Й-тұрмыстық жағдайының төмен болуы, ашығу, стрестік жағдай
Фтизиатриядан 6 курс интерн-педиатрларға
Арналған емтихандық тест сұрақтары
(2016-2017 оқу жылы)
Тақырыбы. Туберкулездің эпидемиологиясы мен ТҚД
!Туберкулез микобактерияларының негізгі түрлері:
* адам, бұқа тектес, европалық
* тауық, бұқа тектес, азиялық
*+ адам, бұқа тектес, африкан, атипті
* атипті, тауық, типті, сиыр
* аралас, тауық, бұқа тектес, жабайы
! Туберкулез микобактерияларын қақырықтан анықтау әдістері:
* бактериоскопиялық, иммунологиялық
* қанды тексеру, микроскопиялық
*+биологиялық, бактериологиялық
* бронхологиялық, серологиялық
* иммунологиялық, биохимиялық
! Жыл сайын дүние жүзінде туберкулезден қайтыс болатындардың саны:
* 100-200мың адамға жуық
* 1 млн. адамға жуық
* 2 млн. адамға жуық
*+3млн. адамға жуық
* 10 млн. адамға жуық
!ДДСҰ (ВОЗ) бағдарламасы бойынша қанша туберкулезбен адамды табу және қаншасының емделіп жазылуы қажет?
* 25% және 50%
* 45% және 70%
*+70% және 85%
* 85% және 95%
* 100% және 100%
!Туберкулез жұқтырудың ең қатерлі жолдары:
*+ауа-шаңды, ауа-тамшылы
* ауа-тамшылы және трансплацентарлы
* алиментарлы және бронхологиялық
* жыныс және фекалды-оралды
* трансмиссивті және гемотрансфузиялық
! БЦЖ вакцинасын қолдану жайы:
*+туберкулездің алдын алу
* туберкулезді ерте анықтау
*жұққандық көрсеткішті анықтау
* туберкулездің дәлелі
* организмнің гипосенсибилизациясы
! Әлемде қанша адам туберкулез таяқшасын жұқтырған:
* 1/2 әлем халықтары
* 1/5 әлем халықтары
* 1/10 әлем халықтары
*+1/3 әлем халықтары
* 3/4 әлем халықтары
! Қанша адам әлемде жыл сайын туберкулездің бактерия бөлуші формаларымен ауырады:
* 3-5 миллион
* 6-7 млн
*+8-10 млн.
* 11-12 млн
* 50 млн жуық
! Туберкулез - бұл қандай ауру?
* жедел жұқпалы
*+созылмалы жұқпалы
* созылмалы жұқпалы емес
* тұқым қуалайтын
* эпидемиологиялық
! Аталғандардың ішінде ең ықтимал туберкулез микобактерияларының ағзаға ену жолдары:
*+аэрогенді, алиментарлы
* жыныс, гематогенді
* аэрогенді, фекалді-оральді
* алиментарлы, қатынас-тұрмыстық
* отбасылық-тұрмыстық, ошақты
! Аталғандардың ішінде туберкулез қоздырғыштарының адамға жұғу ең ықтимал жолдары
* асқазан-ішекті, тыныс алу
* бронхогенді, лимфогенді
* тік немесе көлденең
* қатынас-тұрмыстық, трансфузиялы
*+қарым-қатынас, трансплацентарлы
! Адам ағзасында туберкулез микобактерияларының негізгі таралу жолдары қандай?
*+бронхогенді, лимфа-гематогенді
* теріастылық, бүлшық ет арқылы
* ликворогенді, экссудативті
* аэрогенді, алиментарлы
* бронх-өкпелік жолмен
! Кох бактерияларының негізгі қасиеттері:
* экзотоксин бөледі, анаэроб
*+эндотоксин бөлуі, қышқылға тұрақты, грамм-оң
* спирт, сілтіге сезімтал, грамм-теріс таяқша
* аптасына бір рет көбейеді
* анаэроб, әр 2-4 сағат сайын көбейеді
! Кох таяқшаларының негізгі қасиеттерін көрсетіңіз:
* экзотоксин не эндотоксин бөледі, анаэроб
* экзотоксин бөлу, қышқылға төзімді, грамм-оң
*+спирт, сілтіге тұрақты, әр 20-24 сағат сайын көбейеді
* апта сайын бір рет көбейеді
* аэроб, әр 1 - 2 сағат сайын көбейеді
!Туберкулездің таралуына ең қолайлы әсер ететін әлеуметтік факторға жататыны:
й-тұрмыстық жағдайының төмен болуы, ашығу, стрестік жағдай
* материалдық қамтамасыз етілмеуі, пәтерді жалдап тұру
* интеллектуалды деңгейдің төмендігі, бастауш және мектеп білімінің жоқ болуы
* бейберекет өмір сүру салты
* салауатты өмір салты, дене шынықтырумен үнемі айналысу
! Қазіргі кезде туберкулез мыналарда жиі кездеседі:
* балаларда
* жасөспірімдерде
*+жас адамдарда (40 жасқа дейінгі)
* орта жастағы адамдарда (40-59 жастағылыр)
* қарт адамдарда (60 ж/е одан жоғары)
!Туберкулезбен жиі ауыратын және одан қайтыс болатын адамдар
*+еркектер
* әйелдер
* бірдей жиілікте еркектер де, әйелдерде
* балалар
* жасөспірімдер
! Қазіргі кезде (2014ж.) жоғарғы деңгейдегі аурушылдық көрсеткіші анықталады:
*+Атырау, СҚО, Ақмола, Қызылорда, Қостанай облыстарында
* Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында
* Алматы, Қарағанды қалаларында, Алматы облысында
* Астана қ., Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында
* Шымкент, Талдықорған қалаларында, Ақтөбе облысында
! Тұрғындардың туберкулезбен жұқтырылғандығын не дәлелдейді?
