Тақырыбы: Эшерихиоз қоздырушысы және эшерихиоздың бактериологиялық диагностикасы

Сабақтың мақсаты: эшерихиоздың биологиялық қасиеттерібойынша негізгі материалдар, эшерихиоз диагностикасының зертханалық әдісі.

Негізгі сұрақтар:

1. Эшерихиоз ауруына сипаттама.

2. E.colі-дің морфологиялық және биологиялық қаситтері

3. E.colі-дің патогенді факторлары;

4. Эшерихиоздың бактериологиялық диагностикасы.

Эшерихиоз немесе колибактериоз – бұл әр түрлі жануарлардың төлдері, құстар ауыратын өте жіті өтетін індеттік ауру. Диареямен, профузды іш өтумен, депрессиямен, организмнің құрғауымен, әлсіреумен және өліммен сипатталады. Ауру туа салысымен тіркеледі.

Бұл ауру ауыл шаруашылық малдарының төлдерінде (бұзау, қозы, торай, құлындарда) туылғаннан кейін 2 – 3 күннен кейін байқалатын ауру.

Эшерихиоздың қоздырушысы - Escherichia coli-дің патогенді сероварлары.

Морфологиялық және өсінділік қасиеттері:

Escherichia coli-өте жуан,шеттері дөңгелектенген,қысқатаяқша. Факультативті аэроб; спора және дақ түзбейді. Қозғалмалығы әр түрлі деңгейде көрсетілген; қозғалмайтын штаммдар да кездеседі. Полиморфты, әсіресе сұйық қоректік орталарда. Анилин бояуларымен жақсы боялады, Грам бойынша – теріс. Жағындыда бір талдап, жұппен немесе қысқа шынжыр түрінде орналасады.

Кез келген қоректік орталарда (pH - 7,2 – 7,4) оптимальды температурада 35 – 370С оңай өсіріледі. ЕПА жіңішке сызықтар бойынша өседі, алғашында көгілдір түсті мөлдір тізбектер, ал содан кейін сұр – ақ түске айналады.

Агарда тізбек түрі тегістен (S – форма) шеттері бухтатәрізді кедір бұдыр (R – форма) болады. ЕПС – пробирканың түбінде оңай бұзылатын шөгінді түзіледі. Кейбір кезде сорпа бетінде жіңішке қап түзіледі. ЕПЖ- жіп тәрізді, орта сұйылтылмаған. Сүтте өсу 1 – 4 тәуліктен кейін ұйды, кейде қыздырған кезде, лакмус сүті қызарады. Ұйылған қан сары суын сұйылтпайды.

Микроб биохимиялық қатынасы жағынан өте белсенді: көмірсуларды және көп атомды спирттер қатарын, сонымен қатар лактозаны да ыдыратады, Salmonella тобының барлық өкілдерінен ажыратылады. Индол түзуі барлық түр өзгешеліктерінде байқалмайды. Күкірт сутек және аммиак, нитраттар нитриттерді редукциялайды. Түрлі түсті дифференциялды орталар (Эндо ортасында металл тәрізді қызыл тізбектер, Левин ортасында көк немесе қара, Плоскирев ортпсында ө қоңыр, бромкрезол ортасында

– жасыл тізбектер түзіледі).

Симмонс ортасы. 1 л цитратты ортаға 2% жуылған агарды қосады (сортына байланысты, кейбір жағдайда агар пайызын ұлғайтуға тура келеді) және индикатор (10 мл 1,5% бромтимолблау немесе фенолфталеин спирт ерітіндісін, 10 мл 0,5% спирт ертіндісін pH = 7,9 – 8,0 немесе қаныққан нейтрольротты су ертіндісі pH – 6,8

– 7,0). Ортаны пробиркаларға құйып оны қисайтады және1200 15 – 20 минут аралығында стерильдейді. Дайын бромтимолблау ортасы ашықзәйтүн жасыл түсті, фенолфталеинді әлсіз қызғылт түсі болып келеді, нейтральрот – күрең қызыл түсті. Симмонс ортасында цитратпозитивті 24 сағатта 370С микробтар өсуі қарқындап орта түсі (индикаторға сәйкес) ашық көк, қызыл күрең, сары түске өзгереді.



