір бөлшегінің болмауы Бөлімдер берілген, жүйесіз Жекелеген бөлімдерде ақпараттың толық еместігі Барлық бөлімдері жүйелі
2. Әрбір бөлімнің толықтылығы Болмауы Маңызды мағлұматар жоқ Тақырыпқа қатысы жоқ фактілер көрсетілген Әрбір бөлім толықтырылған, бірақ керек емес ақпаратармен Әрбір бөлім толықтырылған және қысқаша

Пән бойынша студенттердің білімін қосындылап бағалау

( пән бойынша әріптік-баллдық-рейтингтік бағалау )

әріптік жүйе бойынша бағалау Балладардың сандық эквиваленті Пайыздық құрамы Дәстүрлі бағалау жүйесі бойынша
А 4,0 95-100 Үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
B 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлықу
C 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

5.03.06-2006 ҚР БМЖС-қа (ГОСО) негізделген білімді бағалау критерилері «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орнында білімді бақылау» 26.08.2006 ж.

1. Бақылаудың барлық түрлері бойынша үйретілетін білім, игеру, дағдылар және компетенциялар баллдық-рейтингты-әріптік жүйе бойынша бағалаумен анықталады, олардың пайыздық қатынасы бар.

2.«Үздік» бағасы А бағасына сәйкес келеді, сандық эквиваленті 4,0 және пайыздық құрамы 95-100% және А-, сандық эквиваленті 3,67 және пайыздық құрамы 90-94%

Бұл баға қойылады, егер бағдарламалық материалды усвоение көрсетсе және қандай да бір қателік жібермесе, бақылау жұмыстарын және зертханалық жұмыстарды уақытылы және дұрыс орындаса және олар бойынша есебін тапсырса, оригиналдықойлауын көрсетсе, уақытылы және қандай да бір қателіксіз коллоквиумын тапсырса, үй тапсырмасын орындаса, ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысса, пәнді үйрену уақытында өз бетімен қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданса, өз бетімен бағдарламалық материалды жүйелендіре алса.

3. .«Жақсы» бағасы В+ бағасына сәйкес келеді, сандық эквиваленті 3,33 және пайыздық құрамы 85-89% және В, сандық эквиваленті 3,0 және пайыздық құрамы 80-84%

және В-, сандық эквиваленті 2,67 және пайыздық құрамы 75-79%

Бұл баға қойылады, егер бағдарламалық материалды 75%-дан төмен емес меңгерсе, сонымен қатар жауап беруде дөрекі қате жібермесе, бақылау жұмыстарын және зертханалық жұмыстарды уақытылы орындаса және оларды принипиалды ескертусіз тапсырса, уақытылы коллоквиумын тапсырса және үй тапсырмасын орындаса принипиалды ескертусіз, оқытушының айтуымен қосымша әдебиетерді қолданса, ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысса, студенттің өзі түзеткен принципиалды қателіктер немесе принципиалды емес дәлсіздіктерді жіберсе, оқытушының көмегімен бағдарламалық материалдарды жүйелендіре алса.

4. «Қанағатанарлық» бағасы С+ бағасына сәйкес келеді, сандық эквиваленті 2,33 және пайыздық құрамы 70-74%; С, сандық эквиваленті 2,0 және пайыздық құрамы 65-69%; С-, сандық эквиваленті 1,67 және пайыздық құрамы 60-64%; Д+, сандық эквиваленті 1,33 және пайыздық құрамы 55-59%; және Д, сандық эквиваленті 1,0 және пайыздық құрамы 50-54%.

Бұл баға қойылады, егер бағдарламалық материалды 50%-дан төмен емес меңгерсе, бақылау жұмыстары мен зертханалық жұмыстарды, үй жұмыстарын орындауда оқытушы көмегін қажет етсе, коллоквиум тапсырғанда дәлсіздіктер мен принципиалды емес қателіктерді жіберсе, зертеу жұмыстарына белсенділік танытпаса, тек оқытушы айтқан оқу әдебиетерімен шектелсе, материалдарды жүйелеуде ауырлық көрсе.

5. «Қанағаттанарлықсыз» бағасы F бағасына сәйкес келеді, сандық эквиваленті 0 және пайыздық құрамы 0-49%.

Бұл баға қойылады, егер студент бағдарламамен қамтылған негізгі материалды білуде олқылық танытса, пән бағдарламасының жартысынан көбісін меңгермесе, жауап беруде принципиалды қателіктер жіберсе, ағымдағы, аралық және соңғы бақылау формаларымен қарастырылған жекелеген тапсырмаларды орындамаса, бағдарламамен көрсетілген барлық негізгі әдебиетермен жұмыс жасамаса.

Ағымдағы бақылауды есептеу

Тәжірибелік сабақтар (1 сабақ = 100 балл)

I. Білімнің бастапқы деңгейін бағалау жазбаша түрде тест(20) бойынша өткізіледі, бірден бағасы беріліп, жауаптары түзетіледі – максималды балл -100.

Тестілеуді бағалау критерилері

Баллмен бағалау Орындау пайызы Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
13,5 -15 90 – 100% Үздік
11,3-13,4 75-89 Жақсы
7,5-11,2 50-74 Қанағатанарлық
7,5 аз 0 - 49 Қанағатанарлықсыз

II.Сабақ тақырыбын талдау– максималды балл - 100

· 1 сабақ үшін 100-90 балл «үздік» – тақырып материалдарын терең және жан-жақты білімі бар студент ие болады

· 1 сабақ үшін 89-75 балл «жақсы» - тақырыпты толық білетіні анықталып, бірақ жауап беруде аздаған дәлсіздіктер жіберген студент ие болады

· 1 сабақ үшін74-50 балл «қанағаттанарлық» - берілген тақырыпты кейінгіге оқуға қажет болатындай көлемде білетін, бірақ жауап беруде қателіктер жіберген студенттер ие болады

· 1 сабақ үшін 49-0 балл«қанағаттанарлықсыз» - берілген тақырыпты білуде мәселелері анықталған және принципиалды қателер жіберген студенттерге қойылады

· 1 сабаққа 0 балл – сабаққа қатыспаған студентке.

III. Қорытынды бақылау (тесттер)

Наши рекомендации