C) Тышыш жағдайдағы ЖЖ белгілері
D) Физикалық активтіліктің айқын шектелуі
E) Жасырын жүрек жетіспеушілігі
3. Науқас П., 49 жаста, төс артының ауруына шағымданады. Ауырсыну сезімі демалғанда, ентікпе кезінде, қанмен қақырғанда күшейеді. Объективті: жүрек тондарының бэсеңдеуі, өкпе артериясында екінші тонның акценті. AҚҚ 100/70 мм с.б. ЖЖЖ 110 рет мин. ЖҚА: эр.-3,7млн., Hb-120г/л, лейк-13.6мың, КФК-90, ЛДГ-250. ЭКГ: ЭО солға ығысқан, S 1,Q III, R- III. Гис шоғырының оң аяқшаларының блакадасы. Болжамалы диагнозыңыз:
A) Миокард инфарктысы
B) ТЭЛА
C) Аорта аневризмасы
D) Спантанды пневмоторакс
E) Миокардит
4. Науқас З., 67 жаста жалпы әлсіздікке және кеуде қуысының қысылған ауру сезіміне шағымданады. 20 жыл бойы гипертониялық аурумен, ЖИА ауырады, Жалпы қарағанда: жүрек шекаралары солға кеңейген. Жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ 150/100 мм. сын. бағ. Қанда: эр.- 3,7 млн. лейк-20 мың. ЭТЖ.ЖСЖ 98/мин. V4-V6-де ST сегментінің депрессиясы. Қандай зерттеу диагнозды дәлелдейді:
A) Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы
B) Эхокардиограмма
C) Көз түбін тексеру
D) Реовазография
E) Медикаментозды сынама
5. Науқас С. 47 жаста аяқ астынан түнде жүрек қағысының пайда болуы, кеуде қысылуына, бас айналуына, ЖСЖ-200 минутына, АҚ 80/50мм с.б.б, ЭКГ-да ЖСЖ-200/мин. QRS жиынтығының ұзаруы 0,12с, R-R интервалының жиiлеуi, QRS жиынтығы мен Р тiсшесiнiң байланысы жоқ. Сiздiң диагнозыңыз:
A) Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы
B) Қарыншаүстiлiк пароксизмальды тахикардия
C) Топтама қарыншалық экстрасистолия
D) Қарыншалық пароксизмальдық тахикардия
E) Синустық тахикардия
6. Науқас Г., 48 жаста, алдыңғы ірі ошақты миокард инфаркті бойынша ем қабылдауда. 2 күні кеудесінде қатты ауру сезімі, ентікпе, қан аралас қақырық пайда болып, науқастың жағдайы күрт нашарлады. ЭКГ: алдыңғы миокард, жедел сатысы. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде үшбұрыш пішінді көлеңке. Асқынудың емін қандай дәріден бастаған дүрыс:
A) Тромболитиктер
B) Антибиотиктер
C) Кортикостероидтар
D) Дезагреганттар
E) Бронхолитиктер
7. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің 1 сатысы:
A) Жасырын жүрек жеткіліксіздігі
B) Физикалық күштемеде симптомдарының пайда болуы
C) Гемодинамиканың ауыр бұзылысы
D) Физикалық күштеменің аздап тежелуі
E) Жәй физикалық күштеме жүрек жеткіліксіздік көрінісін шақырмайды
8. Науқас 3., 67 жаста, төс артының басып ауыруына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Гипертониялық аурумен 20 жыл бойы ауырады. Объективті: жүрек шекарасы солға ығысқан. ЭТЖ-3 мм/сағ, КФК-271, МВ КФК-12. ЭКГ: синусты тахикардия, ЖЖЖ-98 р/мин., SТ сегментінің депрессиясы. Сіздің диагнозыңыз:
A) Миокард инфаркті
B) Гипертониялық криз
C) Миокардтың ошақты дистрофиясы
D) Үдемелі стенокардия
E) Күштемелі стенокардия ФК III
9. Жіті вирусты респираторлы инфекциямен сырқаттанған науқаста 2 аптадан кейін ентікпе, әлсіздік, тахикардия көрініс берді. Объективті: жүректің сол жақ шекарасы сол бұғана орта сызығына дейін кеңейген, жүрек тондары әлсіз, дұрыс ырғақты. ЭКГ: қарыншалық кешен вольтажы төмендеген. ЭхоКГ: сол жақ қарынша кеңейген. Қандай диагноз жөнінде қорытынды жасауға болады:
A) Перикардит
B) Эндокардит
C) Миокардит
D) Панкардит
E) Ревматизм
10.Науқас Т., 44 жаста, маскүнем. Ентікпеге, жүрегінің қатты соғуына, ісінуге шағымданады. Объективті: өкпесінде қүрғақ сырылдар, жүрек солға үлкейген, тоңдары бәсеңдеген, жүрек ұшында систолалақ шуыл. ЭКГ: АВ түйінінің өткізгіштігінің бәсеңдеуі, сол қарыншаның гипертрофиясы, SТ төмендеген. ІІ, III, V4, V6 тіркемелерінде Т(-). ФКГ жүрек үшында бірінші тон амплитудасының төмендеуі, төртінші тон тіркелген, төмен амплитудалы систолалық шуыл. ЭхоКГ: сол қарыншаның кеңеюі, жиырылу қызметінің төмендеуі. Сіздің диагнозыңыз:
A) Гипертрофиялық кардиомиопатия
B) Ревматикалық емес миокардит
C) Алкогольды миокардиодистрофия
D) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК 3
E) АГ 3-дәрежесі, қауіп-2
11. Науқас Л., 29 жаста, жүктемеден кейінгі ентікпе, жауырын аймағындағы ауру сезімі мазалайды. Бала кезінде тізе буындары ауырған. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары және оңға ығысқан, бірінші тон күшейген, жүрек ұшында диастолалық шуыл, бөдене ырғағы, жыпылықты аритмия. ЭКГ: Р mitrale, оң қарынша гипертрофиясы.Сіздің диагнозыңыз:
A) Митральді қақпақша жеткіліксіздігі
B) Аорта қақпақша жеткіліксіздігі
C) Митральді қақпакша пролапсы
D) Сол жақ атриовентрикулярлык тесіктін тарылуы
E) Оң жақ атриовентикулярлық тесіктің тарылуы
12. Жедел бронхит дамуының жетекші факторы:
A) Физикалық факторлар
B) Темекі түтіні
C) Аллергиялық факторлар
D) Токсикалық заттармен тыныс алу
E) Ыстық ауамен тыныс алу
13. 55 жастағы науқас ұзақ жылдар бойы созылмалы бронхитпен ауырады. Соңғы жарты жылда тұтқыр ақшыл түсті қақырықпен экспираторлы ентігу күшее тускен. Қажет ететін диагностикалық шаралар қандай?