* секциялы зерттеу кезінде туберкулезді қалдықтар іздерін табу
* флюорографияда туберкулез белгілерін табу
*+туберкулинмен терілік сынамасының оң болуы
* қақырықта ТМБ-ның анықталуы
* туберкулезбен ауырғандардың саны
! Біріншілік туберкулез дегеніміз не?
* жұқтырылған организмге инфекцияның сырттан түсуінен пайда болатын ауру
*+экзогенді жұқтырылудан пайда болған ауру
* бактерия бөлетін адамдармен ұзақ уақыт қатынаста болғаннан кейін пайда болатын ауру
* вираж
* өкпенің зақымдалуы
! Екіншілік туберкулез дегеніміз не?
*+жұқытырылған организмде пайда болған ауру
* жұқтырылмаған организмде пайда болған ауру
* туберкулин сынамасының виражы
* біріншілік туберкулезді кешен
* туберкулезді науқаспен қатынас
! Қазақстанда туберкулез бойынша өлім құрамы
* 100 мың халыққа шаққандағы жалпы саны – 7,4
* 100 мың халыққа шаққандағы жалпы саны – 5,6
* 100 мың халыққа шаққандағы жалпы саны – 10,4
* +100 мың халыққа шаққандағы жалпы саны –4,1
* 100 мың халыққа шаққандағы жалпы саны – 15
!Туберкулезбен аурушылдық - бұл:
* 1000 тұрғынға есептегендегі туберкулезбен ауыратындар саны
* 10 мың тұрғынға есептегендегі туберкулезбен ауыратындар саны
* жергілікті тұрғындар санының ішіндегі аурулар пайызы
* осы жылдағы туберкулезбен ауыратындардың саны
*+100 мың халыққа шаққандағы алғаш рет анықталған активті туберкулезбен науқастар саны
! Қазақстанда 2014 жылғы туберкулез бойынша аурушылдық көрсеткіші (100 мың халыққа шаққ.жалпы саны)
* 66,4
* 87,0
* 60,5
* 73,4
*+58,5
!Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші - бұл:
*+100 мың халыққа шаққандағы туберкулезбен ауратындардың жыл соңындағы есепке алынғандардың саны
* жыл соңындағы белсенді туберкулезбен ауратындардың саны
* жергілікті аймақтағы басқа аурулардың ішіндегі туберкулезбен ауыратындардың үлес салмағы
* 100 мың халыққа шаққандағы туберкулезбен ауратындар саны
* 100 мың халыққа шаққандағы 1 жыл ішіндегі бірінші рет анықталған ауру саны
! Туберкулезбен аурушылдықтың құрылымында теріс нәтиже беретін:
*+бактерия бөлуші және ыдырау үрдістерімен науқастардың үлес салмағының көбеюі
* туберкулездің асқынған түрінің болмауы
* жұғу көрсеткішінің төмендеуі
* ошақты туберкулезбен науқастардың үлес салмағының жоғарлауы
* балалар арасындағы туберкулезді менингиттің болмауы
! Бактерия бөлушілер – бұл (2014ж. №19 бұйрық бойынша):
* кемінде бір мәрте ТМБ анықталған белсенді туберкулезбен науқас
*+емнің басталуына дейін микроскопиялық әдіспен қақырықтан кемінде 2 рет ТМБ-ның анықталуы
* барлық лабораториялық әдістермен ТМБ-рын бұрыннан бөлуші науқас
* ортаға себу арқылы 3 мәрте ТМБ-ның өсуі анықталған науқас
* қақырықтан Bactec не G-xpert әдістерімен бір рет ТМБ анықталуы
! Бактерия бөлуші – бұл (2014ж. № 19 бұйрық бойынша):
* кемінде бір мәрте ТМБ анықталған белсенді туберкулезбен науқас
* емнің басталуына дейін микроскопиялық әдіспен қақырықтан кемінде 1 мәрте ТМБ-ның анықталуы
* барлық лабораториялық әдістермен ТМБ-рын бұрыннан бөлуші науқас
* ортаға себу арқылы 3 мәрте ТМБ-ның өсуі анықталған науқас
*+қақырықтан микроскопиялық әдіспен 1рет ТМБ анықталуы және рентгенде активті туберкулез өзгерістері
! Туберкулездің бастапқы формаларында дене қызуы сипатталады?
* гектикалы
*+субфебрилді
* трапеция тәрізді
* төменгі, дұрыс емес типті
* жоғары деңгейде, тұрақты
! Бала 4 жаста, ағасымен туберкулезді қарым-қатынасты болғаны анықталды, тексеру кезінде жалпы улану симптомдары, параспецификалық реакциялар, микрополиадения байқалды, алғашқы рет туберкулиндік Манту сынамасы оң (+), папуласы 8 мм болды. Қандай қосымша тексерулерді балаға жүргізу қажет?
