Тақырып. „

Тақырыптар: «Патофизиология пәні, әдістері, міндеттері. Жалпы нозология», «Этиология және патогенез», «Реактивтілік пен тұқымқуалаушылықтың дерттанудағы маңызы», «Жасушаның жалпы патофизиологиясы», «Зақымдануға организмнің жалпы әсерленістері».

Мақсаты:

  • аудиториялық және аудиториядан тыс өткен сабақтар бойынша студенттердің білімін бағалау

Бақылау міндеттері:

  • өткен тақырыптар бойынша білімді бекіту
  • патофизиологиялық экспериментті жоспарлау және орындау дағдыларын бекіту
  • «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ № 442 Бұйрығының негізгі қағидаларын және Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары туралы білімдерін бекіту.
  • ойларын ауызша және жазбаша түрде жеткізу мүмкіншілігін дамыту

Студенттердің білімін бақылау сұрақтары:

1. Патологиялық физиология, шешетін мәселелері, зерттеу тәсілдері. Патофизиологиядағы тәжірибенің маңызы (кемшілігі және артықшылығы).

2. «Қазақстан Республикасында клиникалық тексерулер мен медико-биологиялық тәжірибелерді, клиникаға дейінгі тексерулерді өткізу Тәртібін бекіту туралы» ҚР ДМ № 442 бұйрығының негізгі қағидаларымен танысу. Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министірлігінің метрологиясының және техникалық бақылау Комитетінің 29 желтоқсан 2006 жылғы № 575 Бұйрығы. Тиісті лабараториялық тәжірибенің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

3. Денсаулық пен аурудың анықтамасы. Аурудың негізгі нышандары. Аурулардың жіктелу ұстанымдары.

4. Дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, мысалдар.

5. Аурудың сатылары, сипаттамасы. Ауру алды туралы түсінік. Жүктемелік сынамалармен ауру алдын анықтау.

6. Ауру алды туралы түсінік. Ауру алды жағдайларын жүктемелік әдістермен анықтау.

7. Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі.

8. Реанимацияның негізгі ұстанымдары. Реанимациядан кейінгі аурулар, түсінігі, даму тетігі.

9. Этиология, анықтамасы. Ауру пайда болуындағы себеп пен жағдайлардың маңызы. Ауруды алдын алу және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

10. Оргаинзмге төмен барометр лік қымысның әсері.Биіктік ауруының этиологиясы және патогенезі.

11. Этиологиялық факторлардың (жайттардың) жіктелуі. Ауру пайда болуында сыртқы орта жайттары және организм ерекшеліктерінің маңызы.

12. Аурудың пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы. Аурулардың этиологиясында тұқым қуалау және сыртқы орта жағдайларына байланысты аурулардың жіктелуі. Тұқым қуатын және туа пайда болған аурулар, себептері. Тұқым қуалаушылық патология түрлерінің жіктелуі.

13. Тұқым қуалаушылық патологиялар туындауының жалпы механизмдері. Бидл-Татум және Жакоба-Мано-Львов тұқым қуатын аурулардың патогенезінің теориялары. Тұқым қуатын аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеу ұстанымдары.

14. Патогенез, анықтамасы. Бүліну – патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Зақымдалу деңгейлері.Мысалдар.

15. Патогенездегі себеп-салдарлық. . арақатынастар. Мысалдар.

16. Патогенездегі негізгі тізбек және «Кері айналып соғу шеңбері». Ауруларды патогенездік емдеу ұстанымы. Балалар организмінде бейімделу және қызметтердің қалпына келу үрдістерінің ерекшеліктері.

17. Организмнің реактивтілігі мен төзімділігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организмнің жауап беру серпілісінің түрлері, мысалдар.

18. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Организм реактивтілігінің аурулардың пайда болуындағы, өтуі және аяқталуындағы маңызы.

19. Организмнің жас мөлшерінің реактивтіліктегі маңызы.

20. . Организмнің жыныс мөлшерінің реактивтіліктегі маңызы.

21. Балалардағы диатездер, анықтамасы, түрлері, сипаттамасы.

22. Организмнің конституциясы, анықтамасы, конституция түрлерінің (Кречмер, М.В. Черноруцкий, И.П. Павлов) жіктелуі. Организм реактивтілігінде конституцияның маңызы.

23. Жасуша бүлінуі, этиологиясы. Зақымдануға жасушаның төзімділігі.

24. Жасушаның зақымдану түрлері. Жедел және созылмалы жасуша зақымдануының сатылары.

25. Жасуша зақымдануының арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымданудағы жасушаның иондық құрамының өзгерістері, патогенезі, салдары.

26. Зақымданудағы жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары, салдары.

27. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары. Жасуша мембранасының зақымдалуының негізгі тетігі ретінде МАТ белсенденуі.

28. Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары, сипаттамасы. Мембараналық фосфолипазаның және басқа гидролазалардың белсенденуі, смостық зақымдалу, иммундық зақымданулар..

29. Субжасушалық құрылымдар зақымдануының этиологиясы мен патогенезі. Апоптоз туралы түсінік, патогенезі.

30. Апаптоз, түсініктемесі, патогенезі. Зақымдануда жасушаның икемделіу- бейімделу тетіктері.

31. «Жауаптың жедел кезеңі» себептерәі, дәнекерлері, олардың әсерлері. «Жауаптың жедел кезеңінің» нәруыздары, олардың қызметтері. «Жауаптың жедел кезеңінің» организм үшін маңызы. Жүйелік қабынулық жауап синдпромы тіралы түсінік.

32. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, сатылары, даму тетіктері.

33. Стрестің қорғану-бейімделу және патогенді маңызы. Адаптациялық аурулар туралы түсінік.

34. Сілейме. Этиологиясы мен патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, гемодинамика мен микроциркуляцияның өзгерістері.

35. Кома, түрлері, даму механизмдері.

Наши рекомендации