Тақырыбы: Шошқа тілмесінің қоздырушысы және балау әдістері

Сабақтың мақсаты: Студенттерді шошқа тілмесіқоздырушысының биологиялық қасиеттері және аурудың зертханалық балау әдістерімен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

1. Шошқа тілмесі ауруына сипаттама

2. Қоздырушының морфологиялық және биологиялық қасиеттері

3 Қоздырушысының патогенді факторлары және аурудың патогенезі (клиника, ағымы, эпизоотологиялық мәліметтер, патологиялық анатомиялық өзгерістері).

4. Шошқа тілмесінің зертханалық балау әдістері.

Қоздырушысы: Erysipelothrix rhusiopathiae(Пастер жәнеТюлье, 1882).

Тілменің қоздырушысы көбінесе шошқалардың ерте жасында індеттік ауруларды шақырады. Ірі қара және ұсақ малдардың, жылқылардың, үй және жабайы құстардың кейбір түрлерінің, балықтардың, шаяндардың, крабтардың және тышқандардың ауырған жағдайлары туралы әдебиетте мәлімет кездеседі. Адамдарда бұл ауру «Розенбах эризипелоиды» атымен белгілі.



Қоздырушының морфологиясы және тинкториялдық қасиеті.Шошқа тілмесінің қоздырушысы0,2 –0,3 x 0,5– 1,5мкмкөлеміндегі қысқа, үйлесімді, түзу немесе аздап иілген таяқшалар. Шошқа тілмесінің бактериялары негізгі анилин бояуларының кәдімгі ерітінділерінің бәрімен жақсы боялады. Факультативті аэроб; грам оң, қозғалмайды; спора және капсула түзбейді. Мүшелердің жағындыларында қоздырушы жеке – жеке немесе шоғырымен еркін немесе лейкоциттердегі қосылма түрінде орналасады. Кейде ұзарған таяқшалар немесе қысқа жіпшелер кездеседі (негізінен ЕПС-да); созылмалы түрінде, көбінесе веррукозды эндокардитте, жағындыларды жиі ұзын жіпшелер, кейде грам бойынша оң жақсы боялмайтындары табылады.

Өсінділік және биохимиялық қасиеттері:

Тілме қоздырушысы 35 – 37ºС температурада, 7,2 – 7,4 pH-пен қарапайым қоректік орталарда (ЕПА, ЕПС) жақсы өседі. Қоректі орталарда өсуі 24 сағаттан кейін, ал кейде 48 – 72 сағаттан кейін көрінеді.

ЕПА-да, сонымен қатар ұйыған қан сарысуында тілме қоздырушысы ұсақ, мөлдір, иризирленген, кейде сұрлау реңді, дөңгелек, тізбек (S-формалы) шықтарының тамшыларына ұқсас түрінде өседі.

Тақырыбы: Шошқа тілмесінің қоздырушысы және балау әдістері - student2.ru Тақырыбы: Шошқа тілмесінің қоздырушысы және балау әдістері - student2.ru

ЕПС-да біркелкі әлсіз бұлыңғырлану, ал аздап қозғалтқанда төменгі толқуы (Муар толқындары) жақсы байқалады. ЕПС - да өсінді 48-72 сағаттан кейін өскен соң пробирканың түбінде ортаның жарым жартылай ағаруымен тұнба тұзіледі. Тұнбаны қозғалтқанда орта біркелкі лайланады.

Кейде бірінші 24 сағаттың ішінде ЕПА немесе ЕПС-да өсуі өте әлсіз болады, көзге байқалмайтындай дерлік. Ең жақсысы осы сияқты ЕПА-да өсуді лупа мен немесе қаранғыланған жерде пробирканың көлденең қалпында макроскопиялық түрде қарау. Әлсіз толқындылық аздап қозғалтқанда ЕПС-да да пробирканың артынан қолмен жарықты қараңғылағанда білінеді. Тілме қоздырушысы ЕПС-да өскенде жұқа қабықшаны да, қабырғалық сақинаны да түзбейді. Тілме бактериясының көпіріңкіреп өсуі жартылай сұйық (0,15 – 0,3%) агарда байқалады Бактерияны уколмен ЕПЖ-на сепкенде, өсуі бөлме температурасында 6 – 10 тәуліктен соң, бүйірлі қалың өсінділі – мамықты (жаңа лампалық шетканың түрі) орталық өзек түрінде байқалады. Желатинаның сұйылуы болмайды. Тілме қоздырушысы бауырда, сарусуда (5 –



10%), глицерин (2 – 3%) орталарында немесе 0,1 – 0,2% глюкоза қосылған қоректік орталарда жақсы өседі.