* бронхоскопия
*+өкпе рентгенографиясы
*биопсия
* плевралді пункция
* иммунологиялық тексерулер
! Баланы тексерген кезде өкпе түбірінің екі жағынан бронхопулмоналды лимфа түйіндері кальци тұздары шөгінділерімен анықталған. Аталғандардың ішінен болжам диагнозын қойыңыз:
* саркоидоз
*+туберкулез
*лимфогранулематоз
* кеуде аралығының ісігі
* мононуклеоз
! Баланы тексерген кезде өкпе түбірінің екі жағынан зақымдалған бронхопулмоналды лимфа түйіндері кальций тұздары шөгінділерімен анықталған. Болжам диагнозы дәлелденеді:
*+қақырықтан ТМБ табылуымен
* атипті жасушаларының табылуымен
*эпителиоидты жасушалардың табылуымен
* Штернберг-Березовский жасушаларының анықталуымен
* лейкоциттер – лимфоциттер мен моноциттердің табылуымен
! Туберкулезге науқасты тексергенде клиникалық-лабораториялық көрсеткіштерді ескеру қажет. Туберкулез ауруына тән емес белгіні көрсетіңіз:
*+ентігу
* жалпы улану белгілері
* микрополиадения
* параспецификалық реакция
* субфебрилді дене қызуы
! Қандай көлеңке рентгенограммада ошақ болады:
*+1-1,5 см-ге дейінгі көлеңке
* 1,6 см-ден жоғары көлеңке
* 1,7 смден жоғары көлеңке
* 1-1,5 см-ге дейінгі сақина тәрізді көлеңке
* 2-2,5 см-ден инфильтратты көлеңке
! Туберкулезге тән қан өзгерістері:
* лимфоцитоз, эозинофилия, тромбоцитоз, ЭТЖ өзгеріссіз
* жоғарғы немесе жылдамдатылған ЭТЖ, жоғарғы лейкоцитоз, эозинофилия
* жоғарғы ЭТЖ, жоғарғы лейкоцитоз, таяқша ядролы жасушалардың солға ығысуымен
*+орташа лейкоцитоз, моноцитоз, лимфопения, эозинофилия, жылдамдатылған ЭТЖ
* эозинопения, тромбоцитопения, жоғарғы ЭТЖ
!Туберкулез таяқшасына құртушы, жоюшы әсер беретіні:
*+тікелей күн сәулесі
* қышқыл
* спирт
* сілті
* залалсыздандырушы заттар
! Туберкулез төмпешігінің морфологиялық құрылымы:
* ірің, эпителиалды жасушалар, Пирогов-Ланганс жасушалары
*+эпителиоидты жасушалар, Пирогов-Ланганс жасушалары, казеоз
* Пирогов-Ланганс жасушалары, эритроциттер, лимфоциттер
* лейкоциттер, плазматикалық клеткалар, Березовский-Штернберг жасушалары
* нейтрофилдер, ретикулоциттер, моноциттер
! Туберкулездің анықталуындағы енжар (пассивті) әдіс болатыны:
*+жағындының микроскопиясы
* туберкулиндік диагностика
* флюорография
*иммунологиялық зерттеу
* қарым-қатынаста болғандарды тексеру
! Бала 1 жылдан бері фтизиатрдың есебінде тұр. Қаралғанда: жағдайы ауыр, жоғары температура, ентігу, салмағы төмендеген, сопорозды, өкпесінде барлық өкпе алаңы бойынша бірлі жарым құрғақ сырылдар, әлсіреген тыныс естіледі. Қандай қосымша зерттеу диагноз қоюға көмектеседі:
* ЭКГ
*+өкпенің рентгенографиясы
* бронхоскопия
* плевра пункциясы
* жұлын пункциясы
! Бала 1 жылдан бері фтизиатрдың есебінде тұр. Қаралғанда: жағдайы ауыр, жоғары температура, ентігу, салмағы төмендеген, сопорозды, өкпесінде барлық өкпе алаңы бойынша бірлі жарым құрғақ сырылдар, әлсіреген тыныс естіледі! Осы жағдайдағы ең қолайлы болжам диагнозы қандай?
* жедел обструкциялы бронхит
*+диссеминирленген туберкулез
* кандидозды пневмония
* ошақты пневмония
* деструкциялы пневмония
! Ересектер арасында туберкулездің анықталуындағы белсенді (активті) әдіс болатыны:
* жағындының бактериоскопиясы
*+флюорография
* көректі ортаға себуі
* туберкулиндік диагностика
* қатынастағы балаларды тексеру
! Балалар арасында туберкулездің анықталуындағы белсенді (активті) әдіс болатыны:
* жағындының бактериоскопиясы
* флюорография
* көректі ортаға себуі
*+туберкулиндік диагностика
* ПТР диагностикасы
! Туберкулездің дер кезінде анықталған формаларына жататыны:
*+асқынуларсыз біріншілік туберкулез
* өкпе тінінің ыдырауымен туберкулез
* туберкулез инфекциясын жұқтырғандар
* бактерия бөлінуімен туберкулез
* асқынулармен екіншілік туберкулез
! Қазіргі таңда туберкулез микобактерияларын аныктаудағы ең жаңа тиімді әдістерін көрсетіңіз:
* бактериоскопиялық, бактериологиялық
* ПТР қанды зерттеу, цитологиялық
*+G-xpert, Hain test
* Bactec-420, биологиялық
* иммунологиялық, серологиялық
! Туберкулез кезінде параспецификалық реакцияның негізгі клиникалық көріністері:
*+түйінді эритема, фликтенулезді конъюнктивит
