Жалпы дәрігерлік практика жұмысындағы балалар ауруы» пәні бойынша
Жалпы дәрігерлік практика жұмысындағы ішкі аурулар» пәні бойынша
Нұсқабаева Гульназ Оразбекқызы – «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының м.ғ.к., доцент м.а., жоғары санаты дәрігер
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Артериялық гипертензия және оның асқынуларын анықтау және емдеу әдістерін жетілдіру.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ. Б.Саттарханов к., медицина факультеті, «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасы (каб.251. тел.8-725-33 6-36-36 (ішкі 12-73)
Жунисова Мира Бахытжановна – PhD, аға оқытушы «Амбулаторлық жағдайдағы диагностика» пәні.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Метаболизмдік синдромның психосоматикалық механизмдері.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 40 мақала.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ-сы, ХҚТУ Медицина факультеті.
e-mail: [email protected]
Амирешова Үміт Мұратбекқызы -«Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушысы, дәрігер-терапевт. Цикл жетекшісі.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Артериялық гипертензия және оның асқынуларын анықтау және емдеу әдістерін жетілдіру»
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ. Б.Саттарханов к., медицина факультеті, «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасы (каб.251. тел.8-725-33 6-36-36 (ішкі 12-96) 87074187744
Сарсенбаева Алима Батырқызы- «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушысы, дәрігер-терапевт .
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Қант диабеті 2-ші типінің таралуы, алдын алу шаралары»
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ. Б.Саттарханов к., медицина факультеті, «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасы (каб.251. тел.8-725-33 6-36-36 (ішкі 12-96)
Скендирова Шахиста Уалиханқызы-«Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушысы, дәрігер-терапевт .
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы –«Гепатиттердің заманауи емі және диагностикасы»
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қ. Б.Саттарханов к., медицина факультеті, «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасы (каб.251. тел.8-725-33 6-36-36 (ішкі 12-96)
Жалпы дәрігерлік практика жұмысындағы хирургиялық аурулар» пәні бойынша
1.Ибадуллаев Ерғали Амангелдіұлы – «Хирургиялық аурулар» кафедрасыныңмедицина ғылымдарының кандидаты.
Байланыс ақпараты:ОҚО. Түркістан қаласы. Б. Саттарханов көшесі, Медицина факультеті, «Хирургиялық аурулар» кафедрасы (207 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 404).
Аширбаева Жанар Маратқызы- «Хирургиялық аурулар» кафедрасының оқытушысы.
Байланыс ақпараты:ОҚО. Түркістан қаласы. Б. Саттарханов көшесі, медицина факультеті, «Хирургиялық аурулар» кафедрасы (207 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 404).
Жалпы дәрігерлік практика жұмысындағы акушерлік іс және гинекология» пәні бойынша
Кушкарова Айгерим Алимханқызы -магистр оқытушы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Бактериалық вагиноздың жатыр тыртығы бар жүкті әйелдерде жүктілік, босану, босанғаннан кейінге кезең ағымына әсері
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (320 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 312).
Бахтиярова Алма Шапхатқызы – оқытушы
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Түркістан аймағында тұратын әйелдерде әдеттенген жүктілікті көтереалмаушылығының себебі мен жиілігі.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 2 мақаласы жарияланған.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (320 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 312).
Аязбеков Ардақ Керімханұлы- №3 ОПЦ бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Жүктілік және босану ағымына интергенетикалық интервалдың әсері
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы .ОПЦ №3.
Жалпы дәрігерлік практика жұмысындағы балалар ауруы» пәні бойынша
1. Асилбекова Гүлмира Тынысбекқызы –медицина ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, «Педиатрия» кафедрасының меңгерушісі.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау, Түркістан қалаларындағы балалардың туа біткен ақауларының таралуы және шығу себептері.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 28-ден астам жарияланымдар, оның ішінде 7 оқу-әдістемелік құрал.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Педиатрия кафедрасы (322 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 321). Ұялы телефон номері – 87014763588, e-mail [email protected]
2. Ильясова Гүлнара Темірбекқызы –аға оқытушы, «Педиатрия» кафедрасының оқытушысы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау, Түркістан қалаларындағы балалардың туа біткен ақауларының таралуы және шығу себептері.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 32-ден астам жарияланымдар, оның ішінде 2 оқу құралы, 4 оқу-әдістемелік құрал.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Педиатрия кафедрасы (322 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 321). Ұялы телефон номері – 87012345284, e-mail [email protected]
3. Абласанов Аби Арғынбайұлы –оқытушы, «Педиатрия» кафедрасының оқытушысы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау, Түркістан қалаларындағы балалардың туа біткен ақауларының таралуы және шығу себептері..
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 10-нан астам жарияланымдар
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Педиатрия кафедрасы (316 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 1282). Ұялы телефон номері – 87011370577, e-mail ablasanov [email protected]
Пәннің саясаты:
Қожа Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина факультетінің 2016-2017 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
Кіріспе
1978 ж. дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алматыда өткен конференциясында алғашқы медициналық-санитариялық көмектің анықтамасы берілді, қажетті медициналық көмек көрсетудің экономика жағынан ең тиімді жолы деп және алғашқы медициналық көмек концепсиясының дүние жүзінің барлық денсаулық сақтау жүйесінде аса маңыздылығы айтылды. Қазіргі уақытта жалпы дәрігерлік практика кең тарады және біздің елде денсаулық сақтаудың реформалануының негізінде денсаулық сақтаудың алғашқы буынының дамуы жатыр. Алғашқы денсаулық сақтауға бағытталуы емдеумен күтімге шығынның аз шығуымен, науқастардың қажеттілігі мен мұқтаждығын қанағаттандырудың сапасының артуы және тұрғындардың денсаулық деңгейінің көрсеткіштері артып, дәрі-дәрмектерді аз қолдануымен байланысты.
Жалпы практика дәрігері көбінесе қоғамдық денсаулық сақтаудың, алдын алу медицинасының және науқастардың денсаулығын өз бетімен нығайтудың қиылысында жұмыс істейді. Егер бойында жан жақтылық, қол жетерлік қасиеті болса және науқасқа үздіксіз қызмет көрсете білсе, нақты науқасқа және көпшілікке бағытталып ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсетсе кез-келген маман дәрігер жалпы практика дәрігерінің рөлін атқара алады