Пәнді оқудың соңғы нәтижесі
АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ» КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН» Медициналық білім беру басқармасының басшысы, м.ғ.к. ______________У.Б. Татыкаева «___» __________2016 жыл |
МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА» ПӘНІ БОЙЫНША
СИЛЛАБУС
Пән коды:MB 1112
Мамандығы:5В130100 - «Жалпы медицина»
Жалпы кредит саны –3
Тәжірибелік сабақтар –45 с.
ОБСӨЖ –45 с.
СӨЖ –45 с.
Kyрс – 1
|
«Медициналық биофизика» пәнінің cиллабусы 5В130100 - «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген, ҚР ДСМ білім, ғылым және кадрлық ресурстары Департаментінің директорымен 18.06.2007 ж. бекітілген пәннің типтік оқу бағдарламасы және негізгі оқу жоспарына (№6 хаттама, 26.06.2013 ж. университет Сенатымен бекітілген) сай дайындалған жұмыс оқу бағдарламасы негізінде, № 6 нұсқау хат талаптары бойынша дайындалған.
Силлабус медицина факультеті «Жалпы хирургия» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
Хаттама №____ "____" _____________ 2016 ж.
Кафедра меңгерушісі_________________м.ғ.к., доцент Н.К.Тулежанов
Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.
Хаттама №____"____" _____________ 2016 ж.
Комитет төрайымы_____________ оқытушы Ү.М.Амирешова
Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.
Хаттама №____ "____" _____________ 2016 ж.
Комитет төрайымы_________________ магистр оқытушы К.Б.Бураева
Оқытушылар туралы мәлімет:
1. Байзак Усен Ахметұлы,проф.м.а., п.ғ.д., ф.-м.ғ.к., Ресей жаратылыстану ғылым академиясының коор. -мүшесі.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы: Болашақ дәрігерлердің мед.техника бойынша білімін жетілдіру проблемалары.
Байланыс ақпараты: Түркістан қаласы, Университет қалашығы, №3 медицина корпусы,
2-қабат 274, 239 бөлмелер. Тел. 8 (72533) 6-36-36, е-mail: [email protected]
2. ...............................Индира,PdH докторы., аға оқытушы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы:.......................................................
Байланыс ақпараты: Түркістан қаласы, Университет қалашығы, №3 медицина корпусы,
2-қабат 241, 239 бөлмелер. Тел. 8 , е-mail:[email protected]
3. Минтасова Айгуль Сембековна, оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы: Биофизиканы медициналық ЖОО оқыту проблемалары.
Байланыс ақпараты: Түркістан қаласы, Университет қалашығы, №2 медицина корпусы,
2-қабат 218а, 221а бөлмелер. Тел. 8 (72533) 6-36-36, е-mail:[email protected]
Пәннің саясаты:Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина кластерінің «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің «Оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің» 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
Кіріспе
Физика, химия және медицина үш ғылымның ингеграциясы негізінде пайда болған, тіршілік негізін түсінуге мүмкіндік беретін биофизика пәні медициналық пәндердің ішіндегі ең басты пәндердің қатарына жатады.
Тірі ағзалардағы биофизикалық құбылыстардың негізгі заңдылықтарын білу диагностика мен емдеу ісін толық қанды жүргізуге және жаңа медициналық әдістерді ендіруге мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде көпгеген биофизикалық әдістер түрлі ауруларды анықтауда және емдеуде, дәрілік препараттардың адам ағзасына әсерінің механизмін анықтауда т.б. түрлі медициналық іс-әрекеттерде кеңінен қолданылады. Осы әдістердің теориялық негізін білу клиникалық диагностикалық деректерді объективті түсіндіру мен емдеу шараларын дұрыстығын анықтауда өте қажет болып табылады.
Қазіргі заманғы дәрігерлердің қызметі медициналық құралдарға тығыз байланысты, олар диагностикалық, терапиялық және лабораториялық зерттеулерінде медициналық құралдардан алынатын мәліметтерге, немесе олармен жүргізілетін емдеу шараларына тәуелді. Олай болса, болашақ дәрігерлер медициналық техникалардың жұмыс істеу принциптерін терең білгенде ғана мед.құралдарды мейлінше тиімді қолдана алады. Сонымен қатар бағдарлама қазіргі заманғы медициналық техникаларды қолдану мен даму мәселелері бойынша студенттерге ғылыми білімдермен қатар тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға бағытталып жасалынған.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Салыстырмалы үлестірілімі |
Б 1.1 | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ.БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық , клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады. | 0,4 |
Б 1.2 | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ.АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ: зерттеу сұрағын дұрыс құра алады, дереккөздерді іздей алады, әдеби дереккөздерге сын көзімен баға береді, әсерлі презентация жасай алады, компьютер технологияларын қолдана біледі | 0,3 |
Б 3.1 | КӘСІБИ ТҰЛҒА. ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ: үнемі оқуға деген қабілетін көрсетеді. | 0,3 |
2.2. Пәннің мақсаты: Болашақ дәрігерлерде медицинадағы ғылыми методология мен ғылыми дүниетанымның, клиникалық лабораториялық және функциональды зерттеу әдістерінің, диагностика мен терапияда қазіргі заманғы медтехникалық құралдарды қолданудың теориялық негізін қалыптастыру.