Аурудың жіті түрінде әдетте дөңгелек тегіс (S – формалы) тізбектерден тұратын типтік өсінділер бөлінеді. Созылмалы түрінде өсінділер бөлінген жағдайда, сонымен қатар ескі зерханалық өсінділерден бәрінен бұрын жиі өтетін (О) және кедір бұдырлы типті (R) тізбектер табылады. Өсінділерде қоздырушысының өзгермелі формаларының өсуі бойынша өсіндіде микроскопиялық түріндегі ауытқулар сияқты, оның уыттылығы, микроскопия кезіндегі өзінің торшалық элементтер түрінде сияқты өседі.

Өту типіндегі (О) агарлық өсінділер әр түрлі дәрежеде шеттері кескіленген дөңді тізбектерден тұрады. ЕПС-да өту түріндегі микроб байқалса, ортаның біркелкі бұлыңғырлануымен қатар, әрең ажырайтын жіптердің аздаған мөлшері байқалады. Осы сияқты өсінділердің жағындыларын микроскопиялағанда жекелеген типті тілме таяқшасымен қатар тізбекше түрінде, сонымен бірге қысқа жіпшелер түрінде орналасатын ұзындау, жуанданған микроб торшалары кездеседі.

R-типті өсінділер тығыз жіпшелі, шеттері қатты кескіленген және әжімді, кедір-бұдырлы бұрым тәрізді қосылулар түріндегі тізбектерден тұрады. Кедір-бұдырлы типті (R) тізбекткер ЕПС-да әдетте өзінің көлемі бойынша тегіс тізбектерге қарағанда едәуір ірілеу ЕПС-да кедір-бұдырлы типті өсінділер қиың ыдырайтын тұнба сияқты мақта түрінде өседі, соның өзінде орта мөлдір болып қала береді.

Жағындыларды және ұқсас өсінділерді микроскоптағанда жаппай ирелеңді жіпшілерден тұратын шұмақтар, тұтас қосылулар табылады. Ұқсас шұмақтардың жекелеген жіпшелері күлгін түстін орнына ағарыңқыраған көк түске боялып, грам бойынша оң боялуды біршама әлсіз қабылдайды және ұстайды (өзіндік зерттеулер). R-формалы өсінділердің уыттылығы тегіс (S) формалы өсінділермен салыстырғанда айтарлықтай төмен, оның толығымен жоғалуына дейін.

Сүт 4 – 6 тәуліктен кейін ұйыды (тек қана жиі қыздырғанда). Тілме бактериясы күкіртті сутек түзеді, бірақ индол түзбейді.

Тілме бактерияларының биохимиялық қасиеттері тұрақты емес. Көп зерттеушілердің (Свинцов, Розанов, Глуховцев, Ильинский және басқалар) мәліметтері бойынша тілме өсіндісі штамының көпшілігі қышқылдың түзілуімен, бірақ газсыз лактозаны,



глюкозаны, галактозаны, левулозаны, әлсіз дәрежеде ксилозаны, ал кейде арабинозаны, мальтозаны және рамнозаны ыдыратады.

Қоздырушының төзімділігі:

Тілме бактериялары сыртқы әсерлерге едәуір төзімді. Шіріген материалда қоздырушы айлап сақталады, бөлме температурасындағы жарықта құрғатылған заттық шыныда микроб өміршеңдігін 14 күнге дейін сақтайды. Тікелей түскен күн сәулесі тілме өсінділерінің тіршілікке қабілеттілігіне және бірінші кезекте уыттылығына жойымды әсер етеді. Тілме бактерияларын 70ºC температураға дейін қыздырғанда 5 – 10 минутта өледі, етте біршама ұзақ сақталады; қоздырғышты жою үшін еттің бөлікшесін қайнату 2½ сағаттан кем емес уақытта жалғасуы керек. Етті тұздағанда және қақтағанда тілме таяқшалары 3 – 6 ай бойы жойылмайды. Дезинфекциялаушы дәрілердің қарапайым ертінділері қоздырушыны бірнеше минут арасында жояды.

Патогендігі және жұғу жолдары:

Тілме жаз айында шошқалар жайлымда болатын кезінде жұғу процесі жүреді. Шошқалар алиментарлық жолмен – жер бұзылғанда және әр түрлі зарарланған өсімдік және жануарлар қалдықтарын жегенде жұқтырады. Әсіресе бұл жағынан нашар көмілген өліктер қауіпті. Сонымен қатар азықпен (еттік жануарлар), шошқалар зарарланған балшықтарда жатқан кезде тері арқылы жұқтыруы мүмкін. Аурудың бірінші жағдайлары пайда болған кезде, табынның жұқтыруы тікелей жанасу жолымен жүреді. Көбінесе 6 айдан 12 айға дейінгі жас малдар ауырады. Қоршаған ортадағы және бірінен бұрын жайылым топырағындағы, серуендеу қорасындағы және шошқа қора территориясының айналасындағы қоздырушының төзімділігімен байланысты осы аурудың тұрақтылығы эпизоотологиялық ерекшеліктердің бірі болып табылады.