* шеткі лимфа түйіндерінің ұлғаюы
* риниттер және бадамша безінің гипертрофиясы
* бауыр және көк бауырдың ұлғаюы
* ас қорыту ағзаларының қабынуы
!Алғашқы туберкулез микобактериясын жұқтырғанда міндетті түрде ауруға өтетін қауіп-қатер тобы (жасына байланысты):
*+ерте жастағылар
* алғашқы мектеп жасындағылар
* мектепке дейінгі жастағылар
* жасөспірімдер (15-18 жастағы)
* егде жас (қарт адамдар)
! Алғашқы туберкулез микобактериясын жұқтырған кездегі жетекші клиникалық көрініс болатыны:
* салмақтың азаюы
* параспецификалық реакция
* улану синдромы
* бауыр мен көк бауырдың ұлғаюы
*+клиникалық көріністің болмауы
! Баладағы туберкулез ағымына әсер ететін негізгі экзогенді фактор:
* поствакциналды иммунитеттің сөнуі
* организмнің табиғи тұрақтылық жағдайы
*+ТМБ-ның мөлшері және вируленттілігі
* ағзаның преморбидті фоны
* гормонды ем қабылдау кезі
! Баладағы туберкулез (үрдіс) ағымына әсер беретін негізгі эндогенді фактор болатыны:
* преморбидті фон
* химиопрофилактиканың болмауы
*+БЦЖ екпесінің болмауы
* инфекцияның мөлшері мен вируленттілігі
* гормонды ем қабылдау кезі
! Шеткі лимфа түйіндері туберкулезін анықтайтын негізгі диагностикалық әдіс:
* УДЗ
*+биопсия
* рентгенологиялық зерттеу
* клиникалық көрінісі
* СТҚ зерттеу (ФВД)
! Туберкулез кезінде емдік бронхоскопияны өткізудің негізгі көрсеткіштері:
* экссудативті не қапталған плеврит
*+ателектаз, бронхтың зақымдалуы
* спонтанды пневмоторакс
* гематогенді себілу
* жедел бронхитпен асқыну
! Туберкулезді бронхоаденит кезіндегі жөтел (ісік тәрізді түрі)
* құрғақ, түндегі жөтел
* ылғалды жөтел
*+битоналды
* “иттің үруі” тәрізді
* күндізгі құрғақ
!Туберкулездің дамуына ықпал ететін факторларды көрсет:
* теріс Манту сынамасы, аллергиялық аурулар
*+туберкулезді қатынас, жиі ЖРВИ, қантты диабет
* туа пайда болған инфекциялар, зооноздар
* гипо не гипертиреоз, гастрит, холецистит
* ревматизм, коллагеноздар, гранулематоздар
! Туберкулезде әлсіздік қай тәулігінде жиі байқалады:
* әрқашан
* түнде
* күндіз
*+таңертең
* тағам ішкен соң
! Туберкулезде тершеңдіқ қай тәулігінде байқалады:
* әрқашан
*+түнде
* күндіз
* таңертен
* тағам ішкен соң
! Франк симптомы – бұл
* “иттің үруі” тәрізді жөтел
* беттің қызаруы
*+арқасындағы капилярлардың көрінуі
* кеудесіндегі көк тамырларының көрінуі
* стридор тәрізді тыныс алуы
! Видергофер симптомы – бұл
* “иттің үруі” тәрізді жөтел
* беттің қызаруы
* арқасындағы капилярлардың көрінуі
*+кеудесіндегі көк тамырларының көрінуі
* стридор тәрізді тыныс алуы
! Эрлих тетрадасына жататын белгілер:
* +кальций тұздары, холестерин кристалы, эластикалық талшықтар, ТМБры
* холестерин кристалы, липидты қышқылдар, туберкулопротеин
* эластикалық талшықтар, холестерин, атипті ТМБры, ірің
* туберкулез микобактериясы, липидтер, фибриндер, эпителий
* фибробласттар, плазматикалық клеткалар, гиалинді талшықтар, кальцинаттар
! Эрлих тетрадасы ағзада қандай өзгерістерді дәлелдейді?
* туберкулеманың бар болуын
* тіннің инфильтрациясын
*+алғашқы әктеңген ошақтардың ыдырауын
* казеозды некрозды
* активсіз туберкулезді
!Орналасуына байланысты туберкулездің түрлері:
* шектелген туберкулез
*+өкпелік не өкпеден тыс
* таралған туберкулез
* созылмалы туберкулез
* казеозды туберкулез
!Өкпе туберкулезі – бұл
*кеуде торының зақымдануымен байланысты патологиялық үрдіс
*+өкпе ұлпасымен (паренхима) байланысты патологиялық үрдіс
*өкпе паренхимасы және кеуде аралығының қатысуымен патологиялық үрдіс
*өкпе паренхимасы кеуде ішілік лимфа түйіндерінің қатысуымен патологиялық үрдіс
*өкпе ұлпасы (паренхима) және плевра қуысымен байланысты патологиялық үрдіс
! Өкпеден тыс туберкулезі – бұл
* несеп–жыныс, буын мен сүйек, орталық жүйке жүйелерінің туберкулезі
*+өкпеден тыс барлық басқа ағзалары мен тіндердің туберкулезі
* плевра, лимфа түйіндері, іш қуысы ағзаларының туберкулезі
*өкпе паренхимасы кеуде ішілік лимфа түйіндерінің қатысуымен патологиялық үрдіс
*өкпе ұлпасы (паренхима) және плевра қуысымен байланысты патологиялық үрдіс
!Қандай балалар диспансерлік есептің І-А тобында қаралады?
