Балалар мен жасөспірімдердегі шықшыт буынының аурулары

957. Шықшыт буынының анкилозы бар балаларда қандай қосымша патология болуы мүмкін?

1.Дамудың физиологиялық көрсеткіштерінің төмендеуі;

2. Ақыл-есі дамуының төмендеуі;

3. Созылмалы пневмония;

4. Гипотрофия;

5. Анемия.

958. Балалар мен жасөспірімдердегі шықшыт буынының сүйектік анкилозын оперативті емдегенде қандай жансыздандыру түрі НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Жергілікті жансыздандыру;

2. Вена ішілік наркоз;

3. Бұлшықет ішілік наркоз;

4. Ауызға интубациялық түтікті енгізу арқылы эндотрахеальды наркоз;

5.Мұрынға интубациялық түтікті енгізу арқылы эндотрахеальды наркоз.

959. Шықшыт буынының жарақаттан кейінгі артритін алдын алу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Антибиотикотерапия;

2. Гипосенсибилизациялық терапия;

3. Сынықтарды ұзақ уақыт иммобилизациялау;

4. Буын қуысына гармон препараттарын енгізу;

5.Механотерапия, массаж, дәрілік препараттармен фонофорез.

960. Төменгі жақ контрактурасының негізгі симптомы:

1. Микрогения;

2. Тістем биіктігінің төмендеуі;

3. Төменгі жақ денесінің қысқаруы;

4. Төменгі жақ бұтағының қысқаруы;

5.Төменгі жақ қозғалысының шектелуі.

961. Жарақаттан кейін анкилоздың пайда болуына не себеп?

1. Дисктің шығуы

2. Буынның қанталауы

3. Буын өсіндісінің мойнының сынуы

4. Буын қапшығының жарылуы

5. Байланыс тіндерінің созылуы

962. Профилактикалық қарау кезінде дәрігер-стоматолог 14 жасар баладан сол жақ шықшыт буынының аймағында сықырды анықтады. Сипап тексергенде буын басының айқын қозғалуы анықталады. Тістері интактты, тістем ортогнатиялық. Осы көрініс дамуының себебі қандай?

1. Неоартроз;

2. Сүйектік анкилоз;

3.Дистензионды жартылай шығу;

4. Созылмалы деструктивті остеомиелит;

5. Созылмалы деформациялаушы остеоартроз.

963. 5 жасар бала шықшыт буынының ауруы бойынша диспансерлік бақылауда тұр. Туғанда буыны жарақатталған. Қарап тексеру кезінде ауыз ашылуы шектелген, беттің төменгі бөлігі дамымай қалған. Болжам диагнозды атаңыз:

1. Екіншілік деформациялаушы остеоартроз;

2. Буынның ауыру сезімді дисфункциясы;

3. Гематогенді остеомиелит;

4.Сүйектік анкилоз;

5. Остеоартрит.

964. Шықшыт буынының анкилозы бар 6 жасар баладан дәрігер-стоматолог тістерінің тісжгіге көптеп шалдығуын анықтады. Тістер тісжегісінің декомпенсирленген түрінің НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болатын себебін атаңыз:

1.Ауыз қуысының гигиенасын сақтау мүмкіндігінің болмауы;

2. Психоэмоционалды жағдайдың бұзылуы;

3. Тыныс алу жеткіліксіздігі;

4. Алиментарлы дистрофия;

5. Тістер гипоплазиясы.

965. 13 жасар қыз бала 3.6 тісін жұлдырту мақсатында дәрігер-стоматологқа келді. Қарап тексергенде аузын ашқанда «сықырды» анықтады. Сипап тексергенде сол жақ буын басының буын шұңқырынан шығуын анықтады., ауыру сезімі бар. Буынның қай ауруына осы клиникалық көрініс тән?

1. Төменгі жақтың буын өсіндісініңсынуы;

2. Төменгі жақ буын басының шығуы;

3. Деформациялаушы остеоартроз;

4.Буын дискісінің ығысуы;

5. Неоартроз.

966. Профилактикалық қарап тексеру кезінде 12 жасар баладан шықшыт буыны жағынан өзгерістерді анықтады. Аузын ашып-жапқан кезінде «сықыр», төменгі жағын қозғалтқанда буын басы алға шығатыны байқалады.

Жасөспірім кезінде шықшыт буынының осы патологиясының себебі НЕҒҰРЛЫМ қандай?

1.Тірек-қимыл аппараты дамуының диспропорциясы;

2. Баланың сүйек жүйесі дамуының бұзылуы;

3. Буын қапшығы мен байламдардың тонусының жоғалуы;

4. Буын байламдарының қызметінің нашарлауы;

5. Буын капсуласының созылуы.

