Тақырып. „

Тақырыптар: «Су-электролит алмасуы бұзылыстары», «Көмірсу алмасуы бұзылыстары», «Нәруыз, май алмасуы бұзылыстары, ашығу», «Гипоксия».

Мақсаты:

Дәрісханалық және дәрісханадан тыс тыс өткен тақырыптар бойынша студенттің білімін бағалау

Бақылау міндеттері:

  • өткен тақырыптар бойынша білімді бекіту
  • патофизиологиялық экспериментті жоспарлау және орындау дағдыларын бекіту
  • «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ № 442 Бұйрығының негізгі қағидаларын және Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары туралы білімдерін бекіту.
  • ойларын ауызша және жазбаша түрде жеткізу мүмкіншілігін дамыту

Білімді бақылау сұрақтары:

1. Организмдегі су балансы бұзылыстарының түрлері. “Сумен уыттану” туралы түсінік, себептері, даму механизмдері. Сулану туралы түсінік.

2. Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің нейроэндокриндік және гемодинамикалық патогенездік факторларының сипаттамасы.

3. Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің онкотикалық, тамырлық, тіндік патогенездік факторларының сипаттамасы.

4. Организмнің судың басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

5. Организмнің электролиттердің басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.

6. Гипер- және гипокалиемия, себептері, салдарлары.

7. Гипер- және гипонатриемия, себептері, салдарлары.

8. Гипер- және гипокальциемия, себептері, салдарлары.

9. Газдық ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.

10. Газдық емес ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.

11. Газдық алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.

12. Газдық емес алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.

13. Гликоген түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі. Гликогеноздар туралы түсінік.

14. Сүт және пирожүзім қышқылдарының қанда көбеюі, патогенезі, салдарлары.

15. Гипогликемия, себептері. Гипогликсмиялық команың патогенезі.

16. Гипергликемия, түрлері, даму жолдары. Глюкозурия, түрлері, патогенезі

17. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму жолдары.

18. Қант диабетінің I және II түрлерінің этиологиясы мен патогенезі.

19. Диабеттік синдромның патогензі.Диабеттік команың патогензі.

20. Қаннты диабеттің асқынулары. Макро және микроангиопатиялардың патогенезі.

21. Нәруыздардың түзілу және ыдырау үрдістерінің бұзылыстары. Организмнің азоттық тепе-теңдігі туралы түсінік, түрлері, патогенезі. Гиперазотемиялар, түрлері, патогенезі.

22. Амин қышқылдары алмасуы бұзылыстары. Подагра, этиологиясы, патогенезі.

23. Гипопротеинемия, анықтамасы, себептері. Организмдегі салдарлары. Гиперпротеинемия, түрлері, себептері. Дис- және парапротеинемия туралы түсінік.

24. Организмге майдың артық және жеткіліксіз түсуі. Майдың сіңірілуімен тасымалдануының бұзылыстары.

25. Семіру, түрлері, даму жолдары.

26. Фосфолипидтер, холестерин алмасу бұзылыстары. Гипер- және дислдипопротеидемиялар туралы түсінік, патогенезі.

27. Ашығу түрлері,себептері. Сумен толық ашығудың сатылары. Ашығу кезіндегі зат алмасу (көмірсу, нәруыз, май, витамин алмасуы) бұзылуының патогенезі. Кахексия, этиологиясы, патогенезі.

28. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі. Субстратты және зорығулық гипоксия туралы түсінік, патогенезі.

29. Экзогенді гипоксия, түрлері, патогенезі. Тыныстық және қанайналымдық гипоксия, себептері, патогенезі.

30. Гемдік және тіндік гипоксия, себептері, патогенезі.

31. Гипоксия кезінде организм ағзалары мен жүйелерінде және зат алмасуындағы өзгерістер, жедел және ұзақ мерзімдік қорғаныстық әсерленістер.

32. Ұрық пен жаңа туылғандардың гипоксиясы. Туылар алды, туылу кезіндегі және туылғаннан кейінгі гипоксияның себептері. Ұрық пен жаңа туылғандардың қауырт және созылмалы гипоксиясы.

№ 13 тақырып. ШЕТКЕРІ ҚАНАЙНАЛЫМЫ МЕН МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Сабақтың мақсаты:

· Шеткері қанайналымы мен микроциркуляция бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін, организмдегі маңызын меңгеру

· Теориялық білімді есептерді шығарғанда қолдану

· Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

· Тәжірибелік жануарлармен жұмыс істеу дағдасын жетілдіру

· Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану

Оқыту міндеттері:

· Микроциркуляция бұзылыстары: артериялық, веналық гиперемияның, ишемияның, ишемиядан кейінгі репефузияның, тромбоз, эмболияның, стаздың туындау себептері, даму тетіктері, ерекшеліктері, сыртқы көріністері, организм үшін маңызын зерттеу

· Теориялық материалды талқылағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену

· Алған теориялық білімді ситуациялық есептерді шығарғанда қолдануды үйрену

· артериялық, веналық гиперемияны, ишемияны, эмболияның тәжірибеде үлгісін алуды үйрену

· Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Артериялық гиперемия, анықтамасы, пайда болу себептері, түрлері, даму тетіктері, микроциркуляция жағдайлары. Артериялық қан кернеуінің (гиперемияның) сыртқы көріністері, олардың патогенезі. Артериялық гиперемияның салдарлары.

2. Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары.Веналық гиперемияның сыртқы қөріністері, олардың патогенезі. Веналық гиперемияның салдарлары.

3. Ишемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Ишемияның сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Ишемия кезіндегі теңгерулік тетіктер. Ишемияның салдарлары. Қан реперфузиясы туралы түсінік, анықтамасы, пайда болатын өзгерістердің патогенезі, салдарлары.

4. Стаз, анықтамасы, түрлері. Нағыз капиллярлық стаз кезіндегі қан ағымы токтауының тетіктері. Стаздың салдарлары.

5. Тромбоз,анықтамасы. Тромбоз этиологиясы. Қан қатпары пайда болуының паттогенезі. Тромбоздың зардаптары мен салдары Теңгерілулік үрдістер: шунтталу, жанама қанайналымы. Алдын алу мен емдеу жолдары.

6. Эмболия, анықтамасы. Эмболия түрлері. Эмболдардың шығу тегі бойынша түрлері, сипаттамасы. Қанайналымының үлкен және кіші шеңберінің, қақпа көктамырының эмболиялары.Негізгі жүйелер мен ағзалардың қызметтері бұзылыстарының патогенезі. Эмболияның салдарлары.

7. Микроциркуляцияның біртектес бұзылыстары (тамырішілік, тамырлық, тамырдан тыс). Қылтамырлық-нәрленістік жеткіліксіздік туралы түсінік.

Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Пікірталас, аз топтарда жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау, ситуациялық есептер шығару.

Бақылау тәсілдері:

Ауызша сұрау, ситуациялық есептер бойынша қорытындының дұрыстығын тексеру, тесттілеу.

Наши рекомендации