А) ЭКГ
B) Спирография
C) Өкпенің рентгенографиясы мен компьютерлі томографиясы
D) Эхокардиография
E) Антропометрия
14. Шылым шегетін 34 жастағы науқаста қызбаның үстіне қақырықтың бөлінуі күшее түскен. Қақырықтың микроскопиялық зерттеуінде көп лейкоцит, макрофаг, түрлі флоралар анықталады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз.
А) Созылмалы бронхит, өршу сатысы
B) Жедел респираторлы ауруы
C) Пневмония
D) Бронхоэктазды ауру
E) Өкпе абсцессі
15. Сол жақ қарынша аневризмасының ЭКГ көрінісі:
A) «Тұрақталған» ЭКГ
B) «Мұздатылған» ЭКГ
C) «Суыған» ЭКГ
D) «Ұйқтаған» ЭКГ
D) «Тұрған» ЭКГ
16. Созылмалы бронхит үшін тән:
А) Қақырықты жөтел 1 жыл бойы
B) Қақырықты жөтел 2 жылға созылған
C) 3 ай бойы 2 жыл қатарынан қақырықты жөтелдің болуы
D) 3 жыл бойына созылған қақырықты жөтел
E) Жиі жедел респираторлы ауруларға қабаттасатын қақырықты жөтел
17 жастағы әйел кенеттен эпигастрий аймағында ауыру сезімін және бір реттік құсумен қосарланған жүрек айнуды сезді. Қарау кезінде: жағдайы ауыр, тері жабындысы бозғылт, жабысқақ мұздай терлеген. Жүрек үні едәуір тұйықталған, ЖСЖ 118 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б. Эпигастральді аймақта іші қатыңқы. ЭКГ: QSII, III, aVF, STII, III, aVF – монофазалық қисық түрінде.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
A) Асқынбаған артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті
B) Алдынғы-перделі Q-миокард инфаркті. Рефлекторлы гипотензия.
C) Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Гиповолемиялық шок.
D) Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Кардиогеннді шок.
E) Артқы-бүйірлі Q-миокард инфаркті. Кардиогенді шок.
18. 75 -жастағы әйел бір сағат бұрын пайда болған төс артындағы басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГде –STV1-V6 депрессиясы. Ауруханаға түскенде жедел коронарлық синдром қойылған.
Науқасқа БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ қандай зерттеу тағайындау көрсетілген?
A) Сцинтиграфияны
B) Велоэргометрияны
C) Эхокардиографияны
D) Коронароангиографияны
E) ЭКГ холтеровлік мониторлауды
19. 66 жастағы ер адам жалпы әлсіздік шағымымен ауыр жағдайда жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Қарау кезінде: тері жабындылары бозарған, ылғалды, сұр цианоз, аяқ қолдары мұздаған. Жүрек үндері әлсіз, шоқырақ ритмі, ЖСЖ-115 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б., айқын олигурия. ЭКГде: синусты тахикардия, QS V1-V6, ST V1-V6 сегменті монофазды қисық түрде изосызығынан көтерілген.
Жедел қантамыр жетіспеушілігінің шеткілік белгілерін жоюға қандай дәрілік затты тағайындаған БАРЫНША жөн?
A) Нитроглицерин
B) Фуросемид
C) Допамин
D) Гепарин
E) Атропин
20. Соңғы 2 жылда артериалды қысмы жоғарылап жүрген 57 жастағы ер адам
клиникада зертелуде.
Науқаста жүректің солжақ қарыншасының гипертрофиясын нақтылайтын БАРЫНША ақпаратты және қол жететін әдіс:
A) Сцинтиграфия
B) Рентгенография
C) Велоэргометрия
D) Эхокардиография
E) Вентрикулография
21. Жедел респираторлы вирустық инфекциямен ауырған 28 жастағы әйел 2 аптадан кейін ауыр жағдайда жүрек жеткіліксіздігінің клииникалық көрінісімен ауруханаға түсті.
Аурудың БАРЫНША сенімді диагностикалық әдісін көрсетіңіз:
A) ЭКГ
B) ЭХОКГ
C) Рентгенография
D) Миокард биопсиясы
E) Миокард сцинтиграфиясы
22. 57 жастағы ұста, жүрек тұсындағы басып ауыратын ауыру сезіміне, физикалық күштемедегі ентігу, басының шулауына, бас ауыруына шағымданады. Анамнезінен; асқазанның ойық жара ауруымен ауырады; шашының ерте ағарғанын байқаған, шылым тартады. Қарап тексергенде: толық, Франк, Габриэл симптомы анықталады. Қанда холестерин деңгейі 6,8 ммоль/л, ТТЛП холестерин деңгейі 3,6 ммоль/л.
Бұл жағдай көрсетілген аурулардың қайсысымен БАРЫНША мүмкін байланысты?
А) Жүрек қан тамырларының, бас миының атеросклерозы
В) Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы
С) Созылмалы холециститтің өршуі
D) Асқазанның ойық жара ауруы
E) Қабырға аралық невралгия
23. 40 жастағы ер адам түнгі уақытта, таң атарда ерте пайда болатын төс артындағы айқын басып ауыру сезіміне шағымданады. Күндіз үлкен физикалық күштемелерді жақсы көтереді. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгерістер анықталмады, эргометринмен сынама оң.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
А) ЖИА. Күштемелік стенокардия II ФК
В) ЖИА. Күштемелік стенокардия III ФК
С) ЖИА. Күштемелік стенокардия IV ФК
D) ЖИА. Үдемелі стенокардия
E) ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия
24. Туа пайда болған жүрек ақауы бар 26 жастағы ер адам инвазивті шарадан кейін 1 айдан соң пайда болған қызбаға, өте күшті қалтырауға құйылған терге шағымданады. Қарап тексергенде: конъюнктиваның өту қатпарында петехиялар, тырнақ астында сызықты геморрагиялар. Қанда анемия, солға ығысқан лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.
Осы ауруды емдеуге қолданылатын негізгі дәрілер тобы болып табылады:
а) Метаболиктер
В) Антибиотиктер
С) Антиоксиданты
D) Глюкокортикостероидтар
E) Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
25. Артериальді өзекшенің бітіспеуінің басты аускультативті белгісі:
а) Төстің сол жағында II қабырға аралықтағы діріл және үзіліссіз шу
B) Төстен оң жағында II қабырға арлықта есілетін систолалық шу
C) Жүрек ұшында протодиастолалық шу
D) I нүктеде ерте диастолалық шу
E) Жүрек ұшында систолалық шу
26. Қатерлі қарыншалық экстрасистолиямен ауыратын науқастарды емдеуге төмендегі препараттардың қайсысы таңдаулы болады?