Метилротпен сынама. Глюкозадан қышқыл түзілуіннің белсенділігін анықтау үшін қолданады. Реакция үшін Кларка ортасын дайындайды. 800 мл дистилденген суға 5г пептон, 5г глюкоза және 5г екі негізді калий фосфор қышқылын қосады. Қоспаны 20 минут аралығында су моншасында қыздырады. Содан кейін ерітіндіні қағаз сүзгіштен сүзеді, оны 200С салқындатып және 1 л дистилденген су көлеміне жеткізеді, 10 мл пробиркаларға құйып оны 20 минут сайын үш күн бойы парда стерилдейді.

Индикатор ертіндісін дайындау: 0,01г метилротты 30 мл спиртке араластырып оған 50 мл дистилденген су қосады. Ертінді ұзақ сақталады.

Реакция техникасы. Реакцияны өндіру үшін Кларка ортасында 370С өсірілген үш тәуліктік өсіндіні қолданылады. Реакцияны қояр алдында өсіндісі бар пробиркалардан 5 мл дейін Фогес – Проскауера реакциясы үшін пробиркаларға құяды (төменнен қараныз). Метилрот реакциясы үшін 5 мл қолданылатын өсіндіге 5 тамшы индикатор ертіндісін қосады.

Реакция есебі. Қатты қышқыл түзілген кезде қызыл түс (pH 5,0 төмен), ал сары түс - әлсіз кезінде (pH 5,0 жоғары) пайда болады.

Глюкозадан ацетилметилкарбинол түзілгенде.

Фогес – Проскауера реакциясы (1896). Кларка ортасына 5 мл төрт тәулікті өсіндіге 5 мл 10% күйдіргіш калий сулы ертіндісін қосады, қоспаны – 370С термостатқа қояды. Реакция есебін 18 – 24 сағаттан кейін жүгізеді. Өсіндіде ацетилметилкарбинол бар болған кезде флюоресценция сары эозин спирт ертінділеріне тән ортада қызғылт түске боялады. Теріс реакция кезінде орта өзгермейді, түссіз болып қалады.

Антиген құрлымы:

E.coli сүтқоректілердің ішек жолдарында мекендейді. Сондықтан да эшерихиоздың қандай варианттарын және нелікті шақырылатынын, антигендік құрлымын зерттеу қажет және серологиялық жіктелуін және қандай патогенді факторларына ие екенін, неліктен олар эшерихиоздың әр түрлі формаларын шақыруға қабілеттілігін анықтау сұрақты шешу үшін қажет.

О-антиген бір серотопқа, ал Н-антиген оның серовариантына жататынын білдіреді.

E.coli О-антигендерінде 171 варианты, ал Н-антигенінде 57 варианты және К-антигендерде 90 варианты табылған.



E.coli патогенді факторлары:

1. Адгезия және тізбектер факторларыарқылы мембранаторшаларының рецепторларын танып, оларға жабысып және торшаларды тізбектейді. Плазма гендерімен кодталады. Оларға жататын:

- фимбриялар; - энтеропатогенді және энтерогеморрагиялық эшерихиоз

түрлерінде табылған сыртқы мембрананың белогі - интимин; -Липополисахаридтер.

2. Инвазия факторларыарқылыE.coliішектің эпителийторшаларына еніп, көбейіп және оларды ыдыратады. Бұл фактор E.coli энтероинвазивті түрлеріне тән.

- сыртқы мембрана белогі.

3. ЭкзотоксиндердіE.coliсыртқы ортаға(індеттелген

организм) секрециялайды.Бұларға жататын:

- цитотониндер ішек торшаларындағы құрамында иондар Na+, К+, Cl, бикорбонаттар бар сұйықтардың гиперсекрециясына себепші болып, , диареяның дамуына және су – тұз алмасуынның бұзылуына әкеп соғады.

- цитотоксиндер эндотелий капилярларының және ішек қабырғаларының торшаларын ыдыратуға себепші болады.

4. Эндотоксиндер,ол бактерия торшалары ыдырағаннан кейінбосатылады, липополисахаридтер деп аталады. Олар антигендік ерекшелігін анықтайды және эндотоксикоздың себебі болып табылады.

Патогенді факторлар тек қана хромосомалық гендермен ғана тексерілмейді, қосылған плазмид гендермен немесе айырбасталынатын біркелкі фагтармен тексеріледі. E.coli әр түрлі категориядағы плазмидтер табылған. Col, R, F, Hly-, Ent-плазмидтер (энтеротоксиндер синтезін тексереді), адгезия факторларының синтезін тексеретін. Осының барлығы ішек таяқшаның патогенді варианттары біркелкі фагтармен және плазмидтердің таралу нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Наши рекомендации