Оқытудың соңғы нәтижесі

СИЛЛАБУС

РА 2 3210 «Патологиялық анатомия -2» пәні бойынша

«5В130100 - Жалпы медицина» мамандығы бойынша

Модульдер:

«Тыныс алу жүйесі»

«Жүрек-қантамырлар жүйесі»

«Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары»

«Нерв жүйесі»

«Асқорыту жүйесі»

«Эндокриндік жүйе»

«Несептік-жыныстық жүйе»

«Қан түзуші жүйе»

Оқу сағаттарының көлемі – 108 сағат

ІII курс

V- VІ семестр

Қарағанды 2013 ж.

Жұмыс бағдарламасы негізінде РА-2 3210 «Патологиялық анатомия -2» пәні бойынша «5В130100 – Жалпы медицина» мамандығына құрастырылған силлабус

Силлабус кафедра отырысында қайта қаралып бекітілген «__»____ 2013 ж.,

хаттама № 2

Патологиялық анатомия және сот медицинасы

кафедрасының меңгеушісі, м.ғ.д., профессор: Түсіпбекова М.М.

ОҚЫТУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

1. ТҮСІПБЕКОВА МАЙДА МАСХАПОВНА, кафедра меңгерушісі - профессор, медицина ғылымдарының докторы, жоғары біліктілік санатты дәрігер-патологанатом, «ЖОО-ның үздік ұстазы-2007» Мемлекеттік грантының иегері, "ҚР үздік тәуелсіз сарапшысы" номинациясы бойынша "Мамандығының үздігі" 2012 ж. Республикалық сайысының жеңімпазы.

Ғылыми қызығушылығы: Орталық Қазақстанның экологиялық жағдайындағы перинатустық патология.

Қорғаған докторлық диссертациясының тақырыбы «Орталық Қазақстан әйелдерінің асқынған жүктілігі кезіндегі нәрестелер мен жаңа туған сәбилердің бүйрегінің салыстырмалы морфологиясы», мамандық 14.00.15 – патологиялық анатомия, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті. (Алматы қ., 1997) Ғылыми консультанты м.ғ.д., проф. Куркин А.В.

2. БОГОСЛАВСКИЙ ВЛАДИСЛАВ ЛУКИЧ, доцент, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары біліктілік санатты дәрігер сот-медицина сарапшысы

3. ДУСМАИЛОВ РАХИМЖАН МИНДАШЕВИЧ, ассистент, 1-ші біліктілік санатты дәрігер сот-медицина сарапшысы

4. КИМ НЕЛЛИ БОРИСОВНА, ассистент. 1-ші біліктілік санатты дәрігер-патологантом

5. КОСТЫЛЕВА ОЛЬГА АНДРЕЕВНА, ассистент. 1-ші біліктілік санатты дәрігер-патологантом

6. КОСИЦЫН ДЕНИС ЛЕОНИДОВИЧ, ассистент.

7. КОТОВ ЕВГЕНИЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ, ассистент.

8. КАМЫШАНСКИЙ ЕВГЕНИЙ КОНСТАНТИНОВИЧ, ассистент.

9. Мухамедзянов Руслан Рустамович, ассистент.

Байланыс ақпараты:

Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Қарағанды қ., Алалыкин көшесі,7, ҚММУ-ның 2-ші корпусы,

Телефон: 8(7212)564181(113)

ПӘННІҢ САЯСАТЫ.Студенттер пәннің жұмыс бағдарламасында қамтылған теориялық мәселелер мен тәжірибелік дағдыларды терең меңгеріп, практикалық сабақтар мен дәрістерге үздіксіз қатынасып, әр тапсырманы дер кезінде орындап отыруға міндетті. Студенттің сыртқы кейпі де талапқа сәйкес болып, кафедрада ақ халат пен ақ телпек киіп, аяқ киімін ауыстыруы қажет. ҚММУ-да қабылданған оқу ережісі бойынша сабақ кезінде ұялы телефондармен қолдануға тиым салынады. Дәріс сабағына, практикалық сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Себепті немесе себепсіз жіберілген әр сабаққа деканаттан рұқсат алынады. Себепті жіберілген сабақты ауызша, себепсізін компьютерлік орталықта өтейді. Оқу бөлмесін лаборанттан қабылдап, оның тазалығын және макро- микропрепараттардың, микроскоптардың, басқа да құрал-жабдықтардың дұрыс қолданылуын қадағалау үшін топтың басшысы әр практикалық сабаққа кезекші тағайындайды.

КІРІСПЕ. Патологиялық анатомия-2 ғылыми-қолданбалы пән ретінде медицинаның теориясына да, дәрігердің күнделікті жұмыс тәжірибесіне де тікелей қатысты. Әр түрлі жүйесіндегі синдромдар мен аурулардың құрылымдық негізі олардың клиникалық бейнесімен тығыз сабақтастықта пайымдалып отыруы қажет. Сондықтан да патологиялық анатомияның мазмұны мен атқаратын қызметі үнемі клиника-анато­миялық бағдарда қарастырлып, оның клиниканың әр түрлі салаларымен байланыстылығы үздіксіз тереңдеуде.