*+жаңа жағдайлар
* аурудың қайталануы
* туберкулезден жазылғандар
* емді қабылдап жүрген 1, 2, 3, 4 категориядағы науқастар
* негізгі және резервті қатарындағы дәрілермен емделген кезіндегі дамыған дәрілік тұрақтылықпен науқастар
! Диспансерлік есептің І-Б тобында балалар мен жасөспірімдерді қадағалау қажет:
* жаңа жағдайлар
*+аурудың қайталануы (рецидив)
*химиотерапияның толық курсын бітіріп, туберкулезден жазылғандар
*емді қабылдап жүрген 1, 2, 3, 4 категориядағы науқастар
* негізгі және резервті қатарындағы дәрілермен емделген кезіндегі дамыған дәрілік тұрақтылықпен науқастар
! Диспансерлік есептің І-В тобында бақылауда тұратын балалар мен жасөспірімдер:
* жаңа жағдайлар
* аурудың қайталануы (рецидив)
* химиотерапияның толық курсын бітіріп, туберклезден жазылғандар
* емді қабылдап жүрген 1, 2, 3, 4 категориядағы науқастар
*+негізгі және резервті қатарындағы дәрілермен емделген кезіндегі дамыған дәрілік тұрақтылық
! Диспансерлік есептің І-Г тобында бақылауда тұратын балалар мен жасөспірімдер:
* туберкулездің ұсақ қалдықты өзгерістерімен науқастар
* туберкулездің қалдықты өзгерістерімен науқастар
*+негізгі және резервтік дәрілермен қайталап емделгеннен кейін анықталған дәрілік тұрақтылық
* емді қабылдап жүрген 1, 2, 3, 4 категориядағы науқастар
* негізгі және резервті қатарындағы дәрілермен емделген кезіндегі дамыған дәрілік тұрақтылық
!Балалар мен жасөспірімдердің диспансерлік есептің ІІ тобында бақылау көрсеткіші:
*+біріншілік өкпе туберкулезінің тығыздану кезеңі
* қарым-қатынас
* өкпеден тыс туберкулезі, белсенді кезеңі
* туберкулез қоздырғышын жұқтырған
* өкпенің кавернозды туберкулезі
! ІІІ-А топтағы диспансерлік есепте тұратын балалар мен жасөспірімдер:
*+туберкулезбен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болғандар
* кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезімен ауырғандар
* вираж
* туберкулезді менингитпен ауырғандар
* біріншілік туберкулезді комплекспен ауырғандар
! Балалар мен жасөспірімдердің диспансерлік есебінің ІІІ-Б тобында бақылау көрсеткіштері:
*+туберкулин сынамасының күрт оң реакциясы не алғашқы анықталған жүқтырылуы
* өкпе туберкулезімен ауырғаннан кейінгі тығыздалған және кальциланған кезеңі
* өкпе туберкулезі ыдырау және таралу кезеңі
* өкпе туберкулезі инфильтрация кезеңі
* бұрыннан туберкулез инфекциясын жұқтырғандар
! Диспансерлік есептің «0» тобында бақылауда тұратын адамдар:
* туберкулезді жұқтырған
*+туберкулезді үрдістің күмәнді активтілігімен
*химиотерапияның толық курсын бітіріп, туберкулезден жазылғандар
*туберкулинді сезімталдықтың гиперергиясымен
* туберкулезді науқаспен қарым-қатынаста болғандар
! Диспансерлік есептің «0» тобында бақылауда тұратын балалар мен жасөспірімдер:
* туберкулезді жұқтырған
*туберкулезді үрдістің қалдықты өзгерістерімен
*химиотерапияның толық курсын бітіріп, туберкулезден жазылғандар
*+туберкулинді сезімталдықтың сипатын анықтауды қажет ететіндер
* туберкулезді науқаспен қарым-қатынаста болғандар
! Химиопрофилактика алғашқы анықталған туберкулез қоздырғышын жұқтырылуы кезінде балаларға жүргізіледі
* изониазид пен этамбутол 2 ай мерзімінде
*+ изониазидпен 6 ай мерзімінде
* изониазид пен этамбутол 5 ай мерзімінде
* изониазид, рифампицин, этамбутол 4 ай мерзімінде
* изониазид, рифампицин, этамбутол, пиразинамид 6 ай мерзімінде
! Химиопрофилактика туберкулинге гиперергиялық реакциямен балаларға жүргізіледі
* изониазид пен этамбутол 2 ай мерзімінде
* +изониазидпен – 6 ай мерзімінде
* изониазид пен этамбутол 5 ай мерзімінде
* изониазид, рифампицин 4 ай мерзімінде
* изониазид пиразинамид 3 ай мерзімінде
! Химиопрофилактика туберкулез науқасымен қарым-қатынаста болған балаларға жүргізіледі
* изониазид пен этамбутол 2 ай мерзімінде
*+изониазидпен – 6 ай мерзімінде
* изониазид пен этамбутол 5 ай мерзімінде
* изониазидпен – 2 ай мерзімінде
* этамбутол, пиразинамид 6 ай мерзімінде
! Химиопрофилактика туберкулинге гиперергиялық реакциямен балаларға қандай жағдайда жүргізіледі:
* Интоксикация симптомдары анықталғанда
* +Диаскинтест сынамасының оң нәтижесінде
* Диаскинтест сынамасының күмәнді нәтижесінде
* Диаскинтест сынамасының теріс нәтижесінде
* Диаскинтест сынамасының нәтижесіне байланыссыз