967. Емханаға 15 жасар қыз бала шайнағанда күшейетін оң жақ шықшыт буыны аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып келді. Пальпацияда сол жақ шықшыт буынының аймағында ауыру сезімі, аузын ашқанда сықыр байқалады. Аурудың негізгі себебін көрсетіңіз:

1. Екіншілік деформациялаушы остеоартроз;

2. Шықшыт буынының жасөспірімдік остеоартрозы;

3.Шықшыт буынының ауыру сезімдік дисфункциясы;

4. Сол жақ шықшыт буынының остеоартриті;

5. Сол жақ шықшыт буынының неоартрозы.

968. Профилактикалық тексеру кезінде 12 жасар баладан сол жақ шықшыт буынының аймағынан «сықыр» симптомы анықталды. Пальпацияда шықшыт буынының буын басының томпаюы анықталады. Ауыз қуысында тістер интактты, тістем ортогнатиялық. Патологияның мүмкін болатын себебін көрсетіңіз:

1. Сол жақ шықшыт буынының созылмалы деформациялаушы остеоартрозы;

2. Созылмалы деструктивті остеомиелит;

3.Сол жақ шықшыт буынының дистензионды жартылай шығу;

4. Ауыру сезімдік дисфункция;

5. Сүйектік анкилоз .

969. Шықшыт буынында мениск (диск) қалай бекітіледі?

1. Буын шұңқырының шеміршектік бетіне бекітіледі;

2. Буын қуысында еркін орналасады;

3. Синовиальды қабыққа байламдармен бекітіледі;

4. Буын қапшығына бұлшықеттермен бекітіледі;

5.Буын қапшығына байламдармен бекітіледі.

970. Шықшыт буынының буын сұйықтығы қандай қызмет атқарады? (синовиальды)?

1. Бейтараптандыратын;

2. Қалпына келтіруші;

3. Ұстаушы;

4. Қоректік;

5. Қармаушы.

971. Шықшыт буынының аурулары кезінде буын дискісінің ығысуына НЕҒҰРЛЫМ тән симптом:

1.Тістерін дұрыс түйістіру мүмкіндігінің болмауы;

2. Аузын ашқандағы ауыру сезімі;

3. Тістемнің бұзылуы;

4. Бет асимметриясы;

5. Буындағы сықыр.

972. Шықшыт буынының буын қапшығы мен байлам аппаратының қабынуына НЕҒҰРЛЫМ тән симптом:

1. Орталық сызықтың ауыратын жаққа ығысуы;

2. Төменгі жақ қозғалысы кезіндегі сықыр;

3. Тістерді түйістіру мүмкіндігінің болмауы;

4. Төменгі жақ қозғалысы кезіндегі ауыру сезімі;

5. Тістемнің бұзылысы.

973. Шықшыт буынындағы қабыну үрдісі кезінде бастапқы даму сатысында қайда өзгеріс болады?

1.Буын сұйықтығында;

2. Буын қапшығында;

3. Буын төмпешігінде;

4. Буын шеміршегінде;

5. Буын дискісінде.

974. Шықшыт буынындағы қабыну-дистрофиялық өзгерістерді консервативті емдеудің негізін құрайды:

1.электрофорез жолымен буынға дәрілік заттарды иммобилизациялау және депо жасау;

2. Бұлшықетке антибактериальды препараттарды тағайындау;

3. Микроциркуляцияны жақсартатын препараттарды тағайындау;

4. Ішке сорылатын препараттарды тағайындау;

5. Буынға гормон альды препараттарды тағайындау.

975. Шықшыт буынының қандай патологиясында редрессация көрсетілген?

1. Буын өсіндісінің сынуы;

2. Буын өсіндісінің шығуы;

3. Тәждік өсідінің сынуы;

4.Фиброзды анкилоз;

5. Сүйектік анкилоз.

976. Жасөспірімдерде шықшыт буынының қандай ауруларында титан немесе басқа импланттарды қолдануға болады?

1. Фиброзды анкилозда және ауыз ашылуының шектелуінде;

2.Сүйектік анкилозда және микрогенияда;

3. Деформациялаушы артритте;

4. Ревматоидты артритте;

5. Созылмалы артритте.

977. Балаларда төменгі жаққа жүргізілген остеотомия және сүйек пластикасынан кейін анкилоз рецидивінің НЕҒҰРЛЫМ жиі себебі:

1. Трансплантаттың биологиялық қасиеттері;

2. Науқастың жеке-дара ерекшеліктері;

3. Анестезиологиялық әрекеттер кезіндегі қателіктер;

4. Патологиялық үрдістің өршуі;

5.Диагностикалық, тактикалық және техникалық қателік.

978. Шықшыт буынының диффузды сүйектік анкилозына төменде аталған төменгі жақтың қозғалу дәрежесінің қайсысы тән?

