Сумен қамтамасыз ету көздерін таңдау бойынша ситуациялық есептер
Есепті шешу үшін «Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» СанЕменН және 2761-84 "Орталықтандырып шаруашылық-ауыз суымен жабдықтайтын су көздері. Гигиеналық, техникалық талаптар және таңдау ережелері» ГОСТ-ы пайдаланыңыз, олардың үзінділері сабақтың тақырыбы жөніндегі кафедраның әдістемелік оқу құралында келтірілген. Есепте келтірілген мәліметтердің негізінде суат суларының ауыз суы үшін, шаруашылық-тұрмыстық мақсатқа жарамдылығы жөнінде қорытынды және келесі сұрақтарға жауап беріп судың сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар беріңіз.
Судың сапа көресткіштері ГОСТ 2761-84-ке және «Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» СанЕменН сәйкес келе ме?
Нормативке сәйкес келмейтін әрбір көрсеткіштің қандай маңызы бар?
Су жануар текті органикалық заттармен ластанған ба? Егер ластанған болса, қандай мәліметтердің негізінде қорытынды жасалған?
Судың сапасы бойынша берілген су көзі қандай классқа жатады?
Берілген суды арнайы өңдеу жүргізбей-ақ ауыз суы үшін қолдануға бола ма?
Берілген суды өңдеу жүргізбей-ақ ауыз суы үшін қолдану қандай жағдайларға
әкеп соғуы мүмкін?
Есеп № 1.
Елді мекенді сумен жабдықтауды ұйымдастыру үшін, жағасында елді мекен орналасқан өзен суын пайдалану ұсынылған. Елді мекеннен жоғары 5 км қашықтықта ірі мал өсіретін кешен орналасқан. Су сынамасының сапасы келесілерді көрсетті:
Дәмі-3 балл
Түстілігі-40 градус
Иісі-3 балл
Мөлдірлігі-18 см
Аммиак-0,06 мг/л
Нитриттер-0,034 мг/л
Нитраттар-48 мг/л
Тотыққыштығы-5,2 мг/л
Кермектілігі-6 мг-экв/л
Хлоридтер-186 мг/л
Сульфаттар-318 мг/л
Фтор-0,5 мг/л
Құрғақ қалдығы -800мг/л
Микробтар саны-2500
Лактозаға реакциясы он ішек таяқшалырының саны-28000 /л
Есеп № 2.
Ағысы жылдам тау өзені жағасында елді мекен орналасқан. Оны сумен қамтамасыз ету үшін өзен суын пайдалану ұсынған. Өзеннің ағысы бойынша елді мекеннен жоғары жерден алынған су сынамасы келесіні көрсетті:
Иісі-2 б
Дәмі-2 б
Түстілігі-40 град
Мөлдірлігі-18 см
Аммиак-0,02 мг/л
Нитриттер-0,001 мг/л
Тотыққыштығы-4,6 мг/л
Хлоридтер-106 мг/л
Сульфаттар-218 мг/л
Құрғақ қалдығы – 560 мг/л
Жалпы кермектілігі- 5 ммоль/л
Фтор-0,32 мг/л
Микробтар саны-1500
Лактозаға реакциясы он ішек таяқшалырының саны-430 /л
Есеп № 3.
Елді мекенді сумен қамтамасыз етуге жағасында елді мекен орналасқан ағысы жоқ көл суын қолдану ұсынылды. Су сынамасын елді мекеннен жоғары жерден алу ұсынылған.
Су температурасы-20 гард
Иісі-4 б
Дәмі-3 б
Түстілігі-45 град
Мөлдірлігі-18 см
Аммиак-0,05 мг/л
Нитриттер-0,12 мг/л
Нитраттар-52 мг/л
Тотыққыштығы-16 мг/л
Кермектілігі-4 ммоль/л
Құрғақ қалдығы – 740 мг/л
Хлоридтер-280 мг/л
Сульфаттар-320 мг/л
Фтор-0,6 мг/л
Лактозаға реакциясы он ішек таяқшалырының саны- 3000 /л
Микробтар саны-6200
Есеп №4.
Елді мекенді сумен қамтамасыздау үшін артезиан скважинасын қазу шешілген, оның суының сапасы келесілерді көрсетті:
Түстілігі-18 град
Иісі-3 б
Дәмі-3 б
Мөлдірлігі-35 см
Құрғақ қалдық-2000 мг/л
Кермектілігі-18 ммоль/л
Аммиак-жоқ
Нитриттер-жоқ
Нитраттар-54 мг/л
Тотыққыштығы-1,8 мг/л
Хлоридтер-920 мг/л
Сульфаттар-600 мг/л
Фтор-5 мг/л
Микробтар саны-55
Ішек таяқшасы тобындағы бактериялардың 1л судағы саны -2
Есеп №5.
