Тақырып. Жаратылыстану пәніне қойылатын талаптар және тақырып үлгілері

Жоспар:

1.Жаратылыстану пәніне қойылатын талаптар және тақырып үлгілері

2. Жаратылыстану пәнінде қолданылатын тақырып үлгілері

3. Сөйлеу тілін дамыту сабақтарына койылатын талаптар

" Жаратылыстану " пәні бойынша сабақ пен бағдарлама мазмұнында тікелей бакылаулар жиі кездеседі, сондықтан да табиғи құбылыстарын, өлі және тірі объектілерді бақылауға мүмкіндігі бар оқытудың негізгі формасы деп саналатын экскурсияларға ерекше мән беріледі. Сабақтарда бұлардан басқа әр түрлі көрнекі құралдары (табиғи объектілер, нақ пішін, үлгі, келтірілген өсімдіктер жиынтығы (гербарий, кино және диафильмдер) пайдаланылады. Оқытудың басты әдістері: әңгімелесу, әңгіме, табиғат құбылыстары мен объектілерді бақылау, соның нәтижесін сипаттау, мұғалімнің баскаруымен оқушылардың табиғаттағы еңбегі мен табиғат корғау қызметтері. Оқытудың негізгі әдісі әңгіме болып табылады. Әңгіме оқу кинофильмдерін, заттық және тақырыпты суреттерді қарағанда, тәжірибе жұмыстары кезіндегі адамдардың еңбегін бақылауда, пәндік сабактарда, экскурсияда байқалған табиғаттағы мезгілдік өзгерістерімен, қоршаған орта шындығы, құбылыстары және заттарымен танысу нәтижесінде жүргізіледі.

Оқушылардың сөйлеуі әңгіменің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Үлкен мағынасы бар мұғалім сөзі балалардың бақылауын бағыттауға, алаған әсерін түсінуге, жүйелеуге, байланыс себебін табуға көмектеседі. Мұғалім балалардың сөйлеу қызметін басқарады, қателерін түзетеді, белгілі бір затгар мен құбылыстарға зейін аударуға, дұрыс бақылауға және олардың байланысын табуға, өз әсерін, талдауын сөзбен жеткізе білуге үйретеді. Оқушылардың койылған сұраққа жауап беру нәтижесінде олардың сөйлемді дұрыс құру икемділіктері бекітіледі; заттарды сипаттау, көргендерін айту арқылы өз ойын байланысты түрде айта білуге үйренеді. Оқушылар затгармен, құбылыстармен экскурсияда табиғи жағдайда, ал сабактарда тікелей сеніммен қабылдау негізінде танысады. Бақылау барысында олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тауып, қарапайым түрде жинақтап, тұжырымдайды. Тәжірибе жұмыстары алынған білім мен икемділіктерін бекітуге көмектеседі. Табиғаттағы мезгілдік құбылыстар мен ауа райын бакылау қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтіп, байқау қабілетін, сезіммен қабылдауды, зейінін дамытады. Сабақтарды дұрыс ұйымдастыру, тиісті тәсілдер мен әдістерді қолдану оқушылардың ақыл- ойын, сөйлеу тілін дамытуға себепкер болады.

Сөйлеу тілін дамыту сабақтарындағы сөздік жұмыс үш бағытта жүреді:

1) сөздік қорын жаңа лексикалық бірліктерді (сөздерді) қолдану арқылы байыту;

2) таныс сездердің мағыналарын нактылау;

3) балалардың сөздік қорын жандандыру.

Төмендегі жаттығулар осы бағыттар бойынша жүргізілетін жұмыс үшін пайдалы болып табылады:

1. Заттардың және олардың бөліктерін атау.

2. Оқылатын заттардың жағдайын немесе қызметін атау.

3. Белгілерін атау.

4. Жұмбақтармен жұмыс.

5. Анықталған белгілеріне (түсі, пішіні, өлшемі және т.б.) немесе қызме- тінің сипатына қарай заттарды салыстыру.

6. Анализ және синтез: заттарды бөліктерге бөлу және бөліктерінен бүтінді тану.

7. Заттарды негізгі белгілеріне карай жіктеу.

8. Антоним және синонимдермен жұмыс.

Бағдарлама бойынша "Айналамен таныстыру" пәні бойынша меңгерген білімін масабақтан тыс уақыттарда колдану қажет.

9. Оқылған заттар мен қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.

10. Оқушылардың сөйлеу мотивациясын үнемі көтеру.

11. Тақырыпты толық және дәл ашуға қажетті тіл байлығымен қамта тематика, тіл дамыту, қол еңбегі, сурет сабақтарында іске асырып, ма- сыз ету мақсатымен тілді бір мезгілде, жан-жақты (фонетикалық, лек- сикалық, грамматикалық) дамыту.

Оқушыларды сөздерді байланыстыра ойын білдіруге үйрету. Қорша- ған орта құбылыстары мен затгар туралы білім заттарды көрсету, олардың белгілерін мұқият зерттеу, әр түрлі тәжірибе жұмыстары мен экскурсияда, табиғи жағдайда құбылыстар мен заттарды бакылау негі- зінде меңгеріледі

ДАЙЫНДЫҚ СЫНЫБЫ (68 САҒАТ)

"Айналамен таныстыру" пәні акыл-ойы дамымаған балаларды сөйлеу тілі мен жалпы дамуына бағытталған.

Жаратылыстанусабақтарында балалардың коршаған орта туралы түсініктері және білімдері кеңейіп, нақтыланады. Олар заттарды оларға тән белгілеріне қарай танып, атауға, жинақтаушы сөздерді қолдана отырып заттарды топтастыруға үйренеді.

Ақыл-ойы дамымаған балалар суреттегі таныс заттарды кейде таны- майды. Олар суретті шынайы жағдайлармен байланыстыра алмайды. Әсі- ресе, такырыпты суреттегі кейіпкерлердің арасындағы байланысты таба алмайды. Сондықтан сөйлеу тілін дамытуға арналған барлык сабақтар белгілі бір дәйектілікпен (накты заттар, шынайы өмір жағдайларынан олардың бейнелеріне, содан кейін сипатталуына көшеді) жүргізіледі:

4) нақты заттарды тану және атау;

5) суретте бейнеленген заттарды тану және атау;

6) суретте бейнеленген жағдайларды түсініп, соларды үлгілей білу;

7) қарапайым тақырыпты суретпен жұмыс;

8) сурет бойынша өз пікірін айта білу;

9) тақырыпты суретпен жұмыс, қарапайым байланыстарды табу; өз пікірін айта білу;

10) балалардың түсінуіне оңай тақпақ, ертегі, әңгімелерді оқу; иллюстра- цияларды қарау.

Барлык сабақтарда ойындарды, тұрмыс пен еңбек жағдайларын жік- теуге бағытталған логикалық ойындарды, "төртінші артық ойынын", су- ретті лото, домино және т.б. пайдалану кажет.

Такырып үлгілері:

Мектеп (4 сағат).

Мектеп ғимараты. Сыньштар, дәліздер, асхана, әжетхана, дәрігер, логопед, директор бөлмелері. Мектеппен және оның ауласымен танысу. Мұғалімнің басқаруымен мектептің, оның басқа да орындарының безендірілуін (қабырғада, терезеде, шкаф сөрелерінде және т.б. барын) қарау.

Наши рекомендации