Аурулардың морфологиялық негізі организмдік, жүйелік, органдық, тіндік (ұлпалық), жасушалық, субжасушалық және молекулалық құрылымдық деңгейлерде кешенді зерттеледі. Ол үшін табиғаттану салаларының заманауи жетістіктеріне негізделген электронды микроскоп және им­мунгистохимиялық, цитохимиялық, радиоавтографиялық әдістер кешенді қолданылады. Аурулардың даму барысының әр кезеңінде байқалатын клиникалық көріністерді олардың морфологиялық нышандарымен сабақтастыра білгенде ғана болашақ дәрігерлердің санасында клиника-анатомиялық бағдарда талдау жүйесі қалыптасып, болашақ мамандығына қажетті машық пен дағды түрлері және әр аурудың диагностикалық нышандарына сүйене отырып, қорытынды жасауды талап ететін клиникалық пайымдаудың терең негізі қаланады.

ПӘННІҢ МАҚСАТЫ:клиникалық, дифференциалдық диагностика мәселелерін терең біліп, жалпы медицина саласындағы күнделікті дәрігерлік жұмысында науқастың жас шамасын ескере отырып, алған білімін дұрыс қолдана алатындай болуы үшін, студентке тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесі ауруларының құрылымдық негізін, этиологиясын, патогенезі мен морфогенезін игерту.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

· Білу:тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің әр түрлі ауруларының анықтамасын береді; олардың этиологиясы мен патогенезін қысқаша айтады, жіктелулерінің негізгі принциптерін құрастырады, жас ерекшеліктерін ескере отырып макро- және микроскопиялық бейнелерін сипаттайды, ақыры, асқынуы және өлім себептерін атайды.

· Түсіну: тынысалу, жүрек-қантамырлар, несептік-жыныстық, тірек-қимыл, нерв, асқорыту, эндокриндік және қан түзуші жүйесінің әр түрлі ауруларының даму заңдылықтарын түсіндіреді, аурудың этиологиясы, пішіні және кезеңдерімен байланысты зақымдалған тінінің макро-микроскопиялық бейнесінің ерекшеліктерін интерпретациялайды, диагностикасын ажыратады, тіндерде дамыған патоморфологиялық өзгерістерінің жинақтауы бойынша мүмкін дамитын ақыры мен асқынуларының сипаттамасын түсіндіреді.

· Білімі мен түсінігін тәжірибеде қолдану: ұғымдық - пәннiң терминологиялық аппаратымен пайдалануын көрсетедi, патологиялық өзгерістерінің макроскопиялық және микроскопиялық сипаттамасын береді, микроскопиялық анықтау кезіндегі құрылымдық өзгерістерді сурет ретінде салу, патологиялық анатомиядан алған білімдерін қолданып тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің әр түрлі ауруларының оқу/клиникалық есептерін шешеді.

· Пікірлер айту, идеяны бағалау және қорытындыларды қалыптастыру:макроскопиялық және микроскопиялық зерттеулерінің қорытындыларын интерпретациялап бағалайды және байланыстығын түсіндіреді, анықталған тінінің құрылымдық өзгерістерінің функциональды маныздылығы туралы пiкiр шығарады, басқа мүшелер, жүйе, организмдерге зақымдалған тіннің құрылымдық өзгерістерінің әсерінің ықпалын болжап бейнелейдi.

· Жеке түсінігі мен ептілігін жеткізу:әр түрлі ауруларының патологиялық анатомиясының ерекшелiктерiнің мәлiметтi компиляциялауға қабілеті, олардың функционалдық маңызын бағалап, дербес пiкiрлерін жасап рефераттар, презентациялар, жобалар түрінде рәсiмдеуге және оны тәжірибелік сабақта, студентің үйірме отырыстарында, студенттiк ғылыми мәслихаттарда ұсынады.

· Болашақта өз бетімен оқуды жалғастыру қабілеті:реквизиттен кейінгіпәндерді меңгеру үшін тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің әр түрлі аурулары бойынша патологиялық анатомиядан алған білімдерін қолдану.