! Химиопрофилактика алғаш анықталған туберкулез қоздырғышын жұқтырылуы кезінде балаларға жүргізіледі:
* Интоксикация симптомдары анықталғанда
* +Диаскинтест сынамасының оң нәтижесінде
* Диаскинтест сынамасының күмәнді нәтижесінде
* Диаскинтест сынамасының теріс нәтижесінде
* Диаскинтест сынамасының нәтижесіне байланыссыз
! Химиопрофилактика туберкулез науқасымен қарым-қатынаста болған балаларға жүргізіледі:
* Интоксикация симптомдары анықталғанда
* +Диаскинтест сынамасының оң нәтижесінде
* Диаскинтест сынамасының күмәнді нәтижесінде
* Диаскинтест сынамасының теріс нәтижесінде
* Диаскинтест сынамасының нәтижесіне байланыссыз
! БЦЖ ревакцинацияның абсолюттік қарсы көрсеткіші болатыны:
*+туберкулезді жұқтырғандар, өкпе туберкулезі
* нәрестенің гемолитикалық ауруы
* анасындағы АИТВ-инфекциясы
* ферментопатиялар, туа пайда болатын инфекциялар
* туыт кезіндегі жарақаттар, сепсис, отбасындағы туберкулез
! БЦЖ ревакциналаудың абсолюттік қарсы көрсеткіші болатыны:
* нәрестенің анасындағы активті туберкулез
* конъюгациялық сарғаю, нәрестенің асфиксиясы
*+АИТВ-инфекциясы, БЦЖитттер
* төменгі салмақ, гипотрофия
* туа пайда болатын инфекциялар, шала туылу
! Туберкулезді инфекцияның ең қауіпті ошағы деп атаймыз, егер отбасында
*+бактерия бөлуші науқас, өзінің айналасында балалар және асоциальды мінезі барларымен бірге болса
* әлсіз бактерия бөлуші науқас тек ересектермен қатынаста болса
* бактерия бөлуші науқас ТМБрын мезгілмен (факультативті) бөлуші және тек ересектермен қатынаста болса
* барлық әдістермен бактерия бөлмейтін науқас
* қайсы бір активті туберкулезбен науқас
! Туберкулездің таралуын алдын алу үшін жүргізілетін дезинфекция:
* ағымды және тұрақты
* қорытынды
* тұрақты
* мезгіл-мезгіл
*+ағымды және қорытынды
! Туберкулезге қарсы вакцинацияны жүргізу үшін диспансерде өткізіледі:
* +вакцинация бойынша дәрігерлер мен медбикелерді даярлау, әдістемелік басқару және нұсқау беру
* туберкулиндік диагностика мен диаскинтесті жаппай жүргізу
* вакцинация жасар алдында отбасындағы адамдарды туберкулезге тексеру
*поствакциналық иммунитеттің дамуын қадағалау
* вакцинация жасау алдында дезинфекция жүргізу
! Туберкулез химиопрофилактикасының көрсеткіштері:
*+бактерия бөлушілермен қатынаста болғандар, вираж, гиперергия
* алғашқы не бұрыннан инфекцияны жұқтырушылар, нәрестелер
* активті туберкулезбен науқас негізгі емді қабылдағаннан кейін
* ЖРВИ-мен жиі ауратындар
* туберкулезді қалдықтары бар адамдар
!Препарат «ДИАСКИНТЕСТ®» қолданылады:
*+тек туберкулезге қарсы күресу мекемелерінде Манту сынамасының оң нәтижелерінде
* тек алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде Манту сынамасының оң нәтижелерінде
* туберкулезге қарсы күресу мекемелерінде Манту сынамасының күмәнді нәтижелерінде
* алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде Манту сынамасының күмәнді нәтижелерінде
* туберкулезге қарсы күресу мекемелерінде Манту сынамасының теріс нәтижелерінде
!Препарат Диаскинтесттің ең лайықты қолдану мақсаты:
* +нағыз ТМБ-мен инфицирленуді анықтау
* БЦЖ ревакцинациясына іріктеу
* Қарым-қатынаста болған балаларда
* Жиі ЖРВИ және бронхитпен ауыратындар
* Гормональды терапия алдында
! Химиопрофилактикалық емдеу келесі жандарға тағайындалады:
* + алғашқы анықталған Диаскинтестке оң нәтижесінде
* Манту сынамасының былтырғы нәтижесімен салыстырғанда 6 мм өсуі
* Барлық қатынаста болған балалар мен жасөспірімдерге эпид.ошақтың тобына байланыссыз
* Көптеген дәрілік төзімділікпен қатынаста болған балалар мен жасөспірімдерге
* Активтілігі жойылған 2 диспансерлік топта тұратын туберкулезбен науқастар
! Егер балада Манту сынамасы алғашқы оң не күрт оң нәтиже беріп, ал Диаскинтест нәтижесі теріс болған жағдайда фтизиатрдың тактикасы қандай болады?
*+ III Б тобында бақылау, бірақ химиопрофилактика жүргізілмейді
* III А тобында бақылау, химиопрофилактиканың жүргізілуімен
* III Б тобында бақылау және химиопрофилактика жүргізуі
* III В тобында бақылау, бірақ химиопрофилактика жүргізілмейді
* III В тобында бақылау және химиопрофилактика жүргізуі
! Туберкулинге және/не Диаскинтестке қайталап оң немесе күрт оң нәтиже анықталған жағдайда, фтизиатрдың жасайтын іс-әрекеті қандай?
