Темір тапшылықты анемияның жіктемесі.

Этиологиялық түрі Сатысы Ауырлық дәрежесі
І.Созылмалы қан кетуден I —сатысы анемияның 1. Жеңіл
(созылмалы постгеморрагиялық көрінісі жоқ темір (НЬ-90-120
анемия). тапшылығы (жасырын г/л).
2.Темірдің көп жұмсалуынан анемия).  
(темірге сұраныстың кушеюінен).   2. Орташа
3. Темірдің туа тапшылығынан II - клиникалық, (НЬ -70-90
(нәрестелерде, кішкене балаларда). лабораториялық г/л).
4.Алиментарлық (нугригивтік). көріністері айқын  
5. Ішекте темір сіңірілуінің теміртапшылықты 3. Ауыр
жеткіліксіздігінен. анемия. (НЬ -70г/л
1. Темір тасымалдануының А төмен).
бұзылысынан.    

Клиникалықкөрінісі. Теміртапшылықты анемияның дамуында, шартты түрде, екі сатыны айырады. Біріншісінде - темір қорының азая бастауынан жасырын және айқын сидеропенияның белгілері пайда болады; екінші сатыда — ауырлай түскен сидеропенияның көрінісіне теміртапшылықты анемияның көріністері қосылады,

Көп босанған және абортты жиі жасатқан әйелдер темірдің жасырын тапшылығын елемей, ұзақ жүруі мумкін. Темірдің жасырын тапшылығы тез өскен балаларда да анықталады.

Теміртапшылықты анемияның қосылуы сидеропенияның ауыр дәрежесі болып табылады.

Сонымен, теміртапшылықты анемияның көрінісінде сидеропениялық және анемиялық синдромдар орын алады.

Сидеропениялық синдромның көріністері:

• тері мен тері өсінділерінің дистрофиялық бұзылыстары (құрғауы, түлегіштігі, терінің тілінуге бейімділігі;

•шаштың түсуі, ерте ағаруы, жылтырлығының жойылуы, үзілгіштігі; тырнақтардың жұқаруы, сынғыштығы, көлденең сызықталуы, бұлыңғырлануы;

•тырнақтар ортасының қасық тәрізді ойықталуы -койлонихия;

•ангулярлық стоматит - ауыз ұшының жарылуы, "ауыздық" түсуі;

•глоссит - тілдің ашып ауыруы, ұшының қызаруы, бүртіктерінің атрофиясынан кейіннен жылтыр "лакталған" тіл симптомының анықталуы; афтоздық стоматиттің жиі дамуы;

•парадонтоз бен кариестің тез дамып өрістеуі;

•асқорыту жолы кілегей қабығының атрофиясы, осыдан өңеш кілегей қабығының құрғауы, құрғақ тағамды жұтудың қиналуы (сидеропениялық дисфагия немесе Пламмер-Винсон симптомы);

•атрофиялық гастриттің, энтериттің дамуы;

•"көгілдір склера"симптомы - көз ақ қабығының көгілдірленуі. Темір тапшылығында пролиннің, лизиннің гидрототықтануы бұзылады және склерада коллагеннің синтезі төмендейді, осыдан склера жұқарады, жұқарған склераның астындағы тамырлардың көрінуінен оның түсі сәл көгілдір болады;

•қуық сфинктерінің әлсіздігінен зәр шығарудың жиіленуі; күлген, жөтелген, түшкерген кездерде зәрдің еріксіз шығып кетуі; түнгі ұйқы кезінде зәрді ұстай алмау (энурез);

•"сидеропениялық субфебрилитет"- себебі белгісіз симптом, дене қызудың ұзақ уақыт субфебрильді деңгейге көтерілуімен сипатталады;

•лейкоциттердің фагоцитарлық қасиетінің төмендеуінен, иммундық жүйенің әлсізденуінен жедел респираторлы-вирустық, өзге инфекциялық қабыну процестерге шалдығуға және инфекцияның созылмалыға ауысуына бейімділік;

• тері мен қілегей қабықтардың репарациялық қасиетінің төмендеуі.
Анемиялық синдромның көріністері:

Темірдің "қоры" сарқыла келе сидеропенияның көрінісіне анемияның белгілері қосылады. Анемияның клиникалық көрінісі циркуляциялық гипоксияның белгілерімен сипатталады. Мидың гипоксиясынан ұйқышылдық пайда болады, шаршаған кезде бас ауырады, бас айналады, көз алдында шыбын-шіркей тәрізді көлеңкелер көрінеді. Мидың есте сақтау, зейін қою қасиеттері төмендейді. Ауасы жеткіліксіз жағдайларда немесе төсектен тез тұрған кездерде наукастар кейде талып қалады.

Терінің қанмен жеткілікті қамтамасыз етілмеуінен, науқастар суыққа төзімсіз, жаурағыш болады.

Жүрек-тамыр жүйесінен тахикардия, жүректің шаншып ауырсынуы, дене қызметі кезінде ентігу байқалады. Жүрек ишемия ауруына шалдыққан науқастарда стенокардияның ұстамалары жиіленеді.

Объективті көріністе тері мен кілегей қабықтардың қуқылдануы анықталады. Қуқылданған терінің түсі жасыл реңді болады, осыдан бұл ауру ертеде "хлороз" аталған. Кейде терінің түсі балауыз тәрізді сарғыш реңді, әсіресе ауыздың айналасы сарғаяды ("хлоротиктердің сары мұрт" симптомы).

Аяқ ұштары, балтырлар, бет шамалы ісінуі мүмкін, әсіресе таңертеңгі кездерде көз астының ісінуі байқалады.

Миокардтың дистрофиясынан жүрек шектері сәл кеңиді, тондары әлсірейді. Жүректің ұшында және өкпе артериясының нүктесінде систолалық шу естіледі. Қанның сұйылуынан мойынтұрық венада "зырылдауық" шуы пайда болады.

Жүрек дистрофиясының ауыр түрінде қанайналым шамасыздығы дамуы ықтимал. Артериялық қысым төмендейді. ЭКГ-да миокардиодистрофияға тән белгілер анықталады.

Теміртапшылықты анемияның көрінісінде өзге ағзалардың гипоксияға ұшырауынан болатын белгілер де анықталады, мәселен бауырдың функциялық бұзылыстары - гипопротеинемия, гипотромбинемия, гипогликемия; жыныс бездерінің дисфункциясы - потенцияның төмендеуі, менструациялық циклдың бұзылысы.

Диагностикасы. Темір тапшылықты анемияның диагностикасыңда ең маңыздысы: қанның, сүйек миының лабораториялық анализдері және темір алмасуының зерттеу нәтижелері.Қанның анализіндегипохромдық микроцитарлық анемияның белгілері анықталады

Суретте: Созылмалы теміртапшьиықты анемиядағы қан жағындысының көрінісі: эритроциттердің гипохромиясы, анизоцитоз, пойкилоцитоз, шизоциттер және полихроматофильдердің болуы.

Наши рекомендации