Науқас Талғатқызы Айнұр /23ж/ клиникаға төменгі жақтың оң аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданды.
Шағымы:Төменгі жақтың оң аймағындағы шайнағандағы және өздігінен ауырсыну сезіміне шағымданып келді.
Anamanesis morbi:Науқастың айтуы бойынша, ауру сезімі 10 күн бұрын жәй жәйдан басталған. Науқасты 4,7 тістің және қызылиектің қатты ауырсынуы мазалаған. Тісі бұрын емделмеген. Науқас өздігінен үйінде ем қабылдаған: ауырсынуды басататын “Кеторол ” дәрілік препаратты қабылдаған, ем нәтижесіз болған соң клиникаға келген.
Anammnesis vitae:Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ. Жұқпалы инфекциялық аурулармен ауырмаған және қатынаста болмаған. Тағамға, шаң-тозаңға, дәріге аллергиялық реакциясы жоқ.
Status prаesens: Науқастың жалпы жағдайы орташа дәрежеде. Анық сөйлейді. Есі дұрыс. Қозғалысы шектелмеген, әлсіздік байқалмайды. Конституция типі-нормостеник. Ұйқы мен тәбет бұзылмаған. Тері жамылғысы таза. Бет-жақ аймағының регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпеде везикулярлы тыныс,ТАЖ- 17р/м. Жүрек тондары ритмді, анық. АҚ=120/80 мм сын.бағ.; PS=69соққы/мин. Дене температурасы 36,8. Сүйек-бұлшықет жүйесі патологиясыз. Бұлшықеттер тонусы сақталған. Омыртқа жотасы тегіс.
Status localis: Бет әлпеті симметриялы. Бет-жақ аймағындағы тері жамылғысы қызармаған, ісінбеген. Бет-жақ аймағының регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынбайды. Еріннің қызыл жиегі патологиялық өзгеріссіз. Ерін қызыл жиегі құрғаған, ашық-қызыл түстес. Ауыз ашылуы шектелмеген, ауырмайады. Сілекей бездері қалыпты. СТЖБ қозғалысы шектелмеген. Сықыр, кырыл жоқ. Тістері қозғалыссыз. Ортогнатикалық тістем.
Ауыз қуысында:Ауыз қуысы кіреберісі тереңдігі 7мм, құлақ маңы, сілекей бездері шығару түтіктері патологиясыз, мөлдір сұйықтық бөлінеді. Жоғарғы ерін және тіл үзбелері қалыпты бекінген. Ауыз қуысы кіреберісі шырышты қабаты ашық қызыл түсті. 4,8 тіс орны аймағындағы қызыл иегі қызарған, пальпацияда ауырсынады. Қатты таңдай формасы күмбез тәрізді. Жұмсақ таңдай симметриялы. Ауыз өзіндік қуысының шырышты қабытының түсі өзгеріссіз. Тіл беткейі ақ қақтармен жабылған. Тіл ісінбеген. Тіл үзбесі қалыпты.
Қосымша зерттеу әдістері: ортопантомограммада 4,8 тістің 4.7 тіске қарай өсуі (қисық орналасуы).
Болжамды диагноз: 4,8 тістің қиналып жарып шығуы, перикоронит.
Клиникалық диагноздың дәлелдемесі:Негіздеме бойынша
Шағымы: Төменгі жақтың оң аймағындағы шанағандағы және өздігінен ауырсыну сезіміне шағымданып келді.
Anamanesis morbi: Науқастың айтуы бойынша, ауру сезімі 10 күн бұрын жәй жәйдан басталған. Науқасты 4,7 тістің және қызылиектің қатты ауырсынуы мазалаған. Тісі бұрын емделмеген. Науқас өздігінен үйінде ем қабылдаған: ауырсынуды басататын “Кеторол” дәрілік препаратты қабылдаған, ем нәтижесіз болған соң клиникаға келген.
Status localis: Бет әлпеті симметриялы. Бет-жақ аймағындағы тері жамылғысы қызармаған, ісінбеген. Бет-жақ аймағының регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынбайды. Еріннің қызыл жиегі патологиялық өзгеріссіз. Ерін қызыл жиегі құрғаған, ашық-қызыл түстес. Ауыз ашылуы шектелмеген, ауырмайады. Сілекей бездері қалыпты. СТЖБ қозғалысы шектелмеген. Сықыр, кырыл жоқ. Тістері қозғалыссыз. Ортогнатикалық тістем.
Ауыз қуысында:Ауыз қуысы кіреберісі тереңдігі 7мм, құлақ маңы, сілекей бездері шығару түтіктері патологиясыз, мөлдір сұйықтық бөлінеді. Жоғарғы ерін және тіл үзбелері қалыпты бекінген. Ауыз қуысы кіреберісі шырышты қабаты ашық қызыл түсті. 4,8 тіс орны аймағындағы қызыл иегі қызарған, пальпацияда ауырсынады. Қатты таңдай формасы күмбез тәрізді. Жұмсақ таңдай симметриялы. Ауыз өзіндік қуысының шырышты қабытының түсі өзгеріссіз. Тіл беткейі ақ қақтармен жабылған. Тіл ісінбеген. Тіл үзбесі қалыпты.
Қосымша зерттеу әдістері: ортопантомограммада 4,8 тістің 4.7 тіске қарай өсуі (қисық орналасуы).
Нақты диагноз: 4,8 тістің қиналып жарып шығуы, перикоронит.
Емдеу жоспары:
ü Ауыз қуысы гигиенасын сақтау
Ø Емі Операция: « 4.8 тісті жұлу»;
Ø Кеңес беру
Емі:Операция: «4.8 тісті жұлу»
Операция алаңын медикаментозды өңдеуден соң, жергілікті жансыздандыру Sol. Ubistezini4%-2ml арқылы, 4.8 тіс проекциясы бойымен 4.7 тіс мойыны аймағында тілік жасалынды. Тілік орны антисептиктермен өңделді. Тік элеватор көмегімен тіс жұлынды. 4.8 тіс жұлынып, ұяшық тазартылды. Тіс ұяшығын 3% сутегі асқын тотығы, 1% бетадин антисептикалық ертіндімен өңделді. Тігіс салынды.
Операциядан кейінгі ем:
Ципролет500 мг х күніне 2 рет 5күн;
Хилак форте 20 тамшыдан ішке күніне 2 рет;
Ауыз қуысын күніне 10-15 рет тұзды ерітіндімен шаю;
4-5 күннен кейін тігісті алдыруға келу;