2.3. Оқытудың мақсаттары:
· Медико-биологиялық зерттеулерді шешуде биофизикалық жетістіктердің маңыздылығын көрсету;
· Медико-биологиялық және кәсіптік пәндерді оқытудың теориялық базасын қамтамасыз ету;
· Медико-биологиялық, клиникалық, гигиеникалық және эпидемиялогиялық зерттеулерде қолданылатын биофизикалық әдістердің негізін қалау;
· Адам ағзасында өтетін процестерді түсіндіруде физика-химиялық зандарды қолдануды үйрету;
· Студенттердің логикалық ойлау қабілетін, ой пікір мен ой тұжырымдарды құрастыра білуін қалыптастыру.
Пәнді оқудың соңғы нәтижесі
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелері:
Білім алу деңгейі | Рөлдермен берілген құзіреттіліктер | Оқытудың соңғы нәтижелері |
Б 1.1 | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ. БІЛІМІН ҚОЛДАНУ. | Білім (когнитивті) домені: Есте сақтайды: - адам ағзасындағы молекулярлық және жасушалық деңгейде жүріп жатқат биофизикалық процестерді және физикалық факторлардың ағзаға келтіретін пайдасы мен зиянынды көрсеткіштерін есте сақтайды; - мембраналық құрылымдар құрылысының физика-химиялық ерекшеліктерін, олардың функциональдық механизмдерін есте сақтайды. Түсінеді: - биофизиканың теориялық негізін, биопотенциалдың пайда болу мен таралуын, активті және пассивті тасымалданудың түрлерін және пайда болу механизімін түсінеді; - мембрана арқылы зат тасымалының биофизикалық механизмдері, электрогенез механизмдерін түсінеді; - Эйнтховен теориясын, гемодинамиканың негізін, фотоколориметр, спектрофотометр т.б. құралдардың жұмыс істеу принциптерін, ағзаға түрлі физикалық факторлардың (электр тогы, магнит-электр өрісі, ТЖ, ЖЖ, АЖЖ токтар) әсер ету механизімін түсінеді; - жүрек-қан тамыр жүйесі, бұлшық-ет және тыныс алу жүйесі жұмыстарының биофизикалық заңдылықтарын түсінеді. Қолданады: - биопотенциалдарды тіркеуде лабораториялық материалдармен жұмыс жасаған кезде (электр ток, спирт және т.б.) техникалық қауіпсіздік шараларын қолдана алады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: - тақырыпқа сәйкес білімін пысықтап, әдеби деректерді дұрыс пайдаланып және жаңалықтарды ғылыми тұрғыда дәлдікпен тұжырымдай алады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді: - биофизикадан алған мәліметтерді және пәннің маңыздылығын болашақ дәрігер үшін қажет екенін қабылдап, құндылықты үлестіреді. |
Б 1.2 | ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ. АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ. | Білім (когнитивті) домені: Қолданады: - ақпарат табу үшін интернет жүйесінде керекті материалдарды қолданады; - зерттеулердің метрологиялық негіздерін қамтамасыз етілуін қолданады; - медициналық шараларды орындауға қажетті техниканы дұрыс таңдап қолданады; - медико-биологиялық зерттеулердегі биообъектілер мен техникалық құрылғының өз ара тиімді байланысын қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: - биологиялық жүйелерді зерттеуде қолданылатын медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтарын дәлдікпен ұйымдастырады; - әдеби деректерді дұрыс пайдаланып, компьютер технологияларын қолданып, презентация, график, схема, диаграмма жасауды дәлдікпен ұйымдастырады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіру: - пәнінен студенттер әр сабаққа керекті көрнекіліктерді, схемаларды және графиктерді өз түсініктерімен құрастырып, келешекте болашақ дәрігер үшін құндылығын үйлестіре біледі. |
Б 3.1 | КӘСІБИ ТҰЛҒА. ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ. | Білім (когнитивті) домені: Қолданады: - медбиофизика курсы бойынша тақырыптарды өз бетінше меңгеріп, сол тақырыптарды тәжірибеде қолданады; - қауіпсіздік техникалық ережелерін медициналық аспаптармен жұмыс барысында қолданады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіру: - тақырыпқа байланысты білімдерін дұрыс қабылдап, құндылығын үлестіре алады. |
2.5. Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:
Реквизитке дейінгі:орта мектеп, медколледж бағдарламасы бойынша «физика, математика, биология, химия».
Реквизиттен кейінгі:медбиофизиа курсында меңгеген теориялық білімдер мен практикалық дағдылардықалыпты физиология, молекулалық биология мен генетика, биохимия, функционалды және лабораториялық диагностика, патфизиология, ішкі аурулар.
2.6. Пәннің қысқаша мазмұны: Биофизика пәні биологиялық құрылымдардағы құбылыстарды физикалық заңдылықтар арқылы зерттейді және түсіндіреді, сонымен қатар болашақ дәрігерлерге денсаулық сақтау саласында қолданылатын медициналық құралдардың жұмыс істеу принциптерін оқып және оны қолдануды үйретеді.
Жасуша мембраналарының биофизикасы. Биопотенциалдың пайда болуы, таралуы. Электроқозғыш ұлпалардың биофизикасы. Кванттық биофизика. Ұлпалар мен мүшелер биофизикасы. Медициналық құралдар мен аппараттардың жіктелуі. УДЗ,РКТ,МКТ,УЖЖ құралдар.