1.Төменгі жақтың бүйірге қозғалуының шектелуі мен мүмкін болмауы;

2. Буын өсіндісі басының еркін қозғалысы;

3. Төменгі жақты алға жылжыту мүмкіндігінің болмауы;

4. Төменгі жақты артқа жылжыту мүмкіндігінің болмауы;

5. Буынның толығымен қозғалмауы.

979. Шықшыт буынының дискісі патологиясын анықтауға төменде аталған әдістердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ қолданылады?

1. Ауыз ашылуы кезіндегі әдіс;

2. Тістерін түйістіргендегі әдіс;

3. Рентгенологиялық зерттеу;

4. Қарап тексеру және буынның сыртқы жағынан саусақпен тексергенде;

5.Сыртқы есту түтігі арқылы буынды саусақпен тексергенде.

980. Шықшыт буынының дискісі патологиясын рентенологиялық зерттеуде мәліметтілігі қандай?

1.Жеткілікті мәлімет бермейді;

2. Жоғары мәліметті;

3. Тиімді емес;

4. Дұрыс емес;

5. Мүмкін емес.

981. Төменде аталған себептердің қайсысы шықшыт буынының буын дискісі ығысуында кездеседі?

1.Буынның жедел және созылмалы жарақаты;

2. Буын төмпешігінің дисплазиясы;

3. Шықшыт буынының созылмалы артриті;

4. Ортаңғы құлақтың қабынуы;

5. Шықшыт буынының жедел артриті.

982. Балалар шықшыт буынының жедел қабынуын емдеуде НЕҒҰРЛМ тиімді:

1.Тыныштық, ауыру сезімін басатын заттар, антибактериальды терапия;

2. Гипосенсибилизациялық заттар;

3. Седативті заттарды тағайындау;

4. Иммунотерапия тағайындау;

5. Компактоостеотомия.

983. Балалар мен жасөспірімдерде шықшыт буынының жедел артритінде қолданылатын жансыздандыру әдісі:

1. Жалпы жансыздандыру;

2. Жергілікті өткізгіштік жансыздандыру;

3. Анельгетиктерді парэнтеральды енгізу;

4. Жергілікті инфильтрациялық жансыздандыру;

5.Буын аймағына жергілікті анестетикті электрофорездеу.

984. Төменде аталған физиотерапиялық әдістердің қайсысын шықшыт буынының жедел және созылмалы артриттің өршуін емдеуде тиімді?

1. Новокаинмен буын мойны аймағына электрофорез;

2.Буын аймағына анестезинмен ультрафонофорез;

3. Буын аймағына электрофорез;

4. Буын аймағына УФО;

5. Буын аймағына УВЧ.

985. 5 жастағы балаға бір жыл бұрын анкилоз болғандықтан сүйекті тіліп, жаққа сүйек пластикасы жасалған. Тексергенде: ауыз ашылуы шектелген.

Қандай себеп болуы мүмкін?

1. Операциядан кейінгі ережелер сақталмаған;

2. Тыртықты контрактураның дамуы;

3. Жаңа буынның жетілуі;

4. Жағы өспей қалған ;

5. Анкилоздың қайталануы

986. Шықшыт буынының анкилозының немесе остеоартрозының аса ауыр жағдайы неге алып келеді?

1. Зат алмасуының нашарлауы на;

2. Көңіл күйінің болмауына;

3. Ауыз гигиенасының нашарлауына;

4. Бет-әлпеттің өзгерістеріне;

5.Жақтың өспей қалуына.

987. Төменде аталған клиникалық белгілердің қайсысы шықшыт буыны дискісінің шығуына (жартылай шығуына) НЕҒҰРЛЫМ тән:

1. Тағам қабылдаудың қиындауы;

2. Ауыз ашылуының шектелуі;

3. Төменгі жақты қозғалтқанда ауыру сезімі;

4. Буын басының кейде шығып тұруы;

5.Сықырлау және буын өсіндісінің баспалдақ тәрізді қозғалыстары.

988. Буынның жарақатынан кейін анкилоздың себебін айтыңыз:

1. Буынның қан талауы немесе буын өсіндісінің сынуы;

2. Латеральды қанатша бұлшық етінің сіңірінің жыртылуы;

3. Самай сүйегінің қабының жыртылуы;

4. Буын өсіндісі капсуласының жыртылуы;

5. Дисктің шығуы (мениск).

989.Төменгі жақтың деформациялаушы остеоартрозы мен самай сүйегінің ара қатынасына қай белгі НЕҒҰРЛЫМ тән?