а) Конкор
B) Соталол
C) Дигоксин
D) Верапамил
E) Амиодарон
27. Жүректің ревматиздік ақауымен ауыратын 35 жастағы әйел, ентігу, жүрек соғуы, аяғының існуіне шағымданады. Қарағанда өкпесінде іркіліс өзгерістері, гепатомегалия және ісінулер.
Науқаста жүректің солжақ қарыншасының қызметін бағалауға жүргізу көрсетілген:
A) Велоэргометрияны
B) Эхокардиографияны
C) Электрокардиографияны
D) Коронароангиографияны
E) ЭКГ холтерлік мониторлау
28. 52 жастағы ер адам сол қолға және жауырынға берілетін кеуде артындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарағанда: жүрек үндері әлсіреген, шамалы тахикардия. АД – 110/70 мм сб.б. ЭКГ: ST сегментінің V2-V4 элевациясы.
Емдеуді БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ қай дәрілік топтардан бастаған барынша тиімді?
A) Жүрек гликозидтерінен
B) Антикоагулянттардан
C) Тромболитиктерден
D) Дезагреганттардан
E) β-бөгемелерінен
29. 31 жастағы әйелде жедел респираторлық вирусты инфекциядан кейін қызба, әлсіздік, жүрек тұсындағы шаншып ауыратын ауыру сезімі анықталды. Қанда ЭТЖ - 32 мм/сағ. ЭКГ да I дәрежелі атриовентрикулярлы бөгеме.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
A) Метаболиктерді
B) Антибиотиктерді
C) Антикоагулянттарды
D) Жүрек гликозидтерін
E) Глюкокортикостероидтарды
30. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын 38 жастағы әйел, тыныштықтағы айқын ентігу, тұншығу ұстамасы, әлсіздікке шағымданады.
Қарағанда: дене бітімі астеникалық, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз.
Өкпесінде іркілмелі сырылдар, жүрек ұшында иррадияциясыз диастолалық шу, жыбыр аритмиясы естіледі. Митральді саңылаудың алаңы – 1,2 см2, айқын өкпелік гипертензия .
Науқасқа қандай ем БАРЫНША мүмкін көрсетілген?
A) Инотропты қолдау
B) Дезагрегантты заттар
C) Антиаритмиялық терапия
D) Антикоагулянтты дәрілер
E) Ақаудың хирургиялық коррекциясы
31. 58 жастағы әйел жатқанда күшейетін инспираторлы ентігу ұстамаларымен ауруханаға жатты. Өкпесінде өте көп ылғалды сырылдар. Жүрек үндері әлсіз, тахикардия, өкпе артериясында II тонның акценті. Анамнезінде: артериальды гипертензия, қант диабеті. ЭКГде: QS және SТV2-V6 элевациясы, қарыншалық экстрасистолалар.
Қандай терапияны БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ тағайындаған дұрыс?
A) Антиаритмиялық
B) Тромболитикалық
C) Антиагреганттық
D) Оксигенотерапияны
E) Метаболикалық
32. Артериальды гипертониямен ауыратын 49 жастағы ер адам, ірі ошақты миокард инфарктісін алғанан кейін ырғақ бұзылысы экстрасистолиялар пайда болды.
Осы науқасты емдеуге БАРЫНША тиімді дәрілік топты таңдаңыз?
A) Нитраттар
B) Диуретиктер
C) Бетта – блокаторлар
D) ААФ ингибиторлары
E) Жүрек гликозидтері
33. 76 жастағы ер адамға жедел кардиологияға түскенде жедел коронарлық синдром диагнозы қойылды. Коронароангиографиялық зерттеуде сол жақ коронарлы артерияның алдыңғы қарыншааралық тармағының аздаған гемодинамикалық стенозы анықталды.
Науқасты жүргізуде қандай тәсіл БАРЫНША тиімді?
A) Бақылау
B) Стенттеу
C) Консервативті терапия
D) Аорто-коронарлы шунттау
E) Маммарлы-коронарлы шунттау
34. 72 жасар ер адам нитраттар көмектеспейтін төс артындағы қатты басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, гипотония. ЭКГ да солжақ қарыншаның артқы бүйір қабырғасы зақымданған.
Осы жағдайды нақтылауға көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысы
БАРЫНША ақпаратты?
A) Жүректік натрийуретикалық пептидті
B) С-реактивті белокты
C) Трансаминазаны
D) Гомоцистеинді
E) Тропонин I ді
35. 57 жастағы ер адамда алдынғы жайылған миокард инфаркт белгілері, ЭКГда үш апта бойы сақталған ST сегментінің жоғарылауы және парадоксальді прекардиальді пульсация анықталды.
БАРЫНША мүмкін асқынуды атаңыз?
A) Тромбоэндокардит
B) Инфарктан кейінгі синдромы
C) Миокард инфарктің рецидиві
D) Сол қарыншаның аневризмасы
E) Қарынша аралық перденің жыртылуы
36. 72 жастағы әйел 30 жылдан аса артериальды гипертензиямен ауырады. Зәр анализінде үнемі протеинурия анықталады.
Гипертониялық нефросклерозды нақтылауға ақпаратты биохимиялық көрсеткіш БАРЫНША мүмкін болады:
A) Мочевина
B) Креатинин
C) Электролиттер
D) Жалпы белок
E) Зәр қышқылы
37. 47 жастағы әйел жүрек астма ұстамасы, жүрек қағу, айқын жалпы әлсіздік шағымдарымен ауруханаға түсті. Қарағанда: өкпесінде іркілмелі сырылдар, кардиомегалия, аяқтарында ісінулер. Эхокардиогрфиялық зерттеуде миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеуі анықталды.
Осы жағдайда көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
A) Изоптинді
B) Дигоксинді
C) Атенололды
D) Гипотиазидті
E) Престариумды
38. 61 жастағы ер адам физикалық күштеме кезінде мазалайтын жүрек тұсындағы басып ауыру сезіміне, басында шуға, бас ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: толық, ірі буындарының аймағында көптеген ксантомалар, қабақ терісінде ксантелазмалар; мүйізді қабықта сенильді шеңбер. Қанда холестерин 7,2 ммоль/л, ТТЛП холестерин 3,4 ммоль/л.
Науқаста көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысының өзгерісін күтуге болады?
А) Триглицеридтердің төмендеуін
B) Хиломикрондардың жоғарылауын
C) Төмен тығыздықты липопротеидтердің төмендеуін
D)Төмен тығыздықты липопротеидтердің жоғарылауын
E) Жоғары тығыздықты липопротеидтердің жоғарылауын
39. 48 жастағы ер адам қызба, ентігу, бас ауыруына шағымданып түсті. Қарап тексергенде: тырнақ астында сызықты геморрагиялар, саусақтар ұштарының терісінде қызыл-көк түсті ауыру сезімді тығызданулар; шынтақ бүкпесінде көптеген инъекция іздері; конъюнктиваның өту қатпарында петехиялар. Өкпесінде ылғалды сырылдар. Қаннан жасыл стрептококк табылды. Эхокардиографиялық зерттеуде көрсетілген қандай өзгерістердің анықталуы БАРЫНША мүмкін?
