Жалпы дәрігерлік практика жұмысындағы балалар ауруы» пәні бойынша

Абласанов Аби Аргынбаевич –жоғары дәрежелі дәрігер-педиатр, «Педиатрия» кафедрасының оқытушысы

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау, Түркістан қалаларындағы балалардың туа біткен ақауларының таралуы және шығу себептері.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, Медицина факультеті, «Педиатрия» кафедрасы (322 бөлме). Тел. Ішкі 1282. Ұялы телефон номері-87011370577, e-mail abi-ablasanov [email protected]

Битемирова Дина Аскаровна -ІІ-дәрежелі дәрігер-педиатр, «Педиатрия» кафедрасының оқытушысы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау, Түркістан қалаларындағы балалардың туа біткен ақауларының таралуы және шығу себептері.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, Медицина факультеті, «Педиатрия» кафедрасы (322 бөлме). Тел. ішкі 1282. Ұялы телефон номері – 87759396600, e-mail [email protected]

Раева Женискул Курманбаевна -І-дәрежелі дәрігер-педиатр, «Педиатрия» кафедрасының оқытушысы, Түркістан қалалық емхананың балалар бөлімі меңгерушісі.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау, Түркістан қалаларындағы балалардың туа біткен ақауларының таралуы және шығу себептері.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, «Педиатрия» кафедрасы (322 бөлме). Тел. ішкі 1282. Ұялы телефон номері - 87013211093,e-mail –[email protected]

Пәннің саясаты:

Қожа Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина факультетінің 2015-2016 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.

Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.

Кіріспе

1978 ж. дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алматыда өткен конференциясында алғашқы медициналық-санитариялық көмектің анықтамасы берілді, қажетті медициналық көмек көрсетудің экономика жағынан ең тиімді жолы деп және алғашқы медициналық көмек концепсиясының дүние жүзінің барлық денсаулық сақтау жүйесінде аса маңыздылығы айтылды. Қазіргі уақытта жалпы дәрігерлік практика кең тарады және біздің елде денсаулық сақтаудың реформалануының негізінде денсаулық сақтаудың алғашқы буынының дамуы жатыр. Алғашқы денсаулық сақтауға бағытталуы емдеумен күтімге шығынның аз шығуымен, науқастардың қажеттілігі мен мұқтаждығын қанағаттандырудың сапасының артуы және тұрғындардың денсаулық деңгейінің көрсеткіштері артып, дәрі-дәрмектерді аз қолдануымен байланысты.

Жалпы практика дәрігері көбінесе қоғамдық денсаулық сақтаудың, алдын алу медицинасының және науқастардың денсаулығын өз бетімен нығайтудың қиылысында жұмыс істейді. Егер бойында жан жақтылық, қол жетерлік қасиеті болса және науқасқа үздіксіз қызмет көрсете білсе, нақты науқасқа және көпшілікке бағытталып ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсетсе кез-келген маман дәрігер жалпы практика дәрігерінің рөлін атқара алады

Наши рекомендации