КлиникалыҚ диагнозды негіздеу
А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік
Университеті
Медицина факультеті
Терапия кафедрасы
Науқас:Р.К.С.
Клиникалық диагноз:Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі,МБТ(+)оң, ыдырау сатысы,жаңа жағдай, І санат, 1а тобы
Негізгі ауруы: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі,МБТ(+)оң, ыдырау сатысы,жаңа жағдай, І санат, 1а тобы
Асқынуы: жоқ
Қосымша (ілеспелі) ауру: жоқ
Курация уақыты:19.09.2016-21.09.2016
Студент:Еркинова Нилуфар
Тобы:ЖМ- 402
Қабылдаған:Омарова А.Р.
Паспорттық бөлім
1.Фамилиясы, аты, тегі: Р.С.К
2. Туылған жылы: 02.02.1978ж
3.Жынысы: еркек
4.Білімі: орта
5.Жұмыс орны: құрылысшы
6.Аурудың мекен - жайы: ОҚО, Түркістан ауданы, Майдантал ауылы, Төле би көшесі №12
7.Клиникалық диагноз:
Негізгі ауру: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, МБТ+, ыдырау сатысы, жаңа жағдай, І санат, 1а тобы
Асқынуы: жоқ
Ілеспелі аурулар: жоқ
КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗДЫ НЕГІЗДЕУ
1.Түскен кездегі шағымдарының негізінде:
Негізгі шағымдары:Науқасты 1 айдан бері кеуде сарайының оң жағындағы сыздап ауырсынуы,2 аптадан бері құрғақ жөтел, 1 апта бойы кешкі уақытта дене қызуының 37,7С-қа дейін жоғарылауы мазалаған.
Қосымша шағымдары: Жалпы әлсіздік, күнделікті жұмыстан кейінгі шаршағыштыққа, кешкі уақытта бас ауруына,түнгі тершеңдікке шағымданады.
2. Қазіргі аурудың даму тарихы негізінде:Науқас өзін 1 айдан бері ауру санайды, ауруын қатаң суық жағдайда жұмыс істеумен байланыстырады. Аймақтық дәрігерге қаралмаған. Өз бетінше жөтелге қарсы дәрі-дәрмектер қабылдаған. Жоғарыдағы шағымдар мазалап, жағдайы жақсармаған соң 15.09.2016 ж аймақтық дәрігерге келіп қаралған. Флюрограммада оң өкпеде қараю ошағы анықталып, туберкулезге күдік туып,кеуде торының жалпы шолу рентгенограммасына түсірген, қақырық анализін алған,оң нәтиже алынған соң, қалалық туберкулездік диспансерге жолдама берілген.
3. Өмір тарихының негізінде:
Кәсіптік анамнезі – 10 жылдан бері құрылыста жұмыс істейді.
Зиянды әдеттері – күніне 1 қорап темекі шегеді.
Бұрын туберкулезбен ауырмаған, туберкулез ауруымен қатынаста болмаған.
Аллергиялық анамнез - дәрі-дәрмектерге,тағамдарға,тұрмыстық заттарға сезімталдығы жоқ.
Соңғы 6 айда шетелге бармаған, қан құймаған. Вирусты гепатитпен ауырмаған, кене шақпаған. Ота жасатпаған.
4. Объективті мәліметтер негізінде:
Науқсатың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Санасы айқын,қалпы активті. Дене бітімі: нормостениялық. Бойы: 165 см, дене массасы: 70 кг
Тері жамылғысы: таза, түсі қалыпты , ылғалды.
Дене қызуы субфебрильді.
Перифириялық лимфа түйіндері пальпацияланады, ұлғаймаған, ауырсынусыз.
Тыныс алу жүйесі:
Мұрынмен тыныс алуы еркін. Дауысы қалыпты. Тыныс алу типі – аралас, тыныс алу актісінде оң жақ өкпе қалыңқы. ТАЖ 14 рет/мин. Дауыс дірілі оң жақта күшейген. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясында оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде дыбыс тұйықталған. Өкпе шекаралары қалыпты. Өкпеде везикобронхиальді тыныс естіледі. Сырылдар жоқ.
Жүрек-қантамыр жүйесі:
ЖСЖ 75 рет/мин. Пульс 72 рет/мин, ырғақты. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚ 120/80 мм сын.бағ
5. Инструментальді-лабораториялық зерттеу негізінде:
ЖҚА 16.09.16: гипохромды анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы
БҚА 16.09.16:гипопротеинемия
Қақырық анализі:19.09.16МКБ +++ оң нәтижелі
20.09.16МКБ +++ оң нәтижелі
Кеуде сарайының жалпы шолу рентгенографиясы 20.09.16: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінде гомогенді қараю ошағы анықталады.Синустары – өзгеріссіз. Өкпе түбірлері кеңейген. Жүрек ақауы жоқ.
Қорытынды: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, ыдырау сатысы
Оң өкпенің томограммасы 21.09.16: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінде қуыс анықталады.
Келесі клиникалық диагноз қойылды:
КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗ: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, МБТ(+)оң, ыдырау сатысы, жаңа жағдай, І санат, 1а тобы
ЕМІ