* диспансерлік бақылауды жалғастыру және химиопрофилактиканы қайталау
* химиопрофилактикасыз диспансерлік бақылауды жалғастыру
*+толық тексеруден өткеннен кейін фтизиатрдың диспансерлік есебінен шығару
* қайталап тексерумен диспансерлік «0» тіркеу тобында қадағалау
*санаториялық жағдайда қайталап химиопрофилактика жүргізу
! Адамға негізгі туберкулез көзі болатыны:
* кеміргіштер, ластанған суаттар (водоемы)
* тағамдық өнімдер және қоршаған заттар
*+туберкулезбен ауыратын науқас адам
* үй жануарлары және құстар
* жабайы хайуандар, жыл құстары
! Туберкулезді инфекцияны жиі жұқтыратын жануардың түрі және адамға жұғудың негізгі көзі болатыны :
*+ірі қара мал
* мысықтар
* құстар және
* иттер
* кеміргіштер
! Бактерия бөлушілермен қатынаста болғанда туберкулезбен жиі ауыратындар:
* БЦЖ вакцинацияланғандар
* туберкулезді жұқтырғандар
*+БЦЖ вакцинасымен егілмегендер және инфекция жұқтырғандар
* БЦЖмен егілгендер және инфекция жұқтырмағандар
* БЦЖ ревакцинациясын алғандар
! Қоршаулаған адамдарға ең қатерлі болып табылатыны:
* ыдыраусыз инфильтратты туберкулезбен науқас, ТМБ қақырықтан бактериоскопиялық әдіспен “оң”
*+ыдырау сатысындағы инфильтратты туберкулезбен науқас, бактериоскопиялық және
бактериологиялық әдістермен ТМБры анықталған
* фиброзды-кавернозды туберкулезбен науқас, себу әдісімен ғана ТМБ-ры анықталған
* өкпенің ошақты туберкулезімен науқас адам
* өкпе туберкулемасымен науқас адам
! Науқаста бронхит симптомдары бар, қақырығында таяқшалар қайталанып анықталған, бірақ өкпенің рентген-томограммасында өзгерістер жоқ! Оған жасалуы қажет:
* бактерия бөлуші науқас ретінде есепке алу, емханалық жағдайда ем тағайындау
* 1-ші диаспансерлік топқа тіркеуге алу және бақылау
*+тексерілуге және емделуге ауруханаға жатқызу
* химиопрофилактиканы тағайындап жүргізу
* диспансерлік тіркеуге алынбаса да болады
!Жалпы тәжрибедегі дәрігермен науқастың 2 қақырық үлгісі зертханаға жіберілді. Бірінші сынама теріс нәтиже берді, ал екіншісі – оң нәтижелі. Дәрігердің келесі іс-әрекеті қандай?
*+қақырықтың үшінші сынамасын тапсыру қажет
* қақырықты қайталап жинау, тағы 2 сынама тапсыру
* 7-10 күн атибактериальды емнен кейін қақырықты қайталап тапсыру
* оң нәтижелі қақырық жағындысымен туберкулезді науқас деп тіркеу
* өкпенің рентгенографиясына жіберу
! Балаға алғашқы анықталған туберкулез инфекциясының жұқтырылуы деген диагноз қойылды, изониазидпен химиопрофилактика алуда. Науқас қандай диспансерлік топта байқалады:
* І
* ІІ
* ІІІ-А
*+ІІІ-Б
* ІІІ-В
! Қауіп-қатер тобындағы балаларға туберкулинді диагностика қанша рет жүргізіледі?
* 6 айда 1 рет
*+жылына 1 рет
* 1 жылда 4 рет
* 2 жылда 1 рет
* жүргізілмейді
! Жасөспірімдерге флюорографиялық тексерілунің жүргізілуі тиіс:
*+1 жылда 1 рет
* 2 жылда 1 рет
* 1 жылда 2 рет
* эпид! жағдайға байланысты
* жүргізілмейді
! Халық арасында флюорографиялық тексерулер жүргізіледі:
* 10 жастан
* 12 жастан
*+15 жастан
* 18 жастан
* тексерілетін жасы эпид! жағдайға байланысты анықталады
! Біреуінен басқасының барлығы, туберкулезді жұқтыруға бейім негізгі топ балаларына жатады
* БЦЖ егілмеген
* шала туылған, жиі және ұзақ ауыратын балалар
* туберкулез ошағында туратын балалар
* егуден кейінгі жергілікті реакциясының болмауы
*+туберкулезбен ауырған балалар
!Жасөспірімдердегі туберкулездің “қауіп-қатер” тобына бірінші кезекте жататындар:
* бурын жергілікті туберкулезбен ауырғандар
* бұрын инфекцияны жұқтырғандар
*+туберкулез инфекциясы ошағындағылар
* темекі шегетіндер мен нашақорлар
* жұмыс жасайтын және спортпен айналысатындар
! Жалпы педиатрияда туберкулезге қарсы қолданылатын шаралар:
*+туберкулин диагностикасы, БЦЖ вакциналауы мен ревакциналауы
* БЦЖиттермен балаларды емдеу
* вираж бен гиперергиясы балаларды қосымша тексеру
* виражы бар балаларды тексеру, туберкулезді ерте анықтау
* қарым-қатынастағы балаларды қадағалау
! Туберкулездің қандай клиникалық белгілері бар жандарда АМСК жүйесі мекемелерінде қақырық жағындысы микроскопиялық әдіспен зерттеледі?
* айқын ентігу, тыныс жетіспеушілік белгілері
* жиі отиттер, коньюнктивиттер, іштің ауруы
*+екі аптадан асқан жөтел интоксикация белгілерімен
* 3-4 күн бойы мазалайтын ылғалды жөтел
* кенеттен дене қызуының көтерілуі, қалтырау, әлсіздік
!Туберкулездің қандай клиникалық белгілері бар жандарда аймақты терапевт қақырық жағындысының микроскопиясын тағайындайды?