1. Осы сүйектердің сүйектік бітісуі мүмкін;

2. Осы сүйектердің сүйектік бітісуі болмайды;

3. Бітісу остеоартроздың бастапқы сатысында болуы мүмкін;

4.Медиальды буын өсіндісі аймағында сүйектік бітісуі мүмкін;

5. Латеральды буын өсіндісі аймағында сүйектік бітісуі мүмкін

990.Төменде аталған белгілердің қайсысы шықшыт буынының фиброзды анкилозына НЕҒҰРЛЫМ тән:

1. Жақтардың дұрыс қатынасы;

2. Төменгі жақтың еркін қозғалысы;

3. Төменгі жақтың жартылай қозғалғыштығы;

4. Төменгі жақтың толық қозғалмауы, микрогения

5.Төменгі жақтың жартылай қозғалғыштығы, микрогения

991. Шықшыт буынның нәрестелер және емшектегі балада анкилоздың дамуына не себеп?

1. Нәрестені жатырды тіліп, шығару;

2. Баланың вирустық ауруларға шалдығуы;

3. Гематогенді остеомиелит, буын басының жарақаты;

4. Баланың инфекциялық ауруларға шалдығуы;

5. Буын өсіндісінің одонтогенді остеомилиті.

992. Шықшыт буынының фиброзды анкилозын қандай хирургиялық әдіспен емдеу НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Бір мезеттегі сүйек пластикасымен бірге остеотомия;

2.Редрессация немесе артротомия;

3. Баспалдақты остеотомия;

4. Колепактостеотомия;

5. Стеотомия.

993. Балалар үшін сүйек трансплантатының көлемін таңдағанда нені ескеру керек?

1. Науқастың жасын;

2. Жақтардың қатынасын;

3. Тіс қатарының жағдайын;

4. Баланың соматикалық ауруларын;

5.Жақтардың қатынасы мен науқастың жасын.

994. Шықшыт буынның анкилозы және микрогения кезінде хирургиялық емінің қайсысы балаларда жиі қолданады?

1. Төменгі жақ бұтағының остеотомиясы;

2. Шықшық буынының артротомиясы;

3. Шықшық буынының артропластикасы;

4. Бұтағын кесіп, жаңа сүйектен буын жасап, бұтағын ұзарту;

5. Бұтағын кесіп, сүйекті химиялық заттармен күйдіру.

995. Шықшыт буынының созылмалы артритіне НЕҒҰРЛЫМ тән:

1. Бет гемиатрофиясы;

2. Төменгі жақ деформациясы;

3. Кешке қарай төменгі жақтың шаршауы;

4.Тұйық ауыру сезімі және төменгі жақ қозғалысының шектелуі;

5. Шықшыт буыны аймағындағы жедел ауыру сезімі.

996. Төменде аталған клиникалық белгілердің қайсысы Шықшыт буынының дискісінің ығысуын анық көрсетеді?

1. Төменгі жақты қозғалтқан кездегі ауыру сезімі;

2.Ауыз ашылуының шектелуі;

3. Самай аймағындағы ауыру сезімі;

4. Буындағы сықыр;

5. Құлақтағы ауыру сезімі.

997. Шықшыт буыны ауруы бар жасөспірімдегі ювенильді ревматоидты артритке НЕҒҰРЛЫМ тән белгілерін атаңыз:

1.Төменгі жақтың таңғы уақыттағы қозғалысының шектелуі;

2. Жақсүйектерді түйістіргендегі ауыру сезімі;

3. Аузын ашу кезіндегі ауыру сезімі;

4. Буынның деформациясы;

5. Үйреншікті шығу.

998. Созылмалы артрит пен буын төмпешігінің дисплазиясының салыстырмалы ерекшеліктері:

1. Жақ қозғалғанда буын басының шұңқырдан шығуы, сықырлауы;

2. Жақ қозғалғанда буын аймағындағы ауру сезімі мен ыңғайсыздық;

3. Құлақтың қуысының ауруы;

4. Буын аймағының домбығуы;

5. Ауыз ашылуының шектелуі.

999. Шықшыт буынының дискісі патологиясын анықтауға клиникада төменде аталған мануальды тексеру әдістердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ қолданылады?

1. Буын аймағын қағып тексеру;

2. Төменгі жақ бұрышын басу;

3. Иек аймағын басу;

4. Буынның сыртқы жағынан саусақпен тексеру;

5.Сыртқы есту түтігі арқылы буынды саусақпен тексергенде.

1000. Шықшыт буынының жедел аурулары кезінде төменгі жақты қалай бекітіп қалпына келтіреді?

1. Жақты ауыз сыртылық бекіту үшін арнайы ортопедиялық аппарат

Дайындау;

2.Ауыздың ашылуын шектеу үшін арнайы аппарат немесе иек таңбасын салу;

3. Төменгі жақты тарту үшін екі жаққа шендеу салу;

4. Төменгі жақты тарту үшін шендеуіш салу;

5. Айви бойынша жақ аралық шендеуіш салу.

Наши рекомендации