Тақырып № 4 ҚР Санэпидқызметінің құрылымы. Сақтық және күнделікті санитарлық бақылау - 1 сағат.
Мақсаты: ҚР санитарлық эпидемиологиялық қызметінің құрылымы мен алдын алу және күнделікті санитарлық бақылау туралы білімдерін қалыптастыру.
Дәрістің жоспары:
· ҚР санитарлық эпидемиологиялық қызметінің дамуы.
· ҚР санитарлық эпидемиологиялық қызметінің негізгі міндеттері.
· Санитарлық эпидемиологиялық қызметінің дамуы мен негізгі бағыттар.
· Алдын алу және ағымдағы ситарлық бақылау.ажәне Текущий и предупредительный надзор.
ҚР санитарлық эпидемиологиялық қызметі дамудың ұзақ кезеңдерінен өтті. Егеменді Казахстан 1991 жылдан бастап халықаралық дәрежеде дәйекті түрде меншікті заңдары мен нормативтерін дайындап, қабылдады, сонымен қатар денсаулық саласында. Барлық тәуелсіз мемлекеттердің достастығы арасында Қазақстан ең бірінші болып «халықтың санитарлық эпидемиологиялық қолайлы жағдайы» атты заң қабылдады (1994) және «Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызмет туралы» ҚР Министрлер кабинетінің қаулысы шықты. Бұл құжаттар құқықты акт ретінде санитарлық эпидемиологиялық қызметтің дамуы мен жетілуінің басты бағыттарын анықтады.
Республикада қабылданған қаулыға сәйкес санитарлық эпидемиологиялық қызметтің қайта ұйымдастыру және жаңадан ұйымдастыру құрылымы жүргізілді. Бұрынғы ведомствалық санитарлық қызметтер (Қорғаныс Министрлігі мен Ішкі істер Министрліктерінен басқасы) мемлекеттік статус алды, бұл санитарлық бақылау жүргізуде санитарлық дәрігерлердің құқықтарын жоғарлатты. Санитарлық-эпидемиологиялық басқармалар шешімдер мен талаптар туралы билік айтуда дербестік және тәуелсіздік алды. Денсаулық сақтаудың күнделікті және болашақтық жоспарларын жылдам құрастыруда, жаңа нарықты экономика жүйесінде медицинаның міндеттерін анықтау, мемлекеттің және барлық денсаулық сақтау жүйесінің әлеуметтік жауаптылығын күшейту үшін жаңа қайта өңделген және жөнделген №361-II 4 желтоқсан 2002 жылы ҚР «Халықтың санитарлық эпидемиологиялық қолайлы жағдайы» Заңын қабылдады. Қазіргі уақытта мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қызметтің негізгі міндеттері республикадағы санитарлық эпидемиологиялық жағдайдың кейбір қиындықтарының алдын алу және тұрақтандыру үрдістеріне бағытталған
Бүгінгі күнде ҚР Үкіметінің 10 қаңтар 2002 жылы № 21 шыққан «ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің сұрақтары» қаулысына сәйкес Республикада ҚР ДСМ мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті құрылды.
Барлық қызметтердің жұмысының приоритеттілігін анықтауға байланысты мекемелердің жаңа атаулары бекітілді: облыстың 14 қаласында, Астанада, Алматыда жұмыс барысын - Мемлекеттік санитарлық бақылау Департаменті, аудандарда-санитарлық эпидемиологиялық Басқарма басқарады. Сонымен санитарлық- эпидемиологиялық қызметтің дамуы мен жұмысының негізгі бағыттары анықталды:
- қоршаған ортаның қолайсыз факторларының халық денсаулығына әсерінің алдын алу және зерттеу;
ҚР санитарлық эпидемиологиялық жағдайды мемлекеттік түрде жетілдіріп реттеу және тұрақтандыру мәселелерін шешуде көмек көрсету;
Халықтың санитарлық эпидемиологиялық қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мақсатына бағытталған кешенді түрдегі республикалық және облыстық бағдарламалар дайындау.
санитарлық ұйымдарды ғылыми әдістемелік және материалды техникалық қамтамасыз етуді нығайту;
- медицина қызметкерлерінің кадрлық потенциалын жетілдіру;
- ҚР санитарлық эпидемиологиялық қызметінің жұмысын басқаруда тиімді финанстық экономикалық механизмдерді дайындау және енгізу;
1.Санитарлық эпидемиологиялық қолайлы жағдай сұрақтары бойынша санитарлық эпидемиологиялық қызметтің қоғамдық ұйымдармен байланысын нығайту;
2.Салауатты өмір салтын ұйымдастыру және практикалық шараларды өткізу;
3.Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің алдына қойған міндеттерінің бірі республикадағы гепатит, вирусты менигит, қызамық сияқты жұқпалы ауруларды төмендету, алдын алу шараларын дайындау және эпизоотологиялық-эпидемиологиялық бақылауды жетілдіру, грипп, бруцеллез, туберкулез, іш сүзегі бойынша эпидемиологиялық жағдайды бақылау.Республикадағы эпидемиологиялық жағдайға болжау жүйесі мен мониторинг орнату. Тау кен және металлургиялық өнеркәсіптері, фосфор өндірісі және химиялық зауыттарда, құрлыс индустриясы мен мұнай өндіретін, малшаруашылығы т.б еңбек жағдайына санитарлық-гигиеналық қатаң бақылау жүргізу қажет. Республикадағы тағамдық және қайта өндіруші өнеркәсіптерге мұқиятты түрде санитарлық бақылау өткізетін қосымша білікті кадрлар керек. Қоршаған орта нысандарының (атмосфералық ауа, су, топырақ) ластану деңгейінің көрсеткіштеріне бақылау жасау әрқашанда актуальды мәселе.
Иллюстративты материал:мультимедийлі презентация.
Әдебиеттер:
негізгі:
1. Гигиена под ред. акад. РАМН Г.И.Румянцева.- М.:ГЭОТАР:Медицина, 2005.
2. А.М.Большаков, И.М.Новикова "Общая гигиена", М.: Медицина,2002 г.
3. Мельниченко П.И., Ушаков И.Б., и др. Гигиена: Словарь-справочник– М.: Медицина, 2006.
4. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человека. 4е изд., испр. и доп. – Ростов на Дону «Феникс». 2008. -512 стр. 3-16
5. Матвеева Н.А. Гигиена и экология человека. 2-е изд., стер. – М.: Медицина, 2008.
6. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М.,. Бекмагамбетова Ж.Д., Жакашов Н.Ж., Тогузбаева К.К. Гигиена: Учебник для вузов/ Под ред. У.И. Кенесариева.- Алматы: «Самара-Принт», 2009.-688 с., стр.13-35.
7. Аспекты истории развития гигиены и эпидемиологии в Казахстане / Белоног А.А.,
Кенесариев Ү.И., Аликеева Г.М., Саятова А.С. – Алматы, 2006, - стр.160-166.
қосымша:
1. Пивоваров Ю.П. и др. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене М. Медицина, 2002.
2. Гурова А.И., Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене, М. Медицина, Издательство Университета дружбы народов, 1991.
3. Е.И. Гончарук, Ю.И. Кундиев, В.Г. Бардов и др.- Общая гигиена: пропедевтика гигиены: Учеб. для иностр.0-28 студентов 2-е изд.перераб. и доп.- К.: Вища шк., 199.-С 652., стр.47-97.
Бақылау сұрақтар (кері байланыс):
1.Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің приоритеттілігі қандай?
2. Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құрылымы
3. Алдын алу және ағымдағы санитарлық бақылаудың рөлі?