БЦЖ вакцинациясынан кейінгі асқынулары бар балаларды диспансерлік бақылау

БЦЖ вакцинациясынан кейінгі асқынулары бар балалар III В диспансерлік есеп тобында бақыланады.
Есепке алу кезіндегі зерттеулер: қан мен зәрдің жалпы талдамасы, кеуде қуысы ағзаларының жалпы рентгенографиясы, «ДИАСКИНТЕСТ®», қосымша (есептен шығару кезінде) – Манту сынамасы.
Бақылау мерзімі - 1 жыл.

Туберкулез бойынша профилактикалық
іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге
асыру жөніндегі нұсқаулыққа
12-қосымша

Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның Жұмысы және құрамы

1. Орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссия (бұдан әрі – ОДКК) отырыстары ТҚҰ бас дәрігері бекіткен кестеге сәйкес, аптасына кем дегенде бір рет жүргізіледі және де комиссия мүшелерінің кем дегенде үшеуі қатысқанда ғана құқылы. ОДКК отырысында талданатын науқастардың тізімі қарастыру мақсатын көрсете отырып, алдын–ала құрастырылуы тиіс. Отырыста қабылданған барлық шешімдер ОДКК мүшелерінің арнайы журналда қол қоюы арқылы расталады.
2. КДТ/ДАТ ОДКК журналының үлгісі:
№ р/с;
Науқастың ТАӘ;
Туылған күні;
Мекенжайы;
Диагноз;
ОДКК ұсыну мақсаты;
ОДКК шешімі (ОДКК мүшелері қол қою тиіс);
ОДКК келесі ұсыну мерзімі;
Ескертулер.
3. ОДКК журналының үлгісі 2-қосымшада келтірілген.
4. ОДКК ұсынылған науқастардың дұрыс толтырылған ТБ 01 IV санат картасы, Амбулаториялыққ картасы, сырқатнамасы, рентгенмұрағаты.
5. Науқастарды ОДКК отырысына учаскелік фтизиатрлар ұсынады, науқас ТҚҰ стационарында жатқан жағдайда емдеуші дәрігерлер ұсынады.
6. Әрбір жағдайды қарастыру барысында науқас туралы ақпарат ұсынылып, талданып, шешім қабылданады.
7. Науқасқа ем тағайындалған жағдайда дәрімен қамтамасыз етуге жауапты қызметкер емнің толық курсына қажетті ТҚП санын есептеп, олардың емнің толық курсына қажетті мөлшерінің болуы туралы ақпаратты хабарлайды.

ОДКК құрамы

8. Төрағасы/төрайымы: ТҚҰ бас дәрігері.
9. Төрағаның/төрайымның орынбасары: бас дәрігердің емдеу жұмысы бойынша орынбасары.
10. Мүшелері:
1) ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі;
2) IV санаттағы науқастарды емдеу бөлімінің меңгерушісі;
3) бактериолог-дәрігер;
4) провизор (дәрілік үйлестіруші);
5) хатшы.

Туберкулез бойынша профилактикалық
іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге
асыру жөніндегі нұсқаулыққа
13-қосымша

Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің
ересектерге арналған тәуліктік дозасы (мг)

Дәрі атауы Науқастың салмағы (кг)
<33 кг 33-49 кг 50-70 кг >70 кг
Емнің қарқынды сатысы - дәрілерді күнделікті қабылдау
Пиразинамид (Z) 30-40 мг/кг 1000-1500 1500-2000
Этамбутол (E) 25 мг/кг 800 -1200 1200-1600 1600-2000
Канамицин (Km) (1 гр.) 15-20 мг/кг 500-750
Капреомицин (Cm) (1 гр.) 15-20 мг/кг 500-750
Амикацин (Am) (1 гр.) 15-20 мг/кг 500-750
Офлоксацин (Ofx) 800-1000
Левофлоксацин (Lfx) 750-1000
Моксифлоксацин (Mfx)
Этионамид (Eto) 15-20 мг/кг
Протионамид (Pto) 15-20 мг/кг
Циклосерин (Cs) 15-20 мг/кг
ПАСК (PAS) 1500 мг/кг
Линезолид (Lzd) -
Клофазимин (Cfz) -
Бедоквилин -
Кларитромицин (Clr) Науқастың салмағына қарамастан - 1000 мг
Амоксициллин-клавуланат (Amx-Clv) Салмағы 50 кг дейін науқастарда –амоксициллин мөлшері 35 мг 1 кг салмағына; Салмағы 50 кг және одан астам болса - 2000 мг амоксициллин
Емнің қолдау сатысы – дәрілерді күнделікті қабылдау
Офлоксацин 800-1000
Левофлоксацин 750-1000
Этионамид 15-20 мг/кг
Протионамид 15-20 мг/кг
Циклосерин 15-20 мг/кг
ПАСК 1500 мг/кг
Этамбутол 25 мг/кг
Линезолид (Lzd) -
Клофазимин (Cfz) -
Бедоквилин -
Кларитромицин Науқастың салмағына қарамастан - 1000 мг
Амоксициллин-клавуланат Салмағы 50 кг дейін - 1500 мг амоксициллин; Салмағы 50 кг және одан астам болса - 2000 мг амоксициллин

Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің
балаларға арналған тәуліктік дозасы (мг/кг)

Дәрі Тәуліктік дозасы, мг/кг/тәул. Қабылдау жиілігі Ең жоғары тәуліктік дозасы
Канамицин 15-30 күніне 1 рет 1 г
Амикацин 15-30 күніне 1 рет 1 г
Капреомицин 15-30 күніне 1 рет 1 г
Офлоксацин 15-20 2 раза в день 800 мг
Левофлоксацин 7,5-10 күніне 1 рет 750 мг
Моксифлоксацин 7,5-10 күніне 1 рет 400 мг
Этионамид 15-20 күніне 2 рет 1 г
Протионамид 15-20 күніне 2 рет 1 г
Циклосерин 15-20 күніне 1 немесе 2 рет 1 г
ПАСК күніне 2 немесе 3 рет 8 г
Пиразинамид 30-40 күніне 1 рет 2 г
Этамбутол күніне 1 рет 1,6 г

Туберкулез бойынша профилактикалық
іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге
асыру жөніндегі нұсқаулыққа
14-қосымша

Наши рекомендации