B) Іріңдікті ашу және дренаждау
VII курс ЖТД мамандығы интерндерге арналған «Хирургиялық аурулар» пәні бойынша
Деңгейлік бақылау сұрақтары:2016-17
1.Емделуші ер кісі 44 жаста емханаға мынандай шағыммен қаралуға келді:эпигастрий аймағында ауырсынуы және аурудың басын ішімдік қолданғаннан кейін қатты пышақ сұққандай сезім болғанын айтты.Анамнезінде гастритпен ауырып, қалыпты емделмегенін, әсіресе соңғы екі жылда ФГДС өтпегенін айтты. Оның себебін жаңа темір жол салуымен байланыстырады. Ол өзі сол мекемеде жұмыс басқарушы екен. Объективті: науқас тізесін бүгіп, ішін тізесімен басып бүктетіліп жатыр. Тері түсі бозғылт, мұздай тер. Іші тақтай тәрізді тартылған, ішпердесінің кернелуі және, Щёткина-Блюмберг, Мендель симптомдары оңынан. Қан талдауында: эритроциты 4х1012\л, лейкоциты 18х109 \л, СОЭ 25 мм\ч. Рентен бейнелеуде бауыр үстінде «орақ тәрізді» ауа бар. Төменде аталған ауруардың қайсысының тұсында болатын симптомдар:
А) Бауырдың шаншуы
В) Ойық жара перфорациясы
С) Шажырқай майының тамыр тромбозы
D) привратниктің стенозі
Е) Қолқа аневризмасының ыдырауы
2.Әйел адам 48 жаста емхананың күндізгі стационарына келіп түскенде айтқан шағымдары: эпигастрий аймағындағы ауырсыну, бел жаққа айналмалы әрі арқаға ауырсынуының берілуі. Алдымен жүрек айнып, содан жиі запыран құсуы болғанмен жеңілдік әкелмеген. Ауруының пайда болуын ішімдікпен, майлы тамақпен байланыстырады. Ертеректе 3 жыл бұрын соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндсінің қабынуына байланысты ота жасалынған екен. Одан сауалып кеткен соң шағым болмаған. Объективті: тері қабаты және кілегей беті бозғылт, тамыр соғуы 90 рет минутіне, қан қысымы 100/60 мм.с.б., іші аздап үрленген, эпигастрий аймағында және сол жақ қабырға астында ауырсынады. Оң симптомдары: Керте, Мейо Робсон және Воскресенский. Қан анализінде: лейкоциттер 12х109/л, СОЭ 18 мм/ч, зәр диастазасы 530 ед. Вольгемут бойынша, қант 6,5 ммоль/л. Жалпы тәжірибелік дәрігер панкреатит дагнозын қойды. Емдеу тактикасына төменде аталғанның қайсысы қолайлы?
А) ингибитормен ем қолдану
В)Склеротерапия
С) Спирт-новокаин блокадасы
D)Лапароскопия
Е)Хирургиялық емі
3.62 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралды. Шағымдары желін ұстамайтынына және тік ішектің бөлшегінің түсіп кететіндігн айтты. Акт дефекациядан кейін жуып бөлшек ішекті өзі қолмен салатындығын айтады.. Өзінің ауруын ертеде болған жарылған парапроктитпен байланыстырады. Хирургке уақытында командировкаға байланысты қаралмаған. Объективті: жүресінен отырып күшенгенде тік ішектің «конус» тәрізді болып шығып кететініне белгіленді. Анустың жиегінің қасында нүкте тәрізді тесік бар, онан басқанда тамшы ірің шығады. Саусақпен зерттегенде сфинктер ұстамайды, перчаткада ірің бар. Фистуллография бойынша мәлімет: параректальды кеңістікке кететін жыланкөз болып шықты.Қандай ем шара төменгі көрсетілгендердің ішінде негізгі қолдануға жарамдысы?
А) Микроклизма жасау
В) бұлауға түсу
С) ректопексиямен жыланкөзді сылу
D) Іш қатудың алдын алу
Е) Склероздандыру терапиясы
4. Емханаға 27 жастағы науқасты алып келгендегі шағымы: эпигастрийдегі қатты ауырсынуы, оның пайда болғаны 2 сағат бұрын басталған. Анамнезінде 12-елі ішектің ойық жарасымен уақытылы емделмеген. Объективті: Іші кернелген, эпигастрии аймағында ауырсынуы бар. Беткей пальпация кезінде ауырсынуды көрсетеді және кернеулі іш. Барлық симптомдар: Щеткина-Блюмберг, Мендель, дефанс оңынан болды. ЖДТ перфорация болуы мүмкін деп шолу іш қуысына рентгенография жасатты. Ол рентген бейнелеуде нені көруге болады?
A) Тоқ ішектің үрленгендігін
B) Пневмоперитонум
C) 12 елі ішектің қармақша бұрылуы
D) Клойбер тостағаншасын
E) іш қуысында сұйықтық болуы.
5. Сізге қаралуға орта жастағы ер адам келді, оның шағымы жауырын аймағында ауырсынуы, қызулауы, ұйқысының нашарлауы. . Объективті.флюктуация және пальпация кезінде ауырсынуы. Науқастың айтуы бойынша, бір уақыттарда осы жерде фурункул болды, бірақта ол жарылмағаннан кейін осындай томпайып тұрды.Сол томпиған өсінді үлкейе бастады. Көп мерзім бойынша үлкейгенін сезіп әсіресе екі күн бойы қызуы көтерілді. Сіздің қойған диагнозыңыз: теріастылық шектелген іріңдік.Іріңдікті қалай емдейсіз?
A) антибиотикотерапияны жалғастыру
B) Іріңдікті ашу және дренаждау
C) физиотерапияны тағайындау
D) кезекші клиникаға бағыттау
E) Вишневский майымен емдеу
6.Емханаға жалпы тәжірибелік дәрігерге 25 жастағы ер кісі қаралған.Жарақаттан соң сол жақ көзінде ауырсыну пайда болды. Осы шағымдар көзіне қиқым түскен соң пайда болған, сол көзі жасаурап жарыққа қарай алмайтын сезім болды.Жарақатты бірнеше сағат бұрын жүк машинасына қиды тиеп жатқанда кездесті. Объективті: сол жақ көз тамырының аралас қызаруы,қарашығында ұсақ қарауытқан белгілер бар, бұлт тәрізді доғамен қапталған. Жалпы тәжірибе дәрігер қиқымды алудан бұрын көзіне 0,5% р-р дикаин дәрісін тамшылап құйды. Көздің бөгде затын ылғалды залалсыздадырылған тампонмен алып тастады. Алғаннан кейін инсталляция 30% сульфацил-натрий ерітіндісімен, онан кейін 0,25% левомицетин ерітіндісімен жасалынды, сонан соң көздің ішкі қабағына альбуцид майын жақты. Жарақаттың зақым дәрежесін анықтаңыз:
A) орташа сатысы