Патогенезі және клиникалық белгілері:

Жасырын кезең 3 – 5 күннен аспайды. Жітіден тыс немесе ақ тілме бірнеше сағаттың ішінде өліммен аяқталады, бірақ бұл түр өте сирек кездеседі. Жиі жіті түрі байқалады, ол емсіз сондай – ақ көптеген жағдайда 3 – 5 күннің ішінде жануардың өлімімен аяқталады. Жітілеу түрі немесе есекжем зарарсыз өтеді және 10 – 15 күннен кейін сауығуымен бітеді. Созылмалы тілме айларға созылады. Хрониктерді шаруашылық құндылығының жоғалуына байланысты әдетте етке сояды.



Өте сирек кездесетін ақ тілме кенеттен өтуіне байланысты клиникалық өте тән емес және аз байқалатын септикалық белгілермен өтеді. Жіті түрдегі тілме септикалық көріністермен басталады: жоғарғы температура, 41 - 42ºC-қа дейін және одан да жоғары, жиілеген және ауыр тыныс алу, жиі пульс. Ауру мал төсенішке жасырынады, азыққа бармайды, қиналып тұрады. Аурудың дамуына байланысты әлсіздік күшейеді, бөксенің тәлтіректеушілігі пайда болады. Басында іштің жүрмеуі байқалып, кешірек ол іш өтуге, кейде қанмен ауысады. Көздің дәнекер қабығы қызарады, көздің қабығында құрғайтын ағулар пайда болады. Теріде, әсіресе қарында, жамбастың ішкі беткейін басқанда қызыл дақтар шығып тұрады (гиперемия). Қанды зерттегенде: лейкоциттер 20000 – ға дейін және одан да көп, бірден эозинофилия - 15% және одан да көп. Жітілік терілі түрі немесе есекжем қысқа мерзімді біркелкі қызбамен, жабырқаумен және теріде қызыл дақтардың пайда болуымен өтеді. Дөңгелек, квадрат және ромб пішінді дақтар тегіс қызыл көтерілуі түрінде шығып тұрады. Осындай дақтар қатқыл тері аумағында – арқада, майында, жамбаста орналасады. Одан әрі олар сорылып кетеді немесе некрозға ұшырап біртіндеп сау теріден күшпен алынады. Созылмалы түріндегі тілме жіті түрдің немесе есекжемнің жалғасы болып табылады. Хрониктердің терісінде некротикалық аумақтарды байқауға болады, олар айтарлықтай зақымданғанда пергамент панциріне ұқсас, қара құрғақ түрінде ауру малдың арқасын немесе мойнын жабады. Созылмалы түрдің жиі кездесетін асқынуы сүйелді эндокардит болып табылады. Осыған байланысты жүректің декомпенсирленген ақауы пайда болады. Сауығуды бастап келе жатқан сияқты малдар арықтайды, нашар азықтанады, шынтақ пен көкірекке сүйеніп көп жатады. Тіпті бұлшықеттік күшену демікпені шақырады және цианозбен өтеді. Жүректі аускультациялағанда эндокардиальды шуыл естіледі. Кейде артрит байқалады. Жиі жамбас, тұсамыс, білік буындары іседі, ыстық болып, ауырсынады, сәйкес аяққа байланысты ақсау пайда болады.

Патологоанатомиялық белгілер:

Тілменің жітілеу түрінен өлген шошқаларды сыртынан қарағанда, терідегі қызыл дақтар кейде предагональді цианозға байланысты дененің төменгі бөлігінде диффузды көгерумен жасырынуы мүмкін. Көкірек және құрсақ қуысында кейде сарылау мөлдір суықтықтық аздаған мөлшерін табуға болады. Көзге



паренхиматозды мүшелердің венозды қан көптігі түседі. Плевраның, көк еттің сірлі қабықтарында, буйрек капсуласының, көк бауырдың, эндо және эпикардтыңастында қан талаулар кездестіруге болады. Өкпелер іркілген. Көк бауыр аздап үлпейген, қызыл – қошқыл түсті, тілгенде сурет тегістелген. Асқазанның кілегей қабығы, әсіресе түбіне қарай және ащы ішектің кілегейлі қабығының кейбір жерлері немесе диффузды қызарған, ісінген, қан талаулар бар. Тоқ ішектің кілегейлі қабығы қабынған. Шажырқай лимфа түйіндері ісінген, кескенде сөлді, кейде гиперемияланған. Созылмалы жағдайларда, тері некрозынан басқа, буындардың айналасында дәнекер ұлпалық клетчатканың ісінуін, буын қуыстарының өзінде – сұр – фибринозды эксудат табуға болады. Жүрек қақпаларында жиі қос қақпақтарында, өзгелерінде сирек, сүйелді немесе «түсті капустаны» еске түсіретін фиброзды ұлғаюлар жиі көрінеді.

Наши рекомендации