а) Вегетациялар
В) Аортаның атеросклерозы
С) Қуыстардың кеңеюі
D) Жүрек қақпақшаларының тығыздануы
Е) Қарынша аралық перденің ассиметриялық гипертрофиясы
40. Біріншілік өкпелік гипертензиямен ауыратын науқастарға хирургиялық емдеу әдісі мына жағдайда көрсетілген
A) III ФК
B) IV ФК
C) I және II ФК
D) Барлық науқастарға
E) Дәрілерге рефрактерлікте
41. 16 жастағы жігіт мезгіл - мезгіл пайда болатын ұстамалы жүрек қағу мен синкопальды жағдайға шағымданады. Тыныштықта ЭКГ өзгеріс жоқ. Бас миының компьютерлік томографиясы патологиясыз. Эхокардиография қалыпты.
Синкопені нақтылауға көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген БАРЫНША ақпаратты?
а) Вентрикулография
B) Өңеш арқылы эхокардиография
C) ЭКГ Холтерлік мониторлау
D) Жүректің өңеш арқылы электростимуляция
E) Жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеу
42. Диллатациялық кардиомиопатияның негізгі диагностикалық әдісі болуы БАРЫНША мүмкін:
A) ЭКГ
B) ЭхоКГ
C) Сцинтиграфия
D) Коронароангиография
E) Позитронды-эмиссионнды томография
43. 49 жастағы ер адам алдынғы-жайылған Q тісшесіз миокард инфарктысымен емделген. Үшінші аптада қызба, артралгия, перикард пен плевраның үйкеліс шуы пайда болды.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
A) Инфекциялық эндокардит
B) Инфаркттан кейінгі синдром
C) Перикардит
D) Плеврит
E) Сепсис
44. 59 жастағы әйел айқын бас ауыруына, бас айналуына, лоқсу, қайталамалы құсу, көз алдында шіркейлердің көрінуіне шағымданады. Қарағанда: жүрек шегі солға ұлғайған, аортада II тонның акценті. АҚ 180/100 мм.сб.бб.
Осы жағдайды жоюға төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША қажет?
A) Но-шпаны
B) Дофаминді
C) Папаверинді
D) Преднизолонды
E) Нитропруссидті
45. 25 жастағы әйел бас айналуға, қысқа уақытты ұстамалы талмаларға шағымданады. Об-ті: төстің оң жағы мен жүрек негізі аймағында, систола ортасында максимальді естілетін және мойын тамырларына берілетін, дөрекі систолалық шу анықталады. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологияда: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді.
Көрсетілген жүрек ақауларының қайсысы БАРЫНША мүмкін?
A) Солжақ атриовентрикулярлы саңлаудың тарылуы
B) Трикуспидальді қақпақшаның жетімсіздігі
C) Митральді қақпақшаның жетімсіздігі
D) Өкпе артериясы саңылауының тарылуы
E) Аорта саңылауның тарылуы
46. 25 жастағы әйел суықтағаннан кейін аз мөлшерлі қиын бөлінетін кілегейлі- ірінді қақырықты жөтелге, делсалдыққа шағымданады. Кешке қарай дене қызуы 37,5°С жоғарылайды. Сол жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы және бронхофонияның күшеюі анықталды. Аускультацияда ұсақ көпіршікті сырылдар. ЖҚА: лейкоциттер- 9х109/л., ЭТЖ- 25 мм/сағ.
Өкпе рентгенограммасында төменде көрсетілген өзгерістерінің қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін?
А) Сол жақ өкпе суретінің күшеюі
B) Өкпе түбірлерінің кеңеюі, структурасының жоғалуы
C) Сол өкпенің төменгі алаңының интенсивті қараюы
D) Сол өкпенің төменгі алаңында орналасқан ошақты инфильтративті көлеңкелер
E) Оң жақ костодиафрагмальды синустың 7 қабырғасына дейін тегістелуі
47. 18 жастағы ер кісіде екі күн бұрын кенеттен қалтырау, қызудың 39°С дейін көтерілуі, құрғақ жөтел басталды. Об-ті: оң беті қызарып тұр, кеуденің оң жағы дем алғанда қалынқы. Оң жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Тыңдағанда- жауырын арасында бронхттық тыныс, оң жауырын астында крепитация анықталады. Жүрек шекаралары өзгермеген, I тон бәсеңдеген, тахикардия.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді:
А) Гентамицин
B) Эритромицин
C) Линкомицин
D) Цефтриаскон
E) Доксициклин
48. 16 жастағы қыз 5 күн бойы ұстамалы жөтелге, мұрыннан сұйықтықтың бөлінуіне, түшкіруге шағымданады. 5-ші күніне ауруханаға жатқызылып, пенициллин тағайындалған. 3 күннен соң жағдайы нашарланып, ентігу мен жөтел күшейген. Об-ті: дене t-36,6 °С, дистантты сырылдар, дем шығаруы ұзарған, ысқырықты сырылдыр. Спирографияда: ФТК1=65%; PEF 50=55%; FEF75=45%; Сальбутамол сынамадан соң көрсеткіштері қалпына келді.
Диагноздың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін ?:
А) ЖРВИ, обструктивті бронхит
B) Жедел аллергиялық альвеолит
C) Аллергиялық бронх демікпесі, жеңіл ағымы
D) Аллергиялық бронх демікпесі, орта ауырлықта
E) Астмалық компонентімен өтетін ошақты пневмония
49. 32 жастағы ер кісі аптасына 2-3 рет мазалайтын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Аптасына 2-3 рет түнде ентігуден оянады. Спирографияда: FEV1=70%; PEF50=60%; FEF75=55%; сальбутамолмен сынама өткізгеннен соң барлық көрсеткіштер қалпына келді.
Көрсетілген емдеу тәсілінің қайсысы БАРЫНША тиімді?:
А) Кромогликат натрия
B) Триамцинолон
C) Преднизолон
D) Будесонид
E) Эуфиллин
50. 30 жастағы әйел сальбутамолдың ингаляциясы көмектеспейтін ауыр экспираторлық ентігумен ауруханаға жедел түрде түсті ( соңғы сағатта бірнеше ингаляция қабылдаған). Жағдайы ауыр, тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады, дистантты ысқырықты сырылдар естіледі.
Парентеральді тағайындалған сальметеролға қосу БАРЫНША тиімді?