* буындардың ауырсынуы, тізесінің ісінуі мен ақсақтық
* жиі отиттер, коньюнктивиттер, іштің ауруы
*+қан түкіру не қан кету, ентігу, кеуде ауру сезімі
* 3-4 күн бойы мазалайтын ылғалды жөтел
* Манту сынағының оң не күмәнді нәтижелері
! Туберкулездің қандай клиникалық белгілерімен жандарда аймақты терапевт қақырықты микроскопиялық әдіспен тексеруге жібереді?
* устамалы құрғақ жөтел, көбіне түн мезгілінде
* жоғарғы дене қызуы, қалтырау, селқостық, ылғалды жөтел
*+субфебрильді дене қызуы, әлсіздік, тершеңдік, тәбеттің төмендеуі
* 5-7 күн бойы мазалайтын ылғалды жөтел
* Манту сынағының теріс не күмәнді нәтижелері
! Туберкулезге қарсы күресу диспансердің жұмысын құрайтын негізгі шаралар:
* ағымды және қорытынды дезинфекцияны жүргәзу
* қауіп-қатер тобындағы туберкулин диагностикасы
*+науқастарды емханалық емдеу және химиопрофилактиканы өткізу
* қауіп-қатер тобындағы флюорография
* БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясы
! Туберкулезге қарсы диспансер жұмысын құрайтын негізгі шаралар:
*+ туберкулездің диагностикасы, қүжаттандыру мен есеп беруді жүргізу, контингентті қадағалау
* қауіп-қатер тобындағы адамдарға флюорография жүргізу
* қауіп-қатер тобындағы балаларға туберкулин диагностикасын жүргізу
* БЦЖ тыртығы дамымаған балаларды қауіп-қатер тобына тіркеу
* БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясын жүргізу
! Тыныс алу ағзалары туберкулезінің белсенді түрімен зардап шегетін балалардың диспансерлік есеп тобы:
* ІІІ
*+І
* ІІ
* ІV
* 0
! Тыныс алу ағзалары туберкулезінің активсіз түрімен науқас балаларды қадағалау диспансерлік есеп тобы:
* І
* ІІІ
*+ІІ
* І б
* І а
! Алғашқы анықталған ТМБ-рын жұқтыруы диагнозы қойылған балалардың қадағалау диспансерлік есеп тобы:
* І а
* І б
* І в
* ІІ
*+ІІІ
! Туберкулез инфекциясы ошағындағы балалардың диспансерлік қадағалау тобы:
* І а
* І б
* І в
* ІІ
*+ІІІ
! Қазіргі кездегі ресубликадағы туберкулезбен күресу бағдарламасы:
* ДОТ ФФ стратегиясы
* ДОТС стратегиясы
* ДОТС- плюс стратегиясы
*+Туберкулезді тоқтату бағдарламасы
* Қазақ ұлттық туберкулезбен күресу стратегиясы
!Кез-келген емдік-алдын алу мекемелерінде туберкулездің диагностикасы мақсатындағы қолданатын жалпы және жедел лабораториялық әдіс
* флотация әдісі
*+тура бактериоскопия
* бактериологиялық зерттеу
* люминесценттік бактериоскопия
* ПТР
! Пульмонология және фтизиатрия клиникасында кеуде қуысы ағзаларының ауруы кезіндегі негізгі рентген-диагностикалық әдіс
* стационардағы орташа форматты флюрография
*+2-жақты (тура және бүйір) шолу рентгенограммасы
* рентгеноскопия
* томография
* компьютерлік томография
! ТМБ анықтауда қақырықтың микроскопиялық (бактериоскопия) зерттеуі қай мекемелерде жүргізіледі?
* емхана зертханасы
* туберкулезге қарсы диспансер лабораториясы
* облыстық және аудандық аурухана зертханасы
*+барлық АМСК мекеме зертханаларында
* сан-эпид бақылау лабораториялары
! Туберкулезді диагностикалау үшін патологиялық материалдың (қақырық) ТМБ-на тексерілуі ережесі қандай?:
*бір рет 1 сынама
*екі рет 2 сынама
*+2 күн аралығында 3 сынама
*бірнеше рет аптасына
* күн ара 3 рет
! Туберкулезбен ауратын науқасты мазалайтын ауру сезімі нені дәлелдейді:
* лимфа түйіндерінің зақымдалуын
* ателектазды
* қан түкіруді
*+париеталді плевраның зақымдалуын
* иммунитеттің төмендеуін
! Туберкулез инфекция ошағында ағымды дезинфекцияны кім жүргізеді
* учаскелік дәрігер-терапевт медбикесімен бірге
* учаскелік дәрігер-фтизиатр медбикесімен бірге
* денсаулық және гигиена орталығының эпидемияға қарсы бөлімі
*+туберкулезбен науқастың өзі және осы жанұя мүшелері
* СЭҚ эпидемиологы
! Бактерия бөлушінің ыдысы көбінесе мына жолмен өңделеді
* хлорлы ізбес (хлорамин)ерітіндісіне салу
*+қайнату арқылы
* ыстық сумен жуу
* корбол ерітіндісіне салу
* сабынды-сода ерітіндісінде жуу
! Жоғары қауіпті эпидемиялық ошақ бұл
* жанұяда бұрын туберкулезбен ауырған маскүнем болса
* жанұя мүшесіндегі біреуде көп кальцинаттар анықталса
* ошақты туберкулездің сорылу және тығыздалу сатысындағы науқас болса
*+ТМБ бөлуші активті туберкулезбен науқас және жанұяда балалардың болуы
* ТМБ бөлмейтін активті туберкулезбен науқас жақында түрмеден босатылған