Жұмысшылар поселкін сумен қаматамасыздау үшін шахталық құдықты пайдалану ұсынылған, ол темір жолдан 40 м қашықтықта орналасқан. Ішкі беті бетондалған, саз балшықты кұлпында ақауы бар, қақпағы және қоғамдық шелегі жоқ.
Су сынамасының сапасы:
Түстілігі-42 град
Иісі-3 б
Дәмі-3 б
Мөлдірлігі-17 см
Аммиак-0,4 мг/л
Нитриттер- 0,12 мг/л
Нитраттар-52 мг/л
Тотыққыштығы-12 мг/л
Кермектілігі-7 ммоль/л
Құрғақ қалдық-540 мг/л
Хлоридтер-240 мг/л
Сульфаттар-312 мг/л
Фтор-0,6 мг/л
Микробтар саны-350
Ішек таяқшасы тобындағы бактериялардың 1л судағы саны - 800
Есеп №6.
1 климаттық ауданда орналасқан елді мекенде өзеннен су алатын су құбыры бар. Су коагуляция, тұндыру, фильтрация, хлорлау әдістерімен тазаланады және фторлау жүргізіледі. Сыртқы су колонкасынан алынған су сынамаларының нәтижелері келесіні көрсетті:
Иісі -жоқ
Дәмі-жоқ
Мөлдірлігі-30 см артық
Түстілігі-15 град
Жалпы кермектілігі-7 ммоль-л
Құрғақ қалдық-300 мг/л
Хлоридтер-83 мг/л
Фтор-1,2 мг/л
Ішек таяқшасы түріндегі бактериялар 100 мл суда - жоқ
Қалдық хлор-0,3 мг/л
Есеп №7.
Орта климаттық аймақта орналасқан елді мекендегі аурухананы сумен қамтамасыз ету үшін оны жергілікті су құбырына қосу ұсынылған. Суды көл суынан алады, тазарту құрылыстарында тұндыру, коагуляция, сүзгіден өткізу, хлорлау жүргізіледі. Судын сапасын зерттеу нәтіжелері келесідей:
Иісі -1 б
Дәмі-жоқ
Лайлылығы-2,5 см жоғары
Түстілігі-17 град
Жалпы кермектілігі-6,3 ммоль/л
Құрғақ қалдық-345 мг/л
Сульфаттар-180 мг/л
Хлоридтер-136 мг/л
Фтор-1,2 мг/л
Цинк-0,2 мг/л
Мыс-0,01 мг/л
Микробтар саны-45
Ішек таяқшасы түріндегі бактериялар саны 100 мл суда - жоқ
Қалдық хлор-0,3 мг/л
Есеп №8.
Қала тіпті бүкіл елді мекендегі сияқтыаурухананы сумен қамтамасыз етуді терендегі 380 м артезиан суынан ұйымдастыру ұсынылған. Судын сапасына жүргізілген сынама келесідей:
Иісі -2 б
Дәмі-3 б
Түстілігі-40 град
Мөлдірлігі-30 см
Құрғақ қалдық- 1560мг/л
Кермектілігі-15,1 ммоль/л
Аммиак-жоқ
Нитриттер-0,009 мг/л
Нитраттар-48 мг/л
Хлоридтер-412 мг/л
Сульфаттар-560 мг/л№
Тотыққыштығы-2 мг/л
Фтор-2,1 мг/л
Ішек таяқшасы түріндегі бактериялар саны 100 мл суда - жоқ
Микробтар саны-30
Есеп №9.
Елді мекенді сумен қамтамасыз етуді өзен суынан ұйымдастыру ұсынылған. Өзеннің ағысы бойынша жоғары жағында ағынды суын тазартқанан өзенге кейін жиберетін өнеркәсіп комбинаты орналасқан. Судын сапасына жүргізілген сынама келесілерді көрсетті:
Иісі- 3б
Дәмі – 3 б.
Мөлдірлігі – 18 см
Түстілігі- 42 град
Кермектілігі-5,2 ммоль/л
Сульфаттар - 208 мг/л
Хлоридтер-214 мг/л
Аммиак-0,11 мг/л
Нитраттар-0,48 мг/л
Нитриттер-0,16 мг/л
Фтор-0,5 мг/л
Марганец – 0,2 мг/л
Қорғасын- 0, мг/л
Мырыш- 5,4 мг/л
Тотыққыштығы-20 мг/л
ОБҚ-5 16мг/л
Лактозаға реакциясы он ішек таяқшалырының саны - 4300 /л
Микробтар саны – 1600