А) Натрий кромогликатты
B) Гидрокортизонды
C) Преднизолонды
D) Будесонидті
E) Эуфиллинді
51. 45 жастағы ер кісіде спирографиялық зерттеу жүргізгенде келесі көрсеткіштер анықталды: ӨТС– 38%, ФТШҚ- 28%, Тиффно индексі ФТШҚ/ӨТС- 58%, ӨМВ (МВЛ)-29%, ТМК (МОД) –73%, ТЖ-24 мин
Төменде көрсетілген сыртқы тыныс алу қызметінің қандай бұзылыстар түрі БАРЫНША мүмкін науқаста анықталады?
А) Обструктивті 2 дәреже
B) Обструктивті 3 дәреже
C) Рестриктивті 2 дәреже
D) Рестриктивті 3 дәреже
E) Аралас 3 дәреже
52. 62 жастағы ер кісіде көп мөлшерлі шырышты-ірінді қақырықты жөтел, шамалы ентігеді.Об-ті: терісі бозғылт, мұрын-ауыз үшбұрышының акроцианозы, тырнағы «сағат әйнегі» тәрізді, кеуде қимылдары шектелген, балтырлары пастозды.Жүрек соққысы пальпацияланады.Семсер тәрізді өсіндігінің негізінде систолалық шу. Өкпесінде әлсіреген везикулалық тыныс, шығару фазасы қысқарған, шашырынқы құрғақ сырылдар.
Эхокардиограммада қандай өзгеріс БАРЫНША болу мүмкін?
А) Сол қарынша гипертрофиясы және аортальді жетіспеушілік
B) Сол қарынша гипертрофиясы және митральді жетіспеушілік
C) Оң қарынша артқы қабырғасының гиперкинезиясы
D) Оң қарыншаның гипертрофия және дилятациясы
E) Сол қарыншаның гипертрофия және дилятациясы
53. 64 жастағы ер адам көп мөлшерлі шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, аздаған ентігуге, дене температурасының жоғарылауына шағымданады. Анамнезінде – жиі ЖРВА. Об-ті: терісі бозғылт, мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы, қол уштары –суық, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді өзгерген, балтырлары ісінген. Аускультативті - әлсіреген везикулалық тыныс, шығару фазасы қысқарған, шашыраған құрғақ сырылдар.
Аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болу мүмкін?
А) Созылмалы обструктивті емес бронхит
B) Бронх демікпесі, ауыр ағым
C) ӨСОА, эмфизематозды тип
D) ӨСОА, бронхиттік тип
E) Өкпе туберкулезі
54. 52 жастағы ер кісіні 3 ай ішінде біртіндеп күшеетін ентігу, ылғалды жөтел, субфебрилды дене қызыу мазалайды. Тыңдағанда-әлсіреген везикулалық тыныс, екі өкпенің төменгі бөліктерінде «целлофан шытыры» тәрізді крепитация. Спирография: ӨТС–55%, ФТШК1(ОФВ1)-60%, Тиффно индексі ӨТС/ ФТШК1 (ОФВ1/ЖЕЛ)–110%, ӨМВ (МВЛ)-35%. Өкпе Р-граммасында-
фиброзды компонентіне байланысты өкпе суретінің күшеюі.
Өкпе КТ-сында көруге болатынын БАРЫНША мүмкін белгілер:
А) Өкпе түбірлерінің лимфа түйіндерінің тығыздануы мен ұлғаюі
B) Екі өкпенің төменгі бөліктерінің айқын инфильтрациясы
C) Өкпе ұштарында инфильтративті көленкелер
D) Ұялы өкпе және «бұлыңғыр әйнек» симптомы
E) Шашырынқы ошақты көленкелер
55. 27 жастағы әйелде жедел ауырды, 38°С-дейін қызба, кілегейлі-іріңді қақырықпен жөтел, делсалдық. 1 аптадан соң кеуденің оң жақ ауырсынуы қосылып тыныс алуы қиындады. Об-ті: кеуденің оң жағы тыныс алғанда қалыңқы, перкуторлық дыбыс тұйықталған, жауырын асты мен оң жақ бүйірінде тынысы әлсіреген. ТЖ – 28/мин. ЖЖЖ – 86/мин . Р-графия: оң жақ төменгі бөлігінде интенсивті қараю, костодиафрагмальды синустың тегістелуі. Плевра сұйықтығы қандай болуы мүмкін?
А) Мөлдір, Ривальт пробасы теріс
B) Бұлыңғыр, лимфоцитарлы цитоз
C) Бұлыңғыр, нейтрофильды цитоз
D) Бұлыңғыр, хилезды
E) Геморрагиялық
56. Жасы 59-дағы ер кісі 4 апта бойы ауырады. Соңғы аптада жағдайы кенеттен нашарлап, қызуы 40 ºС дейін жоғарылаған, тәулігіне 100 мл-дей ірінді қақырықты жөтел, тыныштықта ентігу. R-граммада: сол өкпенің ортанғы бөлігінің түбірінде орналасқан интенсивті инфильтрациялық және деструкциялық ошақтар. Қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін?
А) Плевра эмпиемасы
B) Асқынған плеврит
C) Сол өкпенің абсцессі
D) Сол өкпенің гангренасы
E) Сол өкпенің ателектазы
57. Орта дәрежелі бронх демікпесі диагнозы қойылған ер адам тәулігіне 400 мкг беклометазон дипропионат пен сальметерол қабылдайды. Соңғы 2 апта түнгі ұстамалар мазаламайды. Физикалық күштемеден кейін ентігудің 2 эпизоды болған. Пикфлоуметрияның тәуліктік айырмашылықтары 450-500 мл.
Емді жалғастыру үшін төмендегі тәсілінің қайсысы БАРЫНША тиімді?
А) Беклометазон дипропионаттың дозасын тәулігіне 300 мг-дейін азайту
B) Сальметеролды теофиллиннің ұзақ әсерлі түріне ауыстыру
C) Беклометазон дипропионатты тайледке аустыру
D) Сальметеролдың тәуліктік дозасын кеміту
E) Сальметерол орнына беродуал тағайындау
58. 50 жастағы әйел сальбутамолдың ингаляциясы көмектеспейтін айқын экспираторлық ентігумен ауруханаға жедел түрде түсті (соңғы сағатта бірнеше ингаляция қабылдаған-нәтижесіз). 5 жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдап жүрген. Об-ті: жағдайы ауыр, қосымша бұлшық еттері тыныс алуға қатысады, дистантты құрғақ сырылдар естіледі.
Тағайындалған парентеральды сальметеролға қандай метилпреднизолон дозасын тағайындаған тиімді?
А) 10 мг
B) 20 мг
C) 30 мг
D) 120 мг
E) 500 мг
59. 54 жастағы ер кісіде ентігу, аз мөлшерлі қақырықты ұстамалы жөтел.Об-ті: тері жамылғысы құрғақ, көгілді-сұр түсті бозғылт, қолдары жылы, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді, кеудесі «бөшке тәрізді». Визуальды эпигастральды пульсация байқалады және жүрек соққысы пальпацияланады. Боткина-Эрб нүктесінде және семсер тәрізді өсінді негізінде I тонның әлсіреуі.
