Бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы
1. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:
1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында байытылған тамақ өнімдерінің өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге және айналымының басқа да сатыларында қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтауға жауапкершілік;
2) құрамында темір бар препараттармен халықтың нысаналы топтарын профилактикалық қамтамасыз ету;
3) темір тапшылығы анемиясынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі;
4) ұнды және өзге де тамақ өнімдердің құрамында темір бар витаминдік-минералдық қоспалармен, препараттармен және өзге де ингредиенттермен байыту (фортификация) принциптерімен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сортты бидай ұны міндетті түрде құрамында темір бар витаминдік-минералдық қоспалармен, препараттармен және өзге де ингредиенттермен байытылуға (фортификация) тиіс.
Тамақ өнімдерін құрамында темір бар витаминдік-минералдық қоспалармен, препараттармен және өзге де ингредиенттермен байыту (фортификация) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Бап. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы
1. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы жөніндегі іс- шаралар:
1) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасында йодталған ас тұзы мен жемдік тұз өндірісіне, оларды әкелуге, әкетуге, өткізуге қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтауға жауапкершілік;
2) йод тапшылығы ауруларынан зардап шегетін адамдардың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткізуі;
3) йодталған ас тұзының және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімдерінің зиянды әсерінің салдарынан денсаулығынан айырылған жағдайда азаматтардың құқықтарын қорғау принциптерінде жүзеге асырылады.
2. Ас тұзын және жемдік тұзды йодтау Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының ппрофилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
6-бөлім. Донорлық және транспланттау
Тарау. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы
Бап. Донорлық, қан мен оның компоненттерін және препараттарын дайындау
1. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы (бұдан әрі -
донорлық) деп қан мен оның компоненттерін медициналық мақсаттар
үшін тапсыру (донация) арқылы азаматтардың денсаулығын сақтауға
донорлардың ерікті түрде қатысуы болып табылады.
2. Қан мен оның компоненттерін дайындау - донордан қан алуды оны консервациялауды және компоненттерге бөлуді қамтитын іс-шаралар кешенін қамтиды.
3. Қан мен оның компоненттерін дайындау процесін мыналарды қамтиды:
1) қан донациясы - донор тапсыратын қанның біржолғы алынуы;
2) плазма донациясы - плазмаферез әдісімен қан плазмасының біржолғы алынуы.
Алынатын плазманың иммундық сипаттамасына қарай:
қан препараттары мен диагностикалық реагенттер өндіру үшін пайдаланылатын, белгілі бір концентрациядағы табиғи өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) құрамында бар изоиммундық плазма;
құрамында табиғи немесе жасанды түрдегі белгілі бір концентрациядағы табиғи өзіндік белок құрылымдары (изоиммундық қарсы денелер) бар және ауру қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне өзара емдік іс-әрекетті нысаналы түрде жасауға қасиеті бір иммундық плазма. Иммундық плазма реципиентке құю немесе қан препараттарын өндіру үшін қолданылады.
3) клеткалар донациясы - цитаферез әдісімен донордың қанының клеткаларын біржолғы алу.
4. Қанды дайындау және өңдеу процесінде:
1) қан компоненттерін - одан клеткалар және клеткасыз орта түрінде алынатын қанның құрамдас бөліктері;
2) қан препараттары - қан компоненттетрін қайта өңдеу кезінде алынатын дәрілік заттар.
5. Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау, өткізу, сондай-ақ қанды, оның компоненттері мен препараттарды сақтау, қан құю ережелерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Бап. Денсаулық сақтау ұйымдары және донорлық, қанды, оның компоненттері мен препараттарды дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар
1. Қан мен оның компоненттерін дайындауды, өңдеуді, сақтауды және өткізуді тиісті лицензиясы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
2. Қан препараттарын өндіруді тиісті лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.
3. Қан мен оның компоненттерін және препараттарды дайындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар олардың сапасы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
4. Қан мен оның компоненттерін, қан препараттарын құюды (реципиент ағзасына енгізу) жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары реципиенттің денсаулығы үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
5. Қан құю қызметі саласындағы ұйымдар шығаратын қан мен оның компоненттері, қан препараттары, консервациялау құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті бақылауға жатады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде төтенше немесе соғыс жағдайы жарияланған кезде донорлықты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының төтенше немесе соғыс жағдайы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.