Оқытудың соңғы нәтижесі

Дескрипторлар Оқытудың соңғы нәтижесі Біліктілік*
  А   Білу Тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің әр түрлі ауруларының анықтамаларын береді. 1, 3
Тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің әр түрлі ауруларының этиологиясы мен патогенездерін қысқаша айтады. 1,3
Тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің әр түрлі ауруларының жіктелулерінің негізгі принциптерін құрастырады. 1,3
Тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің әр түрлі ауруларының макро- және микроскопиялық бейнесін сипаттайды 1,3
Тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің әр түрлі ауруларының ақырын, асқынуларын және өлім себептерін атайды. 1,3
Тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің әр түрлі ауруларының патологиялық анатомиясының жас ерекшеліктерін атайды. 1,3
  Б   Түсіну Тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің әр түрлі ауруларының даму заңдылықтарын түсіндіреді. 1,3
Аурудың этиологиясы, пішіні және кезеңдерімен байланысты зақымдалған тінінің макро-микроскопиялық бейнесінің ерекшеліктерін интерпретациялайды. 1,3
Макроскопиялық және микроскопиялық белгілері бойынша тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің әр түрлі ауруларынын ажыратады. 1,3
Зақымдалған тінде дамыған патоморфологиялық өзгерістерінің жинақтауы бойынша мүмкін дамитын ақыры мен асқынуларының сипаттамасын түсіндіреді. 1,3,6
  В   Білімі мен түсінігін тәжірибеде қолдану Ұғымдық - пәннiң терминологиялық аппаратымен пайдалануын көрсетедi 1,3,6
Тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің патологиялық өзгерістерінің макроскопиялық сипаттауын береді. 1,3,6
Тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің әр түрлі ауруларының тіндерінің микроскопиялық сипаттауын береді. 1,3,6
Тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің әр түрлі ауруларының патологиялық анатомиясын қолданып оқу/клиникалық есептерді шешеді. 1,3,6
Зақымдалған тіннің микроскопиясы кезінде анықталған құрылымдық өзгерістерінін сурет турінде көрсетеді. 1,3,6
Өзгеретiн шарттарға бейiмделудiң қабiлетiн көрсетедi, эмоцияны бақылап, кернеулiк сақтап қалады. Командалық тәжірибелік дағдыларымен қолданады. 1,2,3,5,6
    С   Пікірлер айту, идеяны бағалау және қорытындыларды қалыптастыру Макроскопиялық және микроскопиялық зерттеулерінің қорытындыларын интерпретациялап бағалайды және байланыстығын түсіндіреді. 1,2,3,6
Анықталған тінінің құрылымдық өзгерістерінің функциональды маныздылығы туралы пiкiр шығарады. 1,2,3,6
Патологиялық процесстiң мәнi туралы қорытынды түрінде макро- және микроскопиялық зерттеудiң нәтижелері бойынша өзіндік қорытындылар құрастырады. 1,2,3,4,6
Басқа мүшелер, жүйе, организмдерге зақымдалған тіннің құрылымдық өзгерістерінің әсерінің ықпалын болжап бейнелейдi. 1,2,3,4,6
  D     Жеке түсінігі мен ептілігін жеткізу Әр түрлі ауруларының патологиялық анатомиясының ерекшелiктерiнің мәлiметтi компиляциялауға қабілеті, олардың функционалдық маңызын бағалап, дербес пiкiрлерін жасап рефераттар, презентациялар, жобалар түрінде рәсiмдеуге және оны тәжірибелік сабақта, студентің үйірме отырыстарында, студенттiк ғылыми мәслихаттарда ұсынады. 1,2,3,4,6
Тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің әр түрлі ауруларының морфогенезі туралы студенттерге/мұғалімдерге/ экзаменаторларға меншiктi қорытындыларын береді, олардың мүмкін дамитын ақыры мен асқынуларынын ұғындырады. 1,2,3,4,5,6
(Оқулық, анықтамалық, ғылыми) өзіндік білімдерін және ақпаратпен жұмыс істеу білу шеберлігін студенттерге жеткізе білу. 1,2,3,5,6
Ашық сөз сөйлеудiң дағдыларымен тұрып мәліметті оқылатын облыстарда меншiктi пiкiрлер, талдау және синтезiн бiледi. 1,2,3,5,6
E Келесі пәндер бойынша (реквизиттен кейінгі) әрі қарай оқуды жалғастыру қабілеттілігі Ішкі аурулар, хирургиялық аурулар, акушерство және гинекология, балалар аурулары, неврология, психиатрия, наркология.  

* Біліктілік тізімі: 1. Биомедициналық ғылымдарды білу 2. Коммуникативті дағдылары 3. Тұрақты түрде өз-өзін жетілдіру дағдысы 4. Ғылыми зерттеу дағдылары 5. Топпен жұмыс істеу дағдысы 6. Кәсіптік 7. Клиникалық дағдылары.

Реквизитке дейінгі: анатомия-1,2, физиология-1, гистология-1, патологиялық анатомия-1, патологиялық физиология-1, клиникаға кіріспе-1,2.

Реквизиттен кейін:балалар ауруы, акушерлік және гинекология, жалпы дәрігерлік практика, ішкі аурулар, хирургиялық аурулар.

ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:Тынысалу, жүрек-қантамырлар, тірек-қимыл, нерв, эндокриндік, асқорыту, несептік-жыныстық және қан түзуші жүйесінің әр түрлі ауруларының патологиясының құрылымдық (құрылыстық), яғни материалдық негізі қамтылады, макро- және микробейнесі дәрежесіндегі мүшелердің морфологиялық анализі, аурудың ең алғашқы және соңғы сатыларының даму барысында, олардың клиникалық бейнесімен, анықтау және емдеу тәсілдерімен сабақтастырып қарастырылады.

Наши рекомендации