Электрокардиограммада БАРЫНША қандай өзгерістер болуы мүмкін?
А) Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы
B) Сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы
C) Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы
D) Гис будасы сол жақ аяқшасының блокадасы
E) Сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының ишемиясы
60. 48 жастағы ер адам аздаған физикалық күштемеден кейінгі пайда болатын экспираторлы ентігуге, аз мөлшерлі қақырықты ұстама тәрізді жөтелге шағымданады. 30 жыл бойы темекі шеккен. Об-ті: терісі құрғақ, көкшіл-бозғылт түстес, қолдары жылы, тырнағы «сағат әйнегі» тәрізді, кеудесі «бөшке тәрізді». Перкуторлы «қораптық» дыбыс, аускультацияда - әлсіреген везикулалық тыныс, тыныс шығаруы қысқарған, аздаған құрғақ сырылдар. БАРЫНША мүмкін болатын диагноз:
А) Бронх демікпесі
B) Фиброздаушы альвеолит
C) ӨСОА, бронхиттік тип
D)ӨСОА, эмфизематозды тип
E) Созылмалы обструктивті емес бронхит
61. Біртіндеп күшейетін ентігу, өкпенің екі жақты өзгерістері, рентгенограммада диссеминирленген тор тәрізді зақымданулар, КТ-да «бұлыңғыр әйнек» тәрізді өзгеріс, сыртқы тыныс функциясының өзгеруінің рестриктивті түрі қандай патологияға БАРЫНША тән?
А) Пневмокониозға
B) Өкпе саркоидозына
C) Идиопатиялық альвеолитке
D) Интерстициальды пневмонияға
E) Өкпенің милиарлы туберкулезіне
62. 50 жастағы әйелде құрғақ жөтел, ентігу, кеудесінде ауру сезімі, субфебрилитет. 3 айда 5 кг жоғалтқан. Антибактериальді ем әсерсіз. Об-ті: балтырларында түйінді эритема, өкпеде – қатаң тыныс. Лейкоциттер 9х109/л, ЭТЖ 45 мм/сағ. СРБ +++. Квейм сынамасы – оң. КТ-графия: түбірі кеңейген, екі өкпеде симметриялы контуры айқын емес көптеген ошақты көлеңкелер, фиброз, кеуде аралық және өкпе түбірінің л/т ұлғаюы, кальцинозсыз.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болу мүмкін?
А) Пневмокониоз
B) Идиопатикалық альвеолит
C) Токсикалық экзогенді альвеолит
D) Өкпенің инфильтративті туберкулезі
E) Өкпенің және лимфа түйіндерінің саркоидозы
63. Сәулелік еммен бірге ұзақ уақыт бойы антибиотик және стероидты гормондармен емделген науқаста пневмонияның клиникалық белгілері пайда болды, кейіннен патологиялық үрдіс ішкі мүшелердің өзгерістерімен сепсис түрінде жайылды. Өкпеде жұқа қабырғалы тез іріңдейтін қуыстар табылды. Жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділер бөліне бастады. Жоғарыда сипатталған өзгерістердің БАРЫНША мүмкін қоздырғышы:
1) кандидалар
2) эхинококтар
3) аспергиллалар
4) микоплазмалар
5) ішек таяқшалары
64. Созылмалы алкоголизммен және ӨСОА ауыратын егде жастағы ер адам қарақат сілікпесі (желесі) тәрізді, иісі күйген ет тәрізід, тұтқыр қиын бөлінетін қақырық пен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенде «араның ұясы тәрізді таралаған өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдықты қуыстар, пневмосклероз анықталды. Қандай қоздырғыш болуы БАРЫНША мүмкін:
1) хламидия
2) клебсиелла
3) микоплазма
4) гриптің вирусы
5) ішек таяқшалары
65. Ағымы жедел ауру, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы - төменгі бөліктеріндегі айқындығы орташа инфильтративті көлеңкелер, жылдам оң динамика қандай дертке БАРЫНША тән :
1) саркоидозға
2) пневмокониозға
3) ошақты пневмонияға
4 ) милиарлы туберкулезге
5) инфильтративті туберкулезге
66. 19 жастағы әскери жауынгер, казармада тұрады, құрғақ жөтел, қалтырау, дене қызуының 38оС көтерілуі, артралгия мен миалгияларға шағымданады. Рентгенде: өкпе суреті күшейген, оң өкпенің төменгі бөлігінде айқын емес күңгірттену. Пенициллин және цефалоспоринмен ем нәтижесіз.
Келтірілген қоздырғыштардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:
1) пневмококктың
2) стафилококктың
3) микоплазманың
4) гемофильді таяқшаның
3) көкірің таяқшасының
67. Анамнезінде, пансионаттар мен қонақ үйлерде кондиционер мен душ қолданғаны туралы көрсетілген, айқын уланумен фебрильді қызба, жөтел, диарея; лейкоцитоз лимфоцитопения, пневмонияның қандай түріне БАРЫНША тән:
1) хламидиялық
2) легионеллездік
3) микоплазмалық
4) пневмококктық
5) стафилококктық
68. Өкпе тінінде іріңді-деструктивті ыдырау, жалқықсыз, жұқа қабырғалы қуыс түзумен сипатталатын пневмония келесі қоздырғышпен шақырылған болуы БАРЫНША мүмкін:
1) микоплазмамен
2) клебсиелламен
3) аденовируспен
4) пневмококкпен
5) стафилококкпен
69. 67 жастағы созылмалы алкоголизммен ауыратын және темекіні көп шегетін ер адам, суықтағаннан кейін ауыр жағдайда кеуде торшасының сол жағындағы ауыру сезіміне, шырышты - іріңді қақырықпен жөтел, айқын ентігуге шағымданып түсті. Қарап тексергенде: науқас мазасыз, тері жабындылары жер түстес. ТЖ - 36 рет мин. Сол жақ өкпенің жауырын астында ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері тұйықталған. ЖЖЖ - 104 рет мин. АҚҚ – 110/70мм.с.б.б. Рентгенде – сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде массивті инфильтрация анықталады.
Науқаста қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін:
1) миокардиттің
2) өкпе артериясы эмболиясының
3) тыныс жеткіліксіздігінің
4) инфекциялы- токсикалық шоктың
5) ересектердің респираторлы дистресс - синдромына
70. 47 жастағы қантты диабетпен ауыратын және пневмониямен емделіп жүрген әйел қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. ТЖ -32 рет мин. ЖЖЖ -108 рет мин. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14, сегмент ядролы -52, лимфоциттер - 34, ЭТЖ – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. ЭхоКГ зерттеуде қақпақшалар өзгермеген.
Қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін:
1) сепсистің
2) инфекциялық эндокардиттің
3) инфекциялық-токсикалық шоктың
4) жедел тыныс жеткіліксіздігінің
5) жедел респираторлық дистресс-синдромының
71. Қант диабетімен, созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастарда пневмониялар көбінесе грам теріс флорамен шақырылады.
Берілген препараттардың қайсысысын тағайындау БАРЫНША тиімді:
1) ампиоксты
2) амикацинді
3) неомицинді
4) пенициллинді
5) левофлоксацинді
72. Стафилококкты деструктивті пневмония фонында дамыған сепсисте, емдеу жоспарына енгізген БАРЫНША тиімді:
1) метридті
2) имипинемді
3) цефтазидимді
4) линкомицин
5) рифампицинді
73. Бөліктік пневмониямен ауыратын 42 жастағы ер адамда, дерттің 7-ші күні оң жақ жауырын астынан тыныс естілмейді.
Науқаста қандай асқыну дамуы БАРЫНША мүмкін:
1) құрғақ плеврит
2) плевра эмпиемасы
3) бауырасты абсцессі
4) экссудативті плеврит
5) спонтанды пневмоторакс
74. 65 жастағы ер адам, 3 жыл бұрын миокард инфарктысымен ауырды. Үдемелі ентігуге шағымданады. Тексергенде: ЭТЖ-65 мм/сағ. Рентгенологияда плеврада жалқық анықталды. Пункция жасағанда 500 мл сұйықтық алынды. 2 күннен кейін плевра қуысында қайтадан сұйықтық жиналғаны анықталды.
Диагнозды нақтылауға берілген зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті:
1) компьютерлік томография
2) трансбронхиальды пункция
3) онкомаркерлерге тексеру
4) магнитті резонансты томогрфия
5) экссудатты цитологиялық зерттеу
75. 28 жастағы әйелде плевраның үйкеліс шуылы естіледі. Рентгенде өзгерістер жоқ. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:
1) құрғақ плевриттің
2) плевра эмпиемасының
3) жедел пневмонияның
4) экссудативті плевриттің
5) бронхоэктаз ауруының
76. Бронх өткізгіштігінің бұзылысының қандай патогенетикалық механизміне дәрілік ем көмектесуі БАРЫНША мүмкін:
1) бронх шырыштарының ісінуі
2) трахеобронхиальды дискинезия
3) мукоцилиарлы жеткіліксіздігі
4) бронхтардың гиперпластикалық өзгерістері
5) майда бронхтардың экспираторлы коллапсы
77. Құрғақ жөтелде ұзақ уақыт бойы қан түкіру қандай ауруға БАРЫНША тән?
1) пневмокониозға
2) өкпе туберкулезіне
3) бронхогенді қатерлі ісікке
4 ) созылмалы бронхитке
5) бронхоэктазды ауруға
78. Профилактикалық тексеру жүргізгенде ер адам, 5-6 жыл бойы таңертеңгі уақытта мазалаған шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар.
Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША МҮМКІН:
1) жедел бронхиттің
2) бронхоэктазды аурудың
3) созылмалы іріңді бронхиттің
4) созылмалы катаральды бронхиттің
5) созылмалы обструктивті бронхиттің
79. 48 жастағы әйелді, 50 мл көлеміндегі шырышты- іріңді қақырықты жөтел, дене қызуының 38оС дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, соңғы 2 жылда аурудың өршуі жиілеген. Өкпеде тынысы әлсіз, барлық өкпе беткейінен құрғақ және ылғалды әртүрлі көлемдегі сырылдар естіледі.
Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:
1) пневмония
2) өкпе туберкулезі
3) бронхоэктазды ауру
4) созылмалы іріңді бронхит
5) созылмалы катаральды бронхит
80. 25 жастағы әйел жанұялық дәрігерге шырышты - іріңді қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, дене қызуының 37оС көтерілуіне шағымданып қаралды. Суықтаудан кейін жедел ауырған. Жауырын аралық аймақтың сол жағынан құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализі өзгеріссіз. Науқастың 8-10 апталық мерзімді жүктілігін ескерсек, қандай емді тағайындаған БАРЫНША тиімді:
1) гентамицинді
2) ампицилин
3) азитромицин
4) доксициклин
5) ципрофлоксацинді
81. 38 жастағы ер адамды, ұзақ уақыт тұншығу ұстамасы, экспираторлы ентігу мазалайды. Тұншығу ұстамасы беротекпен басылады, 2 жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдаған. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы - 65%.
Қандай базисті терапияны тағайындаған Барынша тиімді?
1) теотардты
2) атровентті
3) будесонидті
4) сальметеролды
5) дексаметазонды
82. 35 жастағы ер адам, 2 жылдан бері бронхиальді демікпемен ауырады. Демікпе ұстамасы беротекпен басылады, гормонға тәуелді. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 66%. Қарап тексергенде: тыныштықтағы ентікпе, аускультацияда өкпенің барлық аймағында естілетін ысқырықты құрғақ сырылдар.
Төменде келтірілген тәсілдердің қайсысы барынша тиімді?
1) теофиллин per os
2) эуфиллин 2,4% 10 мл к/т
3) вентолин небулайзер арқылы
4) преднизолон 30-60 мг к/т
5) беротекпен ингаляцияны жалғастыру
83. 28 жастағы ер адам, тұншығу, ұстама тәрізді құрғақ жөтелге шағымданады. Соңғы аптада 2 рет түнде тұншығудан оянып, ұстаманы беротекпен басқан. Күніне 10 мг преднизолон қабылдайды. Қарап тексергенде ТЖ - 22 рет мин., тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 68%.
Қандай диагноздың болуы Барынша мүмкін?
1) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, эмфизематозды түрі, өршуі ТШ I
2) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронхиалді түрі, өршу фазасы ТЖ ІІ
3) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронхиалді түрі, өршу фазасы ТЖ ІІІ
4) бронх демікпесі, ауыр ағымы, өршуі ТЖ І
5) бронх демікпесі, орташа дәрежелі, өршу фазасы, ТЖ ІІ
84. 55 жастағы ер адаме кезеңді тұншығу ұстамасы, айқын ентігу, қиын бөлінетін шырышты қақырықты жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарап тексергенде: «барабан таяқшалары» және «сағат әйнегі» белгілері оң, кеуде торшасы «бөшке тәрізді». Перкуссияда: қорап реңді өкпелік дыбыс, аускультацияда - әлсіреген везикулалық тыныс.
Қандай дерттің дамуы Барынша мүмкін?
1) пневмонияның
2) пневмоторакстың
3) жедел бронхиттің
4) өкпе эмфиземасының
5) созылмалы бронхиттің
85. Бронхты астма емінің бірінші кезеңінде тағайындаған, Барынша тиімді:
1) преднизолонды
2) сальбутамолды
3) монтелукасты
4) теофиллинді
5) будесонидті
86. Бронх демікпесінің ұстамасы мен демікпелік статустың бастапқы кезеңін салыстырмалы диагноз жүргізгендегі барынша сенімді белгі:
1) айқын цианоз
2) мәжбүрлік қалып
3) бета 2 агонисттерге рефрактерлік
4) экспираторлық тұншығудың ауырлығы
5) эуфиллинді көк тамырға енгізудің тиімсіздігі
87. Бірнеше жыл бойы бронх демікпесімен ауыратын 42 жасар әйел, аптасына бірнеше рет қайталанатын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Дипроспан инъекциясынан кейін тұншығу ұстамалары бір ай шамасында мазаламаған. Қаралу алдында беротекпен басылмайтын жөтел мен ентігу пайда болды. Түнде жағдайы нашарлады. Қарап тексергенде: қалпы мәжбүрлі, айқын ентігу, сырылдар қашықтықта естіледі.
Бұл жағдайда қандай емдеу тәсілі Барынша тиімді?
1) фенотерол к/т, оттегі
2) небулайзер арқылы вентолин, оттегі
3) 30-60 мг преднизолон к/т, оттегі
4) 120 мг метилпреднизолон, фенотерол к/т, оттегі
5) 30 мг преднизолон к/т, эуфиллин к/т, оттегі
88. ӨСОА–ның маңызды ажырату диагностикалық белгісі болуы БАРЫНША мүмкін:
1) экспираторлық диспноэ
2) қақырықт бөлінетін жөтел
3) қорапты сипатты өкпелік дыбыс
4) жартылай қайтымсыз бронхиальды обструкция
5) құрғақ сырылды және тыныс шығарудың ұзаруымен сипатталатын везикулалық тыныстың әлсіреуі
89. 67 жастағы ер адам, қиын бөлінетін шырышты - іріңді қақырықты жөтел, физикалық жүктемеден кейін күшейетін ентігу, дене қызуының 38оС көтерілуіне шағымданады. Суықтаудан кейін жедел ауырған. Тәулігіне 20 данаға дейін темекі шегеді. Аускультацияда: тыныс шығарудың ұзаруы мен әлсіз тыныс фонынды жайылған құрғақ сырылдар, оң жақтағы жауырын асты аймағында ылғалды - майда көпіршікті сырылдар естіледі. Осы жерде перкуторлық дыбыстың тұйықталуы анықталады. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде өлшемі 1-2 см болатын көптеген инфильтративті көлеңкелер анықталады. Лейкоциттер - 14 мың. ЭТЖ – 22 мм/сағ.
Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:
1) созылмалы іріңді бронхиттің, өршу сатысы
2) ӨСОА, орташа ауырлық дәрежесінің, өршу сатысы
3) бронх демікпесінің, орташа ауырлықта, өршу сатысы
4) бронх демікпесі, орташа ауырлықта. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігі пневмониясының
5) ӨСОА, орташа ауырлық дәрежесі, өршу сатысы. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясының
90. 52 жастағы ер адам, қиын бөлінетін қақырықты жөтел, аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, дене қызуының - 37,7 оС дейін жоғарылауына шағымданады. Екі рет пневмониямен ауырған, 15 жыл бойы жөтел мазалайды. Объективті: әлсіз везикулалық тыныс, дем шығару ұзарған, барлық өкпе алаңында құрғақ ызыңдаған сырылдар.
Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:
1) пневмонияның
2) бронх демікпесінің
3) экссудативті плевриттің
4) созылмалы іріңді бронхиттің
5) созылмалы обструктивті бронхиттің
91. 35 жастағы ер адамның оң жағындағы қабырғааралығында амфоралық тыныс естіледі. Қандай дерт болуы БАРЫНША мүмкін:
1) пневмоторакс
2) өкпе абсцессі
3) өкпе гангренасы
4) өкпе эмфиземасы
5) бронхоэктаздық ауру
92. Таңертеңгі уақытта иісі жағымсыз шырышты - іріңді қақырықтың көп бөлінуі (ауыз толтыра) БАРЫНША қайсысына тән:
1) тотальды пневмонияға
2) кавернозды туберкулезге
3)бронхоэктаздық ауруға
4) өкпе рагының қуысты түріне
5) созылмалы іріңді бронхитке
93. 39 жастағы ер адамда, ішімдік ішкеннен кейін 40оС қызба, кеуде торшасында ауыру сезімі, құсу пайда болды. Рентгенде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде біртекті тығыз массивті күңгірттену. Массивті антибактериальды емге қарамастан, жағдайы нашарлап, лейкопения дамыды, ЭТЖ – 52мм/сағ. Қақырықтан алтынды стафилококк егіліп алынды. Бір аптадан кейінгі рентгенограммада күңгірттену тек жоғарғы емес, ортаңғы бөлігін қамтып, деструкция ошақтары байқалды.
Бұл жағдайда қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді:
1) лобэктомия жасау
2) көк тамырға левофлоксацин тағайындау
3) плазмаферез курсын өткізу
4) тиенам, метрогил тағайындау
5) цефтриаксон, нетромицин тағайындау
94. 38 жастағы әйел, ентігу, құрғақ жөтел, тершеңдік, әлсіздік, дене қызуының 38оС көтерілуіне шағымданады. 3-ай бұрын ЖРВИ мен ауырған. Қарап тексергенде: мойын, қолтық, шап лимфа түйіндері 1,5 см дейін ұлғайған және ауырмайды. Кеуде торшасы терісінде түйінді эритема. Қанда: ЭТЖ – 35 мм/сағ; АЛТ - 128 Б/л, АСТ - 78 Б/л, жоғарылаған. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:
1) саркоидоздың
2) өкпе амилоидозаның
3) ауруханадан тыс пневмонияның
4) фиброздаушы альвеолиттің
5) оң өкпенің ошақты туберкулезінің
95. 48 жастағы әйел, ентігу, жөтел, әлсіздік, субфебрильді дене қызбасына шағымданады. Антибиотикпен ұзақ уақыт емделу еш нәтиже бермеді. Қарап тексергенде: полилимфаденит, гепатоспленомегалия. Рентгенде: бронхопульмональды және медиастинальды лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталған. Қанда: ЭТЖ - 34 мм/сағ; АЛТ - 98 Б/л, АСТ -79 Б/л. Компьютерлік томограммада кеуде лимфа түйіндері ұлғайған.
Диагнозды нақтылауға қандай қосымша әдіс БАРЫНША мәліметті:
1) бронхография
2) эхокардиография
3) магнитті резонансты томография
4) өкпенің трансбронхиальды биопсиясы
5) кеуде торшасы ағзаларының рентгеноскопиясы